Жаңалықтар

Абай заманындағы әдебиет

XIX ғасырдың екінші жартысындағы әдебиетті талдау үшін сол кездегі саяси, қоғамдық - әлеуметтік, рухани, мәдени оқиғаларды еске түсірген жөн.
29.10.2014 08:41 11349

Абай заманындағы әдебиет

XIX ғасырдың екінші жартысындағы әдебиетті талдау үшін сол кездегі саяси, қоғамдық - әлеуметтік, рухани, мәдени оқиғаларды еске түсірген жөн. XIX  ғасырдың екінші жартысында қазақ даласында басты - басты төмендегідей тарихи оқиғалар болды.

1. 1860 жылдардын бастап Ресейдің қазақ жерін, елін отарлауы толық аяқталады. Жер Ресей мемлекетінің меншігіне айналды. Қазақ жерді пайдаланушы ғана болды.

2. 1861 жылы креспостнойлық (басыбайлылық) тәртіп жойылып, бас бостандығын алған орыс шаруаларына қазақ даласындағы жерді пайдалану жөнінде «Уақытша ереже» шықты. Осы ережеге сәйкес орыс шаруалары қазақ даласына қоныстандырылды, осыған байланысты басқа көптеген өзгерістер келді.

3. Салық төлеудің жаңа тәртіптері бекітілді.

4. Сауда-саттық, тауар айырбасы басталды. Бұл капитализмнің алғашқы белгілері еді.

5. Саудагерлер қатары көбейіп, байлықтың басын қолдарына алды.

6. Патшаның қорғаныс күші - казак - орыстар көп билікке ие бола бастады.

7. Қазақ елін билеудің («Жаңа низам») патша мүддесіне бағындырылған ережесі шықты.

8. Ел билеуге таласқан қазақ болыстарын патша ұлықтар ұлтты іріту, бөлу, бөлшектеуге пайдаланды.

9. Орыс шаруаларының қоныс аударылуына байланысты қазақтар да отаршылыққа көше бастады.

10. Капиталистік қатынастардың негізінде қалалар, өндіріс орындары бой көтерді.

11. Орыс тіліндегі мектептер ашылды(Орынбор, Орал, Троицк, Торғай т.б.).

12. Еуропа, орыс оқу -білімін негізінде алған мектептер 70-80 жылдары қазақ жерінің әр жерінен көптеп салына бастады.

XIX  ғасырдың екінші жартысынан басталған қазақ жерінде саяси, тарихи оқиғалар қоғам айнасы - әдебиетте түрлі қырынан, сан алуан мазмұн, идеясымен көрінді.

XIX  ғасырдың екінші жартысынандағы қазақ әдебиетінде ұлттық әдебиетті қызық еткен, қазақтың дәстүрлі өмірін, тұрмысын мадақтағандар, халықты өнер - білім алуға шақырған, жаңа мәдениет пен өнерді үйретуге наихаттаған ағартушылық бағыттағылар, сонымен бірге өнер, білім алуды жақсылық белгісі деп түсінген, қазақтың бұрынғы әдебиетіне де тілектес әнші, композитор, ақындар қоғам туралы түрлі пікір берді.

А.Құнанбаев (1845-1904) - алғашқы қазақтың ұлттық, халықтық әдебиетін жасаушы ақын. Ы. Алтынсарин (1841-1889) халық болашағы басқа халықпен білімі тең деңгейде жарқын болатынын түсініп, алғаш жаңа үлгіде мектеп ашты.

Ш. Уәлиханов (1835-1865) қазақ халқының білім алып, сол кездегі дамыған мәдениетті елдер қатарына қосылуын қалады, сол жолда еңбек етті. Қазақ елінен де тереңнің сырын ашар, тіршіліктің мәніне бойлар ғалым шығатынын дәлелдеді.

Абай, Ыбырай, Шоқан сияқты тұлғалар қазақтың еркіндігін, өз білімімен, ақыл -ойымен, парасат, адамгершілігімен өзгелермен тең, озық болуын арман етті.

Мұрат Мөңкеұлы(1843-1906), Шортанбай Қанайұлы  (1818-1881), Әбубәкір Шоқанғлы (1858-1912) өмір тынысына айналып бара жатқан байлыққа құмарлық, билікке талас, халықты езу, халықтың арасында тұрмыс тіршілігі төмендеген қазақтардың көбейіп келе жатқанын көріп, заманның, елдің азғаны деп торығып, кешегі елдің өзбилігі өзінде , қазақ құрмет тұтқан билер мен хандар дәуренін аңсады.

Мұрат, Әубәкір ақындар елдің тұрмыс қалпына сыналап ене бастаған орысша киім үлгілерін, халық салтын, әдетін бұзушы деп танып, бұндай елден безіп, жанға дауа болатын, ел бірлігін сақтайтын орта іздеу идеяларын айтты.

XIX  ғасырдың екінші жартысында қазақ әдебиетінде айтыстың да небір маржан үлгілері дүниеге келді. Біржан Сал, Сара, Сүйінбай, Үмбетәлі, Кемпірбай, Нұрила, Шөже, Орынбай, Жамбыл т.б ақындар қазақ қоғамының жқсы -жаманын жырға қосты.

XIX  ғасырдың екінші жартысында кең тынысты сюжетті дастандар жазылды. Әсет Найманбайұлының «Сәмен - Салиха», Мағауия Абайұлының «Кавказ», Ақтан Керейұлының «Қырымның қырық батыры » дастандары ауыз әдебиетіндегі жырлардың жалғасындай болды.

Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталы

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға