Жаңалықтар

Ұлы Отан соғысы

Соңғы редакциялау: 27 қазан 2012   Ұлы отан соғысы, кеңес-герман соғысы, екінші дүниежүзілік соғыстағы шығыс майдан (1941 — 45) — Германия мен оның одақтастарының басқыншылығына қарсы Кеңес Одағының соғысы. 1941 ж. 22 маусымда Германия мен оның одақтастары (Италия, Венгрия, Финляндия, Румыния) кеңес-герман келісімшартын бұзып, Кеңес Одағына соғыс ашты. Германияның негізгі мақсаты Барбаросса жоспары бойынша КСРО-ны жою еді. Жоспарда қосымша соққы ретінде Финляндия, Румыния, Италия мен Венгрияның тарапынан да соғыс қимылдарын жүргізу қарастырылған. Құрлықтағы әскерлердің шабуылы әуе және әскери-теңіз күштерімен күшейтіліп, Кеңес Одағының шығысындағы өнеркәсіп орт-тарына, ең әуелі Орал өнеркәсіп орт-на әуеден соққы беру және Балтық т-нде үстемдікке жету көзделді. Гитлершіл Германия Кеңес Одағының ұлттық мемлекеттерін жойып, төрт рейхтік комиссариатқа бөлуді ойластырды. Барбаросса жоспарын жүзеге асыру үшін Германия жоғ. басқармасы 153 дивизия бөлді, оған одақтастары КСРО-ға қарсы 37 дивизия қосты. КСРО шекарасына барлығы 190 дивизия шоғырландырылды. КСРО-ға соғыс бастар алдында Германия өзінің әскери-экон. қуатын нығайтып, мыс, мырыш, қорғасын, бокситті аса көп мөлшерде жинап алды және Еуропадағы жеңілген елдердің көптеген қару-жарақ, оқ-дәрі, көлік-траспорттарын пайдалануға мүмкіндігі болды. Германияның қарулы күштері құрамында 1941 ж. маусым айында барлығы 7,3 млн. адам қызмет атқарды. Соғыстың болатынын алдын ала біліп отырғанымен Кеңес Одағы оған дайын болмай шықты. И.В. Сталин мен КСРО Қарулы Күштері басшылары (К.С. Тимошенко, т.б.) соғыс алдында және соғыстың алғашқы күндерінде көптеген қателіктерге жол берді. Басқыншыларға алғаш кеңес шекарашылары қарсы тұрды. Аса қиын жағдайда қалғандарына қарамастан кеңес жауынгерлері алғашқы күннен бастап ерлікпен шайқасты. Мыс., соғыстың 5-күні құрамында капитан А.Маслов, сержант Б.Бейсікбаев бар бомбалаушы ұшағы әскери тапсырмамен шығып, өртенді. Ұшқыштар өртенген ұшақты жау танкілері мен бензин цистерналары шоғырланған колоннаға бағыттады. Қоршауда қалған көптеген шекаралық заставалар мен бекініс аудандары жауға бірнеше тәулік бойы тосқауыл болды (қ. Брест қорғанысы). 1941 ж. 30 маусымда Сталиннің төрағалығымен Мемл. Қорғаныс к-ті құрылды. Ол бүкіл елдегі саяси, әскери және шаруашылық билігін қолға алды. Ұ. О. с. бірнеше кезеңнен өтті. Соғыстың 1-кезеңі (1941 ж. 22 маусым — 1942 ж. 18 қараша) өте ауыр болды. Қызыл Армия өте қолайсыз жағдайда қалды, адамдары, техника мен қару-жарақ көп шығын болды. 170 дивизияның 28-і толық талқандалып, ал 70 дивизия өзінің адамдары мен әскери техникасының тең жартысынан айрылды. 200-дей жанар май, оқ-дәрі және қару қоймалары немістер басып алған жерлерде қалды. Алғашқы 6 аптада фашистер кеңес жеріне 300 — 600 км ендей кіріп, Латвияны, Литваны, Белоруссияны, Украина мен Молдавияның көптеген жерін басып алып, Киев, Смоленск, Одесса қ-ларының іргесіне жетті. Кеңес армиясы ерлікпен қарсыласқанымен көп ұзамай аталған қалалар да жау қолында қалды. Шегінген Қызыл Армияны соғысқа қажет материалдармен және адамдармен толықтыру қиынға соқты. Кеңес әскерінің соғыс қимылы қорғаныс майданында бұзылған, бөлшектелген жағдайда жүріп жатты. Жаудың соққысынан дер кезінде шегініп кетуге Қызыл Армияның моторланған бөлімдері болмады. Соның салдарынан қоршауда жиі қалып, қарсы шабуылға шыға алмады. Немістің әскери әуе күштері толық билік құрды. Вязьма аймағында Батыс және Брянск майданы күштері жартылай қоршауда қал-ды. Жау әскерлері Калинин, Волоколамск, Можайск қ-ларын басып алып, Москваға қа-уіп төндірді. Қыркүйектің 8-і күні Ленинград қоршауға алынып, қаланың қоршау жағдайындағы ерлік күресі басталды. Кеңес Одағының соғыстың бастапқы кезеңіндегі сәтсіздіктерінің себептері халықар. және ішкі жағдайларға байланысты болды. Бұл кезде Германия бүкіл Батыс Еуропаның экон. және соғыс қорын иемденген еді. Қызыл Армияның басқарушы құрамы сталиндік қуғын-сүргіннің әсерінен әлсіреп, кейін тағайындалған жас мамандар басшылық етудің тәжірибесін меңгеріп үлгермеген. Кеңес әскеріне түсіп жатқан жаңа, күрделі қару түрлерін әскерлер әлі толық игеріп болмаған еді. Мемл. Қорғаныс к-ті жаңа әскери құрамалар мен бөлімдер жасақтауға шұғыл кірісті. 1941 жылғы 22 маусым — 1 желтоқсан аралығында қосымша 297 дивизия мен 94 бригада жасақталды. 1941 жылдың маусым — қараша айларында Оралға, Сібірге, Еділ жағалауына, Қазақстанға және Орта Азияға 1533 кәсіпорын, оның ішінде 1360 әскери з-т көшірілді. Германияның Кеңес Одағына шабуыл жасағаны белгілі болысымен У.Черчилль Ұлыбританияның КСРО-ны қолдайтынын білдірді. 1941 ж. шілдеде КСРО мен Ұлыбритания Германияға қарсы соғыста бірлесіп қимыл жасау туралы келісім жасасты. 1941 ж. күзде Москвада өткен конференцияда Ұлыбритания мен АҚШ-тың таяудағы тоғыз айда Кеңес Одағына беретін қару-жарақ көмегі туралы шешім қабылданды. Сөйтіп, Гитлерге қарсы одақтың негіздері қаланды. 1941 Москва шайқасы Гитлердің “Қауырт соғыс” жоспарын жоққа шығарды. Москва шайқасына Қазақстанда құрылған 11 әскери құрама қатысты. Волоколам бағытын қорғаған 16-армияның құрамында ген.-майор И.В. Панфилов басқарған 316-атқыштар дивизиясы (қ. Сегізінші гвардиялық атқыштар дивизиясы) ерекше көзге түсті. Қазақстандық 238-атқыштар дивизиясы (қ. Отызыншы гвардиялық атқыштар дивизиясы) Тула маңында, 312-атқыштар дивизиясы Малоярославец бағытында, сонымен қатар 387, 391-атқыштар дивизиялары, 105-атты әскер дивизиясы және 75-дербес теңіздік атқыштар бригадасы Москваны қорғауға қатысты. Панфиловшы батальон командирі, аға лейтенант Бауыржан Момышұлы әскери шеберлік үлгісін көрсетсе, М.Ғабдуллин, Т.Тоқтаров ерлігімен көзге түсті. 1942 жылдың қысы мен көктемінде Ленинград және Волхов майдандарының күшімен Ленинград қоршауын бұзуға бағытталған Любань операциясы іске аспады. Армия қолбасшысы ген.-л. А.А. Власовтың тұтқынға берілуі жағдайды қиындатып кетті. Ставканың қателіктері басқа да оқиғалардан көрінді. Қызыл Армияның сәуірдің аяғындағы Қырымға шабуылы сәтсіз аяқталды. 11-неміс армиясының қолбасшысы ген. Э.Манштейн кеңес әскерінің қорғаныс шебін бұзып, Қырым түбегі жау қолында қалды. Оңт.-батыс бағыттағы оқиғалар бұдан да сәтсіз өрістеді. 1942 ж. 12 мамырда Қырым майданында Харьковке шабуыл басталды. Бастапқыда операция ойдағыдай дамыды, бірақ бес күннен кейін жағдай күрт өзгерді. Дұшпанның ірі, дайындықтан өткен шабуылдаушы “Клейст” тобы кеңес әскерінің созылып жатқан қатынас жолдарына бүйірден соққы берді. 20-ға жуық дивизия қоршауда қа-лып, кеңес әскерінің Харьков түбіндегі шабуылы ауыр жеңіліспен аяқталды. Неміс-фашист әскерлері Донбасты басып алып, Дондағы Ростовты қайтадан иемденді. 1942 ж. жазда одақтастар Еуропада Германияға қарсы екінші майдан ашуға келіскен болатын. Бірақ көп ұзамай екінші майдан ашу мерзімі 1943 жылдың көктеміне қалдырылды. Бұл кезде Германия мен оның одақтастарының старатег. жоспары Кавказ бен Сталинградқа шабуыл жасап, маңызды әскери-экон. орт-тарды бөлшектеуге негізделді. Бұл мақсатта немістер 178 дивизия мен 8 бригада, одақтастары 29 дивизия мен 12 бригада жасақтады. 1942 ж. 28 маусымда дұшпан Еділ мен Солт. Кавказға бет алды. Неміс бөлімдері қорғанысты бұзып өтіп, кеңес әскерлерінің бір бөлігі қоршауда қалды. Шілденің ортасында немістер Донға жетті. 1941 — 42 ж. жау басып алған батыс облыстар аса қиын кезеңді бастарынан өткерді. Гитлерлік әкімш. жергілікті өкімет органдарын құрып, старосталар тағайындады, полиция ұйымдастырды. Арнаулы шаруашылық инспекциялары азық-түлікті, қымбат заттарды, ресурстарды реквизициялады. 5 млн-ға жуық кеңес адамдары Германияға ықтиярсыз жұмыс істеуге әкетілді. Жергілікті тұрғындар жолдарды тазарту және минадан аршу, бекіністер салу жұмыстарына пайдаланылды. Балтық бойында және Украинаның батыс облыстары мен Белоруссияда олар старосталарды тағайындай отырып, “өндірістік қауымдастықтар” құрды. Басып алынған жерлерде фашистер өлім лагерьлері мен концлагерьлер, түрмелер мен геттолар құрылып, арнайы құрылған зондер — командалар қанды ойран жүргізді. Соғыстың алғашқы апталарындағы сәтсіздіктер бірнеше миллион кеңес адамдарының фашистік тұтқынға түсуіне себепші болды. Әдетте кеңес жауынгерлері соңғы демі біткенше шайқасты, сондықтан тұтқынға көбінесе есінен танғандар, жараланғандар және жоғ. жақтың қателіктері салдарынан, түсініксіз жағдайда қалғандар түсті. Фашистік командованиенің арнайы бұйрығы бойынша саяси қызметкерлер, коммунистер мен комсомолдар, кеңес белсенділері түгелдей жойылуға тиіс болды. Оның үстіне сталиндік басшылық Халықар. Қызыл Кресті мойындамады, оның қорына қаржы бөлмеді, мұның өзі каторгалық жұмыстарға пайдаланылатын кеңес әскери тұтқындарының жағдайын одан сайын қиындатты, олар азаптаулар мен қорлаудың неше түрлі тәсілін көрді. Соғыс жылдары 3,9 млн. кеңестік әскери тұтқын жойылды. Тұтқындардың бір бөлігі азаптауларға шыдай алмай, Власов армиясының бөлімдерінде қызмет етті. Германия үкіметі тұтқынға түскен Түркістан өлкесі халықтарынан Түркістан легионын құрды. Бірақ кеңес жауынгерлерінің көпшілігі тұтқынға түскеннен кейін де күресті жалғастырды. Олар өлім лагерьлерінің өзінде жасырын ұйымдар құрып, жергілікті антифашистермен байланыстар жасады, тұтқыннан қашуды ұйымдастырды. Осы ұйымдардың қызметі нәтижесінде 450 мың кеңестік әскери тұтқын тұтқыннан қашып шықты. Жау басып алған елдерде Қарсыласу қозғалысы күшейді. Олардың арасында қазақстандықтар да болды. Жау басып алған аумақтарда партизан қозғалысы қанат жайды. Партизандар дұшпанның штабтарын талқандады, байланыс жүйелерін, жолдарды, көпірлерді бұзды, “рельс соғысын”, әскери тұтқындардың қашуын ұйымдастырды. Астыртын топтар мен ұйымдар газеттер мен листовкалар шығарып, майдандардағы жағдай туралы мәліметтер таратты. 1942 жылдың жазы мен күзінде гитлершілдер тұрақты әскерлерінің 24 дивизиясын майданнан алып, оларды партизандармен күресте пайдалануына тура келді. Қазақстандықтар (Қ.Қайсенов, Ғ.Ахмедьяров, А.С. Егоров, Н.В. Зебницкий, Ф.Ф. Озмитель, Ә.Шәріпов, Н.А. Морозов, С.Төлешов, В.И. Шаруда, Ж.Саин, Т.Жұмабаева, Н.Байсейітова, З.Хусанов, т.б.) Украина мен Белоруссияда, Смоленск жерінде, Ленинград обл-ндағы партизан соғысына, шет елдердегі қарсыласу қозғалысына белсене қатысты. Соғыстың екінші кезеңіндегі (1942 ж. 19 қараша — 1943 жылдың аяғы) Сталинград шайқасы жаудың таңдаулы әскерлерін талқандап қана қоймай, Ұ. О. с. мен 2-дүниежүз. соғыс барысында түбегейлі бетбұрыстың басталуына жағдай жасады. Қазақстан Сталинград майданының ең жақын тылына айналды. Батыс Қазақстан ст-лары мен елді мекендерінің кең көлемді бөлігі соғыс қимылдарының аумағына айналды. Атырау қорғаныс к-ті құрылып, Орал майдан өңіріне, әуе шабуылынан қорғану пункттерінің қатарына енгізілді. Жау Қазақстан аспанында 30-ға жуық ұшағынан айрылды. Сталинград шайқасына Қазақстанда жасақталған 27, 29 және 38-атқыштар дивизиялары, 292 және 387-атқыштар дивизиялары, 81-атты әскер дивизиясы, 74-дербес теңіздік атқыштар бригадасы, 152-атқыштар бригадасы, 129-миномет полкі және 156-жеке көпір құрылысы батальоны қатысты. 29, 38-атқыштар дивизиясы көрсеткен табандылығы мен қаїармандығы үшін 72, 73-гв. атқыштар дивизиясы атанды. 73-гв. атқыштар дивизиясына “Сталинградтық” құрметті атағы қоса берілді. 4 қазақстандық ұшқыш Н.Әбдіров, полк командирі Т.С. Позолотин, взвод командирі Г.Г. Рамаев және минометші Қ.Сыпатаев Кеңес Одағының Батыры атағымен марапатталды. Кавказды жаудан қорғау Сталинград шайқасымен өзара байланыста жүзеге асты. Кавказ үшін соғыста фашистер 400 мыңдай адамын, көп мөлшерде әскери техникасын жоғалтты. 1943 ж. 23 тамызда Харьковтың азат етілуімен 50 күн мен түнге созылған атақты Курск шайқасы аяқталды. Курск түбіндегі жеңіс және Днепрден өту Ұ. О. с-нда түбегейлі өзгеріс жасады. Фашистік Германия стратег. үстемдіктен айрылып, қорғанысқа көшуге мәжбүр болды. Курск шайқасында қазақстандық 72 және 73-гв. дивизиялар мен 8-атқыштар дивизиясы асқан ерлік көрсетті. 1943 ж. 28 қараша — 1 желтоқсан аралығында Тегеран конференциясы болды. Оған КСРО, АҚШ, Ұлыбритания мемлекеттерінің басшылары: Сталин, Ф.Д. Рузвельт, Черчилль, сыртқы істер министрлері, штаб басшылары, т.б. кеңесшілер қатысты. Күн тәртібінде соғыстың барысы мен соғыстан кейінгі бейбітшілік мәселелері талқыланды. Соғыстың үшінші кезеңі (1944 ж. қаңтар — 1945 ж. 9 мамыр). Ленинград шайқасы нәтижесінде 1944 ж. Ленинград қ. мен облысы тегіс жаудан азат етілді. Ленинградты қорғауға, оның түбіндегі жау әскеїрлерін талқандауға қазақстандық 310-, 314-атқыштар дивизиялары қатысты. Ленинградты қорғау соғыстарына қатысқан С.Баймағанбетовке асқан ерлігі үшін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Қазақстан халқы ленинградтықтарға азық-түлік пен делегациялар жіберді. Жамбыл Жабаевтың “Ленинградтық өренім!” атты жалынды жыры жауынгерлерді жігерлендірді. 1944 жылдың 1-жартысында Қызыл Армия ірі жауынгерлік операцияларды табыспен жүргізді де, майданның кейбір бөліктерінде Кеңес Одағының мемл. шекарасына шықты. 1944 ж. 6 маусымда одақтастар екінші майданды ашып, Солт.-Батыс Францияға экспедиц. күштерін түсірді. 1944 жылғы күзге қа-рай кеңес әскерлері КСРО шекарасына жетті. Кеңес әскерлерінің соққысынан гитлерлік блок біржола күйреді. Германия 1944 жылдың 2-жартысында үш одақтасынан — Румыниядан, Болгариядан және Финляндиядан, ал 1945 жылдың басында Венгриядан айрылды. Соғыс Батыс Еуропа аймағында жалғасып, 1944 жылдың жазы мен күзінде Румыния, Болгария, Югославия, Албания, 1945 жылдың қысы мен көктемінде Польша, Чехословакия, Венгрия, Австрияның шығыс бөлігі, Норвегияның солт. жаудан азат етілді. 1945 ж. 4 — 11 ақпанда КСРО, АҚШ және Ұлыбритания үкімет басшыларының Қырым конференциясы өтті. Бұл конференцияда Германияны біржолата талқандаудың әскери жоспары және дүние жүзінің соғыстан кейінгі құрылымының негізгі принциптері, сондай-ақ Еуропадағы соғыс аяқталғаннан кейін КСРО-ның Жапонияға қарсы соғысқа кірісуі туралы құпия келісім жасалды. Берлин операциясы барысында кеңес әскерлері 2 мамыр күні Берлинді басып алды. Империя кеңсесінің жер астындағы бункерінде Гитлер Берлин құлардан екі күн бұрын өзін-өзі өлтірді. Мамырдың 8-інен 9-ына қараған түні герман жоғ. командованиесінің өкілдері Германияның сөзсіз тізе бүккені туралы актіге қол қойды. Рейхстагқа шабуыл жасауға қазақстандық 756-атқыштар полкі қатысты. Ғимаратқа бірінші болып лейтенант Р.Қошқарбаев пен қатардағы жауынгер Г.Булатов ту тікті. Алайда Чехословакия мен Австрия аумағындағы неміс әскерлерінің топтары қаруларын тастамады. Кеңестік танк бөлімдері 9 мамырда Праганы жаудан азат етіп, Ұ. О. с. аяқталды. 9 мамыр Жеңіс күні болып жарияланды. Берлин операциясында көрсеткен асқан ерліктері үшін 26 қазақстандыққа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Ұшқыш Т.Бигелдинов бұл атаққа 2-рет ие болды. Фашистік Германияны жеңудің құрметіне Москвада Қызыл Алаңда 1945 ж. 24 маусымда жеңіс шеруі өткізілді. 1945 ж. 17 шілде — 2 тамыз аралығында КСРО, АҚШ және Ұлыбритания үкімет басшыларының қатысуымен Потсдам конференциясы болды. Оның жұмысына Сталин, Г.Трумэн, Черчилль (кейіннен К.Эттли) қатысты. Потсдам конференциясы Германияның соғыстан кейінгі құрылымы, Польша шекаралары, т.б. мәселелерді қарады. Соғыстан кейін болған Нюрнберг процесі гитлершілердің адамзатқа қарсы жасаған аса ауыр қылмыстарын ашып, әшкереледі. Қиыр Шығыстағы соғыс (1945 ж. 9 тамыз — 2 қыркүйек). 1945 ж. 9 тамызда кеңес әскерлері Маньчжурияда орналасқан 1 млн. адамы бар Жапонияның Квантунь армиясына соққы берді. Ұрыстарға Моңғол Халық Республикасы әскерлері қатысты. Қызыл Армияның Қиыр Шығыстағы соғысы не бары 24 күнге созылды. Солт.-Шығыс Қытай, Солт. Корея, Оңт. Сахалин түбегі, Курил аралдары жапон басқыншыларынан азат етілді. 1945 ж. 2 қыркүйекте Жапония сөзсіз тізе бүгуі туралы актіге қол қойып, 2-дүниежүз. соғыс аяқталды. Ұ. О. с-ның салдарлары. Фашизмді талқандауда КСРО құрамындағы халықтар шешуші рөл атқарды. Германия мен оның одақтастарының кеңес-герман майданындағы адам шығыны 8 млн. 646 мыңға жетті. Соғыс ірі қолбасшыларды (Г.К. Жуков, К.К. Рокоссовский, И.С. Конев, А.М. Василевский, И.Х. Баграмян, т.б.) дайындап шығарды. 7 млн-нан астам адам орден, медальдармен марапатталды. 12 мыңдай адам (86-сы әйелдер), оның 104-і екі мәрте Кеңес Одағының Батыры атағын алды. 500-дей қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды (қ. Қазақстандық Кеңес Одағының Батырлары). Шығыс әйелдері арасынан бірінші болып Мәншүк Мәметова мен Ә.Молдағұлова Кеңес Одағының Батыры атанса, ұшқыштар Бигелдиновке, Л.И. Бедаға, И.Ф. Павловқа, С.Д. Луганскийге бұл атақ 2-мәрте берілді. Ұ. О. с-нда Кеңес Одағының 1710 қаласы күл-талқан болды, 70 мыңнан астам село мен деревня өртенді. А. ш-нда егістік жерлер 36,8 млн. га-ға қысқарды, елдің онсыз да нашар тех. жабдықталуы күрт төмендеп кетті. Кеңес Одағы ұлттық байлықтың 30%-ынан айрылды. Алдын ала есептеулерге қарағанда, Кеңес Одағы Қарулы Күштерінің адам шығыны — қаза тапқандар, жарақаттан және аурудан өлгендер, хабарсыз кеткендер, тұтқыннан қайтпағандар, Жапониямен соғысты қоса есептегенде 8 млн. 669 мың адамға жетті. Кеңес Одағы халқының тікелей және жанама шығыны 50 млн-ға жуық адам болды, оның тікелей және жарадан қаза болғандары, тұтқында қаза тапқандары бар 27 млн. адам еді. Қазақ халқының Ұ. О. с-нда қаза тапқан адамдарының саны — 350 мың. Бұл шығын ұзақ жылдар бойы елдің демогр. жағдайына ықпал етті. Қазақстаннан майданға 1 млн. 200 мың жауынгер аттанды. Жауға атылған әрбір он оқтың тоғызы Қазақстан қорғасынынан құйылды. Елімізде шоғырланған марганец пен молибденнің 60%-ы біздің республикада өндірілді. Балқаш, Қарсақпай кен орындары соғыс жылдары өндірілген қара мыстың жартысынан астамын берді. Республика диқандары мемлекетке 360 млн. пұт астық тапсырды. 4 жыл ішінде Қазақстан еңбекшілері майдан мұқтажына 94 млрд. 500 млн. сом жарна өткізді (қ. Қазақстан фашистік Германияға қарсы соғыс жылдарында). Соғыс жылдарында поляктар, Еділ бойындағы немістер, гректер, қалмақтар, қарашайлар, чечен-ингуштер, месхет түріктері, күрдтер, балқарлар, қырым татарлары ата қоныстарынан көшірілді. Олардың басым бөлігі Қазақстанға орналастырылды (қ. Депортация). Ұ. О. с. кезінде бүкіл халықтың патриоттық қозғалысы нәтижесінде “Қорғаныс қоры”, “Жеңіс қоры” жасалып, 94,5 млрд. сом қаржы жиналды. Мұның 5 млрд. сомын Қазақстан еңбекшілері берді. Кеңес Армиясына 427 млн. снаряд пен мина, 17 млрд-қа жуық патрон, 13 млн. т-дан астам жанар май, 40 млн. т-ға жуық тамақ, азық-түлік жіберілді. К. Нұрпейіс Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 9-том
09.11.2012 03:16 23977

Соңғы редакциялау:

27 қазан 2012

 

Ұлы отан соғысы, кеңес-герман соғысы, екінші дүниежүзілік соғыстағы шығыс майдан (1941 — 45) — Германия мен оның одақтастарының басқыншылығына қарсы Кеңес Одағының соғысы. 1941 ж. 22 маусымда Германия мен оның одақтастары (Италия, Венгрия, Финляндия, Румыния) кеңес-герман келісімшартын бұзып, Кеңес Одағына соғыс ашты. Германияның негізгі мақсаты Барбаросса жоспары бойынша КСРО-ны жою еді. Жоспарда қосымша соққы ретінде Финляндия, Румыния, Италия мен Венгрияның тарапынан да соғыс қимылдарын жүргізу қарастырылған. Құрлықтағы әскерлердің шабуылы әуе және әскери-теңіз күштерімен күшейтіліп, Кеңес Одағының шығысындағы өнеркәсіп орт-тарына, ең әуелі Орал өнеркәсіп орт-на әуеден соққы беру және Балтық т-нде үстемдікке жету көзделді. Гитлершіл Германия Кеңес Одағының ұлттық мемлекеттерін жойып, төрт рейхтік комиссариатқа бөлуді ойластырды. Барбаросса жоспарын жүзеге асыру үшін Германия жоғ. басқармасы 153 дивизия бөлді, оған одақтастары КСРО-ға қарсы 37 дивизия қосты. КСРО шекарасына барлығы 190 дивизия шоғырландырылды. КСРО-ға соғыс бастар алдында Германия өзінің әскери-экон. қуатын нығайтып, мыс, мырыш, қорғасын, бокситті аса көп мөлшерде жинап алды және Еуропадағы жеңілген елдердің көптеген қару-жарақ, оқ-дәрі, көлік-траспорттарын пайдалануға мүмкіндігі болды. Германияның қарулы күштері құрамында 1941 ж. маусым айында барлығы 7,3 млн. адам қызмет атқарды. Соғыстың болатынын алдын ала біліп отырғанымен Кеңес Одағы оған дайын болмай шықты. И.В. Сталин мен КСРО Қарулы Күштері басшылары (К.С. Тимошенко, т.б.) соғыс алдында және соғыстың алғашқы күндерінде көптеген қателіктерге жол берді. Басқыншыларға алғаш кеңес шекарашылары қарсы тұрды. Аса қиын жағдайда қалғандарына қарамастан кеңес жауынгерлері алғашқы күннен бастап ерлікпен шайқасты. Мыс., соғыстың 5-күні құрамында капитан А.Маслов, сержант Б.Бейсікбаев бар бомбалаушы ұшағы әскери тапсырмамен шығып, өртенді. Ұшқыштар өртенген ұшақты жау танкілері мен бензин цистерналары шоғырланған колоннаға бағыттады. Қоршауда қалған көптеген шекаралық заставалар мен бекініс аудандары жауға бірнеше тәулік бойы тосқауыл болды (қ. Брест қорғанысы). 1941 ж. 30 маусымда Сталиннің төрағалығымен Мемл. Қорғаныс к-ті құрылды. Ол бүкіл елдегі саяси, әскери және шаруашылық билігін қолға алды. Ұ. О. с. бірнеше кезеңнен өтті.

Соғыстың 1-кезеңі (1941 ж. 22 маусым — 1942 ж. 18 қараша) өте ауыр болды. Қызыл Армия өте қолайсыз жағдайда қалды, адамдары, техника мен қару-жарақ көп шығын болды. 170 дивизияның 28-і толық талқандалып, ал 70 дивизия өзінің адамдары мен әскери техникасының тең жартысынан айрылды. 200-дей жанар май, оқ-дәрі және қару қоймалары немістер басып алған жерлерде қалды. Алғашқы 6 аптада фашистер кеңес жеріне 300 — 600 км ендей кіріп, Латвияны, Литваны, Белоруссияны, Украина мен Молдавияның көптеген жерін басып алып, Киев, Смоленск, Одесса қ-ларының іргесіне жетті. Кеңес армиясы ерлікпен қарсыласқанымен көп ұзамай аталған қалалар да жау қолында қалды. Шегінген Қызыл Армияны соғысқа қажет материалдармен және адамдармен толықтыру қиынға соқты. Кеңес әскерінің соғыс қимылы қорғаныс майданында бұзылған, бөлшектелген жағдайда жүріп жатты. Жаудың соққысынан дер кезінде шегініп кетуге Қызыл Армияның моторланған бөлімдері болмады. Соның салдарынан қоршауда жиі қалып, қарсы шабуылға шыға алмады. Немістің әскери әуе күштері толық билік құрды. Вязьма аймағында Батыс және Брянск майданы күштері жартылай қоршауда қал-ды. Жау әскерлері Калинин, Волоколамск, Можайск қ-ларын басып алып, Москваға қа-уіп төндірді. Қыркүйектің 8-і күні Ленинград қоршауға алынып, қаланың қоршау жағдайындағы ерлік күресі басталды. Кеңес Одағының соғыстың бастапқы кезеңіндегі сәтсіздіктерінің себептері халықар. және ішкі жағдайларға байланысты болды. Бұл кезде Германия бүкіл Батыс Еуропаның экон. және соғыс қорын иемденген еді. Қызыл Армияның басқарушы құрамы сталиндік қуғын-сүргіннің әсерінен әлсіреп, кейін тағайындалған жас мамандар басшылық етудің тәжірибесін меңгеріп үлгермеген. Кеңес әскеріне түсіп жатқан жаңа, күрделі қару түрлерін әскерлер әлі толық игеріп болмаған еді. Мемл. Қорғаныс к-ті жаңа әскери құрамалар мен бөлімдер жасақтауға шұғыл кірісті. 1941 жылғы 22 маусым — 1 желтоқсан аралығында қосымша 297 дивизия мен 94 бригада жасақталды. 1941 жылдың маусым — қараша айларында Оралға, Сібірге, Еділ жағалауына, Қазақстанға және Орта Азияға 1533 кәсіпорын, оның ішінде 1360 әскери з-т көшірілді. Германияның Кеңес Одағына шабуыл жасағаны белгілі болысымен У.Черчилль Ұлыбританияның КСРО-ны қолдайтынын білдірді. 1941 ж. шілдеде КСРО мен Ұлыбритания Германияға қарсы соғыста бірлесіп қимыл жасау туралы келісім жасасты. 1941 ж. күзде Москвада өткен конференцияда Ұлыбритания мен АҚШ-тың таяудағы тоғыз айда Кеңес Одағына беретін қару-жарақ көмегі туралы шешім қабылданды. Сөйтіп, Гитлерге қарсы одақтың негіздері қаланды. 1941 Москва шайқасы Гитлердің “Қауырт соғыс” жоспарын жоққа шығарды. Москва шайқасына Қазақстанда құрылған 11 әскери құрама қатысты. Волоколам бағытын қорғаған 16-армияның құрамында ген.-майор И.В. Панфилов басқарған 316-атқыштар дивизиясы (қ. Сегізінші гвардиялық атқыштар дивизиясы) ерекше көзге түсті. Қазақстандық 238-атқыштар дивизиясы (қ. Отызыншы гвардиялық атқыштар дивизиясы) Тула маңында, 312-атқыштар дивизиясы Малоярославец бағытында, сонымен қатар 387, 391-атқыштар дивизиялары, 105-атты әскер дивизиясы және 75-дербес теңіздік атқыштар бригадасы Москваны қорғауға қатысты. Панфиловшы батальон командирі, аға лейтенант Бауыржан Момышұлы әскери шеберлік үлгісін көрсетсе, М.Ғабдуллин, Т.Тоқтаров ерлігімен көзге түсті. 1942 жылдың қысы мен көктемінде Ленинград және Волхов майдандарының күшімен Ленинград қоршауын бұзуға бағытталған Любань операциясы іске аспады. Армия қолбасшысы ген.-л. А.А. Власовтың тұтқынға берілуі жағдайды қиындатып кетті. Ставканың қателіктері басқа да оқиғалардан көрінді. Қызыл Армияның сәуірдің аяғындағы Қырымға шабуылы сәтсіз аяқталды. 11-неміс армиясының қолбасшысы ген. Э.Манштейн кеңес әскерінің қорғаныс шебін бұзып, Қырым түбегі жау қолында қалды. Оңт.-батыс бағыттағы оқиғалар бұдан да сәтсіз өрістеді. 1942 ж. 12 мамырда Қырым майданында Харьковке шабуыл басталды. Бастапқыда операция ойдағыдай дамыды, бірақ бес күннен кейін жағдай күрт өзгерді. Дұшпанның ірі, дайындықтан өткен шабуылдаушы “Клейст” тобы кеңес әскерінің созылып жатқан қатынас жолдарына бүйірден соққы берді. 20-ға жуық дивизия қоршауда қа-лып, кеңес әскерінің Харьков түбіндегі шабуылы ауыр жеңіліспен аяқталды. Неміс-фашист әскерлері Донбасты басып алып, Дондағы Ростовты қайтадан иемденді. 1942 ж. жазда одақтастар Еуропада Германияға қарсы екінші майдан ашуға келіскен болатын. Бірақ көп ұзамай екінші майдан ашу мерзімі 1943 жылдың көктеміне қалдырылды. Бұл кезде Германия мен оның одақтастарының старатег. жоспары Кавказ бен Сталинградқа шабуыл жасап, маңызды әскери-экон. орт-тарды бөлшектеуге негізделді. Бұл мақсатта немістер 178 дивизия мен 8 бригада, одақтастары 29 дивизия мен 12 бригада жасақтады. 1942 ж. 28 маусымда дұшпан Еділ мен Солт. Кавказға бет алды. Неміс бөлімдері қорғанысты бұзып өтіп, кеңес әскерлерінің бір бөлігі қоршауда қалды. Шілденің ортасында немістер Донға жетті. 1941 — 42 ж. жау басып алған батыс облыстар аса қиын кезеңді бастарынан өткерді. Гитлерлік әкімш. жергілікті өкімет органдарын құрып, старосталар тағайындады, полиция ұйымдастырды. Арнаулы шаруашылық инспекциялары азық-түлікті, қымбат заттарды, ресурстарды реквизициялады. 5 млн-ға жуық кеңес адамдары Германияға ықтиярсыз жұмыс істеуге әкетілді. Жергілікті тұрғындар жолдарды тазарту және минадан аршу, бекіністер салу жұмыстарына пайдаланылды. Балтық бойында және Украинаның батыс облыстары мен Белоруссияда олар старосталарды тағайындай отырып, “өндірістік қауымдастықтар” құрды. Басып алынған жерлерде фашистер өлім лагерьлері мен концлагерьлер, түрмелер мен геттолар құрылып, арнайы құрылған зондер — командалар қанды ойран жүргізді. Соғыстың алғашқы апталарындағы сәтсіздіктер бірнеше миллион кеңес адамдарының фашистік тұтқынға түсуіне себепші болды. Әдетте кеңес жауынгерлері соңғы демі біткенше шайқасты, сондықтан тұтқынға көбінесе есінен танғандар, жараланғандар және жоғ. жақтың қателіктері салдарынан, түсініксіз жағдайда қалғандар түсті. Фашистік командованиенің арнайы бұйрығы бойынша саяси қызметкерлер, коммунистер мен комсомолдар, кеңес белсенділері түгелдей жойылуға тиіс болды. Оның үстіне сталиндік басшылық Халықар. Қызыл Кресті мойындамады, оның қорына қаржы бөлмеді, мұның өзі каторгалық жұмыстарға пайдаланылатын кеңес әскери тұтқындарының жағдайын одан сайын қиындатты, олар азаптаулар мен қорлаудың неше түрлі тәсілін көрді. Соғыс жылдары 3,9 млн. кеңестік әскери тұтқын жойылды. Тұтқындардың бір бөлігі азаптауларға шыдай алмай, Власов армиясының бөлімдерінде қызмет етті. Германия үкіметі тұтқынға түскен Түркістан өлкесі халықтарынан Түркістан легионын құрды. Бірақ кеңес жауынгерлерінің көпшілігі тұтқынға түскеннен кейін де күресті жалғастырды. Олар өлім лагерьлерінің өзінде жасырын ұйымдар құрып, жергілікті антифашистермен байланыстар жасады, тұтқыннан қашуды ұйымдастырды. Осы ұйымдардың қызметі нәтижесінде 450 мың кеңестік әскери тұтқын тұтқыннан қашып шықты. Жау басып алған елдерде Қарсыласу қозғалысы күшейді. Олардың арасында қазақстандықтар да болды. Жау басып алған аумақтарда партизан қозғалысы қанат жайды. Партизандар дұшпанның штабтарын талқандады, байланыс жүйелерін, жолдарды, көпірлерді бұзды, “рельс соғысын”, әскери тұтқындардың қашуын ұйымдастырды. Астыртын топтар мен ұйымдар газеттер мен листовкалар шығарып, майдандардағы жағдай туралы мәліметтер таратты. 1942 жылдың жазы мен күзінде гитлершілдер тұрақты әскерлерінің 24 дивизиясын майданнан алып, оларды партизандармен күресте пайдалануына тура келді. Қазақстандықтар (Қ.Қайсенов, Ғ.Ахмедьяров, А.С. Егоров, Н.В. Зебницкий, Ф.Ф. Озмитель, Ә.Шәріпов, Н.А. Морозов, С.Төлешов, В.И. Шаруда, Ж.Саин, Т.Жұмабаева, Н.Байсейітова, З.Хусанов, т.б.) Украина мен Белоруссияда, Смоленск жерінде, Ленинград обл-ндағы партизан соғысына, шет елдердегі қарсыласу қозғалысына белсене қатысты.

Соғыстың екінші кезеңіндегі (1942 ж. 19 қараша — 1943 жылдың аяғы) Сталинград шайқасы жаудың таңдаулы әскерлерін талқандап қана қоймай, Ұ. О. с. мен 2-дүниежүз. соғыс барысында түбегейлі бетбұрыстың басталуына жағдай жасады. Қазақстан Сталинград майданының ең жақын тылына айналды. Батыс Қазақстан ст-лары мен елді мекендерінің кең көлемді бөлігі соғыс қимылдарының аумағына айналды. Атырау қорғаныс к-ті құрылып, Орал майдан өңіріне, әуе шабуылынан қорғану пункттерінің қатарына енгізілді. Жау Қазақстан аспанында 30-ға жуық ұшағынан айрылды. Сталинград шайқасына Қазақстанда жасақталған 27, 29 және 38-атқыштар дивизиялары, 292 және 387-атқыштар дивизиялары, 81-атты әскер дивизиясы, 74-дербес теңіздік атқыштар бригадасы, 152-атқыштар бригадасы, 129-миномет полкі және 156-жеке көпір құрылысы батальоны қатысты. 29, 38-атқыштар дивизиясы көрсеткен табандылығы мен қаїармандығы үшін 72, 73-гв. атқыштар дивизиясы атанды. 73-гв. атқыштар дивизиясына “Сталинградтық” құрметті атағы қоса берілді. 4 қазақстандық ұшқыш Н.Әбдіров, полк командирі Т.С. Позолотин, взвод командирі Г.Г. Рамаев және минометші Қ.Сыпатаев Кеңес Одағының Батыры атағымен марапатталды. Кавказды жаудан қорғау Сталинград шайқасымен өзара байланыста жүзеге асты. Кавказ үшін соғыста фашистер 400 мыңдай адамын, көп мөлшерде әскери техникасын жоғалтты. 1943 ж. 23 тамызда Харьковтың азат етілуімен 50 күн мен түнге созылған атақты Курск шайқасы аяқталды. Курск түбіндегі жеңіс және Днепрден өту Ұ. О. с-нда түбегейлі өзгеріс жасады. Фашистік Германия стратег. үстемдіктен айрылып, қорғанысқа көшуге мәжбүр болды. Курск шайқасында қазақстандық 72 және 73-гв. дивизиялар мен 8-атқыштар дивизиясы асқан ерлік көрсетті. 1943 ж. 28 қараша — 1 желтоқсан аралығында Тегеран конференциясы болды. Оған КСРО, АҚШ, Ұлыбритания мемлекеттерінің басшылары: Сталин, Ф.Д. Рузвельт, Черчилль, сыртқы істер министрлері, штаб басшылары, т.б. кеңесшілер қатысты. Күн тәртібінде соғыстың барысы мен соғыстан кейінгі бейбітшілік мәселелері талқыланды.

Соғыстың үшінші кезеңі (1944 ж. қаңтар — 1945 ж. 9 мамыр). Ленинград шайқасы нәтижесінде 1944 ж. Ленинград қ. мен облысы тегіс жаудан азат етілді. Ленинградты қорғауға, оның түбіндегі жау әскеїрлерін талқандауға қазақстандық 310-, 314-атқыштар дивизиялары қатысты. Ленинградты қорғау соғыстарына қатысқан С.Баймағанбетовке асқан ерлігі үшін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Қазақстан халқы ленинградтықтарға азық-түлік пен делегациялар жіберді. Жамбыл Жабаевтың “Ленинградтық өренім!” атты жалынды жыры жауынгерлерді жігерлендірді. 1944 жылдың 1-жартысында Қызыл Армия ірі жауынгерлік операцияларды табыспен жүргізді де, майданның кейбір бөліктерінде Кеңес Одағының мемл. шекарасына шықты. 1944 ж. 6 маусымда одақтастар екінші майданды ашып, Солт.-Батыс Францияға экспедиц. күштерін түсірді. 1944 жылғы күзге қа-рай кеңес әскерлері КСРО шекарасына жетті. Кеңес әскерлерінің соққысынан гитлерлік блок біржола күйреді. Германия 1944 жылдың 2-жартысында үш одақтасынан — Румыниядан, Болгариядан және Финляндиядан, ал 1945 жылдың басында Венгриядан айрылды. Соғыс Батыс Еуропа аймағында жалғасып, 1944 жылдың жазы мен күзінде Румыния, Болгария, Югославия, Албания, 1945 жылдың қысы мен көктемінде Польша, Чехословакия, Венгрия, Австрияның шығыс бөлігі, Норвегияның солт. жаудан азат етілді. 1945 ж. 4 — 11 ақпанда КСРО, АҚШ және Ұлыбритания үкімет басшыларының Қырым конференциясы өтті. Бұл конференцияда Германияны біржолата талқандаудың әскери жоспары және дүние жүзінің соғыстан кейінгі құрылымының негізгі принциптері, сондай-ақ Еуропадағы соғыс аяқталғаннан кейін КСРО-ның Жапонияға қарсы соғысқа кірісуі туралы құпия келісім жасалды. Берлин операциясы барысында кеңес әскерлері 2 мамыр күні Берлинді басып алды. Империя кеңсесінің жер астындағы бункерінде Гитлер Берлин құлардан екі күн бұрын өзін-өзі өлтірді. Мамырдың 8-інен 9-ына қараған түні герман жоғ. командованиесінің өкілдері Германияның сөзсіз тізе бүккені туралы актіге қол қойды. Рейхстагқа шабуыл жасауға қазақстандық 756-атқыштар полкі қатысты. Ғимаратқа бірінші болып лейтенант Р.Қошқарбаев пен қатардағы жауынгер Г.Булатов ту тікті. Алайда Чехословакия мен Австрия аумағындағы неміс әскерлерінің топтары қаруларын тастамады. Кеңестік танк бөлімдері 9 мамырда Праганы жаудан азат етіп, Ұ. О. с. аяқталды. 9 мамыр Жеңіс күні болып жарияланды. Берлин операциясында көрсеткен асқан ерліктері үшін 26 қазақстандыққа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Ұшқыш Т.Бигелдинов бұл атаққа 2-рет ие болды. Фашистік Германияны жеңудің құрметіне Москвада Қызыл Алаңда 1945 ж. 24 маусымда жеңіс шеруі өткізілді. 1945 ж. 17 шілде — 2 тамыз аралығында КСРО, АҚШ және Ұлыбритания үкімет басшыларының қатысуымен Потсдам конференциясы болды. Оның жұмысына Сталин, Г.Трумэн, Черчилль (кейіннен К.Эттли) қатысты. Потсдам конференциясы Германияның соғыстан кейінгі құрылымы, Польша шекаралары, т.б. мәселелерді қарады. Соғыстан кейін болған Нюрнберг процесі гитлершілердің адамзатқа қарсы жасаған аса ауыр қылмыстарын ашып, әшкереледі.

Қиыр Шығыстағы соғыс (1945 ж. 9 тамыз — 2 қыркүйек). 1945 ж. 9 тамызда кеңес әскерлері Маньчжурияда орналасқан 1 млн. адамы бар Жапонияның Квантунь армиясына соққы берді. Ұрыстарға Моңғол Халық Республикасы әскерлері қатысты. Қызыл Армияның Қиыр Шығыстағы соғысы не бары 24 күнге созылды. Солт.-Шығыс Қытай, Солт. Корея, Оңт. Сахалин түбегі, Курил аралдары жапон басқыншыларынан азат етілді. 1945 ж. 2 қыркүйекте Жапония сөзсіз тізе бүгуі туралы актіге қол қойып, 2-дүниежүз. соғыс аяқталды.

Ұ. О. с-ның салдарлары. Фашизмді талқандауда КСРО құрамындағы халықтар шешуші рөл атқарды. Германия мен оның одақтастарының кеңес-герман майданындағы адам шығыны 8 млн. 646 мыңға жетті. Соғыс ірі қолбасшыларды (Г.К. Жуков, К.К. Рокоссовский, И.С. Конев, А.М. Василевский, И.Х. Баграмян, т.б.) дайындап шығарды. 7 млн-нан астам адам орден, медальдармен марапатталды. 12 мыңдай адам (86-сы әйелдер), оның 104-і екі мәрте Кеңес Одағының Батыры атағын алды. 500-дей қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды (қ. Қазақстандық Кеңес Одағының Батырлары). Шығыс әйелдері арасынан бірінші болып Мәншүк Мәметова мен Ә.Молдағұлова Кеңес Одағының Батыры атанса, ұшқыштар Бигелдиновке, Л.И. Бедаға, И.Ф. Павловқа, С.Д. Луганскийге бұл атақ 2-мәрте берілді. Ұ. О. с-нда Кеңес Одағының 1710 қаласы күл-талқан болды, 70 мыңнан астам село мен деревня өртенді. А. ш-нда егістік жерлер 36,8 млн. га-ға қысқарды, елдің онсыз да нашар тех. жабдықталуы күрт төмендеп кетті. Кеңес Одағы ұлттық байлықтың 30%-ынан айрылды. Алдын ала есептеулерге қарағанда, Кеңес Одағы Қарулы Күштерінің адам шығыны — қаза тапқандар, жарақаттан және аурудан өлгендер, хабарсыз кеткендер, тұтқыннан қайтпағандар, Жапониямен соғысты қоса есептегенде 8 млн. 669 мың адамға жетті. Кеңес Одағы халқының тікелей және жанама шығыны 50 млн-ға жуық адам болды, оның тікелей және жарадан қаза болғандары, тұтқында қаза тапқандары бар 27 млн. адам еді. Қазақ халқының Ұ. О. с-нда қаза тапқан адамдарының саны — 350 мың. Бұл шығын ұзақ жылдар бойы елдің демогр. жағдайына ықпал етті. Қазақстаннан майданға 1 млн. 200 мың жауынгер аттанды. Жауға атылған әрбір он оқтың тоғызы Қазақстан қорғасынынан құйылды. Елімізде шоғырланған марганец пен молибденнің 60%-ы біздің республикада өндірілді. Балқаш, Қарсақпай кен орындары соғыс жылдары өндірілген қара мыстың жартысынан астамын берді. Республика диқандары мемлекетке 360 млн. пұт астық тапсырды. 4 жыл ішінде Қазақстан еңбекшілері майдан мұқтажына 94 млрд. 500 млн. сом жарна өткізді (қ. Қазақстан фашистік Германияға қарсы соғыс жылдарында). Соғыс жылдарында поляктар, Еділ бойындағы немістер, гректер, қалмақтар, қарашайлар, чечен-ингуштер, месхет түріктері, күрдтер, балқарлар, қырым татарлары ата қоныстарынан көшірілді. Олардың басым бөлігі Қазақстанға орналастырылды (қ. Депортация). Ұ. О. с. кезінде бүкіл халықтың патриоттық қозғалысы нәтижесінде “Қорғаныс қоры”, “Жеңіс қоры” жасалып, 94,5 млрд. сом қаржы жиналды. Мұның 5 млрд. сомын Қазақстан еңбекшілері берді. Кеңес Армиясына 427 млн. снаряд пен мина, 17 млрд-қа жуық патрон, 13 млн. т-дан астам жанар май, 40 млн. т-ға жуық тамақ, азық-түлік жіберілді.

К. Нұрпейіс

Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 9-том

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға