Жаңалықтар

Шерхан Мұртаза

Соңғы редакциялау: 27 қазан 2012 Шерхан Мұртаза (28.9. 1932 ж. т., Жамбыл обл. Жуалы ауд. Талапты а.) — жазушы, қоғам қайраткері, ҚР-ның еңб. сің. мәдениет қызметкері (1984), Қазақстанның халық жазушысы (1992). М.В. Ломоносов атынд. Мәскеу мемл. ун-тін бітірген (1955). 1955 — 56 ж. Қазақ мемл. көркем әдебиет баспасында, 1956 — 60 ж. “Лениншіл жас” (қазіргі “Жас алаш”), 1960 — 63 ж. “Социалистік Қазақстан” (қазіргі “Егемен Қазақстан”) газеттерінде тілші, әдеби қызметкер, редактор, 1970 — 72 ж. “Жазушы” баспасы жанындағы Балалар мен жастар әдебиеті бас редакциясының және “Жалын” альманахының бас редакторы, 1972 — 75 ж. “Жұлдыз” журналының бас редакторы, 1975 — 80 ж. Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының 2-хатшысы, 1980 — 89 ж. “Қазақ әдебиеті” газетінің бас редакторы, 1989 — 92 ж. “Егемен Қазақстан” газетінің бас редакторы, 1992 — 94 ж. “Қазақстан” мемл. телерадио компаниясының төрағасы қызметтерін атқарды. 12, 13-шақырылған ҚР Жоғ. Кеңесінің, 2-шақырылған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болды. Сондай-ақ ол ҚР Президенті жанындағы Ұлттық кеңестің мүшесі. Ш. М. шығарм. жолын студент кезінде Л. Лагиннің “Хоттабыч қарт”, М.Кәрімнің “Біздің үйдің қуанышы” шығармаларын қазақ тіліне аударумен бастады. Ал тұңғыш кітабы — “Құрылысшы Дәку” очерктер жинағы 1958 ж. жарық көрді. Қазіргі замандас бейнесі, соғыс жылдарындағы тылдағы адамдардың қажырлы еңбегін баяндаған “Табылған теңіз” (1963), “Бұлтсыз күнгі найзағай” (1965), “Белгісіз солдаттың баласы” (1967), “Мылтықсыз майдан” (1969), “41-жылғы келіншек” (1972), “Ахметжанның анты” (1973), т.б. повестер мен “Интернат наны” (1974) атты әңгімелер жинақтары жарияланды. Өндірістің дамуы жөнінде, адам мен қоршаған ортаға қамқорлық туралы маңызды мәселелер көтерген, ғыл.-тех. төңкеріс жайын сипаттаған “Қара маржан” (1976; ҚР Мемл. сыйл., 1978) романы, мемлекет қайраткері Т.Рысқұловтың өміріне арналған (“Қызыл жебе”, 1, 2-кіт. 1980; “Жұлдыз көпір”, 3 кіт., 1984) роман-трилогиясы басылды. Драматургия саласында жазушының “Қызыл жебе” (1987, Қ.Ысқақовпен бірге), “Сталинге хат” (1988), сондай-ақ “Бесеудің хаты” (1989) атты пьесалары қойылды. Ол Г.Х. Андерсеннің әңгімелерін, венгр халық ертегілерін, Ш.Айтматовтың “Ботагөз”, “Қош бол, Гүлсары”, “Теңіз жағалап жүгірген тарғыл төбет” повестерін, “Боранды бекет”, “Жанпида” романдарын қазақ тіліне аударды. Ш. М. шығарм. жұмыстармен қатар Қазақстан Республикасы тәуелсіздігі мен мемлекеттігін нығайту ісіне де белсене араласты. Қазіргі заманның, қоғамдық өмірдің маңызды мәселелерін, ел, жер, тіл мәселелерін көтеретін көптеген мақала-эсселер жазды. Ш. М. “Құрмет белгісі”, “Отан” (1999) ордендерімен және бірнеше медальдармен марапатталған. Жамбыл обл-ның, Тараз және Астана қалаларының Құрметті азаматы. А. Айқожа Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 9-том
09.11.2012 03:16 8947

Соңғы редакциялау:

27 қазан 2012

Шерхан Мұртаза (28.9. 1932 ж. т., Жамбыл обл. Жуалы ауд. Талапты а.) — жазушы, қоғам қайраткері, ҚР-ның еңб. сің. мәдениет қызметкері (1984), Қазақстанның халық жазушысы (1992). М.В. Ломоносов атынд. Мәскеу мемл. ун-тін бітірген (1955). 1955 — 56 ж. Қазақ мемл. көркем әдебиет баспасында, 1956 — 60 ж. “Лениншіл жас” (қазіргі “Жас алаш”), 1960 — 63 ж. “Социалистік Қазақстан” (қазіргі “Егемен Қазақстан”) газеттерінде тілші, әдеби қызметкер, редактор, 1970 — 72 ж. “Жазушы” баспасы жанындағы Балалар мен жастар әдебиеті бас редакциясының және “Жалын” альманахының бас редакторы, 1972 — 75 ж. “Жұлдыз” журналының бас редакторы, 1975 — 80 ж. Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының 2-хатшысы, 1980 — 89 ж. “Қазақ әдебиеті” газетінің бас редакторы, 1989 — 92 ж. “Егемен Қазақстан” газетінің бас редакторы, 1992 — 94 ж. “Қазақстан” мемл. телерадио компаниясының төрағасы қызметтерін атқарды. 12, 13-шақырылған ҚР Жоғ. Кеңесінің, 2-шақырылған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болды. Сондай-ақ ол ҚР Президенті жанындағы Ұлттық кеңестің мүшесі. Ш. М. шығарм. жолын студент кезінде Л. Лагиннің “Хоттабыч қарт”, М.Кәрімнің “Біздің үйдің қуанышы” шығармаларын қазақ тіліне аударумен бастады. Ал тұңғыш кітабы — “Құрылысшы Дәку” очерктер жинағы 1958 ж. жарық көрді. Қазіргі замандас бейнесі, соғыс жылдарындағы тылдағы адамдардың қажырлы еңбегін баяндаған “Табылған теңіз” (1963), “Бұлтсыз күнгі найзағай” (1965), “Белгісіз солдаттың баласы” (1967), “Мылтықсыз майдан” (1969), “41-жылғы келіншек” (1972), “Ахметжанның анты” (1973), т.б. повестер мен “Интернат наны” (1974) атты әңгімелер жинақтары жарияланды. Өндірістің дамуы жөнінде, адам мен қоршаған ортаға қамқорлық туралы маңызды мәселелер көтерген, ғыл.-тех. төңкеріс жайын сипаттаған “Қара маржан” (1976; ҚР Мемл. сыйл., 1978) романы, мемлекет қайраткері Т.Рысқұловтың өміріне арналған (“Қызыл жебе”, 1, 2-кіт. 1980; “Жұлдыз көпір”, 3 кіт., 1984) роман-трилогиясы басылды. Драматургия саласында жазушының “Қызыл жебе” (1987, Қ.Ысқақовпен бірге), “Сталинге хат” (1988), сондай-ақ “Бесеудің хаты” (1989) атты пьесалары қойылды. Ол Г.Х. Андерсеннің әңгімелерін, венгр халық ертегілерін, Ш.Айтматовтың “Ботагөз”, “Қош бол, Гүлсары”, “Теңіз жағалап жүгірген тарғыл төбет” повестерін, “Боранды бекет”, “Жанпида” романдарын қазақ тіліне аударды. Ш. М. шығарм. жұмыстармен қатар Қазақстан Республикасы тәуелсіздігі мен мемлекеттігін нығайту ісіне де белсене араласты. Қазіргі заманның, қоғамдық өмірдің маңызды мәселелерін, ел, жер, тіл мәселелерін көтеретін көптеген мақала-эсселер жазды. Ш. М. “Құрмет белгісі”, “Отан” (1999) ордендерімен және бірнеше медальдармен марапатталған. Жамбыл обл-ның, Тараз және Астана қалаларының Құрметті азаматы.

А. Айқожа

Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 9-том

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға