Жаңалықтар

Делбе

Соңғы редакциялау 31 қазан 2012   Делбе – арбаға не шанаға жегілген көлікті бұрып отыруға арналған әбзел. Оны қайыстан немесе есілден қылдан жасайды. Делбенің ат сулығына байланар екі ұшында ағаш тиегі, кейде темірден жасалған бекітбесі болады. Ұзындығы шамамен 7-10 м. Доға – жылқыны арбаға не шанаға жеккенде қамытты тәртеге жалғастыратын әбзел. Доғаны қайың, тал, үйеңкі, емен сияқты мықты ағаштардан иіп жасайды. Ол үшін жұмыр ағаштың игілуге тиісті жерін шауып жұқартып алып, морға салып жұмсартады да, тез арқылы екі жақ басын иіп, қалыпқа салып кептіреді. Доға кеуіп қалпына түскеннен кейін иілген жерінен шығыршық орнатады. Доғаның тәртемен жалғасатын төменгі екі ұшының сыртқы бетін орнықты болуы үшін шауып, ойық жасайды. Ер – салт мініс әбзелі; өте сапалы, мықты ағаштан шабылады. Ер жасауға қайың, үйеңкі ағаштары пайдаланылады. Ердің жасалуына қарай бірнеше түрлері болады: «Қазақ ер», «Күміс ер», «Құранды ер» және «Ашамай ер». Қазақ ері бес бөлшектен тұрады: алдыңғы, артқы қас, екі қаптал жән екі қастың ортасындағы белдік ағаш. Ердің алдыңғы қасы артқы қастан биік болады, бет жағы ою-өрнектермен бедерленеді. Артқы қастың үсті жалпақтау, алқымы тайыз болады. Ердің екі қапталының басы биіктеу, ортасы жатыңқы, аттық арқасына батпайтын болуы тиіс. Ердің осы бес бөлшегі әзірленген соң, алдыңғы қасқа екі қапталды желіммен қондырады, осыдан кейін артқы қасты біріктіріп, бел ағашты екі қастың аралығына салып, ағаш шегемен бекітеді. Екі қаптал ағаштарының рдің алдыңғы қасына жақын, орта шенінен таралғы өткізетін тесік қашайды, қапталдың алғы екі басынан өмілдірік өткізетін, бүлдірге артқы кі басынан құйысқанды жалғайтын және қанжығаға керекті тесіктер дайындалады, осы тесіктер арқылы керекті күмістелген темір шығыршықтармен әдемі айылбастар орнатылады. Ердің бөлшектерін желімдеп болған соң былғарымен қаптап, шеттерін күміс жалатқан шегелермен бастырып қағады. Күміс ерлердің алдыңғы, артқы қас түгелдей күміспен жабылып, шегелермен, кейде асыл тастармен әшекейленеді. Ал тартпа, таралғы, өмілдірік, құйысқан түгелдей күміпен сәнделеді. Жасалу жағынан өте күрделі, берік және жайлы да әдемісі – құранды ер. Мұндай ер 18, кейде одан да көп ағаш бөлшектерден құрастырылады. Ердің желімі әбден кепкен соң түйенің көнімен көктеп, ердің кісі отыратын жерін түгелдей қалың былғарымен қаптап тігіп, үстін күміс өрнектермен, асыл тастармен әдемілейді. Дереккөзі: "Шаңырақ" қысқаша үй-тұрмысы энциклопедиясы, Қазақ Совет энциклопедиясының бас редакциясы, Алматы, 1989 ж.
09.11.2012 03:12 5725

Соңғы редакциялау

31 қазан 2012

 

Делбе – арбаға не шанаға жегілген көлікті бұрып отыруға арналған әбзел. Оны қайыстан немесе есілден қылдан жасайды. Делбенің ат сулығына байланар екі ұшында ағаш тиегі, кейде темірден жасалған бекітбесі болады. Ұзындығы шамамен 7-10 м.

Доға – жылқыны арбаға не шанаға жеккенде қамытты тәртеге жалғастыратын әбзел. Доғаны қайың, тал, үйеңкі, емен сияқты мықты ағаштардан иіп жасайды. Ол үшін жұмыр ағаштың игілуге тиісті жерін шауып жұқартып алып, морға салып жұмсартады да, тез арқылы екі жақ басын иіп, қалыпқа салып кептіреді. Доға кеуіп қалпына түскеннен кейін иілген жерінен шығыршық орнатады. Доғаның тәртемен жалғасатын төменгі екі ұшының сыртқы бетін орнықты болуы үшін шауып, ойық жасайды.

Ер – салт мініс әбзелі; өте сапалы, мықты ағаштан шабылады. Ер жасауға қайың, үйеңкі ағаштары пайдаланылады. Ердің жасалуына қарай бірнеше түрлері болады: «Қазақ ер», «Күміс ер», «Құранды ер» және «Ашамай ер». Қазақ ері бес бөлшектен тұрады: алдыңғы, артқы қас, екі қаптал жән екі қастың ортасындағы белдік ағаш. Ердің алдыңғы қасы артқы қастан биік болады, бет жағы ою-өрнектермен бедерленеді. Артқы қастың үсті жалпақтау, алқымы тайыз болады.

Ердің екі қапталының басы биіктеу, ортасы жатыңқы, аттық арқасына батпайтын болуы тиіс. Ердің осы бес бөлшегі әзірленген соң, алдыңғы қасқа екі қапталды желіммен қондырады, осыдан кейін артқы қасты біріктіріп, бел ағашты екі қастың аралығына салып, ағаш шегемен бекітеді.

Екі қаптал ағаштарының рдің алдыңғы қасына жақын, орта шенінен таралғы өткізетін тесік қашайды, қапталдың алғы екі басынан өмілдірік өткізетін, бүлдірге артқы кі басынан құйысқанды жалғайтын және қанжығаға керекті тесіктер дайындалады, осы тесіктер арқылы керекті күмістелген темір шығыршықтармен әдемі айылбастар орнатылады.

Ердің бөлшектерін желімдеп болған соң былғарымен қаптап, шеттерін күміс жалатқан шегелермен бастырып қағады.

Күміс ерлердің алдыңғы, артқы қас түгелдей күміспен жабылып, шегелермен, кейде асыл тастармен әшекейленеді. Ал тартпа, таралғы, өмілдірік, құйысқан түгелдей күміпен сәнделеді.

Жасалу жағынан өте күрделі, берік және жайлы да әдемісі – құранды ер. Мұндай ер 18, кейде одан да көп ағаш бөлшектерден құрастырылады. Ердің желімі әбден кепкен соң түйенің көнімен көктеп, ердің кісі отыратын жерін түгелдей қалың былғарымен қаптап тігіп, үстін күміс өрнектермен, асыл тастармен әдемілейді.

Дереккөзі: "Шаңырақ" қысқаша үй-тұрмысы энциклопедиясы, Қазақ Совет энциклопедиясының бас редакциясы, Алматы, 1989 ж.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға