Жаңалықтар

Адай көтерілісі

Соңғы редакциялау: 16 қазан 2012 Адай көтерілісі (1929-32) — Маңғыстау қазатарының коммунистік асыра сілтеушілікке қарсы наразылық қимылдары. Ф. Голощекин бастаған БК(б)П Қазақ өлкелік к-ті Адай уезін (1928 ж. қаңтарынан — округін) ерекше бақылауға алып, таптық жіктелу саясатын күштеп таңды. Қазақ АКСР-ы ОАК-нің мүшесі, Адай окр. аткомы төрағасының орынбасары Шәбден Ералиевтің (1898 — 2.11.1928) Каспий теңізіндегі жұмбақ қазасын желеу ете отырып, ОГПУ орындары округтің басшыларын кезекті қуғынға ұшыратты. Кезінде “адай ханы” болып танылған Тобанияз Әлниязов бастаған беделді азаматтардың тұтқынға алынуы елдің қатты наразылығын тудырды. Ауыр салықтардың толастамауынан қазақ ауылының материалдық жағынан әбден титықтауы, күштеп ұжымдастыру, “байларға шабуыл”, дінді қорлау, 1929 жылғы жұт және оның соңын ала келген алапат ашаршылық, орталық жіберген уәкілдер мен жергілікті шолақ белсенділердің жүгенсіздігі, үздіксіз үркіту мен қуғындау А.к-нің басталуына түрткі болды. 1930 ж. тамызында Адай округінің таратылып, Гурьев және Ақтөбе округтеріне бағындырылуы да халық толқуына әсерін тигізді. 1930 ж. 9 қазанда ОГПУ “Үштігі” “Сопы”, “Адайды құтқару”, “Ақбота” атты астыртын ұйымдар құрып, кеңес өкіметіне қарсы күрес жүргізді деген айыппен 61 адамның ісін қарап, 21 адамға ату жазасын кесті. Бұл оқиғалар көтерілісті бәсеңдетпеді, керісінше оның өршуіне себеп болды. 1929 ж. пайда болған жеке көтеріліс ошақтары 1930 ж. жергілікті тұрғындардың жаппай бас көтеруіне ұласты. 1930 ж. ақырында көтеріліс бұрынғы округтің 5 ауданын түгел қамтыды. А.к-не ОГПУ-дің есебі бойынша 50-ден астам жасақтар қатысты (1930). Көтерілісшілердің қарулы қарсылығы бірте-бірте ұйымдасқан сипат алып, 1931 ж. өзінің шырқау шегіне жетті. Боқымаш Шоланұлы (1931 ж. сәуірде хан сайланған), Мырзағали (Мырзалы) Тынымбаев (1931 ж. маусымда ұрыс даласында қаза тапты), Ерғали Құттегенов, М. Сапақов, Жұматай Үсенов т.б. басқарған көтерілісшілер жасақтары өкімет әскерімен тегеурінді айқастар жүргізді. Қаруларының жеткіліксіздігіне қарамастан қорғаныстан гөрі шабуылдау әдісін жиі қолданды. Көтерілісшілер 1931 ж. мамыр-шілдесінде Форт-Александровск (қазіргі Форт-Шевченко) қ-на 4 мәрте шабуыл жасады. А.к-н басуға Мәскеудің бұйрығымен тұрақты армия мен ОГПУ әскерлерінің 32 бөлімі жіберілді. Оның үстіне БК(б)П Қазақ өлкелік к-ті Қазақ АКСР-і ОАК-нің мүшелері С.Меңдешевті, Ұ.Құлымбетовты, А.Асылбековты және олармен бірге қазақ ұлттық полкінің бір бөлігін (командирі — Төлесін Әлиев) аттандырды. Көтерілісшілердің жеке жасақтарының қарулы күресі 1932 жылдың ортасына дейін созылды. Күшті жарақтандырылған өкімет әскеріне ұзақ уақыт бойы төтеп бере алмайтындықтары белгілі болған соң, көтерілісшілер атажұртын тастап, Қазақстаннан сырт жерлерге көше бастады. Көпшілігі Түрікменстанға, Қарақалпақстанға, Тәжікстанға, Иран мен Ауғанстанға ауып кетті. Өкімет әскерлері көтерілісті аяусыз, аса қатал озбырлықпен басып-жаныштады. Мыңдаған адамдардың тағдыры тәлкекке түсті. Тек жалғыз ОГПУ тарапынан А.к-не қатысқан 800-ден астам “бүлікшілер” сотқа тартылды. Әдеб.: О м а р о в М., С а р и е в І., Ойрандалған Адай даласы, А., 1995; А л д а ж ұ м а н о в Қ., Восстание казахских шаруа в Адаевском округе, кіт.: Социально-политическое развитие Казахстана и его взаимосвязь с сопредельными странами, А., 1994. Қ.Алдажұманов    
09.11.2012 03:09 7032

Соңғы редакциялау:

16 қазан 2012

Адай көтерілісі (1929-32) — Маңғыстау қазатарының коммунистік асыра сілтеушілікке қарсы наразылық қимылдары. Ф. Голощекин бастаған БК(б)П Қазақ өлкелік к-ті Адай уезін (1928 ж. қаңтарынан — округін) ерекше бақылауға алып, таптық жіктелу саясатын күштеп таңды. Қазақ АКСР-ы ОАК-нің мүшесі, Адай окр. аткомы төрағасының орынбасары Шәбден Ералиевтің (1898 — 2.11.1928) Каспий теңізіндегі жұмбақ қазасын желеу ете отырып, ОГПУ орындары округтің басшыларын кезекті қуғынға ұшыратты. Кезінде “адай ханы” болып танылған Тобанияз Әлниязов бастаған беделді азаматтардың тұтқынға алынуы елдің қатты наразылығын тудырды. Ауыр салықтардың толастамауынан қазақ ауылының материалдық жағынан әбден титықтауы, күштеп ұжымдастыру, “байларға шабуыл”, дінді қорлау, 1929 жылғы жұт және оның соңын ала келген алапат ашаршылық, орталық жіберген уәкілдер мен жергілікті шолақ белсенділердің жүгенсіздігі, үздіксіз үркіту мен қуғындау А.к-нің басталуына түрткі болды. 1930 ж. тамызында Адай округінің таратылып, Гурьев және Ақтөбе округтеріне бағындырылуы да халық толқуына әсерін тигізді. 1930 ж. 9 қазанда ОГПУ “Үштігі” “Сопы”, “Адайды құтқару”, “Ақбота” атты астыртын ұйымдар құрып, кеңес өкіметіне қарсы күрес жүргізді деген айыппен 61 адамның ісін қарап, 21 адамға ату жазасын кесті. Бұл оқиғалар көтерілісті бәсеңдетпеді, керісінше оның өршуіне себеп болды.

1929 ж. пайда болған жеке көтеріліс ошақтары 1930 ж. жергілікті тұрғындардың жаппай бас көтеруіне ұласты. 1930 ж. ақырында көтеріліс бұрынғы округтің 5 ауданын түгел қамтыды. А.к-не ОГПУ-дің есебі бойынша 50-ден астам жасақтар қатысты (1930). Көтерілісшілердің қарулы қарсылығы бірте-бірте ұйымдасқан сипат алып, 1931 ж. өзінің шырқау шегіне жетті. Боқымаш Шоланұлы (1931 ж. сәуірде хан сайланған), Мырзағали (Мырзалы) Тынымбаев (1931 ж. маусымда ұрыс даласында қаза тапты), Ерғали Құттегенов, М. Сапақов, Жұматай Үсенов т.б. басқарған көтерілісшілер жасақтары өкімет әскерімен тегеурінді айқастар жүргізді. Қаруларының жеткіліксіздігіне қарамастан қорғаныстан гөрі шабуылдау әдісін жиі қолданды. Көтерілісшілер 1931 ж. мамыр-шілдесінде Форт-Александровск (қазіргі Форт-Шевченко) қ-на 4 мәрте шабуыл жасады. А.к-н басуға Мәскеудің бұйрығымен тұрақты армия мен ОГПУ әскерлерінің 32 бөлімі жіберілді. Оның үстіне БК(б)П Қазақ өлкелік к-ті Қазақ АКСР-і ОАК-нің мүшелері С.Меңдешевті, Ұ.Құлымбетовты, А.Асылбековты және олармен бірге қазақ ұлттық полкінің бір бөлігін (командирі — Төлесін Әлиев) аттандырды. Көтерілісшілердің жеке жасақтарының қарулы күресі 1932 жылдың ортасына дейін созылды. Күшті жарақтандырылған өкімет әскеріне ұзақ уақыт бойы төтеп бере алмайтындықтары белгілі болған соң, көтерілісшілер атажұртын тастап, Қазақстаннан сырт жерлерге көше бастады. Көпшілігі Түрікменстанға, Қарақалпақстанға, Тәжікстанға, Иран мен Ауғанстанға ауып кетті. Өкімет әскерлері көтерілісті аяусыз, аса қатал озбырлықпен басып-жаныштады. Мыңдаған адамдардың тағдыры тәлкекке түсті. Тек жалғыз ОГПУ тарапынан А.к-не қатысқан 800-ден астам “бүлікшілер” сотқа тартылды.

Әдеб.: О м а р о в М., С а р и е в І., Ойрандалған Адай даласы, А., 1995; А л д а ж ұ м а н о в Қ., Восстание казахских шаруа в Адаевском округе, кіт.: Социально-политическое развитие Казахстана и его взаимосвязь с сопредельными странами, А., 1994.

Қ.Алдажұманов

 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға