Жаңалықтар

Шаға ескерткіштері

Соңғы редакциялау: 27 қазан 2012 Шаға ескерткіштері — көне дәуірлерден сақталған археологиялық ескерткіштердің үлкен тобы. Құрамына 3 қалашық, 2 қоныс және үлкен зират кіреді. Қаратау жотасының оңт. беткейінде, Оңт. Қазақстан обл. Түркістан ауд-ндағы Шаға а-ның маңында орналасқан. Алғашында 1969 ж. Оңт. Қазақстан археол. экспед-ның (жетек. К.Ақышев) далалық ізденістері барысында зират табылып, 1970 — 72 ж. мұнда А.Г. Максимова қазбалар жүргізді. 2000 ж. Түркістан археол. экспед. (жетек. Е.Смағұлов, А.Ержігітова) осы аумақты неғұрлым тиянақты түрде тексеруі нәтижесінде қалған жәдігерлер ашылып, мұның барлығы “Шаға археологиялық кешені” деген атпен ғылымға енді. Мерзімі жағынан ерте кезеңге жататын 2 шағын қоныс қазіргі ауылдың аумағында орналасқаны анықталды. Жер бетінен жиналған қыш ыдыс бөлшектері мен басқадай заттай айғақтар бұлардың б.з. 1 — 2 ғ-лары мен 8 ғ. аралығында өмір сүргенін дәлелдейді. Қоныстардың жанында ашылған Шаға-1 қала жұртының орт. бөлігі төртбұрыш пішіндес төбе түрінде сақталған. Солт. тарапты алып жатқан цитадельдің төбешік тәрізді шөккен орнының аум. 0,5 га, биікт. 10 м. Орт. төбенің үш жағын сыртынан қа-бырғамен қоршалған көлемді шахристан алып жатыр. Зерттеулер барысында Шаға-1 қала жұртының жалпы аум. 6 га екені анықталып, оның өмір сүрген уақыты 8 —18 ғ-ларға мерзімделген. Ғалымдар бұл ескерткіштің осының алдында өмір сүрген 2 қоныстың заңды жалғасы екенін дәлелдеді және жазба деректерде кездесетін Шағылжан қ-ның сақталған жұрты осы болуы мүмкін екенін айтты. Ауыл жанындағы төбеде орналасқан зиратта алғашында барлығы 213 нысан тіркеліп, оның 5-уі қазылған болатын. Кейінгі ізденістер зираттағы жерлеу орындарының бұдан көбірек екенін, атап айтқанда олардың бір бөлігінің төбе етегіндегі осы заманғы бейіттің астында екенін байқатты. Қазылған нысандар жер бетіндегі қабірханалар түрінде шикі кірпіштен немесе пахсадан соғылған (ғылымда көне жерлеу орындарының осындай түріне байланысты қолданылатын “наус типтес қабірханалар” деген атау бар). Пішіні жағынан шаршыға ұқсас, аум. 4–5´4–5 м, биікт. 0,35 — 2,2 м қабірханалардың есіктері оңт.-шығыс қабырғадан ұзынд. 3 — 3,5 м, ішкі ені 0,7 — 0,3 м төбесі күмбезделе жабылған дәліздер түрінде шығарылған. Мүрделер іргелерге жапсарлас салынған аласа балшық сәкілерде немесе еденде жатқызылған. Зерттеулер әр қабірханаға бірнеше мүрденің қойылуы тән екенін көрсетті, яғни бұл құрылыстар ұзақ уақыт аралығында қызмет істеп келген. Мыс., ғ1 қабірханадан 3 адамның, ал ғ2 қабірханадан барлығы 25 адамның сүйегі табылған. Көптеп кездескен қыш ыдыстар, сондай-ақ темір садақ жебелері, белдік тоғалары, қола сырға, тас, шыны моншақтар сияқты заттай деректер және қазбадан табылған Соғды теңгесі бұл қабірханалар негізінен 7 — 8 ғ-лардың бас кезінде пайдаланылғанын анықтап берді. Осыған қарағанда, мұнда ерте кезеңге жататын Ш. е. қоныстарында тұрған адамдар жерленген болуы керек. Ғалымдардың пікірінше, осындай ұзақ мерзімді қабірхана-наустарда мүрделер киімі заттарымен қойылып, уақыт өте келе дене толық іріген соң, адам сүйектері тысқары жердегі арнайы орындарға көмілетін болған. Шаға қабірханаларындағы сүйектердің орнында қалып кетуі осы жерді мекендеген тұрғындар өмірінде әлдеқандай тосын оқиғаның орын алғанын, сол себепті жерлеу ғұрпының екінші сатысы жүзеге асырылмай қалғандығын білдіреді. Шаршы пішіндес, шығыс тараптан ұзын дәліз түрінде есік шығарылған мұндай жер бетіндегі жерлеу құрылыстары өзінің шығу тегі бойынша соңғы қола, ерте темір дәуірлерінің атақты Беғазы, Бесшатыр сияқты ескерткіштерінен бастау алуы мүмкін. А. Бейсенов Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 9-том  
09.11.2012 03:03 4385

Соңғы редакциялау:

27 қазан 2012

Шаға ескерткіштері — көне дәуірлерден сақталған археологиялық ескерткіштердің үлкен тобы. Құрамына 3 қалашық, 2 қоныс және үлкен зират кіреді. Қаратау жотасының оңт. беткейінде, Оңт. Қазақстан обл. Түркістан ауд-ндағы Шаға а-ның маңында орналасқан. Алғашында 1969 ж. Оңт. Қазақстан археол. экспед-ның (жетек. К.Ақышев) далалық ізденістері барысында зират табылып, 1970 — 72 ж. мұнда А.Г. Максимова қазбалар жүргізді. 2000 ж. Түркістан археол. экспед. (жетек. Е.Смағұлов, А.Ержігітова) осы аумақты неғұрлым тиянақты түрде тексеруі нәтижесінде қалған жәдігерлер ашылып, мұның барлығы “Шаға археологиялық кешені” деген атпен ғылымға енді. Мерзімі жағынан ерте кезеңге жататын 2 шағын қоныс қазіргі ауылдың аумағында орналасқаны анықталды. Жер бетінен жиналған қыш ыдыс бөлшектері мен басқадай заттай айғақтар бұлардың б.з. 1 — 2 ғ-лары мен 8 ғ. аралығында өмір сүргенін дәлелдейді. Қоныстардың жанында ашылған Шаға-1 қала жұртының орт. бөлігі төртбұрыш пішіндес төбе түрінде сақталған. Солт. тарапты алып жатқан цитадельдің төбешік тәрізді шөккен орнының аум. 0,5 га, биікт. 10 м. Орт. төбенің үш жағын сыртынан қа-бырғамен қоршалған көлемді шахристан алып жатыр. Зерттеулер барысында Шаға-1 қала жұртының жалпы аум. 6 га екені анықталып, оның өмір сүрген уақыты 8 —18 ғ-ларға мерзімделген. Ғалымдар бұл ескерткіштің осының алдында өмір сүрген 2 қоныстың заңды жалғасы екенін дәлелдеді және жазба деректерде кездесетін Шағылжан қ-ның сақталған жұрты осы болуы мүмкін екенін айтты. Ауыл жанындағы төбеде орналасқан зиратта алғашында барлығы 213 нысан тіркеліп, оның 5-уі қазылған болатын. Кейінгі ізденістер зираттағы жерлеу орындарының бұдан көбірек екенін, атап айтқанда олардың бір бөлігінің төбе етегіндегі осы заманғы бейіттің астында екенін байқатты. Қазылған нысандар жер бетіндегі қабірханалар түрінде шикі кірпіштен немесе пахсадан соғылған (ғылымда көне жерлеу орындарының осындай түріне байланысты қолданылатын “наус типтес қабірханалар” деген атау бар). Пішіні жағынан шаршыға ұқсас, аум. 4–5´4–5 м, биікт. 0,35 — 2,2 м қабірханалардың есіктері оңт.-шығыс қабырғадан ұзынд. 3 — 3,5 м, ішкі ені 0,7 — 0,3 м төбесі күмбезделе жабылған дәліздер түрінде шығарылған. Мүрделер іргелерге жапсарлас салынған аласа балшық сәкілерде немесе еденде жатқызылған. Зерттеулер әр қабірханаға бірнеше мүрденің қойылуы тән екенін көрсетті, яғни бұл құрылыстар ұзақ уақыт аралығында қызмет істеп келген. Мыс., ғ1 қабірханадан 3 адамның, ал ғ2 қабірханадан барлығы 25 адамның сүйегі табылған. Көптеп кездескен қыш ыдыстар, сондай-ақ темір садақ жебелері, белдік тоғалары, қола сырға, тас, шыны моншақтар сияқты заттай деректер және қазбадан табылған Соғды теңгесі бұл қабірханалар негізінен 7 — 8 ғ-лардың бас кезінде пайдаланылғанын анықтап берді. Осыған қарағанда, мұнда ерте кезеңге жататын Ш. е. қоныстарында тұрған адамдар жерленген болуы керек. Ғалымдардың пікірінше, осындай ұзақ мерзімді қабірхана-наустарда мүрделер киімі заттарымен қойылып, уақыт өте келе дене толық іріген соң, адам сүйектері тысқары жердегі арнайы орындарға көмілетін болған. Шаға қабірханаларындағы сүйектердің орнында қалып кетуі осы жерді мекендеген тұрғындар өмірінде әлдеқандай тосын оқиғаның орын алғанын, сол себепті жерлеу ғұрпының екінші сатысы жүзеге асырылмай қалғандығын білдіреді. Шаршы пішіндес, шығыс тараптан ұзын дәліз түрінде есік шығарылған мұндай жер бетіндегі жерлеу құрылыстары өзінің шығу тегі бойынша соңғы қола, ерте темір дәуірлерінің атақты Беғазы, Бесшатыр сияқты ескерткіштерінен бастау алуы мүмкін.

А. Бейсенов

Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 9-том

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға