Жаңалықтар

Байқоңыр

Соңғы редакциялау: 16 қазан 2012 Байқоңыр — ғарыш алаңы. Қызылорда обл. Қармақшы ауд. аумағында орналасқан. Іргесі 1955 ж. қаланған. Ғарыш алаңын салу үшін Б-ды таңдап алу кезінде бұл жердің елді мекендерден қашық болуы, экватор жазықтығына жақындығы, ракета ұшырудың қауіпсіздігі, қайтып оралатын ғарыштық объектілер үшін қолайлы қону аймақтарының болуы, т.б. факторлар ескерілді. Б-дың басты және көмекші объектілері мен қызмет ету орындары кең аймаққа орналасқан, олар бір-бірімен автомоб. жолдары және т. ж. арқылы байланысқан. Б-дың негізгі объектілеріне: тех. тұғырлар, старттық кешендер мен ұшу трассасының бойындағы өлшеу бекеттері (олардың әрқайсысы жалпы тех. және арнаулы технол. құрал-жабдықтары бар ірі құрылыстар), ғарыш алаңына әр түрлі жүктерді жеткізетін кірме жолдар, т.б.; көмекші және қызмет көрсету объектілеріне: отын (жанармай)  сақтайтын алаң, сұйық оттегі мен азот өндіретін з-ттар, энергия және сумен қамтамасыз ететін жүйелер, байланыс жүйесі, телевизия, т.б. жатады. Б-да ракета-тасығыштың (РТ) әрбір түріне сәйкес бір не бірнеше тех. тұғырлар және олардың әрқайсысына арналып бір не бірнеше старттық кешендер салынған. Б-дың ұшу трассасы Арал т-нен Камчатка түбегіне дейін созылып жатыр. 1957 ж. 4 қазанда Б. ғарыш алаңынан тұңғыш ғарыш ракетасы сәтті ұшырылды. Ол дүние жүзіндегі ең бірінші Жердің жасанды серігін (ЖЖС) орбитаға шығарды. Б-дан 1961 ж. 12 сәуірде адамзат тарихында тұңғыш рет Ю.А. Гагарин “Восток” ғарыш кемесімен ғарышқа аттанды. Б. одан кейін де ғарыш кеңістігін игеруде көптеген жаңашыл бастамалардың старттық орнына айналды. Б-дан Күннің, Айдың, Шолпанның алғашқы жасанды серіктері, “Восток”, “Восход”, “Союз”, “Прогресс” ғарыш кемелері, “Салют”, “Мир” орбиталық ст-лары, сондай-ақ, зерттеу-барлау жұмысын жүргізуге арналған “Космос”, ғыл.-тәжірибелік жұмыстар жүргізуге арналған “Протон”, “Зонд”, “Прогноз”, байланыс мақсаты үшін пайдаланылатын және метеорол. бақылаулар жүргізуге арналған “Молния”, “Экран”, “Горизонт”, “Радуга”, “Метеор”, т.б. ЖЖС-тері ұшырылды. Айды, Марсты және Шолпанды зерттеуге арналған ғарыш аппараттары бар РТ-лар да Б-дан аттандырылды. 1991 ж. 2 қазанда тұңғыш қазақ ғарышкері Т. Әубәкіров “Союз Т-13” ғарыш кемесімен Б-дан ғарышқа көтерілді. Ресеймен бірлескен бағдарлама бойынша қазақ ғарышкері Т.А. Мұсабаев ғарышта 2 рет (1994, 1998) болды. Б. ғарыш алаңын салуға әр жылдары түрлі мамандықтағы көптеген қазақстандықтар қатысты. Олардың арасында Б. ғарыш алаңының қызметкерлері Қ. Тоқмұхамедов, Б. Межіғұлов, Т.Уәшев, К. Әбілғазин, полк. Ә. Исмаилов, М. Құлымгереев, Қ. Нұрмағамбетов, С. Мұхаметқалиев, Б. Ешімов, Қ. Нұрмұқанов, Р. Құлмырзаев, М. Мұқанов, т.б. болды. Қазақстан азаматы, ұшқыш-сынақшы, майор М.З. Рафиков алғашқы ғарышкерлер тобында Ю.А. Гагаринмен бірге дайындықтан өтті. Б. ғарыш алаңы 1991 ж. Қазақстан Республикасының иелігіне өтіп, 1993 ж. Ресей Федерациясына 20 жылға берілді. Б. кешенін пайдаланудың экол. зардаптары байқалды. Б. кешенінен Қазақстан Республикасы аумағына жылына 30—35 мың т улы заттар таралады. Ракеталардан түскен қалдықтар Қарағанды, Павлодар және Шығ. Қазақстан обл-тарына зиян келтірді. Әдеб.: Космонавтика. Энциклопедия, М., 1985; Алексеев В.А., Еременко А.А., Ткачев А.В., Космическое содружество, М., 1988. В. Чундеров, М. Мұқанов  
09.11.2012 03:01 4027

Соңғы редакциялау:

16 қазан 2012

Байқоңыр ғарыш алаңы. Қызылорда обл. Қармақшы ауд. аумағында орналасқан. Іргесі 1955 ж. қаланған. Ғарыш алаңын салу үшін Б-ды таңдап алу кезінде бұл жердің елді мекендерден қашық болуы, экватор жазықтығына жақындығы, ракета ұшырудың қауіпсіздігі, қайтып оралатын ғарыштық объектілер үшін қолайлы қону аймақтарының болуы, т.б. факторлар ескерілді. Б-дың басты және көмекші объектілері мен қызмет ету орындары кең аймаққа орналасқан, олар бір-бірімен автомоб. жолдары және т. ж. арқылы байланысқан. Б-дың негізгі объектілеріне: тех. тұғырлар, старттық кешендер мен ұшу трассасының бойындағы өлшеу бекеттері (олардың әрқайсысы жалпы тех. және арнаулы технол. құрал-жабдықтары бар ірі құрылыстар), ғарыш алаңына әр түрлі жүктерді жеткізетін кірме жолдар, т.б.; көмекші және қызмет көрсету объектілеріне: отын (жанармай)  сақтайтын алаң, сұйық оттегі мен азот өндіретін з-ттар, энергия және сумен қамтамасыз ететін жүйелер, байланыс жүйесі, телевизия, т.б. жатады. Б-да ракета-тасығыштың (РТ) әрбір түріне сәйкес бір не бірнеше тех. тұғырлар және олардың әрқайсысына арналып бір не бірнеше старттық кешендер салынған. Б-дың ұшу трассасы Арал т-нен Камчатка түбегіне дейін созылып жатыр. 1957 ж. 4 қазанда Б. ғарыш алаңынан тұңғыш ғарыш ракетасы сәтті ұшырылды. Ол дүние жүзіндегі ең бірінші Жердің жасанды серігін (ЖЖС) орбитаға шығарды. Б-дан 1961 ж. 12 сәуірде адамзат тарихында тұңғыш рет Ю.А. Гагарин “Восток” ғарыш кемесімен ғарышқа аттанды. Б. одан кейін де ғарыш кеңістігін игеруде көптеген жаңашыл бастамалардың старттық орнына айналды. Б-дан Күннің, Айдың, Шолпанның алғашқы жасанды серіктері, “Восток”, “Восход”, “Союз”, “Прогресс” ғарыш кемелері, “Салют”, “Мир” орбиталық ст-лары, сондай-ақ, зерттеу-барлау жұмысын жүргізуге арналған “Космос”, ғыл.-тәжірибелік жұмыстар жүргізуге арналған “Протон”, “Зонд”, “Прогноз”, байланыс мақсаты үшін пайдаланылатын және метеорол. бақылаулар жүргізуге арналған “Молния”, “Экран”, “Горизонт”, “Радуга”, “Метеор”, т.б. ЖЖС-тері ұшырылды. Айды, Марсты және Шолпанды зерттеуге арналған ғарыш аппараттары бар РТ-лар да Б-дан аттандырылды. 1991 ж. 2 қазанда тұңғыш қазақ ғарышкері Т. Әубәкіров “Союз Т-13” ғарыш кемесімен Б-дан ғарышқа көтерілді. Ресеймен бірлескен бағдарлама бойынша қазақ ғарышкері Т.А. Мұсабаев ғарышта 2 рет (1994, 1998) болды. Б. ғарыш алаңын салуға әр жылдары түрлі мамандықтағы көптеген қазақстандықтар қатысты. Олардың арасында Б. ғарыш алаңының қызметкерлері Қ. Тоқмұхамедов, Б. Межіғұлов, Т.Уәшев, К. Әбілғазин, полк. Ә. Исмаилов, М. Құлымгереев, Қ. Нұрмағамбетов, С. Мұхаметқалиев, Б. Ешімов, Қ. Нұрмұқанов, Р. Құлмырзаев, М. Мұқанов, т.б. болды. Қазақстан азаматы, ұшқыш-сынақшы, майор М.З. Рафиков алғашқы ғарышкерлер тобында Ю.А. Гагаринмен бірге дайындықтан өтті. Б. ғарыш алаңы 1991 ж. Қазақстан Республикасының иелігіне өтіп, 1993 ж. Ресей Федерациясына 20 жылға берілді. Б. кешенін пайдаланудың экол. зардаптары байқалды. Б. кешенінен Қазақстан Республикасы аумағына жылына 30—35 мың т улы заттар таралады. Ракеталардан түскен қалдықтар Қарағанды, Павлодар және Шығ. Қазақстан обл-тарына зиян келтірді.

Әдеб.: Космонавтика. Энциклопедия, М., 1985; Алексеев В.А., Еременко А.А., Ткачев А.В., Космическое содружество, М., 1988.

В. Чундеров, М. Мұқанов

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға