Жаңалықтар

Каспий экологиясы

Соңғы редакциялау: 18 қазан 2012 КАСПИЙ ЭКОЛОГИЯСЫ – Каспий т-нде мұнай-газ өндіру және мұнай өңдеу кешендерінің дамуына байланысты Қазақстанның батыс өңірінде қалыптасқан табиғи, әлеуметтік, экономикалық және экологиялық жағдай. Каспий т. – әлемдегі шаруашылық маңызы зор ең ірі тұйық су алабы. Жыл бойына Каспий т-нің деңгейі желқума-желбөгет құбылыстарының нәтижесінде 0,5 – 1 м-ге дейін ауытқып отырады. 1837 – 1990 ж. жүргізілген бақылау жұмыстарының нәтижесінде Каспий т-нің су деңгейі мөлшерінің айтарлықтай өзгеруі 1930 және 1980 – 90 ж. аралығына сәйкес келетіні анықталған. 1929 – 41 ж. су деңгейі 2 м-ге төмендесе, 1977 ж. бұл көрсеткіш ең төм. абс. мөлшеріне (–29,01 м) жетті. 1978 – 95 ж. су деңгейі 2,35 м-ге қайта көтеріліп, 1995 ж. бұл көрсеткіш –26,66 м болды (қ. 1-сурет). Су деңгейінің тұрақсыздығы – климаттың өзгеруінен теңіз суының молаюына байланысты болып отырған құбылыс. Судың тұзд. 0 – 12‰. Каспий т. морфол. жағдайына байланысты Солт. Каспий, Орт. Каспий және Оңт. Каспий болып бөлінеді. Теңіздің қазақстандық бөлігі – солт.-шығыс жағалауы Атырау және Маңғыстау облыстарының аумағында. Солт. Каспий теңіздің басқа бөліктерінен өзінің алып жатқан геогр. орны, теңіз түбінің құрылымы, тұздылық және темп-ралық режимі, су теңгермесі (балансы) және т.б. бойынша ерекшеленеді. Оңт. және Орт. Каспийге қарағанда таяз. Солт. Каспий бөлігінің аум. 80 мың км2. Оған келіп құятын өзендердің жылдық су ағымының жиынтығы – жалпы Каспийге құятын барлық өзен сулары ағымының 88%-ін құрайды. Теңіздің бұл бөлігі жануарлар дүниесі мен өсімдіктер әлеміне бай. Мұнда жануарлардың 2 мыңға жуық түрі (оның ішінде омыртқасыздар – 1069, омыртқалылар – 415, паразит жануарлар – 325) тіршілік етеді. Теңіз фаунасының негізін эндемик жануарлар (шаянтәрізділердің 60%-і, моллюскілердің 80%-і, балықтардың 50%-і) құрайды. Каспий т-нің балық қоры 2,9 млн. т болса, оның 40%-і Солт. Каспий бөлігінің үлесіне тиеді. Каспий т. – ежелден балық ауланатын маңызды су айдыны. Бекіре тәрізділердің дүниежүз. өнімнің 90%-і осында ауланады. Соңғы кезде балықтардың уылдырық шашатын жерлеріне жетуге кедергі келтіретін өзендерге салынған бөгеттер, судың радиациялық және хим. жолмен ластануы және қаскөйліктің (браконьерлік) етек алуы бекіренің қорын азайтуда. Сондай-ақ, мұндағы қортпа, пілмайдың жылдан-жылға саны кеміп бара жатыр. Каспий миногасы, Еділ майшабағы, Каспий албырты, ақбалық, күтім – Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген. Қазіргі заманның балық ш. – балық аулауды реттеу, аса бағалы балық түрлерін (бекіре, қортпа, шоқыр және пілмай) табиғи және жасанды жолмен көбейту жұмыстарына негізделген. Жыл сайын 11 балық з-ты (Ресейдің, Әзербайжанның, Қазақстанның) Каспий т-не 75 млн. балық шабақтарын жібереді. 1998 жылдан бері Атыраудағы 2 балық з-ты жылына 6 млн. бекіре балығының шабағын дайындайды. Балықтар уылдырығын тұщы суға шашады, қор жинау үшін тұзды суға шығады. Мыс., шортан, оңғақ, қызылқанат балық, алабұға теңіздің атырауына (дельта) дейін өрістесе, қаракөз, табан, көксерке тұзды суда (тұзд. 10 – 11‰), ал бекіре тәрізділер судың өте тұзды жерінде тіршілік етуге бейімделген. Каспий т-нде 2 тропиктік жүйе қалыптасқан (2-сурет). Солт.-Шығыс Каспий аумағында құстардың 278 түрі мекендейді. Соның ішінде Қазақстанның және Ресейдің “Қызыл кітабына” енгізілген өте сирек кездесетін қалбағай, қарабай, сары құтан, бұйра бірқазан, т.б. бар. Ал Каспий итбалығы – тек қана Каспий т-нде тіршілік ететін сүтқоректі. 1920 ж. 1 млн-нан астам итбалықтың 120 мыңы ауланған болса, 1980 жылдың аяғында 360 – 450 мыңға дейін азайған итбалықтың – 27 мыңы, 1990 ж. – 13,8 мыңы, 1996 ж. – 8 мыңы ауланған. 2000 ж. сәуір – тамыз айларында індеттен олардың 15 мыңы қырылды. Каспий итбалығының жаппай қырылуы – Каспийдің солт. бөлігіндегі гидрометеорол. және экол. жағдайлардың нашарлауынан теңіз жануарлары иммунитетінің төмендеуін көрсетеді. Каспий ойпатында өсімдіктің 88 тұқымдас, 371 туысқа бірігетін 945 түрі өседі. Соның ішінде 357 түрі жоғары сатыдағы өсімдіктерге (25 түрі эндемиктер) жатады, 6 түрі – Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген. Ал теңіздің өзінде су өсімдіктерінің 728 түрі (оның 5 түрі – жоғары сатыдағылар) өседі. Теңіз өсімдіктері жамылғысының құрлық өсімдіктерінен көп айырмашылығы бар. Құрлықта, негізінен, гүлді өсімдіктер, ал суда балдырлар (64 түрі) кездеседі. Солт. Каспийде негізінен қамыс, теңіз шөбі, шалаң, егеушөп, арамот, мүйізжапырақ өседі. Бұл өсімдіктер балықтардың уылдырығының су түбінде бекуі үшін қажет, сондай-ақ, су құстары мен кейбір балық түрлеріне қорек болады. Солт. Каспий жағалауының әсем табиғатына, оның экол. жағдайына атмосфераның, топырақ жамылғысының, судың ластануы үлкен қауіп төндіруде. Атмосфераның ластануына мұнай-газ өндіретін және оны қайта өңдейтін кәсіпорындар әсер етуде. Мыс., 1998 ж. Атырау обл. бойынша атмосфераға 135,1 мың т зиянды заттар (оның ішінде 132,8 мың т газ тәрізді заттар, 2,3 мың т қатты заттар) шығарылған. Бұл улы заттарды атмосфераға, негізінен, ескі технол. жабдықтармен жабдықталған 3,5 мың мұнай ұңғымасы шығарады. Мұнай кәсіпшілігінің ең басты экол. проблемасы – ілеспе газды іске жарату. Қазір жылына 800 млн.3 газ ауада жанады (2001). Мұнай кен орындарында мұнай өнімдерін өңдеу кезінде мұнай мен қалдық сулардың топырақ пен грунтқа төгілуі оларды ластайды. Солт. Каспий жағалауының мұнай өнімдері қалдықтарымен ластанған аум. 194 мың га жерді алып жатса, төгілген мұнайдың мөлш. 1 млн. т-дан асады (2001). Теңіз деңгейінің көтерілуіне және мұнайдың теңізге төгілуіне байланысты теңіз суының құрамында мұнай өнімдерінің қалдықтары, фенол, хлорлы органик. пестицидтер, аммонийлы азот, ауыр металдардың мөлшері рұқсат етілген шектен бірнеше есе жоғары екені анықталған. Судағы мұнай өнімдерінің ең жоғ. концентрациясы мамыр – шілде айларында байқалады. Теңіз жағалауының мұнай және мұнай өнімдерімен, улы газдармен ластануы планктондар мен теңіз суында тіршілік ететін жануарлар мен өсімдіктердің жаппай жойылуына әкелуде. Теңіз түбіндегі шөгінділердің мұнай өнімдерімен ластануы бентостық тіршілік ететін организмдер мен моллюскілерге, сондай-ақ, су құстары мен балықтарға да зиянын тигізуде. Мыс., 1900 жылмен салыстырғанда Каспий т-нде балық аулау 3 есеге, яғни 500 – 600 мың т-дан 180 мың т-ға дейін азайды. Теңіз суын ең қауіпті ластаушы заттың бірі – ыдырамайтын ауыр металдар (мыс., мырыш, барий). Судағы мыс пен мырыштың мөлш. 20 мкг/л (рұқсат етілген шектен 2 есе артық), ал барийдікі – 50 мкг/л (бұл – 5 есе артық). Каспий жағалауы аймағының ластануы онда тіршілік ететін организмдерге ғана емес, жергілікті тұрғындардың денсаулығына да үлкен қауіп төндіруде. Сондықтан, Каспий т. жағалауындағы 5 мемлекет (Әзербайжан, Иран, Ресей, Түрікменстан және Қазақстан) Дүниежүзілік банкпен, БҰҰ-ның Адамды қоршаған орта жөніндегі бағдарламасымен бірлесе отырып, Каспий экол. бағдарламасын (КЭП) жасап, оны іске асыруда. Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты – экол. тұрақтылықты дамыту және Каспий аймағының табиғи ресурстарын тиімді басқаруды қамтамасыз ету. КЭП-тің негізгі бағыттары: теңіз деңгейінің өзгерісі жағдайында жергілікті тұрғындардың тұрмысы мен шаруашылық жұмыстарының тұрақтылығын қамтамасыз ету; Каспий т. мен оның биоресурстарын ластанудан арылтып, қоршаған орта жағдайын жақсарту; теңіздің экожүйесін сауықтырып, қалпына келтіру және оның биол. алуан түрлілігін сақтау; аймақта экол. қауіпсіздікті және қоршаған ортаның қалыпты жағдайын сақтап, ондағы тұрақты тіршіліктің дамуын қамтамасыз ету. С. Төребаева, С. Северская, А. Терехов Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 4-том
09.11.2012 02:59 14631

Соңғы редакциялау:

18 қазан 2012

КАСПИЙ ЭКОЛОГИЯСЫ – Каспий т-нде мұнай-газ өндіру және мұнай өңдеу кешендерінің дамуына байланысты Қазақстанның батыс өңірінде қалыптасқан табиғи, әлеуметтік, экономикалық және экологиялық жағдай. Каспий т. – әлемдегі шаруашылық маңызы зор ең ірі тұйық су алабы. Жыл бойына Каспий т-нің деңгейі желқума-желбөгет құбылыстарының нәтижесінде 0,5 – 1 м-ге дейін ауытқып отырады. 1837 – 1990 ж. жүргізілген бақылау жұмыстарының нәтижесінде Каспий т-нің су деңгейі мөлшерінің айтарлықтай өзгеруі 1930 және 1980 – 90 ж. аралығына сәйкес келетіні анықталған. 1929 – 41 ж. су деңгейі 2 м-ге төмендесе, 1977 ж. бұл көрсеткіш ең төм. абс. мөлшеріне (–29,01 м) жетті. 1978 – 95 ж. су деңгейі 2,35 м-ге қайта көтеріліп, 1995 ж. бұл көрсеткіш –26,66 м болды (қ. 1-сурет). Су деңгейінің тұрақсыздығы – климаттың өзгеруінен теңіз суының молаюына байланысты болып отырған құбылыс. Судың тұзд. 0 – 12‰. Каспий т. морфол. жағдайына байланысты Солт. Каспий, Орт. Каспий және Оңт. Каспий болып бөлінеді. Теңіздің қазақстандық бөлігі – солт.-шығыс жағалауы Атырау және Маңғыстау облыстарының аумағында. Солт. Каспий теңіздің басқа бөліктерінен өзінің алып жатқан геогр. орны, теңіз түбінің құрылымы, тұздылық және темп-ралық режимі, су теңгермесі (балансы) және т.б. бойынша ерекшеленеді. Оңт. және Орт. Каспийге қарағанда таяз. Солт. Каспий бөлігінің аум. 80 мың км2. Оған келіп құятын өзендердің жылдық су ағымының жиынтығы – жалпы Каспийге құятын барлық өзен сулары ағымының 88%-ін құрайды. Теңіздің бұл бөлігі жануарлар дүниесі мен өсімдіктер әлеміне бай. Мұнда жануарлардың 2 мыңға жуық түрі (оның ішінде омыртқасыздар – 1069, омыртқалылар – 415, паразит жануарлар – 325) тіршілік етеді. Теңіз фаунасының негізін эндемик жануарлар (шаянтәрізділердің 60%-і, моллюскілердің 80%-і, балықтардың 50%-і) құрайды. Каспий т-нің балық қоры 2,9 млн. т болса, оның 40%-і Солт. Каспий бөлігінің үлесіне тиеді. Каспий т. – ежелден балық ауланатын маңызды су айдыны. Бекіре тәрізділердің дүниежүз. өнімнің 90%-і осында ауланады. Соңғы кезде балықтардың уылдырық шашатын жерлеріне жетуге кедергі келтіретін өзендерге салынған бөгеттер, судың радиациялық және хим. жолмен ластануы және қаскөйліктің (браконьерлік) етек алуы бекіренің қорын азайтуда. Сондай-ақ, мұндағы қортпа, пілмайдың жылдан-жылға саны кеміп бара жатыр. Каспий миногасы, Еділ майшабағы, Каспий албырты, ақбалық, күтім – Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген. Қазіргі заманның балық ш. – балық аулауды реттеу, аса бағалы балық түрлерін (бекіре, қортпа, шоқыр және пілмай) табиғи және жасанды жолмен көбейту жұмыстарына негізделген. Жыл сайын 11 балық з-ты (Ресейдің, Әзербайжанның, Қазақстанның) Каспий т-не 75 млн. балық шабақтарын жібереді. 1998 жылдан бері Атыраудағы 2 балық з-ты жылына 6 млн. бекіре балығының шабағын дайындайды. Балықтар уылдырығын тұщы суға шашады, қор жинау үшін тұзды суға шығады. Мыс., шортан, оңғақ, қызылқанат балық, алабұға теңіздің атырауына (дельта) дейін өрістесе, қаракөз, табан, көксерке тұзды суда (тұзд. 10 – 11‰), ал бекіре тәрізділер судың өте тұзды жерінде тіршілік етуге бейімделген. Каспий т-нде 2 тропиктік жүйе қалыптасқан (2-сурет). Солт.-Шығыс Каспий аумағында құстардың 278 түрі мекендейді. Соның ішінде Қазақстанның және Ресейдің “Қызыл кітабына” енгізілген өте сирек кездесетін қалбағай, қарабай, сары құтан, бұйра бірқазан, т.б. бар. Ал Каспий итбалығы – тек қана Каспий т-нде тіршілік ететін сүтқоректі. 1920 ж. 1 млн-нан астам итбалықтың 120 мыңы ауланған болса, 1980 жылдың аяғында 360 – 450 мыңға дейін азайған итбалықтың – 27 мыңы, 1990 ж. – 13,8 мыңы, 1996 ж. – 8 мыңы ауланған. 2000 ж. сәуір – тамыз айларында індеттен олардың 15 мыңы қырылды. Каспий итбалығының жаппай қырылуы – Каспийдің солт. бөлігіндегі гидрометеорол. және экол. жағдайлардың нашарлауынан теңіз жануарлары иммунитетінің төмендеуін көрсетеді. Каспий ойпатында өсімдіктің 88 тұқымдас, 371 туысқа бірігетін 945 түрі өседі. Соның ішінде 357 түрі жоғары сатыдағы өсімдіктерге (25 түрі эндемиктер) жатады, 6 түрі – Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген. Ал теңіздің өзінде су өсімдіктерінің 728 түрі (оның 5 түрі – жоғары сатыдағылар) өседі. Теңіз өсімдіктері жамылғысының құрлық өсімдіктерінен көп айырмашылығы бар. Құрлықта, негізінен, гүлді өсімдіктер, ал суда балдырлар (64 түрі) кездеседі. Солт. Каспийде негізінен қамыс, теңіз шөбі, шалаң, егеушөп, арамот, мүйізжапырақ өседі. Бұл өсімдіктер балықтардың уылдырығының су түбінде бекуі үшін қажет, сондай-ақ, су құстары мен кейбір балық түрлеріне қорек болады.

Солт. Каспий жағалауының әсем табиғатына, оның экол. жағдайына атмосфераның, топырақ жамылғысының, судың ластануы үлкен қауіп төндіруде. Атмосфераның ластануына мұнай-газ өндіретін және оны қайта өңдейтін кәсіпорындар әсер етуде. Мыс., 1998 ж. Атырау обл. бойынша атмосфераға 135,1 мың т зиянды заттар (оның ішінде 132,8 мың т газ тәрізді заттар, 2,3 мың т қатты заттар) шығарылған. Бұл улы заттарды атмосфераға, негізінен, ескі технол. жабдықтармен жабдықталған 3,5 мың мұнай ұңғымасы шығарады. Мұнай кәсіпшілігінің ең басты экол. проблемасы – ілеспе газды іске жарату. Қазір жылына 800 млн.3 газ ауада жанады (2001). Мұнай кен орындарында мұнай өнімдерін өңдеу кезінде мұнай мен қалдық сулардың топырақ пен грунтқа төгілуі оларды ластайды. Солт. Каспий жағалауының мұнай өнімдері қалдықтарымен ластанған аум. 194 мың га жерді алып жатса, төгілген мұнайдың мөлш. 1 млн. т-дан асады (2001). Теңіз деңгейінің көтерілуіне және мұнайдың теңізге төгілуіне байланысты теңіз суының құрамында мұнай өнімдерінің қалдықтары, фенол, хлорлы органик. пестицидтер, аммонийлы азот, ауыр металдардың мөлшері рұқсат етілген шектен бірнеше есе жоғары екені анықталған. Судағы мұнай өнімдерінің ең жоғ. концентрациясы мамыр – шілде айларында байқалады. Теңіз жағалауының мұнай және мұнай өнімдерімен, улы газдармен ластануы планктондар мен теңіз суында тіршілік ететін жануарлар мен өсімдіктердің жаппай жойылуына әкелуде. Теңіз түбіндегі шөгінділердің мұнай өнімдерімен ластануы бентостық тіршілік ететін организмдер мен моллюскілерге, сондай-ақ, су құстары мен балықтарға да зиянын тигізуде. Мыс., 1900 жылмен салыстырғанда Каспий т-нде балық аулау 3 есеге, яғни 500 – 600 мың т-дан 180 мың т-ға дейін азайды. Теңіз суын ең қауіпті ластаушы заттың бірі – ыдырамайтын ауыр металдар (мыс., мырыш, барий). Судағы мыс пен мырыштың мөлш. 20 мкг/л (рұқсат етілген шектен 2 есе артық), ал барийдікі – 50 мкг/л (бұл – 5 есе артық). Каспий жағалауы аймағының ластануы онда тіршілік ететін организмдерге ғана емес, жергілікті тұрғындардың денсаулығына да үлкен қауіп төндіруде. Сондықтан, Каспий т. жағалауындағы 5 мемлекет (Әзербайжан, Иран, Ресей, Түрікменстан және Қазақстан) Дүниежүзілік банкпен, БҰҰ-ның Адамды қоршаған орта жөніндегі бағдарламасымен бірлесе отырып, Каспий экол. бағдарламасын (КЭП) жасап, оны іске асыруда. Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты – экол. тұрақтылықты дамыту және Каспий аймағының табиғи ресурстарын тиімді басқаруды қамтамасыз ету. КЭП-тің негізгі бағыттары: теңіз деңгейінің өзгерісі жағдайында жергілікті тұрғындардың тұрмысы мен шаруашылық жұмыстарының тұрақтылығын қамтамасыз ету; Каспий т. мен оның биоресурстарын ластанудан арылтып, қоршаған орта жағдайын жақсарту; теңіздің экожүйесін сауықтырып, қалпына келтіру және оның биол. алуан түрлілігін сақтау; аймақта экол. қауіпсіздікті және қоршаған ортаның қалыпты жағдайын сақтап, ондағы тұрақты тіршіліктің дамуын қамтамасыз ету.

С. Төребаева, С. Северская, А. Терехов

Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 4-том

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға