Жаңалықтар

Ғалымдар жадыны жақсартатын өсімдікті тапты

Ұлыбритания құрамындағы Нортумбрия корольдығының ғалымдары гүлшетен бұтасының ғажайып қасиетін анықтады. Олардың айтуынша, бұл талдан алынатын майдың иісі адамның есте сақтау қабілетін жақсартады.  The Times of India-ның хабар­лауын­ша, ағылшын ғалымдары гүл­ше­теннің (розмарин) бұл қасиетін теория жүзінде әлдеқашан анықта­ғанымен, тәжірибе жүзінде дәлел­деудің сәті енді түскен. Ғалымдар 66 адамды қатыстырып сынақ жүргізді. Қатысушылардың бір тобы гүлшетен майы иісіне толтырылған бөлмеде, екінші тобы ешқандай иісі жоқ бөл­ме­де отырып, жадыны тексеруге ар­нал­ған жаттығуларды орындады. Зерттеу нәтижесінде гүлшетен иісінің бөлмедегілерге жақсы әсер еткені расталды. Олар өткен кезеңдерде болған оқиғаларды детальды түрде еске түсіруде ешкімге дес бермеген. Гүлшетен, негізінен, Жерорта теңізі аймағында өседі. Ежелгі гректер бұл гүл қорқынышты түс көруден сақтайды деп есептеген.  Алаш айнасы.   
12.04.2013 08:44 4126

Ұлыбритания құрамындағы Нортумбрия корольдығының ғалымдары гүлшетен бұтасының ғажайып қасиетін анықтады. Олардың айтуынша, бұл талдан алынатын майдың иісі адамның есте сақтау қабілетін жақсартады. 

The Times of India-ның хабар­лауын­ша, ағылшын ғалымдары гүл­ше­теннің (розмарин) бұл қасиетін теория жүзінде әлдеқашан анықта­ғанымен, тәжірибе жүзінде дәлел­деудің сәті енді түскен. Ғалымдар 66 адамды қатыстырып сынақ жүргізді. Қатысушылардың бір тобы гүлшетен майы иісіне толтырылған бөлмеде, екінші тобы ешқандай иісі жоқ бөл­ме­де отырып, жадыны тексеруге ар­нал­ған жаттығуларды орындады. Зерттеу нәтижесінде гүлшетен иісінің бөлмедегілерге жақсы әсер еткені расталды. Олар өткен кезеңдерде болған оқиғаларды детальды түрде еске түсіруде ешкімге дес бермеген. Гүлшетен, негізінен, Жерорта теңізі аймағында өседі. Ежелгі гректер бұл гүл қорқынышты түс көруден сақтайды деп есептеген. 


Алаш айнасы. 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға