Жаңалықтар

"Қайраттың" капитаны

  Алпысыншы жылдардың ая­ғы­на қарай «Қайраттың» капитаны ойын үстіндегі толассыз жарақат­тар­дан азап шегіп, белдегі құяңы да бастыртпай сыр бере бастады. Ол әлі де ойнай алатын еді. Бірақ Сегізбаевтың намысы өзгеге ғана емес, өзіне де қатал: нашар ойнауға қақысы жоқ-тын. 29 жасқа толардан үш күн бұрын, 1970 жыл­дың 9 мамырында қазақтың ұлы футболшысы жасыл алаңға ойын­шы ретінде соңғы рет шықты. Ар­тында қызығы мен қиындығы мол, өмірінің мағынасына айнал­ған 168 матч қалды. Тимур көзі булана қыс­қа қайырым қол бұлғап, Орта­лық стадионның мінбер астындағы орынжайларына кіріп кеткенде стадионның дүркірей қол соққан қошеметі әлі толастаған жоқ еді. Бакудің «Нефтчиімен» «Қайрат­тың» ойыны Тимурсыз жалғасып жатты. Өмір заңына әмір жүр­мейтіні осы-ау. Әйткенмен, футбол әлемінен оны ешқандай құдірет кетіре алмас еді. Бұл уақытта ол футболмен жаны егіз жаратылған бірден-бір қазақ болатын. Жетпісінші жыл­дар­дың басында Тимур Санжар­ұлы Қызылорданың «Автомобилист» командасын жат­тық­тырды. Одан соң Днепро­петровскінің «Днепрі» мен донецкілік клуб­тастарын ұтқан Қа­рағанды «Шах­терінің» тізгінін ұстады. Ал, 1973 жылы өзінің «Қайратына» бапкер ретінде қай­тып оралды. Бұл кезде Қазақ­стан­ның бас командасының жағдайы мәз емес-тін. Артем Фальян бас­қарған ол келер жылы, тіпті бірінші топқа түсіп қалды. «Қай­ратты» жоғарғы лигаға қай­тару жөніндегі партиялық жауап­ты іс клубтың бұрынғы ойыншылары Тимур Сегізбаев пен Станислав Каминскийге тапсырылды. Екі дос бұл міндетті тастай қып орындап, 1977 жылы қайрат­тықтар олардың басшылығымен КСРО чемпио­натының жоғарғы лига мықты­лары­ның алғашқы сегіздігіне кірді. Тимур Санжарұлы шеттетуді де көрді. Бірақ ұнжырғасын түсір­ме­ді. Сол кездерде Оқу министр­лігінің саясына кетіп, балаларды футболға баулыды. Одан соң өзі Йемен елінің құрамасын жаттық­тырған үш жылын әрдайым мерейлене еске алады. Онда ол жергілікті футболды көтеріп қана қоймай, Аденде табиғи жасыл шөп өскен футбол алаңын жасап беріп кетті. Рафик Тимурды, яғни жолдас Тимурды йемендіктер жібергілері келмей, қимай қоштасқан-ды. Елге оралған Тимур Сан­жар­ұлы тағы да мүшкіл халдегі туған командасын өз қолына алады. Сөй­тіп, қайраттықтардың жаңа буы­ны: Евстафий Пехлеваниди, Вахид Масудов, Құрбан Бердыев, Евгений Яровенко, Фанас Салимовтармен бірге Қазақстан футболының жаңа тарихын жақсылап жасауға кіріседі. Соның арқасында команда 1987 жылы КСРО біріншілігінің жоғар­ғы тобында 7-ші орынды еншілейді. Бұл «Қайраттың» бүкіл тари­хындағы ең жоғары жетістік екенін айтсақ, бапкер Сегізбаев бағын­дырған биіктер зорая түсері сөзсіз. Шәкірт футболшылардың жай ғана «Санжарыч» дегенінде ұстазға, футболдағы үлкен тұлғаға деген айрықша құрмет, шынайы сүйіс­пеншілік жататын. Тәуелсіз Қазақстанның Футбол ассоциациясының президенті бол­ған кезінде Тимур Сегізбаев фут­болдың барлық баспалдақ-са­тыла­ры­нан өткен салиқалы қай­раткер болатын. ФИФА Қа­зақ­стан­ды өзі­нің толыққұқықты мү­шесі етіп қа­былдаған кезде осы­нау мәрте­белі халықаралық ұйым­ның президенті Жоа Аве­ланжға Отанымыздың туын тапсыру құр­меті өзгеге емес, нақ Тимур Сегіз­баевқа тиюінің өзі де үлкен ны­шан­ды аңғартса керек. 1994 жыл­дың маусымында Дү­ние­­жүзілік футбол федера­ция­сының Чикаго­дағы 51-ші конгресінде бол­­ған осы тебіреністі оқиға сә­тінде Тимур Санжар­ұлының көңі­лі босап, көзіне жас келіп қалған еді. Иә, бұл да тегін емес еді. Тәуел­сіз туған елін әлемдік футбол қоғам­дастығына Қазақстан фут­бо­лының бейнесі дерлік тағ­дыр­шешті тұлға, қазақ футболы­ның аңызы алып кірді. Қазақ фут­бо­лының мерейі. Тимур Сегізбаев. Дереккөзі: Қоғанбек Аманжол, «Егемен Қазақстан»  
12.04.2013 06:33 2815

 

Алпысыншы жылдардың ая­ғы­на қарай «Қайраттың» капитаны ойын үстіндегі толассыз жарақат­тар­дан азап шегіп, белдегі құяңы да бастыртпай сыр бере бастады. Ол әлі де ойнай алатын еді. Бірақ Сегізбаевтың намысы өзгеге ғана емес, өзіне де қатал: нашар ойнауға қақысы жоқ-тын. 29 жасқа толардан үш күн бұрын, 1970 жыл­дың 9 мамырында қазақтың ұлы футболшысы жасыл алаңға ойын­шы ретінде соңғы рет шықты. Ар­тында қызығы мен қиындығы мол, өмірінің мағынасына айнал­ған 168 матч қалды. Тимур көзі булана қыс­қа қайырым қол бұлғап, Орта­лық стадионның мінбер астындағы орынжайларына кіріп кеткенде стадионның дүркірей қол соққан қошеметі әлі толастаған жоқ еді. Бакудің «Нефтчиімен» «Қайрат­тың» ойыны Тимурсыз жалғасып жатты. Өмір заңына әмір жүр­мейтіні осы-ау.

Әйткенмен, футбол әлемінен оны ешқандай құдірет кетіре алмас еді. Бұл уақытта ол футболмен жаны егіз жаратылған бірден-бір қазақ болатын. Жетпісінші жыл­дар­дың басында Тимур Санжар­ұлы Қызылорданың «Автомобилист» командасын жат­тық­тырды. Одан соң Днепро­петровскінің «Днепрі» мен донецкілік клуб­тастарын ұтқан Қа­рағанды «Шах­терінің» тізгінін ұстады. Ал, 1973 жылы өзінің «Қайратына» бапкер ретінде қай­тып оралды. Бұл кезде Қазақ­стан­ның бас командасының жағдайы мәз емес-тін. Артем Фальян бас­қарған ол келер жылы, тіпті бірінші топқа түсіп қалды. «Қай­ратты» жоғарғы лигаға қай­тару жөніндегі партиялық жауап­ты іс клубтың бұрынғы ойыншылары Тимур Сегізбаев пен Станислав Каминскийге тапсырылды. Екі дос бұл міндетті тастай қып орындап, 1977 жылы қайрат­тықтар олардың басшылығымен КСРО чемпио­натының жоғарғы лига мықты­лары­ның алғашқы сегіздігіне кірді.

Тимур Санжарұлы шеттетуді де көрді. Бірақ ұнжырғасын түсір­ме­ді. Сол кездерде Оқу министр­лігінің саясына кетіп, балаларды футболға баулыды. Одан соң өзі Йемен елінің құрамасын жаттық­тырған үш жылын әрдайым мерейлене еске алады. Онда ол жергілікті футболды көтеріп қана қоймай, Аденде табиғи жасыл шөп өскен футбол алаңын жасап беріп кетті. Рафик Тимурды, яғни жолдас Тимурды йемендіктер жібергілері келмей, қимай қоштасқан-ды.

Елге оралған Тимур Сан­жар­ұлы тағы да мүшкіл халдегі туған командасын өз қолына алады. Сөй­тіп, қайраттықтардың жаңа буы­ны: Евстафий Пехлеваниди, Вахид Масудов, Құрбан Бердыев, Евгений Яровенко, Фанас Салимовтармен бірге Қазақстан футболының жаңа тарихын жақсылап жасауға кіріседі. Соның арқасында команда 1987 жылы КСРО біріншілігінің жоғар­ғы тобында 7-ші орынды еншілейді. Бұл «Қайраттың» бүкіл тари­хындағы ең жоғары жетістік екенін айтсақ, бапкер Сегізбаев бағын­дырған биіктер зорая түсері сөзсіз. Шәкірт футболшылардың жай ғана «Санжарыч» дегенінде ұстазға, футболдағы үлкен тұлғаға деген айрықша құрмет, шынайы сүйіс­пеншілік жататын.

Тәуелсіз Қазақстанның Футбол ассоциациясының президенті бол­ған кезінде Тимур Сегізбаев фут­болдың барлық баспалдақ-са­тыла­ры­нан өткен салиқалы қай­раткер болатын. ФИФА Қа­зақ­стан­ды өзі­нің толыққұқықты мү­шесі етіп қа­былдаған кезде осы­нау мәрте­белі халықаралық ұйым­ның президенті Жоа Аве­ланжға Отанымыздың туын тапсыру құр­меті өзгеге емес, нақ Тимур Сегіз­баевқа тиюінің өзі де үлкен ны­шан­ды аңғартса керек. 1994 жыл­дың маусымында Дү­ние­­жүзілік футбол федера­ция­сының Чикаго­дағы 51-ші конгресінде бол­­ған осы тебіреністі оқиға сә­тінде Тимур Санжар­ұлының көңі­лі босап, көзіне жас келіп қалған еді. Иә, бұл да тегін емес еді. Тәуел­сіз туған елін әлемдік футбол қоғам­дастығына Қазақстан фут­бо­лының бейнесі дерлік тағ­дыр­шешті тұлға, қазақ футболы­ның аңызы алып кірді. Қазақ фут­бо­лының мерейі. Тимур Сегізбаев.

Дереккөзі: Қоғанбек Аманжол, «Егемен Қазақстан»

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға