Жаңалықтар

Даңққа бөлену

  «Қайраттың» осы жеңісі ту­ралы бірінші болып сол күні Қа­зақ­стан Компартиясының Орталық Комитеті естіпті. Одан соң қуа­нышты хабар филармонияға жетіпті дейді. Концерт жүргізуші көпші­ліктің алдына арнайы шығып: «Жолдастар, Минскіде «Қайрат» 2:0 есебімен өзінің алғашқы жеңі­сіне жетті!» деп жақсы лепесті сүйіншілеп жария етеді. Ертеңіне Сегізбаев есімін күллі Қазақстан мен Белоруссия, одан соң біртіндеп ұлан-байтақ Кеңес Одағы білді десе де болады. Өйткені, ол кезде елдің құлағы футбол десе, соншалық елеңдеп тұратын. Осылайша алғашқы ойыннан-ақ әлі жиырмаға толмаған жас жігіт «Қайраттың» арқа сүйер, сенім артар негізгі шабуылшысына айна­лады. Ырғалып-жырғалуға, «көш жүре түзеледі» деп арқаны кеңге салуға уақыт жоқ-тын. Өйткені, команда Кеңес Одағының маңдайал­ды клубтарымен тайталасып жат­ты. Оларды жеңу үшін гол соғу керек. Бұл тұрғыда Тимур әдепкі гол соққыш емес еді. Ол қарсыластар қақпасына допты тым жиі соқ­пай­тын. Бірақ іс жүзінде оның соқ­қан голдары командаға үнемі ауадай қажет, аса маңызды ұпайларды әкелетін. Негізгі құрамдағы орынды ұс­тап тұру да оңай емес-тін. Әріп­тес­тері Остроушко, Степанов, Скулкин, Квочкин, Каминскийлер өң­кей сайдың тасындай шыңдалған шеберлер. Қарсыластары болса, Яшин, Воронин, Стрельцов, Иванов, Нетто, Парамонов, Красницкий, Месхи, Понедельник сынды, елді былай қойғанда, әлемдік ауқымдағы жұлдыздар. Осылардың арасында Тимур тасада қалмай, өз орнын таба білді, жасыл алаңда танымал клубтар мен атақты футболшыларға қарсы лайықты ойын өрнегін көрсете білді. 1964 жылдың 26 тамызында Москвада «Спартакпен» болған матч Қазақстан футболының тарихына алтын әріппен жазылары сөзсіз. Тимур осы жолы өзінің естен кетпес ерекше екі голын соқты. «Қайрат» 2:0 есебімен қаһарлы қарсыласты ұтып, басқа алаңда мерейлі жеңіске жетті. Осы қос гол оған бүкілодақтық атақ-абырой әперді. Алып елдің орталық газеттері келесі күні «Тимур және оның командасы» деген тақырыппен шықты. Бұл сөз советтік футбол­дың абызы Николай Старостиннің дуалы аузынан шыққан еді. Ал­пысыншы жылдардың өн бойында «Қайратты» осылай деп атайтын. Әсіресе, 63-ші жылы «Қайрат» өз алаңында ешкімге дес бермеді, барлық мықты командаларды ұтып ықтырып тастады. Оның мықты қорғаныс шебін «Қайраттың» бетоны» деп атайтын да нақ осы кез. Бір қызығы, сөйте тұра, әлсіз командалардан жеңіліп қалатын. «Қайратты» халық жақсы көрді, ақындар осы халықтық командаға жауһар жырларын арнады. Сейдахмет Бердіқұлов ағасы Тимурдың Африка турнесінен жазған жол­жаз­басын «Лениншіл жаста» көл­дей­ қылып екі нөмірге шығарды. Белгілі кинорежиссер Шәкен Айманов өзінің «Тақиялы періште» фильміне «Қайраттың» ойынынан қалайда бір көрініс қосу керек деп тапты. Сол көріністі түсіру үшін қайраттықтар Алматының Орта­лық стадионында күні бойы өздерін өздері ойнады. Дереккөзі: Қоғанбек Аманжол, «Егемен Қазақстан»
12.04.2013 06:31 2994

 

«Қайраттың» осы жеңісі ту­ралы бірінші болып сол күні Қа­зақ­стан Компартиясының Орталық Комитеті естіпті. Одан соң қуа­нышты хабар филармонияға жетіпті дейді. Концерт жүргізуші көпші­ліктің алдына арнайы шығып: «Жолдастар, Минскіде «Қайрат» 2:0 есебімен өзінің алғашқы жеңі­сіне жетті!» деп жақсы лепесті сүйіншілеп жария етеді. Ертеңіне Сегізбаев есімін күллі Қазақстан мен Белоруссия, одан соң біртіндеп ұлан-байтақ Кеңес Одағы білді десе де болады. Өйткені, ол кезде елдің құлағы футбол десе, соншалық елеңдеп тұратын.

Осылайша алғашқы ойыннан-ақ әлі жиырмаға толмаған жас жігіт «Қайраттың» арқа сүйер, сенім артар негізгі шабуылшысына айна­лады. Ырғалып-жырғалуға, «көш жүре түзеледі» деп арқаны кеңге салуға уақыт жоқ-тын. Өйткені, команда Кеңес Одағының маңдайал­ды клубтарымен тайталасып жат­ты. Оларды жеңу үшін гол соғу керек. Бұл тұрғыда Тимур әдепкі гол соққыш емес еді. Ол қарсыластар қақпасына допты тым жиі соқ­пай­тын. Бірақ іс жүзінде оның соқ­қан голдары командаға үнемі ауадай қажет, аса маңызды ұпайларды әкелетін.

Негізгі құрамдағы орынды ұс­тап тұру да оңай емес-тін. Әріп­тес­тері Остроушко, Степанов, Скулкин, Квочкин, Каминскийлер өң­кей сайдың тасындай шыңдалған шеберлер. Қарсыластары болса, Яшин, Воронин, Стрельцов, Иванов, Нетто, Парамонов, Красницкий, Месхи, Понедельник сынды, елді былай қойғанда, әлемдік ауқымдағы жұлдыздар. Осылардың арасында Тимур тасада қалмай, өз орнын таба білді, жасыл алаңда танымал клубтар мен атақты футболшыларға қарсы лайықты ойын өрнегін көрсете білді.

1964 жылдың 26 тамызында Москвада «Спартакпен» болған матч Қазақстан футболының тарихына алтын әріппен жазылары сөзсіз. Тимур осы жолы өзінің естен кетпес ерекше екі голын соқты. «Қайрат» 2:0 есебімен қаһарлы қарсыласты ұтып, басқа алаңда мерейлі жеңіске жетті. Осы қос гол оған бүкілодақтық атақ-абырой әперді. Алып елдің орталық газеттері келесі күні «Тимур және оның командасы» деген тақырыппен шықты. Бұл сөз советтік футбол­дың абызы Николай Старостиннің дуалы аузынан шыққан еді. Ал­пысыншы жылдардың өн бойында «Қайратты» осылай деп атайтын.

Әсіресе, 63-ші жылы «Қайрат» өз алаңында ешкімге дес бермеді, барлық мықты командаларды ұтып ықтырып тастады. Оның мықты қорғаныс шебін «Қайраттың» бетоны» деп атайтын да нақ осы кез. Бір қызығы, сөйте тұра, әлсіз командалардан жеңіліп қалатын. «Қайратты» халық жақсы көрді, ақындар осы халықтық командаға жауһар жырларын арнады. Сейдахмет Бердіқұлов ағасы Тимурдың Африка турнесінен жазған жол­жаз­басын «Лениншіл жаста» көл­дей­ қылып екі нөмірге шығарды. Белгілі кинорежиссер Шәкен Айманов өзінің «Тақиялы періште» фильміне «Қайраттың» ойынынан қалайда бір көрініс қосу керек деп тапты. Сол көріністі түсіру үшін қайраттықтар Алматының Орта­лық стадионында күні бойы өздерін өздері ойнады.

Дереккөзі: Қоғанбек Аманжол, «Егемен Қазақстан»

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға