Жаңалықтар

Феномен

  Сірә, Шоқ атамыздың өлімге бас тіккен арнайы топта болғаны рас болу керек. Өйткені, оның урду-хинди, парсы, неміс секілді өзінің ана тілінен басқа бес тілге жетік болғандығын немен түсіндіруге болады? Шоқырдың ерекше феномен тұлға екендігін енді естіп жатырмыз емес пе? Оның осындай полиглоттық қабілетінен басқа кәсіби қылқалам шебері болғандығын да біреу білсе, біреу білмейді. Ол соғыстан кейінгі жылдары Киев көркемсурет академиясын және Киевтің дене тәрбиесі институын үздік аяқтайды. Талантты спортшы өз халқының шығармашыл-зиялы қауымымен тығыз араласып тұрған. Бір кездері Бейімбет Майлиннің татар халқының талантты ұлы Ғабдолла Тоқайды бейнелеуге Шоқыр ағамызды ғана қолай көруі Бөлтекұлының суретшілік деңгейінің биіктігін көрсетсе керек. Ол салған Мұхтар Әуезов, Шәкен Айманов, Шара Жиенқұлова секілді қазақтың әдебиеті мен өнерінің талантты тұлғаларының портреттері қазір біреулердің жеке коллекциясында көрінеді. Тіпті, бір кездері Шоқырдың «Қазақфильмнің» суретшісі болып қызмет еткенін де көбі ұмытып қалған. Өкінішке қарай Шоқыр салған дүниелерді сақтап қалу кейінгі ұрпақ үшін қиынға соғыпты. Қазір атамыздың артындағы мұрасына иелік етіп отырған қызы Тотының қолында бір шеті жыртылған Шоқырдың өз қолымен салған тамаша шығармасы бар. Онда қаратүнекті жамылып, жапандағы жалғыз үйді тастап кетіп бара жатқан үшеудің бейнесі бар. Үлкені бойжеткен қыз бала, қолында жөргектегі сәби, соңында ес біліп қалған інісі. Сонау ашаршылық жылдары қарашешектен қайтқан әке-шешесін көміп, Сарқауақтағы жалғыз үйді тастап, басы ауған жаққа бауырларын құшақтаған күйі жөнелген апасы Арзу сәби Шоқырдың санасында осылай қалыпты.Мәскеу үшін болған қанды шайқаста жарақат алған Шоқыр елге оралуға мәжбүр болады. Денсаулығы қалпына келісімен жаттықтырушылық жұмысын жалғастырады. 1946 жылы “Спартак” қоғамы бойынша бокстан КСРО чемпионы атанып, қазақ жастары арасында бiрiншi болып спорт шеберi деген дәрежеге жеттi. Шоқыр ағамыздың басшылығымен сол жылдан бастап қаланың, республиканың, Орта Азияның ресми чемпионаттары өткізіле бастады. 1947 жылы Мәскеуде өткен КСРО біріншілігіне Қазақстанның құрама командасы тұңғыш рет қатысып, Махмұт Омаров қола жүлдегер атанған екен. Оның соғыстан соң репрессияға ұшыраған Густав Кирштейн, Дәулеткерей Молаев секілді жаттықтырушылармен тізе қосып тер төккен тұсы да осы шақ. Шоқыр бапкерлік ете жүріп өзі де былғары қолғабын киіп тұруды ұмытпаған. 1947 жылы «Динамо» біріншілігінің финалисі, 3-дүркін Қазақ ССР-ның чемпионы болыпты. Дереккөзі: Әнуарбек БИМАҒАМБЕТ, Caspinfo.kz 
12.04.2013 05:35 3877

 

Сірә, Шоқ атамыздың өлімге бас тіккен арнайы топта болғаны рас болу керек. Өйткені, оның урду-хинди, парсы, неміс секілді өзінің ана тілінен басқа бес тілге жетік болғандығын немен түсіндіруге болады? Шоқырдың ерекше феномен тұлға екендігін енді естіп жатырмыз емес пе? Оның осындай полиглоттық қабілетінен басқа кәсіби қылқалам шебері болғандығын да біреу білсе, біреу білмейді. Ол соғыстан кейінгі жылдары Киев көркемсурет академиясын және Киевтің дене тәрбиесі институын үздік аяқтайды. Талантты спортшы өз халқының шығармашыл-зиялы қауымымен тығыз араласып тұрған. Бір кездері Бейімбет Майлиннің татар халқының талантты ұлы Ғабдолла Тоқайды бейнелеуге Шоқыр ағамызды ғана қолай көруі Бөлтекұлының суретшілік деңгейінің биіктігін көрсетсе керек. Ол салған Мұхтар Әуезов, Шәкен Айманов, Шара Жиенқұлова секілді қазақтың әдебиеті мен өнерінің талантты тұлғаларының портреттері қазір біреулердің жеке коллекциясында көрінеді. Тіпті, бір кездері Шоқырдың «Қазақфильмнің» суретшісі болып қызмет еткенін де көбі ұмытып қалған. Өкінішке қарай Шоқыр салған дүниелерді сақтап қалу кейінгі ұрпақ үшін қиынға соғыпты. Қазір атамыздың артындағы мұрасына иелік етіп отырған қызы Тотының қолында бір шеті жыртылған Шоқырдың өз қолымен салған тамаша шығармасы бар. Онда қаратүнекті жамылып, жапандағы жалғыз үйді тастап кетіп бара жатқан үшеудің бейнесі бар. Үлкені бойжеткен қыз бала, қолында жөргектегі сәби, соңында ес біліп қалған інісі. Сонау ашаршылық жылдары қарашешектен қайтқан әке-шешесін көміп, Сарқауақтағы жалғыз үйді тастап, басы ауған жаққа бауырларын құшақтаған күйі жөнелген апасы Арзу сәби Шоқырдың санасында осылай қалыпты.Мәскеу үшін болған қанды шайқаста жарақат алған Шоқыр елге оралуға мәжбүр болады. Денсаулығы қалпына келісімен жаттықтырушылық жұмысын жалғастырады. 1946 жылы “Спартак” қоғамы бойынша бокстан КСРО чемпионы атанып, қазақ жастары арасында бiрiншi болып спорт шеберi деген дәрежеге жеттi. Шоқыр ағамыздың басшылығымен сол жылдан бастап қаланың, республиканың, Орта Азияның ресми чемпионаттары өткізіле бастады. 1947 жылы Мәскеуде өткен КСРО біріншілігіне Қазақстанның құрама командасы тұңғыш рет қатысып, Махмұт Омаров қола жүлдегер атанған екен.
Оның соғыстан соң репрессияға ұшыраған Густав Кирштейн, Дәулеткерей Молаев секілді жаттықтырушылармен тізе қосып тер төккен тұсы да осы шақ. Шоқыр бапкерлік ете жүріп өзі де былғары қолғабын киіп тұруды ұмытпаған. 1947 жылы «Динамо» біріншілігінің финалисі, 3-дүркін Қазақ ССР-ның чемпионы болыпты.

Дереккөзі: Әнуарбек БИМАҒАМБЕТ, Caspinfo.kz 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға