Жаңалықтар

Қазақ боксының атасы

  2010 жылы Алматы қаласындағы Кеңсай зиратында Қазақ боксының негiзiн қалаушы, Кеңес одағы кезеңiндегi тұңғыш спорт шеберi Шоқыр Бөлтекұлы мен оның зайыбы, Қазақ КСР-ның еңбек сiңiрген әртiсi, қазақтың тұңғыш балерина-бишiсi Нұрсұлу Тапалованың басына ескерткiш тас орнатылды.Маңғыстау облысы бо­кс қауымдастығының ұйымдастыруымен өткен шараға осы өңiрдiң тумалары Сақып Керелбаев пен белгiлi кәсiпкерлер Меңдеш Салихов, Ибрагим Жақсымбетов, Нұржан Жұмағұловтар демеушiлiк көрсеттi. Бейiт басына ел спорты мен қазақ өнерiнiң қайраткер­лерi, жанашырлары, БАҚ өкiлдерi жиылып, марқұмдарды еске алып, құран бағыштады. Одан соң халқымыздың қос жұлдызының аруағына арнап ас берiлдi. Белгiлi бокс ардагерлерi Мүсiлiм Дайырбеков, Серiк Әбдiнәлиев секiлдi Шоқырдың көзiн көрген шәкiрттер мен Есенғали Раушанов, Болат Аюханов секiлдi өнер қайраткерлерi марқұмдар туралы естелiктер айтты. Ал Нұрсұлу Тапалованың туған жерi Ақтөбе өңiрiнен келген облыстық мұражай қызметкерлерi талантты бишiнiң артында қалған мұраларын жинақтау жұ­мыс­тары туралы баяндап бердi. Ұйымдастырушылар алқасы спорт және өнер ардагерлерiне, осы мәселенi көтерiп жүрген бұқаралық ақпарат құралдары өкiл­дерiне, арнайы шапан жа­уып, сый-сияпаттар көрсет­тi. Шоқыр мен Нұрсұлудың қос қызы Айсұлу мен Тоты да жасалып жатқан шараларға өз ризашылықтарын бiлдiрдi. Шоқыр Бөлтекұлы 1916 жылы Маңғыстау облысы Жармыш ауылының маңында Сарқауақ деген жерде дүниеге келген. Отызыншы жылдардағы ашаршылық, аласапыран тұста Форт-Шевченко қаласындағы жетiмдер үйiнде оқып, орта мектептi бiтiрдi. Шоқыр Бөлтекұлы – 1936 жылы қазақ жерiнде әуесқой бокс­ты үйретудi алғашқы болып қолға алған ұстаз. Қазақ боксының атасы атан­ған Шоқыр ағамыз – ҚР еңбек сiңiрген жаттықтырушысы, КСРО спорт шеберi атанған тұңғыш қазақ. 1937 жылы Ш.Бөлтекұлының басшылығымен бокс­тан Алматы қаласының ресми бiрiншiлiгi өттi. Оған 50 спортшы қатысқан. Шоқыр Бөлтекұлы Ұлы Отан соғысына қатысып, 1944 жылы жарақатына байланысты елге оралады. 1947 жылы Мәскеуде өткен Кеңестер одағының бiрiн­шiлiгiне Қазақ елiнiң құра­ма командасын Ш.Бөлтекұлы дайындап, бастап алып барды. Оның мектебiнен Мақсұт Омаров, Әбдiсалан Нұрмаханов, Серiк Әбдiнә­ли­ев, Виктор және Владимир Каримовтар, Иосиф Гильдин, Асқар Құлыбаев секiлдi талантты шәкiрттер тәрбие­ленiп шықты.  Қазiргi таңда Шоқыр Бөлтекұлының есiмiн құр­меттеу мақсатындағы бiрқа­тар шаралар iске асырылуда. Оның туған топырағы Маңғыстау облысында Ш.Бөлтекұлының атындағы халықаралық турнир дәс­түрлi түрде ұйымдастырылып келедi. Бұл турнир былтыр төртiншi рет өткен тұста Қазақстан республикасы бокс Федерациясының шешiмiмен жеңiмпазға спорт шеберi атағы берiлетiн болды. Маңғыстау облысының Маңғыстау ауданының орталығында Шоқыр Бөлтекұлының атындағы спорт кешенi салынып, спортшылардың игiлiгiне берiлдi. Сонымен бiрге Ақтау қаласында Шоқыр Бөлтекұлының атымен аталатын бокс­шылар клубы құрылды. Дереккөзі: «Жас Алаш» газеті
12.04.2013 05:34 3698

 

2010 жылы Алматы қаласындағы Кеңсай зиратында Қазақ боксының негiзiн қалаушы, Кеңес одағы кезеңiндегi тұңғыш спорт шеберi Шоқыр Бөлтекұлы мен оның зайыбы, Қазақ КСР-ның еңбек сiңiрген әртiсi, қазақтың тұңғыш балерина-бишiсi Нұрсұлу Тапалованың басына ескерткiш тас орнатылды.Маңғыстау облысы бо­кс қауымдастығының ұйымдастыруымен өткен шараға осы өңiрдiң тумалары Сақып Керелбаев пен белгiлi кәсiпкерлер Меңдеш Салихов, Ибрагим Жақсымбетов, Нұржан Жұмағұловтар демеушiлiк көрсеттi. Бейiт басына ел спорты мен қазақ өнерiнiң қайраткер­лерi, жанашырлары, БАҚ өкiлдерi жиылып, марқұмдарды еске алып, құран бағыштады. Одан соң халқымыздың қос жұлдызының аруағына арнап ас берiлдi. Белгiлi бокс ардагерлерi Мүсiлiм Дайырбеков, Серiк Әбдiнәлиев секiлдi Шоқырдың көзiн көрген шәкiрттер мен Есенғали Раушанов, Болат Аюханов секiлдi өнер қайраткерлерi марқұмдар туралы естелiктер айтты. Ал Нұрсұлу Тапалованың туған жерi Ақтөбе өңiрiнен келген облыстық мұражай қызметкерлерi талантты бишiнiң артында қалған мұраларын жинақтау жұ­мыс­тары туралы баяндап бердi. Ұйымдастырушылар алқасы спорт және өнер ардагерлерiне, осы мәселенi көтерiп жүрген бұқаралық ақпарат құралдары өкiл­дерiне, арнайы шапан жа­уып, сый-сияпаттар көрсет­тi. Шоқыр мен Нұрсұлудың қос қызы Айсұлу мен Тоты да жасалып жатқан шараларға өз ризашылықтарын бiлдiрдi.

Шоқыр Бөлтекұлы 1916 жылы Маңғыстау облысы Жармыш ауылының маңында Сарқауақ деген жерде дүниеге келген. Отызыншы жылдардағы ашаршылық, аласапыран тұста Форт-Шевченко қаласындағы жетiмдер үйiнде оқып, орта мектептi бiтiрдi. Шоқыр Бөлтекұлы – 1936 жылы қазақ жерiнде әуесқой бокс­ты үйретудi алғашқы болып қолға алған ұстаз. Қазақ боксының атасы атан­ған Шоқыр ағамыз – ҚР еңбек сiңiрген жаттықтырушысы, КСРО спорт шеберi атанған тұңғыш қазақ.

1937 жылы Ш.Бөлтекұлының басшылығымен бокс­тан Алматы қаласының ресми бiрiншiлiгi өттi. Оған 50 спортшы қатысқан. Шоқыр Бөлтекұлы Ұлы Отан соғысына қатысып, 1944 жылы жарақатына байланысты елге оралады. 1947 жылы Мәскеуде өткен Кеңестер одағының бiрiн­шiлiгiне Қазақ елiнiң құра­ма командасын Ш.Бөлтекұлы дайындап, бастап алып барды. Оның мектебiнен Мақсұт Омаров, Әбдiсалан Нұрмаханов, Серiк Әбдiнә­ли­ев, Виктор және Владимир Каримовтар, Иосиф Гильдин, Асқар Құлыбаев секiлдi талантты шәкiрттер тәрбие­ленiп шықты. 

Қазiргi таңда Шоқыр Бөлтекұлының есiмiн құр­меттеу мақсатындағы бiрқа­тар шаралар iске асырылуда. Оның туған топырағы Маңғыстау облысында Ш.Бөлтекұлының атындағы халықаралық турнир дәс­түрлi түрде ұйымдастырылып келедi. Бұл турнир былтыр төртiншi рет өткен тұста Қазақстан республикасы бокс Федерациясының шешiмiмен жеңiмпазға спорт шеберi атағы берiлетiн болды. Маңғыстау облысының Маңғыстау ауданының орталығында Шоқыр Бөлтекұлының атындағы спорт кешенi салынып, спортшылардың игiлiгiне берiлдi. Сонымен бiрге Ақтау қаласында Шоқыр Бөлтекұлының атымен аталатын бокс­шылар клубы құрылды.

Дереккөзі: «Жас Алаш» газеті

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға