Жаңалықтар

Соғыс және еңбек ардагерлерінің әлеуметтік мәселелері

Солтүстік Қазақстанда 92,4 мың зейнеткер тұрады – ол облыс тұрғындарының жетіден бір бөлігі. Сондықтан да соғыс және еңбек ардагерлерінің әлеуметтік мәселелерін шешу жергілікті атқарушы билік органдарының ұдайы назарына алынған. Жергілікті бюджетте жыл сайын тұрғындардың тұрмысы әлсіз топтарындағы азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсетуге мақсатты қаржылар қарастырылған. Жергілікті биліктін шешімі бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушылар бұрынғы берілген жеңілдіктердің орнына монша мен шаштараз қызметін тегін пайдаланады; облыс орталығының төменгі зейнетақы алатын зейнеткерлері саяжай кезінде, ал туберкулезбен ауыратындар қоғамдық көлікте тегін жүреді. 2006 жылы соғысқа қатысушылар мен туберкулездің созылмалы түрімен ауыратындардың тіс протезін салуына және қосымша тамақтандырылуына әлеуметтік көмек көрсетуге айтарлықтай қаржы бөлінді. Ардагерлер мен тұрмысы төмендерді әлеуметтік қолдаудың маңызды түрінің бірі – коммуналдық қызметтер шығынына демеу қаржы беру. Петропавл қалалық мәслихаты сессиясының шешіміне сәйкес тұрғын үйді ұстау қызметіне төлем шығындарының шектеулі деңгейі 15 пайызға дейін төмендетілді. 2005 жылы көмектің бұл түрін 3928 зейнеткер отбасы, яғни облыстың барлық тұрғын үй қолдауын алатындардың 63 пайызы пайдаланды. Тек зейнеткерлерге ғана берілген демеу қаржы сомасы 33 миллион теңге болды. Осы көмек түрін 2006 жылы облыстағы барлық тұрғын үй қолдауын алғандардың 64 пайызы немесе 3556 отбасы пайдаланды. Демеу қаржы сомасы 30,4 миллион теңгеден асады. Ел аумағында жүргізілген зейнеттік төлемдердің анағұрлым артуына қосымша облыстың 218 зейнеткері 2005     жылы сомасы 675,9 мың теңгенің мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмегін алды. 2006      жылы 82 зейнеткерге сомасы 277,1 мың теңге көмек берілді. Бұл отбасы бюджетіне айтарлықтай демеу. 2006 жылы 254 ардагер аудандық және қалалык бюджеттер қаржысы есебінен Петропавлдың профилакторийлері мен санаторияларында сауықтыру курстарынан өтті. Облыстық "Солнечный" профилакториясында және Қостанай облысының "Сосновый бор" санаториясында 260 ардагер мен мүгедектің санаторлық-курорттық емделуі облыстық бюджеттен төленді. 250 соғысқа қатысушылар мен мүгедектер есту аппараттарымен, 125-і есту кемістігін азайтатын басқа жабдықтармен, 784-і протездік-ортопедиялық құралдармен, 189-ы мүгедектер арбаларымен тегін қамтамасыз етілді. Көру қабілетін жоғалтқан мүгедектер үшін 2005 жылы оқитын машина және компьютерлік тифлокешен сатып алынды, ал 2006 жылы 759 ардагерге тифло-құралдар әперілді. 2006 жылдан бастап мүгедектерді гигиеналық құрал-жабдықтармен, жеке көмекшілермен, ыммен сөйлесу тілінің мамандары қызметімен қамтамасыз ету жөніндегі жаңа әлеуметтік қызмет түрлері енгізілді.
12.04.2013 04:20 2892

Солтүстік Қазақстанда 92,4 мың зейнеткер тұрады – ол облыс тұрғындарының жетіден бір бөлігі. Сондықтан да соғыс және еңбек ардагерлерінің әлеуметтік мәселелерін шешу жергілікті атқарушы билік органдарының ұдайы назарына алынған. Жергілікті бюджетте жыл сайын тұрғындардың тұрмысы әлсіз топтарындағы азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсетуге мақсатты қаржылар қарастырылған. Жергілікті биліктін шешімі бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушылар бұрынғы берілген жеңілдіктердің орнына монша мен шаштараз қызметін тегін пайдаланады; облыс орталығының төменгі зейнетақы алатын зейнеткерлері саяжай кезінде, ал туберкулезбен ауыратындар қоғамдық көлікте тегін жүреді. 2006 жылы соғысқа қатысушылар мен туберкулездің созылмалы түрімен ауыратындардың тіс протезін салуына және қосымша тамақтандырылуына әлеуметтік көмек көрсетуге айтарлықтай қаржы бөлінді.

Ардагерлер мен тұрмысы төмендерді әлеуметтік қолдаудың маңызды түрінің бірі – коммуналдық қызметтер шығынына демеу қаржы беру. Петропавл қалалық мәслихаты сессиясының шешіміне сәйкес тұрғын үйді ұстау қызметіне төлем шығындарының шектеулі деңгейі 15 пайызға дейін төмендетілді. 2005 жылы көмектің бұл түрін 3928 зейнеткер отбасы, яғни облыстың барлық тұрғын үй қолдауын алатындардың 63 пайызы пайдаланды. Тек зейнеткерлерге ғана берілген демеу қаржы сомасы 33 миллион теңге болды. Осы көмек түрін 2006 жылы облыстағы барлық тұрғын үй қолдауын алғандардың 64 пайызы немесе 3556 отбасы пайдаланды. Демеу қаржы сомасы 30,4 миллион теңгеден асады.

Ел аумағында жүргізілген зейнеттік төлемдердің анағұрлым артуына қосымша облыстың 218 зейнеткері 2005     жылы сомасы 675,9 мың теңгенің мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмегін алды. 2006      жылы 82 зейнеткерге сомасы 277,1 мың теңге көмек берілді. Бұл отбасы бюджетіне айтарлықтай демеу.

2006 жылы 254 ардагер аудандық және қалалык бюджеттер қаржысы есебінен Петропавлдың профилакторийлері мен санаторияларында сауықтыру курстарынан өтті. Облыстық "Солнечный" профилакториясында және Қостанай облысының "Сосновый бор" санаториясында 260 ардагер мен мүгедектің санаторлық-курорттық емделуі облыстық бюджеттен төленді. 250 соғысқа қатысушылар мен мүгедектер есту аппараттарымен, 125-і есту кемістігін азайтатын басқа жабдықтармен, 784-і протездік-ортопедиялық құралдармен, 189-ы мүгедектер арбаларымен тегін қамтамасыз етілді. Көру қабілетін жоғалтқан мүгедектер үшін 2005 жылы оқитын машина және компьютерлік тифлокешен сатып алынды, ал 2006 жылы 759 ардагерге тифло-құралдар әперілді. 2006 жылдан бастап мүгедектерді гигиеналық құрал-жабдықтармен, жеке көмекшілермен, ыммен сөйлесу тілінің мамандары қызметімен қамтамасыз ету жөніндегі жаңа әлеуметтік қызмет түрлері енгізілді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға