Лондон мэрі қала орталығында Маргарет Тэтчерге ескерткіш орнатуды ұсынды
Ұлыбритания астанасының мэрі Борис Джонсон өткен дүйсенбіде 87 жасында дүниеден озған бұрынғы премьер-министр Маргарет Тэтчерге қала орталығында ескерткіш орнатуға ниеттеніп отыр. Осыған орай қала басшысы әрі Маргарет Тэтчердің партияласы лайықты орын қарастыруды тапсырды. Бұл туралы британдық БАҚ-тар хабарлады. Мэрдің пікірінше, баронесса Тэтчер қаланың орта тұсында ескерткіш орнатуға лайықты еңбек сіңірді. Маргарет Тэтчердің мүсіні 2007 жылы Ұлыбританиялық парламенттің мәжілісі өтетін - Вестминстер сарайында қойылды. Inform.kz
11.04.2013 08:11
3234
Ұлыбритания астанасының мэрі Борис Джонсон өткен дүйсенбіде 87 жасында дүниеден озған бұрынғы премьер-министр Маргарет Тэтчерге қала орталығында ескерткіш орнатуға ниеттеніп отыр.
Осыған орай қала басшысы әрі Маргарет Тэтчердің партияласы лайықты орын қарастыруды тапсырды. Бұл туралы британдық БАҚ-тар хабарлады.
Мэрдің пікірінше, баронесса Тэтчер қаланың орта тұсында ескерткіш орнатуға лайықты еңбек сіңірді.
Маргарет Тэтчердің мүсіні 2007 жылы Ұлыбританиялық парламенттің мәжілісі өтетін - Вестминстер сарайында қойылды.
Inform.kz
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Қытайлықтар Еуропадағы кинотеатрларды сатып алуға кірісті
Келесі жаңалық
Боксшы Алуа Балқыбекова әлем чемпионатында топ жарды