Жаңалықтар

Инфиляция

Соңғы редакциялау: 18 қазан 2012 ИНФЛЯЦИЯ (лат. іnflatіo – желбуаз), ақшаның құнсыздануы – ақша айналысы арналарының тауар айналымы қажеттерінен артық мөлшерде толуы. Мұның өзі ақша өлшемінің құнсыздануын туғызып, тиісінше бағаның өсуіне апарып соқтырады. Бағаның кез келген өсуін инфляциялық өсу деп есептеуге болмайды. Баға өсуінің инфляциялық себептерінің арасында мемл. шығыстар мен кірістердің теңдестірілмеуі, яғни мемл. бюджеттің тапшылығы неғұрлым елеулі себепке жатады. Көбінесе, бұл тапшылық ақша шығару жолымен жабылады, мұның өзі ақша көлемінің көбейіп, соның салдарынан И-ға әкеліп соғады, яғни айналыстағы қағаз ақша құнсызданып, валютаны сатып алуға жарамдылығы құлдырайды. И. кезінде шығарылған ақша көлемі өзгермеген жағдайда айналыстағы тауар көлемінің қысқаруы, өнімнің баламалы көлемімен қамтамасыз етілместен ақшаның көп мөлшерде шығарылуы, тауарлар мен көрсетілетін қызметтер бағасының өсуі, нақты жалақының құлдырауы салдарынан қымбатшылық өршиді. “Инфляциялық қауіпті инвестициялар”, көбінесе, экономиканы милитарландыруға байланысты, яғни негізсіз жоғары әскери шығындар бюджетті ұдайы дағдарысқа ұшыратады: оның тапшылығы ұлғайып, ізінше баға өседі. И-ның экон. және әлеум. зардаптары сан алуан. И. қарқынының артуына қарай өндірістің дамуына нақты кедергі жасайды, қоғамдағы экон. және әлеум. шиеленісті ушықтырады. И. өндірісті қожыратып, елеулі экон. зиян келтіреді, экон. саясаттың жүргізілуін қиындатады. Бағаның әркелкі өсуі экономика салалары арасындағы үйлесімсіздікті күшейтеді, тұтынушылық сұраным жүйесін бұрмалайды, ішкі рынокта тауар өткізу проблемасын ушықтырады. И-ның жоғары қарқыны сұранымды ұсыныммен молықтыра алмайтын деңгейге жеткізеді, ал тауар тапшылығы, өз кезегінде, ақша қорланымын ынталандыруға іріткі салады. Халықтың жинақ ақшасы құнсызданады. И. халыққа салынған өзінше бір салық есепті болып, табыстың өршіген бағадан артта қалуын күшейтеді. И-ның түрлері: әкімшілік И. – баға белгілеуді нұсқамалық жолмен реттеуден, яғни бағаның басқарылуынан туындайтын И.; әлеуметтік И. – өнімнің сапасына, қоршаған ортаны қорғауға, т.б. қойылатын жаңа талаптарға байланысты жұмсалатын шығындардың өсуінен бағаның қымбаттауы; гиперинфляция – бағаның өсуі өте жоғары қарқында болатын – айына 50%-дан асып түсетін, яғни 1,5 еседен астам өсетін И.; жасырын И. – тауар тапшылығынан, өнім сапасының нашарлауынан, ақшаның мәжбүрлі қорлануынан, көлеңкелі экономиканың, баспа-бас айырбастың дамуынан көрініс табатын И.; импортталатын И. – сыртқы факторлардың әсерімен, яки елге шет ел валютасының шектен тыс ағылып келуіне және импорттық бағаның көтерілуіне байланысты туындайтын И.; индукцияланған И. – қайсыбір экон. факторларға байланысты туындаған И.; несиелік И. – банктің несиені шектен тыс ұлғайтуы; өршімелі И. – қарышты қарқынмен дамитын И.; шығындар И-сы – өндіріске жұмсалған шығынның өсуінен көрініс табатын И., бұл орайда бір өнімге жұмсалатын шығынның көбеюі қалыптасқан баға деңгейінде пайда мен өндіріс көлемін қысқартады, ал жиынтық сұранымның азаюы баға деңгейін көтереді; сұраным И-сы – нарықтық экономикада жиынтық сұранымның жиынтық ұсынымнан қысқа мерзімді асып түсуіне байланысты туындайтын И.; сырғымалы И. – баяу қарқынмен дамитын И., мұнда бағаның өсуі біршама баяу болады, шамамен жылына 10%. Мұндай И. нарықтық экономикасы дамыған елдердің көбіне тән. Еуропалық одақ елдерінде, мыс., сырғымалы И-ның орташа деңгейі соңғы жылдары 3 – 3,5% болды; экспортталатын И. – ақша айналысына, төлем қабілеті бар сұраным мен бағаға ықпал ететін халықар. экон. қарым-қатынастар арқылы бір елден екінші елге ауысатын И. Ақша айналысын реттеуге, ақшаны азайтуға, бағаның шамадан тыс өсуін тоқтатуға бағытталған мемл. саясат И-ға қарсы саясат деп аталады. Бұл орайда И-ның зардаптарын бейтараптандыру жөніндегі негізгі шараларға мыналар жатады: бағаның өсуін белгілі бір кезеңге тұқыртуға дейін нарықтық әдістермен де, әкімш. әдістермен де баға мен еңбекақыны реттеу, тауарлар өндірісінің төлем қабілеті бар сұранымның өсуінен артта қалуын жою, қаржы жүйесін сауықтыру, несие экспанциясын тежеу, қолма-қол ақша мен қолда жоқ ақша эмиссиясын қатайту, ақша реформасын жүзеге асыру. С. Тоқсанбай Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 4-том
09.11.2012 02:33 4245

Соңғы редакциялау:

18 қазан 2012

ИНФЛЯЦИЯ (лат. іnflatіo – желбуаз), ақшаның құнсыздануы – ақша айналысы арналарының тауар айналымы қажеттерінен артық мөлшерде толуы. Мұның өзі ақша өлшемінің құнсыздануын туғызып, тиісінше бағаның өсуіне апарып соқтырады. Бағаның кез келген өсуін инфляциялық өсу деп есептеуге болмайды. Баға өсуінің инфляциялық себептерінің арасында мемл. шығыстар мен кірістердің теңдестірілмеуі, яғни мемл. бюджеттің тапшылығы неғұрлым елеулі себепке жатады. Көбінесе, бұл тапшылық ақша шығару жолымен жабылады, мұның өзі ақша көлемінің көбейіп, соның салдарынан И-ға әкеліп соғады, яғни айналыстағы қағаз ақша құнсызданып, валютаны сатып алуға жарамдылығы құлдырайды. И. кезінде шығарылған ақша көлемі өзгермеген жағдайда айналыстағы тауар көлемінің қысқаруы, өнімнің баламалы көлемімен қамтамасыз етілместен ақшаның көп мөлшерде шығарылуы, тауарлар мен көрсетілетін қызметтер бағасының өсуі, нақты жалақының құлдырауы салдарынан қымбатшылық өршиді. “Инфляциялық қауіпті инвестициялар”, көбінесе, экономиканы милитарландыруға байланысты, яғни негізсіз жоғары әскери шығындар бюджетті ұдайы дағдарысқа ұшыратады: оның тапшылығы ұлғайып, ізінше баға өседі. И-ның экон. және әлеум. зардаптары сан алуан. И. қарқынының артуына қарай өндірістің дамуына нақты кедергі жасайды, қоғамдағы экон. және әлеум. шиеленісті ушықтырады. И. өндірісті қожыратып, елеулі экон. зиян келтіреді, экон. саясаттың жүргізілуін қиындатады. Бағаның әркелкі өсуі экономика салалары арасындағы үйлесімсіздікті күшейтеді, тұтынушылық сұраным жүйесін бұрмалайды, ішкі рынокта тауар өткізу проблемасын ушықтырады. И-ның жоғары қарқыны сұранымды ұсыныммен молықтыра алмайтын деңгейге жеткізеді, ал тауар тапшылығы, өз кезегінде, ақша қорланымын ынталандыруға іріткі салады. Халықтың жинақ ақшасы құнсызданады. И. халыққа салынған өзінше бір салық есепті болып, табыстың өршіген бағадан артта қалуын күшейтеді. И-ның түрлері: әкімшілік И. – баға белгілеуді нұсқамалық жолмен реттеуден, яғни бағаның басқарылуынан туындайтын И.; әлеуметтік И. – өнімнің сапасына, қоршаған ортаны қорғауға, т.б. қойылатын жаңа талаптарға байланысты жұмсалатын шығындардың өсуінен бағаның қымбаттауы; гиперинфляция – бағаның өсуі өте жоғары қарқында болатын – айына 50%-дан асып түсетін, яғни 1,5 еседен астам өсетін И.; жасырын И. – тауар тапшылығынан, өнім сапасының нашарлауынан, ақшаның мәжбүрлі қорлануынан, көлеңкелі экономиканың, баспа-бас айырбастың дамуынан көрініс табатын И.; импортталатын И. – сыртқы факторлардың әсерімен, яки елге шет ел валютасының шектен тыс ағылып келуіне және импорттық бағаның көтерілуіне байланысты туындайтын И.; индукцияланған И. – қайсыбір экон. факторларға байланысты туындаған И.; несиелік И. – банктің несиені шектен тыс ұлғайтуы; өршімелі И. – қарышты қарқынмен дамитын И.; шығындар И-сы – өндіріске жұмсалған шығынның өсуінен көрініс табатын И., бұл орайда бір өнімге жұмсалатын шығынның көбеюі қалыптасқан баға деңгейінде пайда мен өндіріс көлемін қысқартады, ал жиынтық сұранымның азаюы баға деңгейін көтереді; сұраным И-сы – нарықтық экономикада жиынтық сұранымның жиынтық ұсынымнан қысқа мерзімді асып түсуіне байланысты туындайтын И.; сырғымалы И. – баяу қарқынмен дамитын И., мұнда бағаның өсуі біршама баяу болады, шамамен жылына 10%. Мұндай И. нарықтық экономикасы дамыған елдердің көбіне тән. Еуропалық одақ елдерінде, мыс., сырғымалы И-ның орташа деңгейі соңғы жылдары 3 – 3,5% болды; экспортталатын И. – ақша айналысына, төлем қабілеті бар сұраным мен бағаға ықпал ететін халықар. экон. қарым-қатынастар арқылы бір елден екінші елге ауысатын И.

Ақша айналысын реттеуге, ақшаны азайтуға, бағаның шамадан тыс өсуін тоқтатуға бағытталған мемл. саясат И-ға қарсы саясат деп аталады. Бұл орайда И-ның зардаптарын бейтараптандыру жөніндегі негізгі шараларға мыналар жатады: бағаның өсуін белгілі бір кезеңге тұқыртуға дейін нарықтық әдістермен де, әкімш. әдістермен де баға мен еңбекақыны реттеу, тауарлар өндірісінің төлем қабілеті бар сұранымның өсуінен артта қалуын жою, қаржы жүйесін сауықтыру, несие экспанциясын тежеу, қолма-қол ақша мен қолда жоқ ақша эмиссиясын қатайту, ақша реформасын жүзеге асыру.

С. Тоқсанбай

Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 4-том

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға