Сакура ағашы гүлдеді
Вашингтонда сакура ағашы шешек атты. Алайда, бұрын дәл осы уақытта жайқалып тұратын ағаш биыл әдеттегіден кеш гүлдеді. Бұл ағашты аймаққа өткен ғасырда, яғни, 1912 жылы Токио мэрі сыйлаған екен. АҚШ-та биыл қыс ерекше суық болғандықтан ағаш кеш бүр жарған. Жапонияда сакураның гүлденгені көптен күткен көктем мезгілінің келгені деген сенім бар. Жергілікті тұрғындар бұл кезеңді назардан тыс қалдырған жоқ, деп хабарлайды 24.kz. Сакураның гүлдеу кезеңін тамашалауға тіпті саяхатшылар да келген. Әдетте ағаш наурыз айының соңында гүлдей бастап, шамамен екі апта бойы гүлдеп тұрады екен. ҚазАқпарат.
08.04.2013 12:02
5732
Вашингтонда сакура ағашы шешек атты. Алайда, бұрын дәл осы уақытта жайқалып тұратын ағаш биыл әдеттегіден кеш гүлдеді.
Бұл ағашты аймаққа өткен ғасырда, яғни, 1912 жылы Токио мэрі сыйлаған екен. АҚШ-та биыл қыс ерекше суық болғандықтан ағаш кеш бүр жарған. Жапонияда сакураның гүлденгені көптен күткен көктем мезгілінің келгені деген сенім бар. Жергілікті тұрғындар бұл кезеңді назардан тыс қалдырған жоқ, деп хабарлайды 24.kz.
Сакураның гүлдеу кезеңін тамашалауға тіпті саяхатшылар да келген. Әдетте ағаш наурыз айының соңында гүлдей бастап, шамамен екі апта бойы гүлдеп тұрады екен.
ҚазАқпарат.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
В Астану приедут мировые звезды фортепианного искусства
Келесі жаңалық
ТЖМ құтқарушылары 6 адамды балшықтан шығарды