Жаңалықтар

Музыканың ұлы кітабы

  Соңғы редакциялау: 23 қазан 2012 “МУЗЫКАНЫҢ ҰЛЫ КІТАБЫ” (“Китаб әл-мусики әл-кабир”) – Әбу Наср әл-Фарабидің тарихи-теориялық трактаты. 1967 ж. Каирде Махмұд Ахмад Хафийдің редакциясымен жарық көрді. Кітап екі ірі бөлімнен тұрады: бірі – “Музыка іліміне кіріспе”, екіншісі – “Музыка туралы ілім”. Соңғы бөлімі үш тарауға жіктеледі: а) “Музыка теориясының негіздері”; ә) “Кең таралған аспаптар және оларға тән интервалдар”; б) “Музыкалық әуеннің құрылысы”. “Музыка іліміне кіріспе” бөлімі екі тараудан тұрады. Алғашқысында “музыка” сөзінің мән-мағынасы, әуеннің шығу тегі, оны орындау мен муз. аспап жасау, музыка теориясы мәселелері сөз болған. Мұнда музыканы тәжірибелік және теориялық деп жіктеп, аспаптардың муз. және ұрмалы болып бөлінетіні көрсетіледі. Екінші тарауда жағымды әуендер мен олардың түрлері, муз. тондардың орналасуы, дыбыстың табиғи ерекшеліктері, муз. әуенді кемелдендіру тәсілдері, сезім арқылы қабылдауға жататын интервалдар мөлшері, жалпы музыка теориясының негіздері туралы көптеген құнды мағлұматтар беріліп, ғыл. пікірлер айтылады. Автор музыка мен поэзия арасындағы табиғи бірлікті мойындайды. “Музыка өнерінің теориялық негіздері” – трактаттың екінші бөлімі. Муз. дыбыстар мен тондар, олардың пайда болуы, биік немесе төмен орналасуы, интервал, оның жағымды, жағымсыз түрлері, тондардың бірізділігі, муз. мақамдар, олардың құрылысы, ерекшеліктері туралы пікірлері осында қамтылған. Музыканы математика саласына үйлестіре келіп, әл-Фараби дыбыстардың шығуын екі дененің соқтығысуымен байланыстырады: қысым неғұрлым қатты болса, дыбыс анық әрі күштірек естілмек. Әл-Фараби муз. тонның анықтамасын берген: “Тон дегеніміз – екі дененің ішінде белгілі уақыт бойы созылып тұратын жалғыз дыбыс”. Ішекті тартып қойса – қатты, босатса – әлсіз, төмен дыбыс естілетінін анықтаған. Мұның бәрі физика заңдылықтарына негізделген тұжырымдар. Әл-Фараби квартадан кем аралықта пайда болатын интервалдар, өзгермейтін және өзгермелі жүйелер, ұқсас интервалдар туралы да теор. пайымдаулар айтқан. Трактаттың үшінші бөлімі – “Музыкалық аспаптар”. Екі тараудан тұратын бұл бөлімнің алғашқы тармағы – “Кең таралған музыкалық аспаптардағы тондардың қалыптасу жолдары”. Уд аспабының құрылысы негізіндегі интервалдардың арақатынасы, саусақтардың орналасуы, 4 ішек бойында жасалатын дыбыс қатары, жағымды тондар, т. б. мәселелерді қозғай келіп, әл-Фараби орындаушылық өнерге мән берген. Бірін табиғи, адам дауысы арқылы естілетін кемел әуен, екіншісін муз. аспапта орындайтын дәстүр ретінде бағалаған. “Музыка композициясы” – трактаттың соңғы тармағы. Онда музыканың поэзиямен байланысы, жағымды, жағымсыз тондар кестесі, бір тоннан өзге тонға көшу жолдары қарастырылған. Үндестік – бірнеше дыбыстың бір мезгілде естілуі деген анықтамасы да ұғымды. Олар: а) композициямен бірге оны көркемдейтін не мәнін төмендететін үндестік; ә) уақыт үндестігі; б) нақты әуен құрайтын ноталарды топтастыру үндестігі; в) муз. әуен құрайтын басқыштарды топтастыру үндестігі; г) муз. әуен құру үшін ноталардың өзара алмасуының ерекше үндестігі; д) үндес ноталарды қосу гармониясы; е) муз. әуен құрайтын басқыштар үндестігі; ж) интервалдар үндестігі; з) әр түрлі тоналдықтар негізінде алынатын құрылымы ортақ үндестіктер; и) ноталардың биіктігі мен төмендігі туралы үндестік. “М. ұ. к-нда” Таяу Шығ., Орт. Азия халықтарының орта ғасырлардағы муз. мәдениеті, музыка-теор. ой-санасы, түркі тайпаларының далалық мәдениетіне қатысты деректер де айтылған. Трактат туралы мәліметтер О.Матьякубов, М.Баркешли, А.Көбесов, Т.Қоңыратбаев, С.Дәукеева, т.б. еңбектерінде кездеседі. Т. Қоңыратбай Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 6-том  
08.11.2012 19:28 24018

 

Соңғы редакциялау:

23 қазан 2012

“МУЗЫКАНЫҢ ҰЛЫ КІТАБЫ” (“Китаб әл-мусики әл-кабир”) – Әбу Наср әл-Фарабидің тарихи-теориялық трактаты. 1967 ж. Каирде Махмұд Ахмад Хафийдің редакциясымен жарық көрді. Кітап екі ірі бөлімнен тұрады: бірі – “Музыка іліміне кіріспе”, екіншісі – “Музыка туралы ілім”. Соңғы бөлімі үш тарауға жіктеледі: а) “Музыка теориясының негіздері”; ә) “Кең таралған аспаптар және оларға тән интервалдар”; б) “Музыкалық әуеннің құрылысы”. “Музыка іліміне кіріспе” бөлімі екі тараудан тұрады. Алғашқысында “музыка” сөзінің мән-мағынасы, әуеннің шығу тегі, оны орындау мен муз. аспап жасау, музыка теориясы мәселелері сөз болған. Мұнда музыканы тәжірибелік және теориялық деп жіктеп, аспаптардың муз. және ұрмалы болып бөлінетіні көрсетіледі. Екінші тарауда жағымды әуендер мен олардың түрлері, муз. тондардың орналасуы, дыбыстың табиғи ерекшеліктері, муз. әуенді кемелдендіру тәсілдері, сезім арқылы қабылдауға жататын интервалдар мөлшері, жалпы музыка теориясының негіздері туралы көптеген құнды мағлұматтар беріліп, ғыл. пікірлер айтылады. Автор музыка мен поэзия арасындағы табиғи бірлікті мойындайды. “Музыка өнерінің теориялық негіздері” – трактаттың екінші бөлімі. Муз. дыбыстар мен тондар, олардың пайда болуы, биік немесе төмен орналасуы, интервал, оның жағымды, жағымсыз түрлері, тондардың бірізділігі, муз. мақамдар, олардың құрылысы, ерекшеліктері туралы пікірлері осында қамтылған. Музыканы математика саласына үйлестіре келіп, әл-Фараби дыбыстардың шығуын екі дененің соқтығысуымен байланыстырады: қысым неғұрлым қатты болса, дыбыс анық әрі күштірек естілмек. Әл-Фараби муз. тонның анықтамасын берген: “Тон дегеніміз – екі дененің ішінде белгілі уақыт бойы созылып тұратын жалғыз дыбыс”. Ішекті тартып қойса – қатты, босатса – әлсіз, төмен дыбыс естілетінін анықтаған. Мұның бәрі физика заңдылықтарына негізделген тұжырымдар. Әл-Фараби квартадан кем аралықта пайда болатын интервалдар, өзгермейтін және өзгермелі жүйелер, ұқсас интервалдар туралы да теор. пайымдаулар айтқан. Трактаттың үшінші бөлімі – “Музыкалық аспаптар”. Екі тараудан тұратын бұл бөлімнің алғашқы тармағы – “Кең таралған музыкалық аспаптардағы тондардың қалыптасу жолдары”. Уд аспабының құрылысы негізіндегі интервалдардың арақатынасы, саусақтардың орналасуы, 4 ішек бойында жасалатын дыбыс қатары, жағымды тондар, т. б. мәселелерді қозғай келіп, әл-Фараби орындаушылық өнерге мән берген. Бірін табиғи, адам дауысы арқылы естілетін кемел әуен, екіншісін муз. аспапта орындайтын дәстүр ретінде бағалаған. “Музыка композициясы” – трактаттың соңғы тармағы. Онда музыканың поэзиямен байланысы, жағымды, жағымсыз тондар кестесі, бір тоннан өзге тонға көшу жолдары қарастырылған. Үндестік – бірнеше дыбыстың бір мезгілде естілуі деген анықтамасы да ұғымды. Олар: а) композициямен бірге оны көркемдейтін не мәнін төмендететін үндестік; ә) уақыт үндестігі; б) нақты әуен құрайтын ноталарды топтастыру үндестігі; в) муз. әуен құрайтын басқыштарды топтастыру үндестігі; г) муз. әуен құру үшін ноталардың өзара алмасуының ерекше үндестігі; д) үндес ноталарды қосу гармониясы; е) муз. әуен құрайтын басқыштар үндестігі; ж) интервалдар үндестігі; з) әр түрлі тоналдықтар негізінде алынатын құрылымы ортақ үндестіктер; и) ноталардың биіктігі мен төмендігі туралы үндестік. “М. ұ. к-нда” Таяу Шығ., Орт. Азия халықтарының орта ғасырлардағы муз. мәдениеті, музыка-теор. ой-санасы, түркі тайпаларының далалық мәдениетіне қатысты деректер де айтылған. Трактат туралы мәліметтер О.Матьякубов, М.Баркешли, А.Көбесов, Т.Қоңыратбаев, С.Дәукеева, т.б. еңбектерінде кездеседі.

Т. Қоңыратбай

Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 6-том

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға