Жаңалықтар

Музыкалық аспаптар

  Соңғы редакциялау: 23 қазан 2012   МУЗЫКАЛЫҚ АСПАПТАР – адамның қатысуымен белгілі бір ырғақтағы және тұрақты жоғарылықтағы дыбыстарды шығарып, музыкалық шығармашылыққа мүмкіндік беретін аспаптар. М. а-дың әрқайсысының өзіне тән дыбыс тембрі (бояуы), динамик. мүмкіндігі (ырғағы), белгілі бір диапазоны болады. М. а-дың дыбыс шығару сапасы аспаптарды жасауда қолданылатын материалдардың түрі мен қасиетіне, пошымына, дыбыс шығару тәсіліне байланысты. М. а-дың алғашқы қарапайым түрлері табиғаттағы түрлі дыбыстарға, адамның, хайуанаттардың дауысына еліктеуден шыққан. Ол халықтық және кәсіби М. а. болып бөлінеді. Әр халықтың М. а-ының өзіндік ерекшеліктері болады. Сондай-ақ өзара этн., тарихи-мәдени байланысы бар бірнеше халықтарға ортақ әрі олардың “ұлттық аспабы” болып саналатын М. а. бар. Мыс., бандура тек Украинада, пандури мен чонгури Грузияда ғана болса, гусли, жалейка, волынкалар орыстарда, украиндарда, белорустарда да бар; саз, тар, зурна Әзербайжан мен Арменияда кездессе, Өзбекстан мен Тәжікстанның бірқатар аспаптары ұқсас болып келеді. 19 ғ-дың аяғында В.В. Андреевтің және оның серіктері С.И. Налимов, Ф.С. Пассербский, Н.П. Фоминдердің көмегімен кейбір М. а. (балалайка, гусли, домрат, т.б.) жетілдіріліп, солардың негізінде орыс халық аспаптар оркестрі құрылды. Кәсіби М. а-ға симф. (опералық), үрлеп ойнайтын және эстрад. оркестрлер құрамына енетін аспаптар жатады. Кәсіби аспаптардың шығу тегі халықтық М. а-ға саяды. М. а-дың даму жолы адамзат қоғамының, оның мәдениетінің, музыкасының, орындаушылық өнерінің жолымен тығыз байланысты. Музыка жанрларының дамуына орай кейбір М. а. халық арасына кең тараған, өзгермей қазіргі заманға жеткен, ал бірқатары біртіндеп жойылып, олардың орнына жаңа М. а. пайда болған. Осы кездегі симф. оркестрде қолданып жүрген скрипка, флейта, гобой, кларнет, литавра, арфа, фортепьяно, т.б. ертеден келе жатқан аспаптар қатарына жатады. Бұл аспаптарды жетілдіру жұмысы 15 ғ-дан басталды, ал 18 ғ-да кеңінен қолға алынды. 16 – 18 ғ-лардағы брешан және кремон шеберлері (Гаспаро да Сало, Н.Амати, А.Страдивари, Дж.Гварнери) жасаған скрипкалар өте жоғары бағаланды. Дыбыс шығару ерекшеліктеріне қарай М. а. негізінен үрлемелі (флейта, кларнет, саксофон, гобой, труба, валторна, сурнай, лимба, шоор, қурай, сыбызғы, т.б.); шекті ысқылы (виола, скрипка, альт, виолончель, контрабас, гиджак, икили, қылқобыз, т.б.) және шертпелі (арфа, лютня, гитара, балалайка, жетіген, дутар, рубаб, чанг, домбыра); соқпалы (барабан, литавра, ксилофон, челеста, нагора, дойра, дауылпаз, дабыл), т.б. болып бірнеше топқа бөлінеді. Қазіргі заманда қолданылатын электрлі М. а. тобы бар. Қазақтың М. а. (домбыра, қобыз, сыбызғы, т.б.) ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа ауысып келе жатқан мәдени мұра. Қазақстанда ұлттық М. а-ды жетілдіру мақсатымен бірнеше шеберханалар ашылып (1932 ж. Алматыда, 1947 ж. Осакаровкада, 1957 ж. Алматы мемл. консерваториясы жанында), осылардың негізінде А.Жұбановтың басшылығымен қазіргі Қазақтың мемл. академ. халық аспаптар оркестрі құрылды. Қ.Қасымов, А.Ермеков, Э.И. Романенко, О.Бейсенбаев, А.Ауқадиев, Д.Шоқпаров, т.б. шеберлер әр түрлі М. а. үлгілерін жасады.     З. Сыпатайқызы Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 6-том  
08.11.2012 19:27 10936

 

Соңғы редакциялау:

23 қазан 2012

 

МУЗЫКАЛЫҚ АСПАПТАР – адамның қатысуымен белгілі бір ырғақтағы және тұрақты жоғарылықтағы дыбыстарды шығарып, музыкалық шығармашылыққа мүмкіндік беретін аспаптар. М. а-дың әрқайсысының өзіне тән дыбыс тембрі (бояуы), динамик. мүмкіндігі (ырғағы), белгілі бір диапазоны болады. М. а-дың дыбыс шығару сапасы аспаптарды жасауда қолданылатын материалдардың түрі мен қасиетіне, пошымына, дыбыс шығару тәсіліне байланысты. М. а-дың алғашқы қарапайым түрлері табиғаттағы түрлі дыбыстарға, адамның, хайуанаттардың дауысына еліктеуден шыққан. Ол халықтық және кәсіби М. а. болып бөлінеді. Әр халықтың М. а-ының өзіндік ерекшеліктері болады. Сондай-ақ өзара этн., тарихи-мәдени байланысы бар бірнеше халықтарға ортақ әрі олардың “ұлттық аспабы” болып саналатын М. а. бар. Мыс., бандура тек Украинада, пандури мен чонгури Грузияда ғана болса, гусли, жалейка, волынкалар орыстарда, украиндарда, белорустарда да бар; саз, тар, зурна Әзербайжан мен Арменияда кездессе, Өзбекстан мен Тәжікстанның бірқатар аспаптары ұқсас болып келеді. 19 ғ-дың аяғында В.В. Андреевтің және оның серіктері С.И. Налимов, Ф.С. Пассербский, Н.П. Фоминдердің көмегімен кейбір М. а. (балалайка, гусли, домрат, т.б.) жетілдіріліп, солардың негізінде орыс халық аспаптар оркестрі құрылды. Кәсіби М. а-ға симф. (опералық), үрлеп ойнайтын және эстрад. оркестрлер құрамына енетін аспаптар жатады. Кәсіби аспаптардың шығу тегі халықтық М. а-ға саяды. М. а-дың даму жолы адамзат қоғамының, оның мәдениетінің, музыкасының, орындаушылық өнерінің жолымен тығыз байланысты. Музыка жанрларының дамуына орай кейбір М. а. халық арасына кең тараған, өзгермей қазіргі заманға жеткен, ал бірқатары біртіндеп жойылып, олардың орнына жаңа М. а. пайда болған. Осы кездегі симф. оркестрде қолданып жүрген скрипка, флейта, гобой, кларнет, литавра, арфа, фортепьяно, т.б. ертеден келе жатқан аспаптар қатарына жатады. Бұл аспаптарды жетілдіру жұмысы 15 ғ-дан басталды, ал 18 ғ-да кеңінен қолға алынды. 16 – 18 ғ-лардағы брешан және кремон шеберлері (Гаспаро да Сало, Н.Амати, А.Страдивари, Дж.Гварнери) жасаған скрипкалар өте жоғары бағаланды. Дыбыс шығару ерекшеліктеріне қарай М. а. негізінен үрлемелі (флейта, кларнет, саксофон, гобой, труба, валторна, сурнай, лимба, шоор, қурай, сыбызғы, т.б.); шекті ысқылы (виола, скрипка, альт, виолончель, контрабас, гиджак, икили, қылқобыз, т.б.) және шертпелі (арфа, лютня, гитара, балалайка, жетіген, дутар, рубаб, чанг, домбыра); соқпалы (барабан, литавра, ксилофон, челеста, нагора, дойра, дауылпаз, дабыл), т.б. болып бірнеше топқа бөлінеді. Қазіргі заманда қолданылатын электрлі М. а. тобы бар. Қазақтың М. а. (домбыра, қобыз, сыбызғы, т.б.) ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа ауысып келе жатқан мәдени мұра. Қазақстанда ұлттық М. а-ды жетілдіру мақсатымен бірнеше шеберханалар ашылып (1932 ж. Алматыда, 1947 ж. Осакаровкада, 1957 ж. Алматы мемл. консерваториясы жанында), осылардың негізінде А.Жұбановтың басшылығымен қазіргі Қазақтың мемл. академ. халық аспаптар оркестрі құрылды. Қ.Қасымов, А.Ермеков, Э.И. Романенко, О.Бейсенбаев, А.Ауқадиев, Д.Шоқпаров, т.б. шеберлер әр түрлі М. а. үлгілерін жасады.

 

 

З. Сыпатайқызы

Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 6-том

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға