Жаңалықтар

Мұхит

  Соңғы редакциялау: 23 қазан 2012   МҰХИТ, Дүниежүзілік мұхит (грек. okeanos – мұхит, Жерді қоршап жатқан ұлы өзен). Жалпы мәлімет. М. құрлықтар мен аралдарды қоршап жатқан Жердің тұтас су қабаты. Аум. 361,26 млн. км2, көл. 1340,74 млн. км3, орташа тереңд. 3711 м, ең терең жері 11022 м (Тынық мұхиттағы Мариана шұңғымасы). Дүниежүз. М. құрлықтар арқылы 4 бөлікке бөлінеді: Тынық (50%), Атлант (25%), Үнді (21%) және Солт. Мұзды М. (4%). М.Солт. жарты шардың 61%-ын, Оңт. жарты шардың 81%-ына жуығын алып жатыр. Мұхиттық жарты шардағы судың мөлш. 91%-ды және құрлықтық жарты шардағы мөлш. 53%-ды құрайды. Гидрол. режимінде Дүниежүз. М. жеке мұхиттарға, теңіздерге, шығанақтарға, қойнаулар мен бұғаздарға ажыратылады; сыртқы шекарасы құрлықтың жағалық сызықтарымен айқын кескінделіп, ішкі шекарасы теңіздермен және оның бөліктерімен бөлінеді. Кейбір зерттеушілер Дүниежүз. М-ты Бес М-қа бөледі. Оның шекарасы субтропиктік және субантарктик. конвергенция сызығы бойымен немесе Ортамұхиттық жоталардың ендік бөлігі бойынша өтеді. Мұхит түбі бедері және геологиялық құрылысы. М. түбі ауд-ның басым бөлігі (73,8%-ы) 3000 – 6000 м тереңдікте орналасқан. Ол М. қайраңы (шельфі), беткейі, етегі, М. түбі, М. шұңғымасына ажыратылады. Қайраң М-тардың шетін бойлай құрлықтың су астындағы жалғасы ретінде 200 м тереңдікке дейін созылып жатады, ені ондаған метрден бірнеше жүздеген км-ге жетеді. Ол М-қа қарай тік кемер жасап континенттік беткейді құрайды. Қайраң құрлық тұғырының төм. шегі ретінде 2000 – 2400 м тереңдікке дейін таралады. Беткей етегінен абиссаль қазаншұңқырларға қарай ені 200 – 300 км болатын континентті етек жалғасады. М-тардың орта тұсынан әдетте Ортамұхиттық жоталар өтеді. Олардың беткейлері абиссальды М. қазаншұңқырларына ауысады. Ортамұхиттық жоталар ұз. 60000 км болатын біртұтас жүйені құрайды. Жоталардың ені 1000 км, абиссальды қазаншұңқырлардан 2,5 – 3 км жоғары тұрады. Олардың қырқасы су бетінен орта есеппен 2700 м тереңдікте өтеді. Жоталардың осьтік бөлігінде тереңд. 1,5 км, ені 20 – 30 км болатын рифті аңғарлар байқалады. Абиссальды қазаншұңқырлардың ені 1000 км-ге жуық, тереңд. 5 – 6 км болады. Пассивті шеткі белдем Жер қабығының континентті және мұхиттық шекарасын бойлай жатады; ол сейсмикалығы мен жанартаулық процестердің жоқтығымен сипатталады, континенттен әкелінген өте қалың (5 – 7 км) шөгінді қабаттардан тұрады. Активті шеттердің сейсмикалығы жоғары. Оған М. табанын жанартаулық аралдық доғадан бөліп тұратын терең шұңғымалар (тереңд. 7 – 8 км) ұштасқан. М. түбін негізгі екі геол. кешен құрайды: беті шөгінді қаптамамен жабылған базальтті және оған жақын магмалық жыныстардан тұратын іргетас жатыр. М-тың геол. тарихын зерттеушілер М-ты бастапқы, өтпелі және қазіргі даму кезеңдеріне ажыратады. Геологияға дейінгі кезеңді (3,5 млрд. жыл бұрын) қамтыған гипотетик. бастапқы сатысында жер қойнауынан негізгі су массасының шығуы, қышқыл өнімдердің газсыздануы және мұхит түбі жыныстарымен іс-әрекетке түсіп бейтараптануымен байланысты. Өтпелі кезеңнің ұзақт. 2 млрд. жылды құрайды (3,5 – 1,7 млрд. жыл бұрын). Бұл кезеңде өмір пайда болып дамыды; фотосинтез нәтижесінде оттек бөлініп, мөлшері ұлғайды. М. суының құрамы тұрақталып, тұздылығы шамалы ғана өзгеріске ұшырады. Қазіргі кезең бұдан 1,7 млрд. жыл бұрын басталып, әлі жалғасуда. Гидрологиясы. М-тардың негізгі гидрол. сипаттамасына темп-ра, тұздылық және ағыстың жылдамдығы жатады. М. өте көп мөлшерде күн жылуы мен ылғалды жинақтаушы орасан зор аккумулятор. М. бетінің 1 см қалыңдықтағы суына күн энергиясының 94% жұтылады. Осының нәтижесінде Жер бетіндегі темп-раның шұғыл ауытқуы бәсеңдейді және шалғай жатқан аудандар ылғалданып, тіршіліктің дамуына қолайлы жағдай туады. Температурасы. М-тың беткі суының жылдық орташа темп-расы 17,5ӘС. Ашық М-та темп-раның жоғ. көрсеткіші экватор бойында (28ӘС), ең жоғ. темп-ра (34ӘС) тамыз айында Парсы шығанағында тіркелген. Құрлықтың әсерінен су темп-расы солт. жарты шарда оңт. жарты шарға қарағанда жоғары болады, ал экватордан полюстерге қарай біртіндеп –1,5–1,9ӘС-қа төмендейді. 30Ә с. е. бойында қыста 17 – 18ӘС, жазда 25ӘС; 60Ә ендікте қыста 0ӘС-тан төмен, жазда 10ӘС, полюс маңындағы темп-ра 1,9ӘС. М. түбіндегі су темп-расы 1,4 – 1,8ӘС, полюстік аймақтарда 0ӘС-тан төмен болады, ең суық темп-ра –2ӘС (полюсте мұз астында). Тұздылығы.Судың хим. сапасы, физ., хим. қасиеті жағынан бірдей болғанымен оның гидрол., геохим. режимі әр түрлі. М. суы концентрациясы 35 г/л болатын тұз ерітіндісінен тұрады, сондықтан орташа тұзд. S – 35,00ү, максимальды тұзд. 39 – 42ү (тропиктік теңіздерде). Тұз массасының құрамы құрлықтан келетін жауын-шашынмен, атмосферамен алмасу процесі және түпкі шөгінділермен, теңіз организмдерінің өмір сүру қабілетімен реттеліп отырады. М-та барлығы 5×1022 г еріген тұз бар. Оның құрамында Na+, Mg2+, K+, Ca2+,Cl-, иондары кездеседі. М. суында атмосферадан келетін және су қабатында пайда болатын түрлі газдардың (О2, СО2 т.б.) ерітінділері де болады. Су айналымы. М-тың 150 – 200 м тереңдіктегі су қабатының айналымы М. бетіндегі басым желдерге тәуелді; ал одан төм. қабатында тығыздығына байланысты болады. Су айналымының негізгі элементіне субтропиктік ендіктерде антициклондық айналым және жоғ. ендіктерде циклондық айналым жатады. Оның орт. құрлықтардың батыс жағалауында орналасқан (Гольфстрим, Куросио ағыстары). Антарктикада беткі судың горизонталь жылд. 5 – 10 см/с болатын қуатты циркумполюсті ағыс байқалады, ол теңіз түбіне дейін жетеді. Тереңдеген сайын ағыс жылдамдықтары кеми түседі (тек экватор маңындағы беткі қарсы ағыстан басқа). Географиялық белдемділігі. Темп-раның, тұздылықтың, хим. элементтердің, органик. дүниенің негізгі таралу заңдылықтары геогр. белдемдердің ауысу шекаралары маңында байқалады (қ. Дүниежүзілік мұхиттың белдемділігі). Белдемдер арасындағы шекара, көбінесе, мұхиттық шеп түрінде айқын ажыратылады. Тереңдеген сайын (500 м-ден төмен) белдемдердің саны азайып, білінбей кетеді. Түпкі шөгінділер. М. түбінде терригенді, биогенді, хемогенді, жанартаутекті және эдафогенді шөгінділер жинақталады. Шөгінділер климаттық, тік, циркумконтинентті және тектоник. белдемділікпен тарайды. М. түбінің беткі қабатының басым бөлігін (40%-ға дейін) биогенді шөгінділер жауып жатыр. Терригенді шөгінділерге 20%, терең сулы пелаг. саз 26%-ды құрайды, қалғаны – аралас шөгінділер. Терригенді шөгінділердің құрамы алюмосиликатты, сынықты, сынықты-сазды, сазды; ол теңіздерде және мұхиттың континентке таяу ауданында әртүрлі тереңдікте тараған. Биогенді әктасты және шақпақтасты шөгінділер қаңқа қалдықтарынан және планктонды, бентосты организмдердің қабыршағынан түзілген. Хемогенді шөгінділер ашық М-тарда кездеседі, темір-марганецті конкрециялар мен қабықшалардан, смектитті, темірлі шөгінділерден тұрады. Жанартаутекті шөгінділер жер беті және су асты жанартау атқылауларының кесекті өнімдерінен түзілген; ол доғалдық аралдарда кең таралған. Эдафогенді түзілімдер тектоник. өнімдердің уатылуынан және су түбіндегі байырғы таужыныстардың (базальтты, габброидты, т.б.) су асты шайылуынан пайда болған. Минералды ресурстары. М. суларында Д.Менделеев кестесінің 70-тен астам элементі еріген күйінде кездеседі; судың 1 км3-інде 36 млн. т түрлі заттар бар. М. қойнауында әр түрлі қатты, сұйық, газ тәрізді минералды шикізат қорлары, мұнай мен газ, сирек металдар, қалайы, алтын, алмас шашылымдары, темір-марганецті конкрециялар мен қабықшалар, сульфид, фосфорит және құрылыс материалдары алабы тараған. Мұнай мен газдың қоры 300 – 350 млрд. т (қойнау қайраңында 184 млрд. т) деп болжанады. АҚШ жағалауы мен Мексика шығанағында, Солтүстік т., Парсы шығанағы және Оңт.-Шығыс Азия, Баренц, Беринг т-дерінің қайраңдары дүние жүзінің аса ірі мұнайлы-газды аудандары саналады. М. мұнайын 40 шақты ел өндіріп, 40-тай ел барлау жұмыстарымен айналысуда. Теңіздегі элементтер (алтын, платина, алмас, касситерит, циркон, монацит, титан, ильменит, рутил, т.б.) жағалық қайраңда шөгінділердің толқындармен қарқынды шайылуынан қалыптасады. Индонезия, Таиланд, Малайзия жағалауларында қалайы, Аляска және Солт. Американың Тынықмұхиттық жағалауында алтын, Оңт.-Батыс Африка (Намибия) жағалауында құрамында алмас бар шөгінділер, сирек металды шашылымдар Австралия, Үндістан, Бразилия жағалауында кездеседі. Дүние жүзінің көптеген елдерінің жағалауларында құрылыс материалдары – құм, қиыршықтас, маржанды әктас, моллюскалар, бақалшақтар өндіріледі. Органикалық дүниесі. Тірі организмдер бүкіл М. қабаттарында тіршілік етеді. Органик. дүниесі бентос (түпкі тұрғындар), планктон (пассивті жүзушілер) және нектонға (активті жүзушілер) бөлінеді. Өсімдік дүниесінің 10 мың түрі бар, олар, негізінен, жарық жақсы түсетін 200 – 300 м тереңдіктегі қабаттарда таралған. Жануарлар дүниесі түрлерінің саны 150 мыңдай. М-та планетадағы тіршілік иелерінің 4/5-і мекендейді. Түрлердің саны экваторлық аймақтан полюстерге және тереңдікке қарай кеми береді. М. құрамында белок мөлшері көп азық-түлік өнімдерінің (балық, моллюскілер, бақалшақтар, сүт қоректілер, балдырлар, т.б.) маңызды көзі, ол адамдарға қажетті белоктың 20%-ын береді. Халықаралық-құқықтық режим. Теңіз кеңістігін және Дүниежүз. М-ты пайдалану құқығын реттеу, оның байлықтарын пайдалану халықар. құқық нормасының күрделі жүйесімен және жеке мемлекеттердің заңдарымен анықталады. Оны реттеу үшін 1958 ж. халықар. теңіздік құқық кодификациясы өткізіліп, Женева конвенциясы қабылданды. Ол бойынша ашық теңіз суы барлық мемлекеттерге ортақ және ешбір мемлекет М. бөліктерін өз биліктеріне бағындыруға құқығы жоқ; ашық теңізде әрбір мемлекеттің кеме қатынасына, балық аулауға еркі бар. Ядр. қару-жарақты сынау, Дүниежүз. М-тың ластануын болдырмау туралы, аумақтық теңізге және континенттік қайраңға шек қою, т.б. мәселелерге тыйым салатын көптеген халықар. келісімдер бар. Теңіз құқығы бойынша 1982 ж. қабылданған “Теңіздер хартиясы” аталатын Бөө Конвенциясы жағалаудан бастап, 200 теңіз милін құрайтын экон. аймақты белгіледі, жағалаулық мемлекеттер де соның шегінде биол. және минералдық шикізат қорларын пайдалануға құқылы. Аумақтық теңіз жағалауындағы мемлекеттер ғыл. зерт. мәселелерін өз қалаулары бойынша шешеді. Шетелдік кемелер континенттік қайраңда және түбінде зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін жағалаудағы мемлекеттердің келісімін алуы керек. Дүниежүз. М. байлықтарын игеру маңызды ғаламдық мәселенің бірі саналады. Бұл оның планетадағы темп-раны реттейтін, оттекті бөліп шығаратын қасиетіне байланысты. М-ты игеру минералдық, биол., энергет., көліктік, рекреакц., экол., ғыл.-танымдық бағыттарда жүзеге асырылады. ұТР-ның табыстары М-ғы мұнай мен газды, темір-марганец конкрецияларын өндіруді одан әрі арттыру, теңіз суынан сутегі изотопын – дейтерийді шығару, теңіз сулары энергиясын электр энергиясына айналдыратын алып электр ст-ларын салу, теңіз суын тұщыту, оның түбімен кабельді желілер төсеу үшін болашаққа кең жол ашады. Көптеген елдерде (Франция, Норвегия, Ресей) М. суының тасқынын пайдаланатын электр ст. жұмыс істейді. М. жолдарына бүкіл дүние жүзінде сумен тасымалданатын жүктің 80%-ы келеді. Қ. Ахметов, Л. Әлиева Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 6-том
08.11.2012 18:51 24603

 

Соңғы редакциялау:

23 қазан 2012

 

МҰХИТ, Дүниежүзілік мұхит (грек. okeanos – мұхит, Жерді қоршап жатқан ұлы өзен).

Жалпы мәлімет. М. құрлықтар мен аралдарды қоршап жатқан Жердің тұтас су қабаты. Аум. 361,26 млн. км2, көл. 1340,74 млн. км3, орташа тереңд. 3711 м, ең терең жері 11022 м (Тынық мұхиттағы Мариана шұңғымасы). Дүниежүз. М. құрлықтар арқылы 4 бөлікке бөлінеді: Тынық (50%), Атлант (25%), Үнді (21%) және Солт. Мұзды М. (4%). М.Солт. жарты шардың 61%-ын, Оңт. жарты шардың 81%-ына жуығын алып жатыр. Мұхиттық жарты шардағы судың мөлш. 91%-ды және құрлықтық жарты шардағы мөлш. 53%-ды құрайды. Гидрол. режимінде Дүниежүз. М. жеке мұхиттарға, теңіздерге, шығанақтарға, қойнаулар мен бұғаздарға ажыратылады; сыртқы шекарасы құрлықтың жағалық сызықтарымен айқын кескінделіп, ішкі шекарасы теңіздермен және оның бөліктерімен бөлінеді. Кейбір зерттеушілер Дүниежүз. М-ты Бес М-қа бөледі. Оның шекарасы субтропиктік және субантарктик. конвергенция сызығы бойымен немесе Ортамұхиттық жоталардың ендік бөлігі бойынша өтеді.

Мұхит түбі бедері және геологиялық құрылысы. М. түбі ауд-ның басым бөлігі (73,8%-ы) 3000 – 6000 м тереңдікте орналасқан. Ол М. қайраңы (шельфі), беткейі, етегі, М. түбі, М. шұңғымасына ажыратылады. Қайраң М-тардың шетін бойлай құрлықтың су астындағы жалғасы ретінде 200 м тереңдікке дейін созылып жатады, ені ондаған метрден бірнеше жүздеген км-ге жетеді. Ол М-қа қарай тік кемер жасап континенттік беткейді құрайды. Қайраң құрлық тұғырының төм. шегі ретінде 2000 – 2400 м тереңдікке дейін таралады. Беткей етегінен абиссаль қазаншұңқырларға қарай ені 200 – 300 км болатын континентті етек жалғасады. М-тардың орта тұсынан әдетте Ортамұхиттық жоталар өтеді. Олардың беткейлері абиссальды М. қазаншұңқырларына ауысады. Ортамұхиттық жоталар ұз. 60000 км болатын біртұтас жүйені құрайды. Жоталардың ені 1000 км, абиссальды қазаншұңқырлардан 2,5 – 3 км жоғары тұрады. Олардың қырқасы су бетінен орта есеппен 2700 м тереңдікте өтеді. Жоталардың осьтік бөлігінде тереңд. 1,5 км, ені 20 – 30 км болатын рифті аңғарлар байқалады. Абиссальды қазаншұңқырлардың ені 1000 км-ге жуық, тереңд. 5 – 6 км болады. Пассивті шеткі белдем Жер қабығының континентті және мұхиттық шекарасын бойлай жатады; ол сейсмикалығы мен жанартаулық процестердің жоқтығымен сипатталады, континенттен әкелінген өте қалың (5 – 7 км) шөгінді қабаттардан тұрады. Активті шеттердің сейсмикалығы жоғары. Оған М. табанын жанартаулық аралдық доғадан бөліп тұратын терең шұңғымалар (тереңд. 7 – 8 км) ұштасқан. М. түбін негізгі екі геол. кешен құрайды: беті шөгінді қаптамамен жабылған базальтті және оған жақын магмалық жыныстардан тұратын іргетас жатыр. М-тың геол. тарихын зерттеушілер М-ты бастапқы, өтпелі және қазіргі даму кезеңдеріне ажыратады. Геологияға дейінгі кезеңді (3,5 млрд. жыл бұрын) қамтыған гипотетик. бастапқы сатысында жер қойнауынан негізгі су массасының шығуы, қышқыл өнімдердің газсыздануы және мұхит түбі жыныстарымен іс-әрекетке түсіп бейтараптануымен байланысты. Өтпелі кезеңнің ұзақт. 2 млрд. жылды құрайды (3,5 – 1,7 млрд. жыл бұрын). Бұл кезеңде өмір пайда болып дамыды; фотосинтез нәтижесінде оттек бөлініп, мөлшері ұлғайды. М. суының құрамы тұрақталып, тұздылығы шамалы ғана өзгеріске ұшырады. Қазіргі кезең бұдан 1,7 млрд. жыл бұрын басталып, әлі жалғасуда.

Гидрологиясы. М-тардың негізгі гидрол. сипаттамасына темп-ра, тұздылық және ағыстың жылдамдығы жатады. М. өте көп мөлшерде күн жылуы мен ылғалды жинақтаушы орасан зор аккумулятор. М. бетінің 1 см қалыңдықтағы суына күн энергиясының 94% жұтылады. Осының нәтижесінде Жер бетіндегі темп-раның шұғыл ауытқуы бәсеңдейді және шалғай жатқан аудандар ылғалданып, тіршіліктің дамуына қолайлы жағдай туады.

Температурасы. М-тың беткі суының жылдық орташа темп-расы 17,5ӘС. Ашық М-та темп-раның жоғ. көрсеткіші экватор бойында (28ӘС), ең жоғ. темп-ра (34ӘС) тамыз айында Парсы шығанағында тіркелген. Құрлықтың әсерінен су темп-расы солт. жарты шарда оңт. жарты шарға қарағанда жоғары болады, ал экватордан полюстерге қарай біртіндеп –1,5–1,9ӘС-қа төмендейді. 30Ә с. е. бойында қыста 17 – 18ӘС, жазда 25ӘС; 60Ә ендікте қыста 0ӘС-тан төмен, жазда 10ӘС, полюс маңындағы темп-ра 1,9ӘС. М. түбіндегі су темп-расы 1,4 – 1,8ӘС, полюстік аймақтарда 0ӘС-тан төмен болады, ең суық темп-ра –2ӘС (полюсте мұз астында).

Тұздылығы.Судың хим. сапасы, физ., хим. қасиеті жағынан бірдей болғанымен оның гидрол., геохим. режимі әр түрлі. М. суы концентрациясы 35 г/л болатын тұз ерітіндісінен тұрады, сондықтан орташа тұзд. S – 35,00ү, максимальды тұзд. 39 – 42ү (тропиктік теңіздерде). Тұз массасының құрамы құрлықтан келетін жауын-шашынмен, атмосферамен алмасу процесі және түпкі шөгінділермен, теңіз организмдерінің өмір сүру қабілетімен реттеліп отырады. М-та барлығы 5×1022 г еріген тұз бар. Оның құрамында Na+, Mg2+, K+, Ca2+,Cl-, иондары кездеседі. М. суында атмосферадан келетін және су қабатында пайда болатын түрлі газдардың (О2, СО2 т.б.) ерітінділері де болады.

Су айналымы. М-тың 150 – 200 м тереңдіктегі су қабатының айналымы М. бетіндегі басым желдерге тәуелді; ал одан төм. қабатында тығыздығына байланысты болады. Су айналымының негізгі элементіне субтропиктік ендіктерде антициклондық айналым және жоғ. ендіктерде циклондық айналым жатады. Оның орт. құрлықтардың батыс жағалауында орналасқан (Гольфстрим, Куросио ағыстары). Антарктикада беткі судың горизонталь жылд. 5 – 10 см/с болатын қуатты циркумполюсті ағыс байқалады, ол теңіз түбіне дейін жетеді. Тереңдеген сайын ағыс жылдамдықтары кеми түседі (тек экватор маңындағы беткі қарсы ағыстан басқа).

Географиялық белдемділігі. Темп-раның, тұздылықтың, хим. элементтердің, органик. дүниенің негізгі таралу заңдылықтары геогр. белдемдердің ауысу шекаралары маңында байқалады (қ. Дүниежүзілік мұхиттың белдемділігі). Белдемдер арасындағы шекара, көбінесе, мұхиттық шеп түрінде айқын ажыратылады. Тереңдеген сайын (500 м-ден төмен) белдемдердің саны азайып, білінбей кетеді.

Түпкі шөгінділер. М. түбінде терригенді, биогенді, хемогенді, жанартаутекті және эдафогенді шөгінділер жинақталады. Шөгінділер климаттық, тік, циркумконтинентті және тектоник. белдемділікпен тарайды. М. түбінің беткі қабатының басым бөлігін (40%-ға дейін) биогенді шөгінділер жауып жатыр. Терригенді шөгінділерге 20%, терең сулы пелаг. саз 26%-ды құрайды, қалғаны – аралас шөгінділер. Терригенді шөгінділердің құрамы алюмосиликатты, сынықты, сынықты-сазды, сазды; ол теңіздерде және мұхиттың континентке таяу ауданында әртүрлі тереңдікте тараған. Биогенді әктасты және шақпақтасты шөгінділер қаңқа қалдықтарынан және планктонды, бентосты организмдердің қабыршағынан түзілген. Хемогенді шөгінділер ашық М-тарда кездеседі, темір-марганецті конкрециялар мен қабықшалардан, смектитті, темірлі шөгінділерден тұрады. Жанартаутекті шөгінділер жер беті және су асты жанартау атқылауларының кесекті өнімдерінен түзілген; ол доғалдық аралдарда кең таралған. Эдафогенді түзілімдер тектоник. өнімдердің уатылуынан және су түбіндегі байырғы таужыныстардың (базальтты, габброидты, т.б.) су асты шайылуынан пайда болған.

Минералды ресурстары. М. суларында Д.Менделеев кестесінің 70-тен астам элементі еріген күйінде кездеседі; судың 1 км3-інде 36 млн. т түрлі заттар бар. М. қойнауында әр түрлі қатты, сұйық, газ тәрізді минералды шикізат қорлары, мұнай мен газ, сирек металдар, қалайы, алтын, алмас шашылымдары, темір-марганецті конкрециялар мен қабықшалар, сульфид, фосфорит және құрылыс материалдары алабы тараған. Мұнай мен газдың қоры 300 – 350 млрд. т (қойнау қайраңында 184 млрд. т) деп болжанады. АҚШ жағалауы мен Мексика шығанағында, Солтүстік т., Парсы шығанағы және Оңт.-Шығыс Азия, Баренц, Беринг т-дерінің қайраңдары дүние жүзінің аса ірі мұнайлы-газды аудандары саналады. М. мұнайын 40 шақты ел өндіріп, 40-тай ел барлау жұмыстарымен айналысуда. Теңіздегі элементтер (алтын, платина, алмас, касситерит, циркон, монацит, титан, ильменит, рутил, т.б.) жағалық қайраңда шөгінділердің толқындармен қарқынды шайылуынан қалыптасады. Индонезия, Таиланд, Малайзия жағалауларында қалайы, Аляска және Солт. Американың Тынықмұхиттық жағалауында алтын, Оңт.-Батыс Африка (Намибия) жағалауында құрамында алмас бар шөгінділер, сирек металды шашылымдар Австралия, Үндістан, Бразилия жағалауында кездеседі. Дүние жүзінің көптеген елдерінің жағалауларында құрылыс материалдары – құм, қиыршықтас, маржанды әктас, моллюскалар, бақалшақтар өндіріледі.

Органикалық дүниесі. Тірі организмдер бүкіл М. қабаттарында тіршілік етеді. Органик. дүниесі бентос (түпкі тұрғындар), планктон (пассивті жүзушілер) және нектонға (активті жүзушілер) бөлінеді. Өсімдік дүниесінің 10 мың түрі бар, олар, негізінен, жарық жақсы түсетін 200 – 300 м тереңдіктегі қабаттарда таралған. Жануарлар дүниесі түрлерінің саны 150 мыңдай. М-та планетадағы тіршілік иелерінің 4/5-і мекендейді. Түрлердің саны экваторлық аймақтан полюстерге және тереңдікке қарай кеми береді. М. құрамында белок мөлшері көп азық-түлік өнімдерінің (балық, моллюскілер, бақалшақтар, сүт қоректілер, балдырлар, т.б.) маңызды көзі, ол адамдарға қажетті белоктың 20%-ын береді.

Халықаралық-құқықтық режим. Теңіз кеңістігін және Дүниежүз. М-ты пайдалану құқығын реттеу, оның байлықтарын пайдалану халықар. құқық нормасының күрделі жүйесімен және жеке мемлекеттердің заңдарымен анықталады. Оны реттеу үшін 1958 ж. халықар. теңіздік құқық кодификациясы өткізіліп, Женева конвенциясы қабылданды. Ол бойынша ашық теңіз суы барлық мемлекеттерге ортақ және ешбір мемлекет М. бөліктерін өз биліктеріне бағындыруға құқығы жоқ; ашық теңізде әрбір мемлекеттің кеме қатынасына, балық аулауға еркі бар. Ядр. қару-жарақты сынау, Дүниежүз. М-тың ластануын болдырмау туралы, аумақтық теңізге және континенттік қайраңға шек қою, т.б. мәселелерге тыйым салатын көптеген халықар. келісімдер бар. Теңіз құқығы бойынша 1982 ж. қабылданған “Теңіздер хартиясы” аталатын Бөө Конвенциясы жағалаудан бастап, 200 теңіз милін құрайтын экон. аймақты белгіледі, жағалаулық мемлекеттер де соның шегінде биол. және минералдық шикізат қорларын пайдалануға құқылы. Аумақтық теңіз жағалауындағы мемлекеттер ғыл. зерт. мәселелерін өз қалаулары бойынша шешеді. Шетелдік кемелер континенттік қайраңда және түбінде зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін жағалаудағы мемлекеттердің келісімін алуы керек. Дүниежүз. М. байлықтарын игеру маңызды ғаламдық мәселенің бірі саналады. Бұл оның планетадағы темп-раны реттейтін, оттекті бөліп шығаратын қасиетіне байланысты. М-ты игеру минералдық, биол., энергет., көліктік, рекреакц., экол., ғыл.-танымдық бағыттарда жүзеге асырылады. ұТР-ның табыстары М-ғы мұнай мен газды, темір-марганец конкрецияларын өндіруді одан әрі арттыру, теңіз суынан сутегі изотопын – дейтерийді шығару, теңіз сулары энергиясын электр энергиясына айналдыратын алып электр ст-ларын салу, теңіз суын тұщыту, оның түбімен кабельді желілер төсеу үшін болашаққа кең жол ашады. Көптеген елдерде (Франция, Норвегия, Ресей) М. суының тасқынын пайдаланатын электр ст. жұмыс істейді. М. жолдарына бүкіл дүние жүзінде сумен тасымалданатын жүктің 80%-ы келеді.

Қ. Ахметов, Л. Әлиева

Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 6-том

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға