Жаңалықтар

Мұқамедханұлы Қайым

  Соңғы редакциялау: 23 қазан 2012 МҰҚАМЕДХАНҰЛЫ Қайым (ұабдұлқайым) (5.1. 1916, қазіргі Шығ. Қазақстан обл. Семей қ. – 30.6.2004, сонда) – әдебиеттанушы ғалым, абайтанушы, жазушы, драматург. Қазақстанның тұңғыш әнұранының авторы. Әкесі Мұқамедхан Семейде шығатын “Сарыарқа” газетіне, “Абай” журналына меценаттық көмек жасап тұрған (осы журналдың 70 жылдан соң қайта жарық көруіне, Семейдегі “Алаш арыстары” мұражайының ашылуына М. көп еңбек сіңірді). Мұқамедхан ислам діни қозғалысының белсенді мүшесі деген айыппен 1937 ж. 2 желтоқсанда атылған. Сондай-ақ М-ның әкесі алашордашыларға тілеулес болып, оның үйінде ұлт зиялылары (Шәкерім, Көкбай, Тұрағұл, Әлихан, Ахмет, Міржақып, Мағжан, Сұлтанмахмұт, Мұхтар, т.б.) жиі бас қосып, ел бостандығы жөнінде пікір алмасып тұрған. М. шаруа жастары мектебінде білім алған. 1935 – 37 ж. респ. 2 жылдық мұғалімдер курсында оқыған. Семей пед. ин-тының филол. ф-тін бітірген (1941). Семейдегі Абай әдеби мұражайының аға ғыл. қызметкері (1940 – 41; 1947 – 51 ж. оның директоры), Қазақстан Жазушылар одағының Семей обл-ндағы өкілі (1942 – 47), Семей пед. ин-тының аға оқытушысы, доценті, қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, проф. (1955 – 90), 1991 – 95 ж. ҚР өұА М.Әуезов атынд. Әдебиет және өнер ин-тының Абайтану бөлімінің жетекші ғыл. қызметкері болды.   М. саналы өмірін қазақ әдебиеттану ғылымының абайтану саласына арнады. 1939 жылдан Абайдың ақындық мектебі мәселесін зерттеп, “Абайдың әдебиет мектебі” деген еңбегін жариялады, осы тақырыпта канд. диссертация қорғады (1951). Тал-қылау кезінде ғыл. жетекші М.Әуезов пен диссертантқа жала жабылып, саяси айыптар тағылған. Жас ғалымға Абай мектебі шәкірттерінің қатарында “ұлтшыл ақындарды” зерттегені үшін “панисламшыл, пантүрікшіл” деген айып тағылып, 25 жылға сотталды. Төрт жылдан кейін ақталып, 1958 ж. “Абай төңірегіндегі ақындар” деген тақырыпта екінші рет канд. диссертация қорғады. М. Абай мектебінің ақындары мәселесін зерттеуді шығарм. ізденістермен дамыта білді. Ақын шығарм-н зерттеу нәтижесінде М. Абайдың бұрын белгісіз болып келген 7 өлеңін тауып, ақынның 1945 ж. шыққан жинағына енгізді. 1959 ж. “Мағауия Абайұлы Құнанбаев”, “Абай шығармаларының текстологиясы” моногр. зерттеулері жеке кітап болып басылып шықты. “Абайдың ақын шәкірттері” атты төрт кітаптан тұратын жинақ М-ның құрастыруымен 1993 – 97 ж. жарық көріп, оған Абай шәкірттері Ақылбай, Мағауия, Тұрағұл, Кәкітай, Көкбай, Уәйіс, Әріп, Әсет, Мұқа, Әубәкір, Иманбазар шығармалары мен олар туралы зерттеулер енді. М. Абайдың екі томдық академ. шығармалар жинағының жаңа басылымын шығаруға (1995) үлес қосты. 1988 – 89 ж. мерзімді баспасөзде “Ә.Бөкейханов”, “М.Жұмабаев”, “А.Байтұрсынов”, “Ж.Аймауытов”, “М.Дулатов”, “Шәкәрім” атты ғыл. мәні ерекше мақалалар жариялап, кейін осы зерттеулер негізінде “Абай мұрагерлері” жинағын (1995) жарыққа шығарды. М. қазақ әдебиеттану ғылымының текстология саласының қалыптасуына ерекше еңбек сіңірді. Оның Махамбет, Шәкерім поэзиялары текстологиясына арналған ғыл. мақалалары, Бұқар жырау, Абай шығармаларының текстологиясын қарастырған мақалалары мен монографиясы жарық көрді. Сондай-ақ ол қазақ әдебиетінің тарихын зерттеу ісіне қомақты үлес қосты. Қазақ ауыз әдебиеті, ежелгі дәуір әдебиеті, жыраулық әдебиет өкілдерінің өмірі мен шығарм., әдеби байланыстар туралы 300-ден астам ғыл. мақалалар жазды. М. шығарм-ның тағы бір қыры оның поэзиясы. Драматургия саласында да қарымды еңбек етіп, көптеген пьесалар жазды. М-ның “Толқын” (1944), “Майданнан майданға” (1947), “Комиссар ұаббасов” (1960), “Ер Білісай” (1974) пьесалары көркемдік және тарихи шындықты тұтастай алып, оқиға желісінің өткір құрылуымен ерекшеленді. Әзірбайжан драматургі У.Гаджибековтың “Аршин мал алан” (1941), татар жазушысы Ш.Камалдың “Қажы әпенді үйленеді” (1967) пьесаларын, орыс жазушысы Н.Карамзиннің “Бишара Лизасын” қазақ тіліне аударды. М. Семей қ-ның және Абай, Аягөз, Жаңасемей аудандарының құрметті азаматы. Абайтану саласындағы қажырлы еңбегі үшін 1996 ж. М-на ҚР Мемл. сыйлығы берілді. Т. Шаңбай Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 6-том  
08.11.2012 18:24 4601

 

Соңғы редакциялау:

23 қазан 2012

МҰҚАМЕДХАНҰЛЫ Қайым (ұабдұлқайым) (5.1. 1916, қазіргі Шығ. Қазақстан обл. Семей қ. – 30.6.2004, сонда) – әдебиеттанушы ғалым, абайтанушы, жазушы, драматург. Қазақстанның тұңғыш әнұранының авторы. Әкесі Мұқамедхан Семейде шығатын “Сарыарқа” газетіне, “Абай” журналына меценаттық көмек жасап тұрған (осы журналдың 70 жылдан соң қайта жарық көруіне, Семейдегі “Алаш арыстары” мұражайының ашылуына М. көп еңбек сіңірді). Мұқамедхан ислам діни қозғалысының белсенді мүшесі деген айыппен 1937 ж. 2 желтоқсанда атылған. Сондай-ақ М-ның әкесі алашордашыларға тілеулес болып, оның үйінде ұлт зиялылары (Шәкерім, Көкбай, Тұрағұл, Әлихан, Ахмет, Міржақып, Мағжан, Сұлтанмахмұт, Мұхтар, т.б.) жиі бас қосып, ел бостандығы жөнінде пікір алмасып тұрған. М. шаруа жастары мектебінде білім алған. 1935 – 37 ж. респ. 2 жылдық мұғалімдер курсында оқыған. Семей пед. ин-тының филол. ф-тін бітірген (1941). Семейдегі Абай әдеби мұражайының аға ғыл. қызметкері (1940 – 41; 1947 – 51 ж. оның директоры), Қазақстан Жазушылар одағының Семей обл-ндағы өкілі (1942 – 47), Семей пед. ин-тының аға оқытушысы, доценті, қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, проф. (1955 – 90), 1991 – 95 ж. ҚР өұА М.Әуезов атынд. Әдебиет және өнер ин-тының Абайтану бөлімінің жетекші ғыл. қызметкері болды.  

М. саналы өмірін қазақ әдебиеттану ғылымының абайтану саласына арнады. 1939 жылдан Абайдың ақындық мектебі мәселесін зерттеп, “Абайдың әдебиет мектебі” деген еңбегін жариялады, осы тақырыпта канд. диссертация қорғады (1951). Тал-қылау кезінде ғыл. жетекші М.Әуезов пен диссертантқа жала жабылып, саяси айыптар тағылған. Жас ғалымға Абай мектебі шәкірттерінің қатарында “ұлтшыл ақындарды” зерттегені үшін “панисламшыл, пантүрікшіл” деген айып тағылып, 25 жылға сотталды. Төрт жылдан кейін ақталып, 1958 ж. “Абай төңірегіндегі ақындар” деген тақырыпта екінші рет канд. диссертация қорғады. М. Абай мектебінің ақындары мәселесін зерттеуді шығарм. ізденістермен дамыта білді. Ақын шығарм-н зерттеу нәтижесінде М. Абайдың бұрын белгісіз болып келген 7 өлеңін тауып, ақынның 1945 ж. шыққан жинағына енгізді. 1959 ж. “Мағауия Абайұлы Құнанбаев”, “Абай шығармаларының текстологиясы” моногр. зерттеулері жеке кітап болып басылып шықты. “Абайдың ақын шәкірттері” атты төрт кітаптан тұратын жинақ М-ның құрастыруымен 1993 – 97 ж. жарық көріп, оған Абай шәкірттері Ақылбай, Мағауия, Тұрағұл, Кәкітай, Көкбай, Уәйіс, Әріп, Әсет, Мұқа, Әубәкір, Иманбазар шығармалары мен олар туралы зерттеулер енді. М. Абайдың екі томдық академ. шығармалар жинағының жаңа басылымын шығаруға (1995) үлес қосты. 1988 – 89 ж. мерзімді баспасөзде “Ә.Бөкейханов”, “М.Жұмабаев”, “А.Байтұрсынов”, “Ж.Аймауытов”, “М.Дулатов”, “Шәкәрім” атты ғыл. мәні ерекше мақалалар жариялап, кейін осы зерттеулер негізінде “Абай мұрагерлері” жинағын (1995) жарыққа шығарды.

М. қазақ әдебиеттану ғылымының текстология саласының қалыптасуына ерекше еңбек сіңірді. Оның Махамбет, Шәкерім поэзиялары текстологиясына арналған ғыл. мақалалары, Бұқар жырау, Абай шығармаларының текстологиясын қарастырған мақалалары мен монографиясы жарық көрді. Сондай-ақ ол қазақ әдебиетінің тарихын зерттеу ісіне қомақты үлес қосты. Қазақ ауыз әдебиеті, ежелгі дәуір әдебиеті, жыраулық әдебиет өкілдерінің өмірі мен шығарм., әдеби байланыстар туралы 300-ден астам ғыл. мақалалар жазды. М. шығарм-ның тағы бір қыры оның поэзиясы. Драматургия саласында да қарымды еңбек етіп, көптеген пьесалар жазды. М-ның “Толқын” (1944), “Майданнан майданға” (1947), “Комиссар ұаббасов” (1960), “Ер Білісай” (1974) пьесалары көркемдік және тарихи шындықты тұтастай алып, оқиға желісінің өткір құрылуымен ерекшеленді. Әзірбайжан драматургі У.Гаджибековтың “Аршин мал алан” (1941), татар жазушысы Ш.Камалдың “Қажы әпенді үйленеді” (1967) пьесаларын, орыс жазушысы Н.Карамзиннің “Бишара Лизасын” қазақ тіліне аударды. М. Семей қ-ның және Абай, Аягөз, Жаңасемей аудандарының құрметті азаматы. Абайтану саласындағы қажырлы еңбегі үшін 1996 ж. М-на ҚР Мемл. сыйлығы берілді.

Т. Шаңбай

Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 6-том

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға