Жаңалықтар

Ленинград шайқасы

  Соңғы редакциялау: 23 қазан 2012   ЛЕНИНГРАД ШАЙҚАСЫ — 2-дүниежүзілік соғыс кезінде неміс-фашист әскерлерінен Ленинградты (қазіргі Санкт-Петербург) қорғау мақсатымен Кеңес Қарулы Күштері мен қала еңбекшілерінің 1941 ж. 10 шілдеден 1944 жылдың 10 тамызына дейін жүргізген жауынгерлік қимылдары. Неміс командованиесі Ленинградты оңт. пен оңт-шығыстан (құрамында 16, 18-армиялар, 4-танкілер тобы, 1-әуе флоты бар) армиялар тобының және солт.-батыстан фин әскерлерінің (Оңт.-Шығыс және Карель армиялары) біріккен күші арқылы қала маңындағы соғыс — теңіз базаларын талқандап, КСРО-ны аса ірі өндіріс орт-тарынан айыруды көздеді. Неміс әскерлері негізгі соққыны Луга арқылы Красногвардейскіге қарай бағыттады. Осымен бір мезетте фин әскерлері Карель мойнағында Петрозаводскіге қарай шабуылға шықты. Жау шабуылына тосқауыл ретінде қаланы қоршай салынған қорғаныс шептерінің жалпы ұз. 900 км-ге жетті. Қысқа мерзімде халық жасақтарынан 10 дивизия, көптеген партизан отрядтары құрылып, майдан шебіне жөнелтілді. Ленинград бағытында жау әскерлерінің шабуылына тойтарыс жасап, соққы беру міндеті құрамында 7, 23-армиялар (барлығы 8 дивизия) бар Солт. (23 тамыздан Ленинград майданы, қолбасшысы ген.-л. М.М. Попов) және құрамында 8, 11, 27-армиялар (31 дивизия және 2 бригада) бар Солт.-Батыс (қолбасшысы ген.-м. П.П. Собенников) майдандарының әскерлеріне жүктелді. Бұл екі майданның қимылдарын Солт.-Батыс бағытының бас командованиесі (бас қолбасшысы Кеңес Одағының Маршалы К.Е. Ворошилов) басқарды. 1941 ж. тамыз — қырқүйек айларында Ленинград майданының әскерлері аса қиын жағдайда қалып, 10 қыркүйекте армия генералы Г.К. Жуков майдан қолбасшылығына тағайындалды. Ол Балтық флотымен бірлесе отырып, қала қорғанысын нығайтуға көп күш-жігер жұмсады. Ленинград 1941 ж. 8 қыркүйектен 1943 ж. 18 қаңтарға дейін жау қоршауында болды. Қоршаудағы Ленинград сыртқы дүниемен тек Ладога көлі және әуе жолы арқылы байланысты. Қаладағы әскерилер мен жалпы халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселесі қиынға соқты. Қарашаның 20-сынан әр адамға тәулігіне берілетін нанның мөлш. 125 — 250 г-ға дейін төмендеді. 1941 ж. қараша — 1942 ж. қазан айлары аралығында  641803 адам аштан қырылды. Ладога көлінің мұзымен автомоб. жолы (“Өмір жолы” аталды) салынып, қажетті қару-жарақ, азық-түлік, т.б. тасымалданды. 1942 ж. 26 тамызда Жуков Жоғары Бас қолбасшының 1-орынбасары болып тағайындалып, Ленинград қорғанысына басшылық жасады. Немістер Ленинградты қаншалықты ұзақ қоршағанымен (900 күн) қалаға басып кіре алмады. 1943 ж. 12 қаңтарда Ленинград майданының (қолбасшысы ген.-полк. Л.А. Говоров) 67-армиясы, Волхов майданының (қолбасшысы армия ген. К.А. Мерецков) 2-екпінді армиясы Ладога көлінің оңт-нде бір мезгілде қарама-қарсы шабуылға шықты. Бұларға Балтық флоты (адм. В.Ф. Трибуц) көмектесті. 18 қаңтарда қоршау бұзылды. Ленинград маңындағы фашистерді талқандауды Кеңес командованиесі жедел қарқынмен жүзеге асыра бастады. 1944 жылдың тамызына дейін созылған Л. ш. нәтижесінде Ленинград обл. тегіс жаудан азат етілді. Фин әскерлерінің “Карелия мойнағы” деп аталған әскери тобы да талқандалды. Ленинград бағытында болған ұрыста дұшпанның 50-ге тарта дивизиясы талқандалды. Ленинградты қорғауға, оның түбіндегі жау әскерлерін талқандауға Қазақстанда жасақталған әскери құрамалар (310, 314-атқыштар дивизиялары) қатысты. Мыңдаған қазақстандықтар Ленинград түбінде ерлікпен шайқасты. Л. ш-ның ауыр күндерінде С.Баймағанбетов Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Балтық флотының “Киров” крейсерінде 156 қазақстандық жауынгерлік борышын орындады. Қазақстан халқы ленинградтықтарға азық-түлік пен делегациялар жіберіп те, хат арқылы да көмек беріп отырды. Қазақтың халық ақыны Жамбыл Жабаевтың “Ленинградтық өренім!” атты жалынды жыры жауынгерлерді күреске жігерлендіре түсті. Л. ш-ның зор саяси әрі стратег. маңызы болды. Фашистердің Шығыс майдандағы әскерлерінің 1/5-не жуығы Ленинград бағытында шоғырланды, осы елеулі күшті талқандауда кеңес әскерлері асқан ерлік көрсетті. Кеңес халқының 1941 — 45 ж. фашистік Германияға қарсы соғыс жеңісінің 20 жылдығына байланысты 1965 ж. 8 мамырда Ленинградқа қаһарман қала атағы берілді. Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 6-том  
08.11.2012 18:19 31283

 

Соңғы редакциялау:

23 қазан 2012

 

ЛЕНИНГРАД ШАЙҚАСЫ — 2-дүниежүзілік соғыс кезінде неміс-фашист әскерлерінен Ленинградты (қазіргі Санкт-Петербург) қорғау мақсатымен Кеңес Қарулы Күштері мен қала еңбекшілерінің 1941 ж. 10 шілдеден 1944 жылдың 10 тамызына дейін жүргізген жауынгерлік қимылдары. Неміс командованиесі Ленинградты оңт. пен оңт-шығыстан (құрамында 16, 18-армиялар, 4-танкілер тобы, 1-әуе флоты бар) армиялар тобының және солт.-батыстан фин әскерлерінің (Оңт.-Шығыс және Карель армиялары) біріккен күші арқылы қала маңындағы соғыс — теңіз базаларын талқандап, КСРО-ны аса ірі өндіріс орт-тарынан айыруды көздеді. Неміс әскерлері негізгі соққыны Луга арқылы Красногвардейскіге қарай бағыттады. Осымен бір мезетте фин әскерлері Карель мойнағында Петрозаводскіге қарай шабуылға шықты. Жау шабуылына тосқауыл ретінде қаланы қоршай салынған қорғаныс шептерінің жалпы ұз. 900 км-ге жетті. Қысқа мерзімде халық жасақтарынан 10 дивизия, көптеген партизан отрядтары құрылып, майдан шебіне жөнелтілді. Ленинград бағытында жау әскерлерінің шабуылына тойтарыс жасап, соққы беру міндеті құрамында 7, 23-армиялар (барлығы 8 дивизия) бар Солт. (23 тамыздан Ленинград майданы, қолбасшысы ген.-л. М.М. Попов) және құрамында 8, 11, 27-армиялар (31 дивизия және 2 бригада) бар Солт.-Батыс (қолбасшысы ген.-м. П.П. Собенников) майдандарының әскерлеріне жүктелді. Бұл екі майданның қимылдарын Солт.-Батыс бағытының бас командованиесі (бас қолбасшысы Кеңес Одағының Маршалы К.Е. Ворошилов) басқарды. 1941 ж. тамыз — қырқүйек айларында Ленинград майданының әскерлері аса қиын жағдайда қалып, 10 қыркүйекте армия генералы Г.К. Жуков майдан қолбасшылығына тағайындалды. Ол Балтық флотымен бірлесе отырып, қала қорғанысын нығайтуға көп күш-жігер жұмсады. Ленинград 1941 ж. 8 қыркүйектен 1943 ж. 18 қаңтарға дейін жау қоршауында болды. Қоршаудағы Ленинград сыртқы дүниемен тек Ладога көлі және әуе жолы арқылы байланысты. Қаладағы әскерилер мен жалпы халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселесі қиынға соқты. Қарашаның 20-сынан әр адамға тәулігіне берілетін нанның мөлш. 125 — 250 г-ға дейін төмендеді. 1941 ж. қараша — 1942 ж. қазан айлары аралығында  641803 адам аштан қырылды. Ладога көлінің мұзымен автомоб. жолы (“Өмір жолы” аталды) салынып, қажетті қару-жарақ, азық-түлік, т.б. тасымалданды. 1942 ж. 26 тамызда Жуков Жоғары Бас қолбасшының 1-орынбасары болып тағайындалып, Ленинград қорғанысына басшылық жасады. Немістер Ленинградты қаншалықты ұзақ қоршағанымен (900 күн) қалаға басып кіре алмады.

1943 ж. 12 қаңтарда Ленинград майданының (қолбасшысы ген.-полк. Л.А. Говоров) 67-армиясы, Волхов майданының (қолбасшысы армия ген. К.А. Мерецков) 2-екпінді армиясы Ладога көлінің оңт-нде бір мезгілде қарама-қарсы шабуылға шықты. Бұларға Балтық флоты (адм. В.Ф. Трибуц) көмектесті. 18 қаңтарда қоршау бұзылды. Ленинград маңындағы фашистерді талқандауды Кеңес командованиесі жедел қарқынмен жүзеге асыра бастады. 1944 жылдың тамызына дейін созылған Л. ш. нәтижесінде Ленинград обл. тегіс жаудан азат етілді. Фин әскерлерінің “Карелия мойнағы” деп аталған әскери тобы да талқандалды. Ленинград бағытында болған ұрыста дұшпанның 50-ге тарта дивизиясы талқандалды. Ленинградты қорғауға, оның түбіндегі жау әскерлерін талқандауға Қазақстанда жасақталған әскери құрамалар (310, 314-атқыштар дивизиялары) қатысты. Мыңдаған қазақстандықтар Ленинград түбінде ерлікпен шайқасты. Л. ш-ның ауыр күндерінде С.Баймағанбетов Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Балтық флотының “Киров” крейсерінде 156 қазақстандық жауынгерлік борышын орындады. Қазақстан халқы ленинградтықтарға азық-түлік пен делегациялар жіберіп те, хат арқылы да көмек беріп отырды. Қазақтың халық ақыны Жамбыл Жабаевтың “Ленинградтық өренім!” атты жалынды жыры жауынгерлерді күреске жігерлендіре түсті.

Л. ш-ның зор саяси әрі стратег. маңызы болды. Фашистердің Шығыс майдандағы әскерлерінің 1/5-не жуығы Ленинград бағытында шоғырланды, осы елеулі күшті талқандауда кеңес әскерлері асқан ерлік көрсетті. Кеңес халқының 1941 — 45 ж. фашистік Германияға қарсы соғыс жеңісінің 20 жылдығына байланысты 1965 ж. 8 мамырда Ленинградқа қаһарман қала атағы берілді.

Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 6-том

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға