Жаңалықтар

Міржақып Дулатов

Соңғы редакциялау: 12 қазан 2012 Дулатов Міржақып – Алаш қозғалысының қайраткері, жазушы, ақын, драматург, журналист. 1885 ж. туған. Екі жасында шешеден, он жасында әкеден айырылып, ағасы Асқар Дулатовтың қолында өскен. Алғашында ауыл молдасынан хат танып, кейін Торғайдағы орыс-қазақ мектебінде білім алып, ауылда бала оқытады. 1904 ж. Омбыға қоныс аударған. Осы қалада Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейхановпен танысады. 1905 ж. он жетінші қазанда Ресей үкіметіне қазақ халқы атынан жолданған Қарақаралы құзырхатын дайындаушылардың бірі болды. 1906 ж. Конституциялық демократтар партиясы делегаттары қатарында Санкт-Петербургке барып, көше шерулеріне, ереуілдерге қатысады. 1907 ж. Санкт-Петербургте жалғыз ғана нөмірі шыққан «Серке» газетінде «Жастарға» деген өлеңі басылады. Оның тұңғыш өлеңдер жинағы 1909 ж. «Оян, қазақ!» деген атпен шықты. Бұл кітап қолдан-қолға тарап, аз уақыттың ішінде ақынның есімі танымал болды. Ресей әкімдері кітапты оқуға тыйым салып, қолға түскен даналарын тәркіледі. Қызылжарда қазақ балаларына орыс тілінен сабақ береді, сол кезде одан Мағжан Жұмабаев дәріс алады. 1910 ж. Қазандағы Каримовтар баспасынан «Бақытсыз Жамал» романы жарық көрді. Қазақ басылымдарына, әсіресе, «Айқап» журналына үзбей мақала жазып тұрады. 1911 ж. маусым айының жетісі күні Семейге келгенде тұтқындалады да, он тоғыз ай қамауда отырады. 1912 ж. Орынборға келеді. Осындағы қазақ зиялылары ақыл қосып, ел санасын оята беру мақсатымен баспасөз қызметін қолға алуды ұйғарады. 1913 – 18 ж. «Қазақ» газетінің бас редакторы Байтұрсыновтың орынбасары, жауапты хатшы қызметінде болады. Алаш қозғалысының жетекшілерінің бірі ретінде ол 1917 ж. Орынборда өткен Бірінші және Екінші жалпықазақ сьезіне белсене қатысып, «Алаш» партиясының бағдарламасын жазды. 1920 – 22 ж. Ташкентте «Ақ жол» газетінде қызмет атқарады, 1922 ж. Алаш қозғалысына қатысқаны үшін қамауға алынып, Орынборға жөнелтіледі де, сонда қамаудан босатылады. 1922 ж. тоғызыншы наурызда Семейде қазақ зиялылары бас қосып, ашыққан елді аман сақтап қалу үшін сенімді азаматтарды елге шығарып, шаруасы күйлі азаматтардан жылу ретінде мал жию керек деген байламға тоқтайды. Жүсіпбек Аймауытов екеуі осы іске басшылық жасап, екі-үш айда он бес мың бас ірі қара жиып, ашыққан елді мекендерге жібереді. 1922 – 26 ж. Орынбордағы Қазақ халық ағарту институтында оқытушы, Қызылжарда, Семейде сот мекемелерінде, Қызылордада мерзімді баспасөз орындарында қызмет істеген. 1928 жылдың желтоқсанында қамауға алынады. 1930 ж. ату жазасына кесіліп, кейін оны он жыл абақтыға ауыстырады. Беломор-Балтық каналының құрылысы бойында Сосновск стансасындағы лагерьде «жазасын» өтейді. 1935 ж. қазан айының бесі күні осы лагерьдің лазаретінде ауыр науқастан қайтыс болады. Сүйегі 1992 ж. қыркүйек айының 1 – 18 күндері аралығында Торғай өңіріндегі өз есімімен аталатын ауыл бейітіне әкелініп, қайта жерленді. Дулатов – көрнекті саясаткер. Ол «Қазақ» газеті бетінде алуан түрлі саяси-әлеуметтік мәселелерді көтереді. Зәбір, зорлық көрген қарапайым адам құқы мен отарлық езгі тепкісіндегі қазақ елі туралы тынбай жазды. Оқу-педагогтік қызмет – өмір бойы қаламгердің айрықша көңіл аударған, қолы босаған сәтте ықыласпен айналысқан жұмыстарының бірі. Қазақ халық ағарту институтында ұстаздық еткен жылдары ол осы саланың өзекті мәселелері туралы өткір мақалалар жазады, жаңа шаңырақ көтеріп жатқан оқу орындарына арнап оқу құралдарын («Есеп құралы. Бастауыш мектеп оқушыларына», Орынбор, 1914; 1928 жылға дейін тоғыз рет басылған; 1927 жылы қырғыз тіліне аударылған; «Есеп құралы. Бастауыш мектепте екінші жыл оқытылатын»; сегіз рет басылған, 1920; «Қирағат кітабы», 1924) шығарады.         
08.11.2012 17:02 7695

Соңғы редакциялау:

12 қазан 2012

Дулатов Міржақып – Алаш қозғалысының қайраткері, жазушы, ақын, драматург, журналист. 1885 ж. туған. Екі жасында шешеден, он жасында әкеден айырылып, ағасы Асқар Дулатовтың қолында өскен. Алғашында ауыл молдасынан хат танып, кейін Торғайдағы орыс-қазақ мектебінде білім алып, ауылда бала оқытады. 1904 ж. Омбыға қоныс аударған. Осы қалада Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейхановпен танысады. 1905 ж. он жетінші қазанда Ресей үкіметіне қазақ халқы атынан жолданған Қарақаралы құзырхатын дайындаушылардың бірі болды. 1906 ж. Конституциялық демократтар партиясы делегаттары қатарында Санкт-Петербургке барып, көше шерулеріне, ереуілдерге қатысады. 1907 ж. Санкт-Петербургте жалғыз ғана нөмірі шыққан «Серке» газетінде «Жастарға» деген өлеңі басылады. Оның тұңғыш өлеңдер жинағы 1909 ж. «Оян, қазақ!» деген атпен шықты. Бұл кітап қолдан-қолға тарап, аз уақыттың ішінде ақынның есімі танымал болды. Ресей әкімдері кітапты оқуға тыйым салып, қолға түскен даналарын тәркіледі. Қызылжарда қазақ балаларына орыс тілінен сабақ береді, сол кезде одан Мағжан Жұмабаев дәріс алады. 1910 ж. Қазандағы Каримовтар баспасынан «Бақытсыз Жамал» романы жарық көрді. Қазақ басылымдарына, әсіресе, «Айқап» журналына үзбей мақала жазып тұрады. 1911 ж. маусым айының жетісі күні Семейге келгенде тұтқындалады да, он тоғыз ай қамауда отырады. 1912 ж. Орынборға келеді. Осындағы қазақ зиялылары ақыл қосып, ел санасын оята беру мақсатымен баспасөз қызметін қолға алуды ұйғарады. 1913 – 18 ж. «Қазақ» газетінің бас редакторы Байтұрсыновтың орынбасары, жауапты хатшы қызметінде болады. Алаш қозғалысының жетекшілерінің бірі ретінде ол 1917 ж. Орынборда өткен Бірінші және Екінші жалпықазақ сьезіне белсене қатысып, «Алаш» партиясының бағдарламасын жазды. 1920 – 22 ж. Ташкентте «Ақ жол» газетінде қызмет атқарады, 1922 ж. Алаш қозғалысына қатысқаны үшін қамауға алынып, Орынборға жөнелтіледі де, сонда қамаудан босатылады. 1922 ж. тоғызыншы наурызда Семейде қазақ зиялылары бас қосып, ашыққан елді аман сақтап қалу үшін сенімді азаматтарды елге шығарып, шаруасы күйлі азаматтардан жылу ретінде мал жию керек деген байламға тоқтайды. Жүсіпбек Аймауытов екеуі осы іске басшылық жасап, екі-үш айда он бес мың бас ірі қара жиып, ашыққан елді мекендерге жібереді. 1922 – 26 ж. Орынбордағы Қазақ халық ағарту институтында оқытушы, Қызылжарда, Семейде сот мекемелерінде, Қызылордада мерзімді баспасөз орындарында қызмет істеген. 1928 жылдың желтоқсанында қамауға алынады. 1930 ж. ату жазасына кесіліп, кейін оны он жыл абақтыға ауыстырады. Беломор-Балтық каналының құрылысы бойында Сосновск стансасындағы лагерьде «жазасын» өтейді. 1935 ж. қазан айының бесі күні осы лагерьдің лазаретінде ауыр науқастан қайтыс болады. Сүйегі 1992 ж. қыркүйек айының 1 – 18 күндері аралығында Торғай өңіріндегі өз есімімен аталатын ауыл бейітіне әкелініп, қайта жерленді. Дулатов – көрнекті саясаткер. Ол «Қазақ» газеті бетінде алуан түрлі саяси-әлеуметтік мәселелерді көтереді. Зәбір, зорлық көрген қарапайым адам құқы мен отарлық езгі тепкісіндегі қазақ елі туралы тынбай жазды. Оқу-педагогтік қызмет – өмір бойы қаламгердің айрықша көңіл аударған, қолы босаған сәтте ықыласпен айналысқан жұмыстарының бірі. Қазақ халық ағарту институтында ұстаздық еткен жылдары ол осы саланың өзекті мәселелері туралы өткір мақалалар жазады, жаңа шаңырақ көтеріп жатқан оқу орындарына арнап оқу құралдарын («Есеп құралы. Бастауыш мектеп оқушыларына», Орынбор, 1914; 1928 жылға дейін тоғыз рет басылған; 1927 жылы қырғыз тіліне аударылған; «Есеп құралы. Бастауыш мектепте екінші жыл оқытылатын»; сегіз рет басылған, 1920; «Қирағат кітабы», 1924) шығарады.     

 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға