Apple басшысы қытайлық тұтынушылар алдында кешірім сұрады
Қытайдың мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдары компанияның менмендік пен сараңдығын айыптағаннан кейін, Apple басшысы Тим Кук қытайлық тұтынушылар алдында кешірім сұрады. Бұл туралы ВВС хабарлады. Екі аптадан бері қытайлық БАҚ-та аталған компанияның өздерінің өнімдерін жөндеу жұмыстарымен қамтамасыз ету бойынша Apple саясаты талқыға салынған еді. Қытай журналистерінің пайымдауынша, компания қытайлық тұтынушылардың пікірлері мен ұсыныстарына тиісті деңгейде назар аудармай отыр. Осы орайда Тим Кук кешірім сұрай келе, түсінбестік орын алғанын сөз еткен. Сонымен қатар Apple басшысы компания өніміне кепілдікті жөндеу жағдайын жақсартатынына уәде берді. ҚазАқпарат.
02.04.2013 13:43
3134
Қытайдың мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдары компанияның менмендік пен сараңдығын айыптағаннан кейін, Apple басшысы Тим Кук қытайлық тұтынушылар алдында кешірім сұрады. Бұл туралы ВВС хабарлады.
Екі аптадан бері қытайлық БАҚ-та аталған компанияның өздерінің өнімдерін жөндеу жұмыстарымен қамтамасыз ету бойынша Apple саясаты талқыға салынған еді. Қытай журналистерінің пайымдауынша, компания қытайлық тұтынушылардың пікірлері мен ұсыныстарына тиісті деңгейде назар аудармай отыр.
Осы орайда Тим Кук кешірім сұрай келе, түсінбестік орын алғанын сөз еткен. Сонымен қатар Apple басшысы компания өніміне кепілдікті жөндеу жағдайын жақсартатынына уәде берді.
ҚазАқпарат.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Мас жігіт электр сымдарымен өрмелеген
Келесі жаңалық
Шымкентте көктемгі дезинсекциялық жұмыстар басталды