Жаңалықтар

Қазақстан Республикасы: Климаты

  Соңғы редакциялау: 19 қазан, 2012   Қазақстан Республикасы: Климаты. Кең байтақ Казақстан жерінде оның геогр. орнына (яғни атмосф. ылғалдықтың негізгі көзі – мұхиттардан тым шалғай орналасуына) және жер бедерінің сипатына байланысты қуаң континенттік климат қалыптасқан. Басқа кез-келген аумақты аймақтар сияқты республика климатына да радиациялық және циркуляциялық факторлар кешені ерекше әсер етеді. Радиация. Қазақстан аумағы үстінде бүкіл жыл бойы жоғары қысымды ауа қабаты үстемдік етеді, ал оған көршілес аймақтарға (солт., батыс және оңт.) төм. қысымды қабаттар тән келеді. Жалпы республика аумағының көпшілік бөлігінде антициклондық ауа райы басым. Сондықтан мұнда шұғылалы ашық күндер ұзақт. жылына солт-тен оңт-ке қарай 2000 сағ-тан 3000 сағ-қа дейін артып отырады. Жылына солт-те 120, оңт-те 260 күн ұдайы ашық болады, бұлтты күндер саны тиісінше 60 күннен 10 күнге дейін (Балқаш ойысында) кемиді. Міне, осылардың нәтижесінде жиынтық радиация мөлшері де солт-тен оңт-ке қарай 4200-ден 5500 МДж/м2-ге дейін біртіндеп артады. Сол сияқты төсеніш беттің (жер бетінің) сәуле қайтару қабілетіне байланысты сіңірілетін радиация мөлшері де оңт-ке қарай бірқалыпты көбейеді. Сәуле қайтару қабілетін қыста тұрақты қар жамылғысы қалыптасқанда ең жоғары мәніне 70 – 80%-ға жетіп, жазда көпшілік жерде 20 – 30%-ке дейін төмендейді. Радиацияның жылдық тиімді сәулелену мәні солт-те 1500-ден оңт-те 2100 МДж/м2-ге дейін өзгереді. Теріс мәнді радиациялық баланстың маусымдық ұзақт. солт-те 3,5 – 4,5 ай (қараша – наурыз), оңт-те – 1 ай. Қазақстанда жылудың булануға жұмсалатын жылдық шығынының мөлш. солт-тен оңт-ке қарай 630-дан 420 МДж/м2-ге кемиді. Шөлді өңірдің қуаңшылық маусымында жылудың көп мөлш. турбулентті жылу алмасуға кетеді. Тек топырақтың көктемгі ылғалға қаныққан кезінде, сол сияқты көгалды жерлерде буландыруға кететін жылу мөлшері ауаны турбулентті жылу алмасу жолымен қыздыратын жылу шығынынан артық болады. Жазғы шұраттық құбылыс, яғни булану есебінен күндізгі ауа температурасының қала төңірегіне қарағанда төменірек болуы Алматыда жақсы байқалады. Радиация мен жылу балансының өзгерісі ауа темп-расын өзгертеді. Қаңтар айының орташа темп-расы Қазақстанның солт. және шығыс аудандарындағы – 18 С-тан оңт. аудандарында 3 С-қа дейін көтеріледі. Шілденің орташа темп-расы бұл аудандарда тиісінше 19 С-тан 28 –30 С-қа дейін. Қазақстанның солт.-шығысында климаттың континенттігі тым жоғары, бұл өңірде қаңтар мен шілденің орташа темп-расының айырмашылығы 41 С-қа жетеді. Оңт. аудандарда 10 ай бойы орташа тәуліктік темп-ра 0 С-тан жоғарырақ болады. Республиканың солт-нде қыс ұзақ, қарлы әрі суық, аяз кей уақыттарда –45 С-тан –50 С-қа жетеді. Жазы қоңыржай жылы, қысқа, кейде ауа темп-расы 35 С-тан 45 С-қа дейін қызуы мүмкін. Көктемнің соңғы үсігі шілдеде, ал күздің ерте үсігі тамыздың аяғында түсуі мүмкін. Қазақстанның оңт. аудандарының қысы жұмсақ. Бұл өңірдің қыс айларында жиі-жиі қайталанатын жылымық құбылысы кезінде ауа темп-расының ең жоғ. деңгейі 15 – 20 С-қа дейін көтеріледі. Соған қарамастан мұнда кейбір күндері –30–35 С, тіпті –40 С-тан да төмен аяздар байқалады. Алматыда абс. минимум –42 С-қа жеткен (26 ақпан, 1951). Республиканың қиыр оңт-нде көктемгі соңғы үсік сәуірдің аяғында, алғашқы үсік қыркүйектің 2-жартысында түсуі ықтимал. Оңт. Қазақстанның таулы өңірінен тыс бөлігінде жаз тым ыстық әрі ұзақ. Кейбір жылдары ауа темп-расы 45 – 47 С-қа, топырақтың беткі қабаты 70 С-қа және одан да жоғары қызуы мүмкін. Күн энергиясының мұншама көп қоры Қазақстан аумағында гелиоэнергетиканы дамытуға мүмкіндік береді. Атмосфера айналымы. Қазақстан жері қыс маусымында Сібір антициклонының тармағы мен азорлық ядросының ыкпалына жиі ұшырап отырады. Осыған байланысты республиканың солт-нде оңт.-батыс және батыс, ал жазда солт.-батыс бағыттан соғатын жел басым келеді. Қазақстандағы атмосф. процестер Солт. жарты шардың Атлантика – Еуразия секторының 3 ірі аумақты айналымы ықпалымен қалыптасады. Егерде циклондар мен антициклондардың алмасу жолдары ендік бағытпен өтсе, онда ол ендік бағыттағы айналым делінеді. Ендік бағыттағы айналым кезінде Қазақстанның көпшілік бөлігінде жауын-шашынның мөлш. кеміп, ауа темп-расы жоғарылайды. Еур. айналым кезінде республикаға суық ауа массаларының енуі жиілейді, темп-ра шұғыл төмендейді, жауын-шашын молаяды, жел күшейеді. Сібірлік айналымда – оңт-тен тарайтын жылы ауа массалары ұлғайып, ауа темп-расы жоғарылайды, жауын-шашын кемиді. Республика климатының қалыптасуына оның жер бетінің әр тектілігінің де әсері болады. Қазақстандағы атмосф. циркуляциялық процестерге оңт. және оңт.-шығыстағы тау жүйелері (биікт. 4000 – 5000 м-лік) мен Каспий және Арал т-дері сияқты су айдындары да ықпалын тигізеді. Табиғи кедергі саналатын тау жүйелері атмосферадағы ендік бағыттағы шептік белдемін солт.-шығыс бағытқа қарай ойыстырып, ауа массасының заулама ағынын күшейтеді. Осы ауа массасы сонымен бірге тау бөктеріндегі жергілікті климатты қалыптастырушы тау аңғарлық ауа айналымын тудырады. Қазақстанның таулық және тау етегіндегі өңірлерінің термиялық режимі жапсарлас жатқан жазықтар жағдайына қарағанда мүлдем басқаша келеді. Таудағы темп-ра жазық жердегіден төмен келеді. Тау беткейлері төңірегіндегі ауа қабатының радиациялық салқындауынан және беткеймен төмен қарай ойысқан ауаның жылынуынан таулы аудандарда темп-раның ауытқу амплитудасы кеміп, темп-ра инверсиясы (жалпы биіктікке байланысты ауа темп-расының көтерілуі) қалыптасады. Инверсия қыс маусымында неғұрлым күштірек қалыптасады. Тау жоталарына жақындаған сайын тік бағыттағы ауа ағыны күшейіп, жауын-шашын шұғыл артады. Орташа жылдық жауын-шашын мөлш. жазықта 100–200 мм болса, тау бөктерінде 500–600 мм-ге дейін артады. Жазық өңірлерде жылдық жауын-шашынның максимумы жаз айларында, ал тау бөктерінде жылына 2 рет (наурыз – сәуір және қараша – желтоқсан) байқалады. Су айдындары бриздік айналымды тудырады, ол құрлықта ондаған километрге ғана таралады. Орта ендік бойындағы су айдындарының солт.-шығыс жағалауында жазда жылы ылғалды ауа ағыны үстемдік етсе оңт.-батыс жағында атмосф. суық серпіліс пайда болады. Бұл құбылысты Арал т. мен Каспийдің солт.-шығыс бөлігінен жиі-жиі байқауға болады. Су айдындарының оңт.-батыс бөлігіне қарағанда солт.-шығысында жауын-шашын 2–3 есе көбірек түседі. Аумақты Каспий айдыны климаттың қалыптасуына қыста ғана ыкпал жасайды. Керісінше, Арал т. атмосфера айналымына жаз айларында ғана катысады. Көлемі шағын Балқаш к-нің де атмосфера айналымына және бұлттылыққа тигізетін әсері мол. Қазақстан жеріндегі соғатын желдің орташа жылд. 4–4,5 м/с, Каспий т-нің жағалауында 6 м/с-тен астам, ал Жетісу қақпасында соғатын Ебі желінің жылд. 70 м/с-ке жетеді. Қазақстан аумағын 4 климаттық белдеу (орманды дала, дала, шөлейт, шөл) қамтиды. Орманды дала климаттық белдемі республиканың ылғалы ең мол бөлігі. Орташа жылдық жауын-шашын мөлш. 242 – 315 мм-ге дейін, оның 80%-ы жылдың жылы мезгілінде жауады. 10 С-тан жоғары орташа тәуліктік ауа темп-расының жылдық жиынтық мөлш. 2100 С. Вегетациялық өсіп-өну кезеңінің ұзақт. 160–170 тәулік. Ең қысқа жыл маусымы – көктем, ұзақт. 1,5 ай, жазы 3 айға созылады. Қысы ұзақ, қазаннан сәуірдің соңына дейін. Қуаңшылықтың орташа жылдық мөлш. 37 күн, кейбір жылдары 110 – 113 күнге дейін созылады. Далалық климаттық белдем республиканың солт-ндегі біраз аймақты қамтиды. Жылдық жауын-шашын мөлш. 200 – 300 мм, оның 70 – 80%-ы жаз айларына тән. Тұрақты қар жамылғысы 140–160 күнге созылады, қардың орташа қалыңд. 30 см-дей. Дүлей желді күндер көп және эрозиялық процестер күшті дамыған. 10 С-тан жоғары ауаның орташа тәуліктік темп-расының жылдық жиынтық мөлш. 2100 – 2300 С. Вегетациялық өсіп-өну кезеңінің ұзақт. 170–180 тәулік. Қуаңшылықтықтың орташа жылдық мөлш. 69 күн. Орманды дала климаттық белдеміне қарағанда қысы және көктемі қысқа, жазы ұзағырақ, күзі 1 айға жуық (қыркүйектен басталады). Шөлейт (шөлейтті дала) климаттық белдем, немесе қуаң дала Қазақстанның орта бөлігіндегі жазық өңірді алып жатыр. Жылдық жауын-шашын мөлш. оңт-ке қарай 279 мм-ден 153 мм-ге дейін кемиді, оның 43–27%-ы жылдың суық маусымында түседі. Тұрақты қар жамылғысы 120 күндей сақталады. Қар жамылғысының қалыңд. батыстан шығысқа қарай 20 см-ден 60 см-ге дейін артады. Ауаның орташа тәул. темп-расы 25 С-тан жоғары күндер саны 30–45, 35 С-тан жоғарғысы – 10–20 күн. Вегетациялық өсіп-өну кезеңінің ұзақт. 170–200 тәулік. Қысы қатал, ауа райы құбылмалы келеді, жазы ыстық, радиацияның жиынтық мөлш. тым жоғары. Аңызақ лебі кейбір жылдары айына 27–29 күнге созылады. Шөл климаттық белдемі Қазақстанның жазық өңірінің көп бөлігін қамтиды. Ол 3 типке ажыратылады: сазды шөл, құмды шөл және тасты шөл. Орташа жылдық темп-расы 3–13 С, жылдық жауын-шашын мөлш. 81– 84 мм. Кейде жылына 20–30 күндей қар жауады. Жазы ұзақ, ыстық, қысы салқын, ауасы тым құрғақ келеді. Қар жамылғысы тұрақсыз. Жалпы жылына қар белдемінің оңт-нде 31, солт.-шығысында 120 күндей жатады. Желі баяу, аязды маусымның ұзақт. 100–170 күндей. Вегетациялық өсіп-өну кезеңі 180–260 тәулік. Қысы құбылмалы: қарашада түсіп, наурыздың аяғына дейін созылады. Аяз кейде –15–20 С-қа, ал солт-нде –32 С-қа дейін жетеді. Жазы мамырдың басында басталып, қыркүйектің 2-жартысына дейін созылады. Шілденің орташа темп-расы 23 – 30 С, кей күндері 41 – 46 С-қа дейін көтерілуі мүмкін. Көктемнің тым қысқа маусымында жылдық ылғалдың 14–25%-ы түсіп үлгіреді, соның нәтижесінде топырақ ылғалға қанығып, эфемерлік өсімдіктер қаулап өседі. Қазақстанның қиыр оңт. бөлігі жылу мен ылғалдың жыл бойы таралуына, т.б. метеорол. сипаттамалар ерекшеліктеріне қарай жеке оңт. шөл белдем аралығын құрайды. Ерекшелігі: жауын-шашынның негізгі мөлшері (62–67%) наурыз айында түседі, жыл бойына 40 күндей қар қылауы байқалады, бірақ та қар жамылғысы қалыптаспайды. Вегетациялық өсіп-өну кезеңінің ұзақт. 245–260 тәулік, 10 С-тан жоғары ауаның орташа тәул. темп-расының жылдық жиынтық мөлш. 4300–4600 С. Жыл маусымдары айқын ажыратылады. Қысы қысқа, 90 күндей. Жазы ұзақ, 160–170 күнге дейін созылады. Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 5-том
08.11.2012 12:26 21021

 

Соңғы редакциялау:

19 қазан, 2012

 

Қазақстан Республикасы: Климаты. Кең байтақ Казақстан жерінде оның геогр. орнына (яғни атмосф. ылғалдықтың негізгі көзі – мұхиттардан тым шалғай орналасуына) және жер бедерінің сипатына байланысты қуаң континенттік климат қалыптасқан. Басқа кез-келген аумақты аймақтар сияқты республика климатына да радиациялық және циркуляциялық факторлар кешені ерекше әсер етеді.

Радиация. Қазақстан аумағы үстінде бүкіл жыл бойы жоғары қысымды ауа қабаты үстемдік етеді, ал оған көршілес аймақтарға (солт., батыс және оңт.) төм. қысымды қабаттар тән келеді. Жалпы республика аумағының көпшілік бөлігінде антициклондық ауа райы басым. Сондықтан мұнда шұғылалы ашық күндер ұзақт. жылына солт-тен оңт-ке қарай 2000 сағ-тан 3000 сағ-қа дейін артып отырады. Жылына солт-те 120, оңт-те 260 күн ұдайы ашық болады, бұлтты күндер саны тиісінше 60 күннен 10 күнге дейін (Балқаш ойысында) кемиді. Міне, осылардың нәтижесінде жиынтық радиация мөлшері де солт-тен оңт-ке қарай 4200-ден 5500 МДж/м2-ге дейін біртіндеп артады. Сол сияқты төсеніш беттің (жер бетінің) сәуле қайтару қабілетіне байланысты сіңірілетін радиация мөлшері де оңт-ке қарай бірқалыпты көбейеді. Сәуле қайтару қабілетін қыста тұрақты қар жамылғысы қалыптасқанда ең жоғары мәніне 70 – 80%-ға жетіп, жазда көпшілік жерде 20 – 30%-ке дейін төмендейді. Радиацияның жылдық тиімді сәулелену мәні солт-те 1500-ден оңт-те 2100 МДж/м2-ге дейін өзгереді. Теріс мәнді радиациялық баланстың маусымдық ұзақт. солт-те 3,5 – 4,5 ай (қараша – наурыз), оңт-те – 1 ай.

Қазақстанда жылудың булануға жұмсалатын жылдық шығынының мөлш. солт-тен оңт-ке қарай 630-дан 420 МДж/м2-ге кемиді. Шөлді өңірдің қуаңшылық маусымында жылудың көп мөлш. турбулентті жылу алмасуға кетеді. Тек топырақтың көктемгі ылғалға қаныққан кезінде, сол сияқты көгалды жерлерде буландыруға кететін жылу мөлшері ауаны турбулентті жылу алмасу жолымен қыздыратын жылу шығынынан артық болады. Жазғы шұраттық құбылыс, яғни булану есебінен күндізгі ауа температурасының қала төңірегіне қарағанда төменірек болуы Алматыда жақсы байқалады. Радиация мен жылу балансының өзгерісі ауа темп-расын өзгертеді. Қаңтар айының орташа темп-расы Қазақстанның солт. және шығыс аудандарындағы – 18 С-тан оңт. аудандарында 3 С-қа дейін көтеріледі. Шілденің орташа темп-расы бұл аудандарда тиісінше 19 С-тан 28 –30 С-қа дейін. Қазақстанның солт.-шығысында климаттың континенттігі тым жоғары, бұл өңірде қаңтар мен шілденің орташа темп-расының айырмашылығы 41 С-қа жетеді. Оңт. аудандарда 10 ай бойы орташа тәуліктік темп-ра 0 С-тан жоғарырақ болады. Республиканың солт-нде қыс ұзақ, қарлы әрі суық, аяз кей уақыттарда –45 С-тан –50 С-қа жетеді. Жазы қоңыржай жылы, қысқа, кейде ауа темп-расы 35 С-тан 45 С-қа дейін қызуы мүмкін. Көктемнің соңғы үсігі шілдеде, ал күздің ерте үсігі тамыздың аяғында түсуі мүмкін.

Қазақстанның оңт. аудандарының қысы жұмсақ. Бұл өңірдің қыс айларында жиі-жиі қайталанатын жылымық құбылысы кезінде ауа темп-расының ең жоғ. деңгейі 15 – 20 С-қа дейін көтеріледі. Соған қарамастан мұнда кейбір күндері –30–35 С, тіпті –40 С-тан да төмен аяздар байқалады. Алматыда абс. минимум –42 С-қа жеткен (26 ақпан, 1951). Республиканың қиыр оңт-нде көктемгі соңғы үсік сәуірдің аяғында, алғашқы үсік қыркүйектің 2-жартысында түсуі ықтимал. Оңт. Қазақстанның таулы өңірінен тыс бөлігінде жаз тым ыстық әрі ұзақ. Кейбір жылдары ауа темп-расы 45 – 47 С-қа, топырақтың беткі қабаты 70 С-қа және одан да жоғары қызуы мүмкін. Күн энергиясының мұншама көп қоры Қазақстан аумағында гелиоэнергетиканы дамытуға мүмкіндік береді.

Атмосфера айналымы. Қазақстан жері қыс маусымында Сібір антициклонының тармағы мен азорлық ядросының ыкпалына жиі ұшырап отырады. Осыған байланысты республиканың солт-нде оңт.-батыс және батыс, ал жазда солт.-батыс бағыттан соғатын жел басым келеді. Қазақстандағы атмосф. процестер Солт. жарты шардың Атлантика – Еуразия секторының 3 ірі аумақты айналымы ықпалымен қалыптасады. Егерде циклондар мен антициклондардың алмасу жолдары ендік бағытпен өтсе, онда ол ендік бағыттағы айналым делінеді. Ендік бағыттағы айналым кезінде Қазақстанның көпшілік бөлігінде жауын-шашынның мөлш. кеміп, ауа темп-расы жоғарылайды. Еур. айналым кезінде республикаға суық ауа массаларының енуі жиілейді, темп-ра шұғыл төмендейді, жауын-шашын молаяды, жел күшейеді. Сібірлік айналымда – оңт-тен тарайтын жылы ауа массалары ұлғайып, ауа темп-расы жоғарылайды, жауын-шашын кемиді. Республика климатының қалыптасуына оның жер бетінің әр тектілігінің де әсері болады.

Қазақстандағы атмосф. циркуляциялық процестерге оңт. және оңт.-шығыстағы тау жүйелері (биікт. 4000 – 5000 м-лік) мен Каспий және Арал т-дері сияқты су айдындары да ықпалын тигізеді. Табиғи кедергі саналатын тау жүйелері атмосферадағы ендік бағыттағы шептік белдемін солт.-шығыс бағытқа қарай ойыстырып, ауа массасының заулама ағынын күшейтеді. Осы ауа массасы сонымен бірге тау бөктеріндегі жергілікті климатты қалыптастырушы тау аңғарлық ауа айналымын тудырады. Қазақстанның таулық және тау етегіндегі өңірлерінің термиялық режимі жапсарлас жатқан жазықтар жағдайына қарағанда мүлдем басқаша келеді. Таудағы темп-ра жазық жердегіден төмен келеді. Тау беткейлері төңірегіндегі ауа қабатының радиациялық салқындауынан және беткеймен төмен қарай ойысқан ауаның жылынуынан таулы аудандарда темп-раның ауытқу амплитудасы кеміп, темп-ра инверсиясы (жалпы биіктікке байланысты ауа темп-расының көтерілуі) қалыптасады. Инверсия қыс маусымында неғұрлым күштірек қалыптасады. Тау жоталарына жақындаған сайын тік бағыттағы ауа ағыны күшейіп, жауын-шашын шұғыл артады. Орташа жылдық жауын-шашын мөлш. жазықта 100–200 мм болса, тау бөктерінде 500–600 мм-ге дейін артады. Жазық өңірлерде жылдық жауын-шашынның максимумы жаз айларында, ал тау бөктерінде жылына 2 рет (наурыз – сәуір және қараша – желтоқсан) байқалады. Су айдындары бриздік айналымды тудырады, ол құрлықта ондаған километрге ғана таралады. Орта ендік бойындағы су айдындарының солт.-шығыс жағалауында жазда жылы ылғалды ауа ағыны үстемдік етсе оңт.-батыс жағында атмосф. суық серпіліс пайда болады. Бұл құбылысты Арал т. мен Каспийдің солт.-шығыс бөлігінен жиі-жиі байқауға болады. Су айдындарының оңт.-батыс бөлігіне қарағанда солт.-шығысында жауын-шашын 2–3 есе көбірек түседі. Аумақты Каспий айдыны климаттың қалыптасуына қыста ғана ыкпал жасайды. Керісінше, Арал т. атмосфера айналымына жаз айларында ғана катысады. Көлемі шағын Балқаш к-нің де атмосфера айналымына және бұлттылыққа тигізетін әсері мол. Қазақстан жеріндегі соғатын желдің орташа жылд. 4–4,5 м/с, Каспий т-нің жағалауында 6 м/с-тен астам, ал Жетісу қақпасында соғатын Ебі желінің жылд. 70 м/с-ке жетеді.

Қазақстан аумағын 4 климаттық белдеу (орманды дала, дала, шөлейт, шөл) қамтиды.

Орманды дала климаттық белдемі республиканың ылғалы ең мол бөлігі. Орташа жылдық жауын-шашын мөлш. 242 – 315 мм-ге дейін, оның 80%-ы жылдың жылы мезгілінде жауады. 10 С-тан жоғары орташа тәуліктік ауа темп-расының жылдық жиынтық мөлш. 2100 С. Вегетациялық өсіп-өну кезеңінің ұзақт. 160–170 тәулік. Ең қысқа жыл маусымы – көктем, ұзақт. 1,5 ай, жазы 3 айға созылады. Қысы ұзақ, қазаннан сәуірдің соңына дейін. Қуаңшылықтың орташа жылдық мөлш. 37 күн, кейбір жылдары 110 – 113 күнге дейін созылады.

Далалық климаттық белдем республиканың солт-ндегі біраз аймақты қамтиды. Жылдық жауын-шашын мөлш. 200 – 300 мм, оның 70 – 80%-ы жаз айларына тән. Тұрақты қар жамылғысы 140–160 күнге созылады, қардың орташа қалыңд. 30 см-дей. Дүлей желді күндер көп және эрозиялық процестер күшті дамыған. 10 С-тан жоғары ауаның орташа тәуліктік темп-расының жылдық жиынтық мөлш. 2100 – 2300 С. Вегетациялық өсіп-өну кезеңінің ұзақт. 170–180 тәулік. Қуаңшылықтықтың орташа жылдық мөлш. 69 күн. Орманды дала климаттық белдеміне қарағанда қысы және көктемі қысқа, жазы ұзағырақ, күзі 1 айға жуық (қыркүйектен басталады).

Шөлейт (шөлейтті дала) климаттық белдем, немесе қуаң дала Қазақстанның орта бөлігіндегі жазық өңірді алып жатыр. Жылдық жауын-шашын мөлш. оңт-ке қарай 279 мм-ден 153 мм-ге дейін кемиді, оның 43–27%-ы жылдың суық маусымында түседі. Тұрақты қар жамылғысы 120 күндей сақталады. Қар жамылғысының қалыңд. батыстан шығысқа қарай 20 см-ден 60 см-ге дейін артады. Ауаның орташа тәул. темп-расы 25 С-тан жоғары күндер саны 30–45, 35 С-тан жоғарғысы – 10–20 күн. Вегетациялық өсіп-өну кезеңінің ұзақт. 170–200 тәулік. Қысы қатал, ауа райы құбылмалы келеді, жазы ыстық, радиацияның жиынтық мөлш. тым жоғары. Аңызақ лебі кейбір жылдары айына 27–29 күнге созылады.

Шөл климаттық белдемі Қазақстанның жазық өңірінің көп бөлігін қамтиды. Ол 3 типке ажыратылады: сазды шөл, құмды шөл және тасты шөл. Орташа жылдық темп-расы 3–13 С, жылдық жауын-шашын мөлш. 81– 84 мм. Кейде жылына 20–30 күндей қар жауады. Жазы ұзақ, ыстық, қысы салқын, ауасы тым құрғақ келеді. Қар жамылғысы тұрақсыз. Жалпы жылына қар белдемінің оңт-нде 31, солт.-шығысында 120 күндей жатады. Желі баяу, аязды маусымның ұзақт. 100–170 күндей. Вегетациялық өсіп-өну кезеңі 180–260 тәулік. Қысы құбылмалы: қарашада түсіп, наурыздың аяғына дейін созылады. Аяз кейде –15–20 С-қа, ал солт-нде –32 С-қа дейін жетеді. Жазы мамырдың басында басталып, қыркүйектің 2-жартысына дейін созылады. Шілденің орташа темп-расы 23 – 30 С, кей күндері 41 – 46 С-қа дейін көтерілуі мүмкін. Көктемнің тым қысқа маусымында жылдық ылғалдың 14–25%-ы түсіп үлгіреді, соның нәтижесінде топырақ ылғалға қанығып, эфемерлік өсімдіктер қаулап өседі.

Қазақстанның қиыр оңт. бөлігі жылу мен ылғалдың жыл бойы таралуына, т.б. метеорол. сипаттамалар ерекшеліктеріне қарай жеке оңт. шөл белдем аралығын құрайды. Ерекшелігі: жауын-шашынның негізгі мөлшері (62–67%) наурыз айында түседі, жыл бойына 40 күндей қар қылауы байқалады, бірақ та қар жамылғысы қалыптаспайды. Вегетациялық өсіп-өну кезеңінің ұзақт. 245–260 тәулік, 10 С-тан жоғары ауаның орташа тәул. темп-расының жылдық жиынтық мөлш. 4300–4600 С. Жыл маусымдары айқын ажыратылады. Қысы қысқа, 90 күндей. Жазы ұзақ, 160–170 күнге дейін созылады.

Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 5-том

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға