Жаңалықтар

Бүгін - Халықаралық құстар күні

Халықаралық құстар күні 1906 жылы Құстарды қорғау бойынша конвецияның бекітілуіне байланысты атап өтіледі. Оның негізгі ережелері ұя салу және мекенді ауыстыру кезінде құстардың барлық түрлерін қорғауға, жойылып кету алдында тұрған құстар түрлерін ұдайы қорғауға; аң аулаудың белгілі бір түрлеріне тыйым салуға немесе шектеу қоюға; құстарды көбейту үшін қорықтарды құруға және экологиялық білім беруге бағытталған. Қазіргі уақытта әлемде құс тұмауына қатысты ауыр эпизоотикалық ахуал қалыптасты. Аталмыш ауру күн өткен сайын өзінің шеңберіне көптеген елдерді енгізуде және бұл тек халықаралық ұйымдардың ғана емес, сондай-ақ әлемнің барлық мемлекеттерінің, соның ішінде Қазақстан үкіметінің алаңдаушылығын туғызуда. Аталмыш ауру бойынша ахуалы нашар елдерден көктемде құстардың қайта оралуымен республика аумағында құс тұмауының пайда болуы ескеріле отырып, жағдайды тұрақтандыру және Қазақстанда тұмаудың таралуын болдырмау бойынша шаралар қолға алынды. Ахуалы нашар елдерден мемлекеттік ветеринарлық қадағалау қызметінің бақылауына жататын жүктерді алып кіруге тыйым салынды. Суда жүзетін құстарды көктем мезгілінде атып алуға шектеу қойылды. Үй құстарына бақылау күшейтілді. ҚазАқпарат.
01.04.2013 05:34 5634

Халықаралық құстар күні 1906 жылы Құстарды қорғау бойынша конвецияның бекітілуіне байланысты атап өтіледі. Оның негізгі ережелері ұя салу және мекенді ауыстыру кезінде құстардың барлық түрлерін қорғауға, жойылып кету алдында тұрған құстар түрлерін ұдайы қорғауға; аң аулаудың белгілі бір түрлеріне тыйым салуға немесе шектеу қоюға; құстарды көбейту үшін қорықтарды құруға және экологиялық білім беруге бағытталған.

Қазіргі уақытта әлемде құс тұмауына қатысты ауыр эпизоотикалық ахуал қалыптасты. Аталмыш ауру күн өткен сайын өзінің шеңберіне көптеген елдерді енгізуде және бұл тек халықаралық ұйымдардың ғана емес, сондай-ақ әлемнің барлық мемлекеттерінің, соның ішінде Қазақстан үкіметінің алаңдаушылығын туғызуда. Аталмыш ауру бойынша ахуалы нашар елдерден көктемде құстардың қайта оралуымен республика аумағында құс тұмауының пайда болуы ескеріле отырып, жағдайды тұрақтандыру және Қазақстанда тұмаудың таралуын болдырмау бойынша шаралар қолға алынды. Ахуалы нашар елдерден мемлекеттік ветеринарлық қадағалау қызметінің бақылауына жататын жүктерді алып кіруге тыйым салынды. Суда жүзетін құстарды көктем мезгілінде атып алуға шектеу қойылды. Үй құстарына бақылау күшейтілді.

ҚазАқпарат.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға