Жаңалықтар

Пайғамбар

Соңғы редакциялау: 24 қазан 2012 жыл ПАЙҒАМБАР (парс. “пайғам” – хабар және “бар” – алып барушы) – қауымға Алла ақиқатын жеткізіп, Құдайдың барлығы мен бірлігін мойындауға шақырушы адам. Бүкіл жаратылыс ішінде ақылымен ерекшеленетін адам баласына Алла дүниедегі тіршілік пен мәңгілік өмірдің сырларын ашу үшін П-лар мен арнайы кітаптарын және сүйікті құлдарын жіберді. Имандағы жеті парыздың бірі – “Алла тағаланың жіберген пайғамбарларына сену”. Ислам теологиясында бұл мәселе нубууат (пайғамбарлық) деп аталып, зерттеледі. Пайғамбарлық екі түрлі болады: нәби және расул. Нәби – періште арқылы уаһи (арнайы хабар) түсірілген немесе жүрегіне илһам арқылы білдірілген яки аян-түс арқылы хабар алып отырған Құдай тағала тарапынан таңдалған ерекше пенделер. Ал расул – пайғамбарлық хабарын қабылдап, Жәбірейіл періште арқылы арнайы кітап түсірілген, Алла тағаланың үкімдерін халыққа жеткізуші ретінде жіберілген, кемелдікке жеткен адам. Сондықтан расулдың бәрін нәби деуге болғанымен, әрбір нәбиді расул деуге болмайды. Пайғамбарлық құдай тағаланың арнайы таңдауымен болатындығы жайлы Құран Кәрімде айтылады (Жұма сүресі, 2, 4-аяттар.). П-лардың сипаттары мен ерекшеліктері мыналар: П-лардың бәрі ер кісілерден болған. Олар күнәдан пәк, бірақ қателіктері болған. Олар ең сенімді адамдар, Алла тағаланың бұйрықтарын қоспай-кемітпей жұртқа жеткізіп отырған, Алла тағаланың үкімін адамдарға жеткізетін кезде жанқиярлық ерлікпен, аса шыншыл әрі турашылдығымен ерекшеленген. Кез келген адам ұрпақтары біле бермейтін құпия нәрселерді уаһидің сәулесімен біліп, жұртқа үйреткен, адамдарға Алла тағаланың аяттарын оқыған, кітап пен хикметті үйреткен. Игіліктің бұл дүниеде адамдардан емес, ақыретте, әлемдерді жаратып тәрбиелеуші болған Алла тағаладан алынатындығын көрсеткен жандар. П-лар адамдардың сұрауына байланысты, өздерінің пайғамбарлығын дәлелдеу және Алла тағаланың құдіретін көрсету үшін арнайы мұғжиза (әдеттен тыс жағдайлар) көрсеткен құлдар. Алғашқы пайғамбар Адам ата (ғ.с.) туралы ең соңғы пайғамбардың сахабаларының бірі болған Әбу Зәр әл-Ғифари былай дейді, мен пайғамбардан: “Я расулаллаһ! Ең алғашқы пайғамбар кім болған?” деп сұрадым. Пайғамбарымыз: “Әзіреті Адам” деп жауап қайырды. “Ол кісі де пайғамбар болған ба?” деп сұрадым. Ол “әрине ол толық пайғамбар болған” деді. Тағы да мен “Расулаллаһ! Пайғамбарлардың саны қанша болған?” деп сұрадым. Ол кісі “жүз жиырма төрт мың” деп жауап қайырды. “Я расулаллаһ! Олардың нешеуі расул?” деп сұрадым. Ол кісі: “үш жүз он бес кісілік бір жамағаты” деді (Ибн Сад, Табақат 1-т., 32-б.). Кейбір деректерде “үш жүз он үш” деп келтірілген. Ал соңғы П. – Мұхаммед пайғамбар расул әрі нәби. Бұл туралы Құран Кәрімде: “...Алланың елшісі және пайғамбарлардың соңы. Алла әр нәрсені толық білуші” делінген (Аһзаб; 40). Құран Кәрімде жиырма сегіз пайғамбардың аты кездеседі. Олардың үшеуі Лұқман, Зұлқарнайын және Узайр – пайғамбар ма, әулие ме деген сұрақтар туындап, ихтилафты мәселе болып қалған. Пайғамбарлардың арасында ең ұлықтары, құрметтілері бар. Олар: Нұқ пайғамбар, Ибраһим, Мұса пайғамбар, Иса, Мұхаммед пайғамбар (ғ.с.) (Табари тәпсірі; 26-т., 37-б.). Алла тағала тарапынан П-ларға жүз төрт кітап түсірілген. Төртеуі ұлық кітап, олар: Таурат, Інжіл, Зәбур, Құран Кәрім, қалған жүзі парақ күйінде болған. С. Есентемір Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 7-том
08.11.2012 12:16 7053

Соңғы редакциялау:

24 қазан 2012 жыл

ПАЙҒАМБАР (парс. “пайғам” – хабар және “бар” – алып барушы) – қауымға Алла ақиқатын жеткізіп, Құдайдың барлығы мен бірлігін мойындауға шақырушы адам. Бүкіл жаратылыс ішінде ақылымен ерекшеленетін адам баласына Алла дүниедегі тіршілік пен мәңгілік өмірдің сырларын ашу үшін П-лар мен арнайы кітаптарын және сүйікті құлдарын жіберді. Имандағы жеті парыздың бірі – “Алла тағаланың жіберген пайғамбарларына сену”. Ислам теологиясында бұл мәселе нубууат (пайғамбарлық) деп аталып, зерттеледі. Пайғамбарлық екі түрлі болады: нәби және расул. Нәби – періште арқылы уаһи (арнайы хабар) түсірілген немесе жүрегіне илһам арқылы білдірілген яки аян-түс арқылы хабар алып отырған Құдай тағала тарапынан таңдалған ерекше пенделер. Ал расул – пайғамбарлық хабарын қабылдап, Жәбірейіл періште арқылы арнайы кітап түсірілген, Алла тағаланың үкімдерін халыққа жеткізуші ретінде жіберілген, кемелдікке жеткен адам. Сондықтан расулдың бәрін нәби деуге болғанымен, әрбір нәбиді расул деуге болмайды. Пайғамбарлық құдай тағаланың арнайы таңдауымен болатындығы жайлы Құран Кәрімде айтылады (Жұма сүресі, 2, 4-аяттар.). П-лардың сипаттары мен ерекшеліктері мыналар: П-лардың бәрі ер кісілерден болған. Олар күнәдан пәк, бірақ қателіктері болған. Олар ең сенімді адамдар, Алла тағаланың бұйрықтарын қоспай-кемітпей жұртқа жеткізіп отырған, Алла тағаланың үкімін адамдарға жеткізетін кезде жанқиярлық ерлікпен, аса шыншыл әрі турашылдығымен ерекшеленген. Кез келген адам ұрпақтары біле бермейтін құпия нәрселерді уаһидің сәулесімен біліп, жұртқа үйреткен, адамдарға Алла тағаланың аяттарын оқыған, кітап пен хикметті үйреткен. Игіліктің бұл дүниеде адамдардан емес, ақыретте, әлемдерді жаратып тәрбиелеуші болған Алла тағаладан алынатындығын көрсеткен жандар. П-лар адамдардың сұрауына байланысты, өздерінің пайғамбарлығын дәлелдеу және Алла тағаланың құдіретін көрсету үшін арнайы мұғжиза (әдеттен тыс жағдайлар) көрсеткен құлдар.

Алғашқы пайғамбар Адам ата (ғ.с.) туралы ең соңғы пайғамбардың сахабаларының бірі болған Әбу Зәр әл-Ғифари былай дейді, мен пайғамбардан: “Я расулаллаһ! Ең алғашқы пайғамбар кім болған?” деп сұрадым. Пайғамбарымыз: “Әзіреті Адам” деп жауап қайырды. “Ол кісі де пайғамбар болған ба?” деп сұрадым. Ол “әрине ол толық пайғамбар болған” деді. Тағы да мен “Расулаллаһ! Пайғамбарлардың саны қанша болған?” деп сұрадым. Ол кісі “жүз жиырма төрт мың” деп жауап қайырды. “Я расулаллаһ! Олардың нешеуі расул?” деп сұрадым. Ол кісі: “үш жүз он бес кісілік бір жамағаты” деді (Ибн Сад, Табақат 1-т., 32-б.). Кейбір деректерде “үш жүз он үш” деп келтірілген.

Ал соңғы П. – Мұхаммед пайғамбар расул әрі нәби. Бұл туралы Құран Кәрімде: “...Алланың елшісі және пайғамбарлардың соңы. Алла әр нәрсені толық білуші” делінген (Аһзаб; 40). Құран Кәрімде жиырма сегіз пайғамбардың аты кездеседі. Олардың үшеуі Лұқман, Зұлқарнайын және Узайр – пайғамбар ма, әулие ме деген сұрақтар туындап, ихтилафты мәселе болып қалған. Пайғамбарлардың арасында ең ұлықтары, құрметтілері бар. Олар: Нұқ пайғамбар, Ибраһим, Мұса пайғамбар, Иса, Мұхаммед пайғамбар (ғ.с.) (Табари тәпсірі; 26-т., 37-б.). Алла тағала тарапынан П-ларға жүз төрт кітап түсірілген. Төртеуі ұлық кітап, олар: Таурат, Інжіл, Зәбур, Құран Кәрім, қалған жүзі парақ күйінде болған.

С. Есентемір

Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 7-том

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға