Жаңалықтар

Қазақстан Республикасының тарихы (1-бөлім)

Қазақстан Республикасының тарихы (1-бөлім). Қазіргі Қазақстан жерін ежелгі адамзат баласы бұдан 1 млн-дай жыл бұрын мекен еткен. Оны Қаратау, Маңғыстау өңірлерінен табылған тұрақтардан алынған материалдар дәлелдейді.
18.02.2014 13:40 5622

Соңғы редакциялау:

19 қазан 2012

 

Қазақстан Республикасының тарихы (1-бөлім). Қазіргі Қазақстан жерін ежелгі адамзат баласы бұдан 1 млн-дай жыл бұрын мекен еткен. Оны Қаратау, Маңғыстау өңірлерінен табылған тұрақтардан алынған материалдар дәлелдейді. Қазақстан жеріндегі ерте палеолиттік (эоплейстоценнен бастап б.з.б. 150 – 130 мыңжылдықтарға дейін) ескерткіштер Қаратау, Сарыарқа, Мұғалжар, Маңғыстау, Ертіс алабынан табылған. Орта палеолитке (мустье) жататын (б.з.б. 150 – 130 мыңжылдықтардан б.з.б. 35 – 30 мыңжылдықтарға дейін) ескерткіштер де бұл өңірлерде көп. Кейінгі палеолит (б.з.б. 30 – 35 мыңжылдықтардан б.з.б. 12 – 10 мыңжылдықтарға дейін) дәуірінде адамзат жеріміздің барша аймақтарына тараған. Республика аумағындағы тас дәуірі әртүрлі ендіктердегі әлемдік дамудың (олдувей мәдениеті, ашель мәдениеті, мустье мәдениеті, т.б.) барлық заңдылықтарын сақтаған. Ежелгі тас құралдары Қаратау қыратының оңт.-батысындағы Арыстанды өз. алқабының төм. төрттік дәуіріне қатысты ең биік сөресін құрайтын, тұтасып қатып қалған конгломераттар қабатынан табылған. Қаратау сілемдеріндегі ашель кезеңінің тұрақтары көп. Ең көрнектілері Бөріқазған мен Тәңірқазғаннан табылған бұйымдар төрт топқа: бір жақты, екі жақты шапқыш құралдар; зіл мен сындырғыштар; домалақ ірі бұжыр тастар топтарына жатады. Мұндай шапқыш құралдар Оңт.-Шығыс Азия мен Африканың шелль-ашель кезеңіндегі бұйымдарға өте ұқсас. Түркістан қ. маңындағы Қошқорған, Шоқтас ескерткіштерінен

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға