Жаңалықтар

Көне Тараздың кереметтері енді ашылып жатыр

Кейінгі 1-2 жылдың мұғдарында Таразда құрлыс жұмыстары айрықша жүріп жатыр. Осыған қарап қала тұрғындары шаһарымыз бұрынғыдан бетер көріктене түседі деп қуанып жүр. Ерлан Мұхитов деген азамат Жамбыл облысы әкімінің блогына хат жазып, осы құрылыстардың мән-жайын сұрай келе: «Ескі базар аумағына туристік орталық қай жылы соғыла бастайды? Біз асыға күтеміз! Базар аумағына цирк немесе сауда ойын-сауық орталығын соқсаныздар, тіпті қала тұрғындарына және қонақтарына демалатын керемет орын болар еді» депті. Қанат Бозымбаев өз жауабында 2011 жылдан бастап әкімдіктің қолдауымен тарих ғылымдарының докторы, профессор К.Байпақовтың жетекшілігінің арқасында «Көне Тараз» қалашығында әлемдік маңызы бар археологиялық қазба жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтады. «Қазба барысында ортағасырлық монша құрылысы қалдығының жылыту жүйелері мен орта ғасырға тән тұрғын үй іргетастары аршылып, көптеген археологиялық жәдігерлер табылды. Бұл орындарға тиісінше консервациялық жұмыстар жүргізіп, кешенді толықтай қорғауға алған соң, аспанасты мұражайына айналдыру жұмыстары іске асырылады. Қазба барысында табылған заттай деректер уақытша сақтау шатыры астына орналастырылып, келуші туристерге қаланың тарихын тамашалау үшін «Ежелгі Тараз» қалашығының барлық аумағы игерілетін болады»,– дейді әкім шабыттана.  BAQ.KZ  
30.03.2013 10:25 3671

Кейінгі 1-2 жылдың мұғдарында Таразда құрлыс жұмыстары айрықша жүріп жатыр. Осыған қарап қала тұрғындары шаһарымыз бұрынғыдан бетер көріктене түседі деп қуанып жүр. Ерлан Мұхитов деген азамат Жамбыл облысы әкімінің блогына хат жазып, осы құрылыстардың мән-жайын сұрай келе: «Ескі базар аумағына туристік орталық қай жылы соғыла бастайды? Біз асыға күтеміз! Базар аумағына цирк немесе сауда ойын-сауық орталығын соқсаныздар, тіпті қала тұрғындарына және қонақтарына демалатын керемет орын болар еді» депті.


Қанат Бозымбаев өз жауабында 2011 жылдан бастап әкімдіктің қолдауымен тарих ғылымдарының докторы, профессор К.Байпақовтың жетекшілігінің арқасында «Көне Тараз» қалашығында әлемдік маңызы бар археологиялық қазба жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтады. «Қазба барысында ортағасырлық монша құрылысы қалдығының жылыту жүйелері мен орта ғасырға тән тұрғын үй іргетастары аршылып, көптеген археологиялық жәдігерлер табылды. Бұл орындарға тиісінше консервациялық жұмыстар жүргізіп, кешенді толықтай қорғауға алған соң, аспанасты мұражайына айналдыру жұмыстары іске асырылады. Қазба барысында табылған заттай деректер уақытша сақтау шатыры астына орналастырылып, келуші туристерге қаланың тарихын тамашалау үшін «Ежелгі Тараз» қалашығының барлық аумағы игерілетін болады»,– дейді әкім шабыттана. 

BAQ.KZ

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға