Жаңалықтар

Facebook әлеуметтік желісінің негізін қалаушы Марк Цукерберг саяси ұйым құрмақ

Facebook әлеуметтік желісінің негізін қалаушы Марк Цукерберг білімді реформалау, көші-қон және ғылыми зерттеулер мәселелерімен айналысатын саяси ұйым құруға бел буды. Бұл туралы шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап РБК хабарлады. Саяси топ өзінің жұмысын жақын арада бастамақ. Бұдан бұрын Цукерберг өзін қызықтыратын қоғамдық жобаларды қаржыландырған болатын. Оның ішінде 100 млн. АҚШ долларын Ньюарка қаласындағы мектептерге қайырымдылық ретінде бөлген еді және тағы 500 млн. долларды денсаулық сақтау мен білімді қаржыландыруға бағыттайтынын айтқан. Қазіргі кезде М.Цукербергтің  қаржысы 9,5 млрд. АҚШ доллары шамасында. ҚазАқпарат.
30.03.2013 10:12 3544

Facebook әлеуметтік желісінің негізін қалаушы Марк Цукерберг білімді реформалау, көші-қон және ғылыми зерттеулер мәселелерімен айналысатын саяси ұйым құруға бел буды. Бұл туралы шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап РБК хабарлады.

Саяси топ өзінің жұмысын жақын арада бастамақ.

Бұдан бұрын Цукерберг өзін қызықтыратын қоғамдық жобаларды қаржыландырған болатын. Оның ішінде 100 млн. АҚШ долларын Ньюарка қаласындағы мектептерге қайырымдылық ретінде бөлген еді және тағы 500 млн. долларды денсаулық сақтау мен білімді қаржыландыруға бағыттайтынын айтқан.

Қазіргі кезде М.Цукербергтің  қаржысы 9,5 млрд. АҚШ доллары шамасында.

ҚазАқпарат.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға