Жаңалықтар

1981-2000 жылдар

  1983 жыл.«Қайрат» екінші рет бірінші лига командалары арасындағы КСРО чемпионатында жеңіс тұғырына көтеріледі. 1986 жыл. Алматылық «Қайраттың» жартылай қорғаушысы Вахид Масудов «Футбольное обозрение» («Футболға шолу») телебағдарламасы жүргізген сауалнама қорытындылары бойынша 1986 жылы қазан айында жоғарғы лига командалары арасында өткен КСРО чемпионатының XLIX үздік голының авторы ретінде танылады. Гол өз алаңында днепропетровскілік «Днепрге» қарсы матчта соғылды.  1986 жыл. «Қайрат»,жоғарғы лига командалары арасында КСРО чемпионатында жетінші орын алып, осы турнирдегі қазақстандық клубтың ең жоғары жетістігін көрсетеді. 1988 жыл Алматылық «Қайраттың» жартылай қорғаушысы Евгений ЯровенкоСеулдегі ХХIV Олимпиада Ойындарының футбол жарысының ақтық сынында КСРО олимпиадалық құрамасының құрамында жеңіске жетіп, олимпиада чемпионы атағын алған тұңғыш қазақстандық футболшы болды.  1988 жыл. «Қайрат» КСРО Футбол федерациясының Кубогын иеленеді. Кишиневтегі Республикалық стадионда өткен ақтық мачтта бакулік «Нефтчиді» 4:1 есебімен жеңеді. 1989 жыл. Алматылық «Қайраттың» шабуылшысы Евстафий Пехлеваниди шетелдік клубпен келісім-шартқа отырып, грециялық «Левадиакосқа» ауысып кеткен тұңғыш қазақстандық футболшы болды. 1990 жыл. Алматылық «Қайраттың» ардагерлері ардагерлер арасындағы КСРО чемпионатының күміс жүлдесіне ие болды. Сочиде өткен ақтық ойында қазақстандықтар тайталасқан сайыста 2:4 есебімен краснодарлық «Кубаньға» есесін жіберіп алды. 1992 жыл. Қазақстанның егеменді тарихында тұңғыш рет Қазақстан Республикасының чемпионаты пен кубогы ойналды. Екі жарыста да алматылық «Қайрат» ұтты. 1994 жыл. Алматылық «Қайраттың» ардагерлер құрамасы аустралиялық Брисбен қаласында ардагерлер арасында әлем біріншілігінде Сидней қаласының (Аустралия) ардагерлерін 2:1 есебімен ұтып, чемпионаттың қола жүлдесін иеленеді.   1999 жыл. ҚФА алматылық «Қайрат» ФК мен Қазақстанның олимпиадалық құрамасының жартылай қорғаушысы Андрей Травинді 1999 жылғы Азияның ең үздік голының авторы жүлдесімен марапаттады. Гол «Сидней-2000»  іріктеу циклінің азиялық бөлімінің екінші кезеңінің матчында Таиландың олимпиадалық құрамасының қақпасына соғылды. 2000 жыл. Алматылық «Қайрат» АОСК жартылай қорғаушысы Руслан Балтиев КФА-ның шақыруымен азиялық футбол жұлдыздарының құрама командасына кіріп, оның құрамында Иран құрамасына қарсы осы елдің Тәуелсіздік күніне арналған матчқа қатысады.  Дереккөзі: «Қайрат» футбол клубы
29.03.2013 08:56 3812

 

1983 жыл.«Қайрат» екінші рет бірінші лига командалары арасындағы КСРО чемпионатында жеңіс тұғырына көтеріледі.

1986 жыл. Алматылық «Қайраттың» жартылай қорғаушысы Вахид Масудов «Футбольное обозрение» («Футболға шолу») телебағдарламасы жүргізген сауалнама қорытындылары бойынша 1986 жылы қазан айында жоғарғы лига командалары арасында өткен КСРО чемпионатының XLIX үздік голының авторы ретінде танылады. Гол өз алаңында днепропетровскілік «Днепрге» қарсы матчта соғылды. 

1986 жыл. «Қайрат»,жоғарғы лига командалары арасында КСРО чемпионатында жетінші орын алып, осы турнирдегі қазақстандық клубтың ең жоғары жетістігін көрсетеді.

1988 жыл Алматылық «Қайраттың» жартылай қорғаушысы Евгений ЯровенкоСеулдегі ХХIV Олимпиада Ойындарының футбол жарысының ақтық сынында КСРО олимпиадалық құрамасының құрамында жеңіске жетіп, олимпиада чемпионы атағын алған тұңғыш қазақстандық футболшы болды. 

1988 жыл. «Қайрат» КСРО Футбол федерациясының Кубогын иеленеді. Кишиневтегі Республикалық стадионда өткен ақтық мачтта бакулік «Нефтчиді» 4:1 есебімен жеңеді.

1989 жыл. Алматылық «Қайраттың» шабуылшысы Евстафий Пехлеваниди шетелдік клубпен келісім-шартқа отырып, грециялық «Левадиакосқа» ауысып кеткен тұңғыш қазақстандық футболшы болды.

1990 жыл. Алматылық «Қайраттың» ардагерлері ардагерлер арасындағы КСРО чемпионатының күміс жүлдесіне ие болды. Сочиде өткен ақтық ойында қазақстандықтар тайталасқан сайыста 2:4 есебімен краснодарлық «Кубаньға» есесін жіберіп алды.

1992 жыл. Қазақстанның егеменді тарихында тұңғыш рет Қазақстан Республикасының чемпионаты пен кубогы ойналды. Екі жарыста да алматылық «Қайрат» ұтты.

1994 жыл. Алматылық «Қайраттың» ардагерлер құрамасы аустралиялық Брисбен қаласында ардагерлер арасында әлем біріншілігінде Сидней қаласының (Аустралия) ардагерлерін 2:1 есебімен ұтып, чемпионаттың қола жүлдесін иеленеді.  

1999 жыл. ҚФА алматылық «Қайрат» ФК мен Қазақстанның олимпиадалық құрамасының жартылай қорғаушысы Андрей Травинді 1999 жылғы Азияның ең үздік голының авторы жүлдесімен марапаттады. Гол «Сидней-2000»  іріктеу циклінің азиялық бөлімінің екінші кезеңінің матчында Таиландың олимпиадалық құрамасының қақпасына соғылды.

2000 жыл. Алматылық «Қайрат» АОСК жартылай қорғаушысы Руслан Балтиев КФА-ның шақыруымен азиялық футбол жұлдыздарының құрама командасына кіріп, оның құрамында Иран құрамасына қарсы осы елдің Тәуелсіздік күніне арналған матчқа қатысады. 

Дереккөзі: «Қайрат» футбол клубы

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға