Жаңалықтар

1960-1981 жылдар

  1960 жыл. «Қайрат» жоғарғы дивизион командаларының арасында КСРО чемпионатына қатысқан тұңғыш қазақстандық команда болды. 1963 жыл.«Қайрат», XXII КСРО Кубогының жартылай финалына шығып, осы жарысқа қатысқан қазақстандық командалардың ішінде ең үздік жетістікке жетті. Бұл жартылай финалда «Қайрат» тек қосымша уақытта ғана донецкілік «Шахтерға» 1:2 есебімен есесін жіберіп алды. 1966 жыл.«Қайрат»КСРО чемпионатының қорытындылары бойынша жоғарғы лига командаларының арасында «Жеңіске ұмтылу еркі үшін» жүлдесіне ие болды. 1971 жыл. Қазақстандық клубтық футболдың ең ірі халықаралық табыстарына біріне қол жеткізіледі. Алматылық «Қайрат» Теміржолшылардың Халықаралық спорт одағының Кубогын жеңіп алған тұңғыш кеңестік команда болды. Осы табысқа апарар жолда «Қайрат» Кошицеден келген (Чехословакия) «Локомотивті»  елінде 4:1 есебімен, қонақта 1:0 есебімен ұтып кетті. Содан соң өз елінде Софиядан (Болгария) келген «Славияға»— 1:3 есебімен есесін жіберіп алды, бірақ оны қонақта 3:0 есебімен ойсырата жеңіп, ақытқы сынға шықты, финалда Бухарест қаласынан (Румыния) «Рапидпен» кездесті. Бухарестегі бірінші кездесу теңбе-тең аяқталды— 1:1. Алматыда өткен қарымта ойында «Қайрат» 32 мың көрерменнің алдында оны 1:0 есебімен жеңіп шығады. 1971 жыл. Алматылық «Қайраттың» қорғаушысы Сейілда Байшаковты «Смена» жастар журналы өткізген сауалнама қорытындылары бойынша жоғарғы лига командаларының арасында КСРО чемпионатының үздік дебютанты ретінде мойындайды. 1976 жыл. Алматылық «Қайрат» қазақстандық клубтардың ішінде тұңғыш рет бірінші лига командаларының арасында КСРО чемпионатында топ жарады. 1976 жыл. Алматылық шабуылшы Александр Хапсалис КСРО құрамасының құрамында жасөспірімдер арасындағы (U-19). Еуропа чемпионы атанды.  1977 жыл. Алматылық «Қайраттың» шабуылшысы Сеильда Байшаков КСРО ұлттық құрамасының құрамында ойнаған алғашқы қазақстандық футболшы болды. Дебют КСРО құрамасының Венгрия құрамасына қарсы Будапеште өткен 1978 жылғы әлем біріншілігіне іріктеу цикліндегі матчта басталды. 1980 жыл. «Қайрат»жоғарғы лига командалары арасында КСРО чемпионатының қорытындылары бойынша «Жеңіске ұмтылу еркі үшін» жүлдесін екінші рет жеңіп алды. 1981 жыл.«Қайрат»Мәскеудің жабық манеждерінде өткізілген «Неделя» («Апта») газетінің жүлдесі ойналған қысқы Халықаралық турнирдің жеңімпазы болады. «Қайрат» пен мәскеулік «Динамо» арасында болған ақтық сында негізгі және қосымша уақыт теңбе-тең аяқталды. Нәтижесінде жеңімпазды матчтан соңғы он бір метрлік соққылар топтамаларының көмегімен анықтады, ол 5:4 есебімен «Қайраттың» пайдасына шешілді. Дереккөзі: «Қайрат» футбол клубы
29.03.2013 08:55 3342

 

1960 жыл. «Қайрат» жоғарғы дивизион командаларының арасында КСРО чемпионатына қатысқан тұңғыш қазақстандық команда болды.

1963 жыл.«Қайрат», XXII КСРО Кубогының жартылай финалына шығып, осы жарысқа қатысқан қазақстандық командалардың ішінде ең үздік жетістікке жетті. Бұл жартылай финалда «Қайрат» тек қосымша уақытта ғана донецкілік «Шахтерға» 1:2 есебімен есесін жіберіп алды.

1966 жыл.«Қайрат»КСРО чемпионатының қорытындылары бойынша жоғарғы лига командаларының арасында «Жеңіске ұмтылу еркі үшін» жүлдесіне ие болды.

1971 жыл. Қазақстандық клубтық футболдың ең ірі халықаралық табыстарына біріне қол жеткізіледі. Алматылық «Қайрат» Теміржолшылардың Халықаралық спорт одағының Кубогын жеңіп алған тұңғыш кеңестік команда болды. Осы табысқа апарар жолда «Қайрат» Кошицеден келген (Чехословакия) «Локомотивті»  елінде 4:1 есебімен, қонақта 1:0 есебімен ұтып кетті. Содан соң өз елінде Софиядан (Болгария) келген «Славияға»— 1:3 есебімен есесін жіберіп алды, бірақ оны қонақта 3:0 есебімен ойсырата жеңіп, ақытқы сынға шықты, финалда Бухарест қаласынан (Румыния) «Рапидпен» кездесті. Бухарестегі бірінші кездесу теңбе-тең аяқталды— 1:1. Алматыда өткен қарымта ойында «Қайрат» 32 мың көрерменнің алдында оны 1:0 есебімен жеңіп шығады.

1971 жыл. Алматылық «Қайраттың» қорғаушысы Сейілда Байшаковты «Смена» жастар журналы өткізген сауалнама қорытындылары бойынша жоғарғы лига командаларының арасында КСРО чемпионатының үздік дебютанты ретінде мойындайды.

1976 жыл. Алматылық «Қайрат» қазақстандық клубтардың ішінде тұңғыш рет бірінші лига командаларының арасында КСРО чемпионатында топ жарады.

1976 жыл. Алматылық шабуылшы Александр Хапсалис КСРО құрамасының құрамында жасөспірімдер арасындағы (U-19). Еуропа чемпионы атанды. 

1977 жыл. Алматылық «Қайраттың» шабуылшысы Сеильда Байшаков КСРО ұлттық құрамасының құрамында ойнаған алғашқы қазақстандық футболшы болды. Дебют КСРО құрамасының Венгрия құрамасына қарсы Будапеште өткен 1978 жылғы әлем біріншілігіне іріктеу цикліндегі матчта басталды.

1980 жыл. «Қайрат»жоғарғы лига командалары арасында КСРО чемпионатының қорытындылары бойынша «Жеңіске ұмтылу еркі үшін» жүлдесін екінші рет жеңіп алды.

1981 жыл.«Қайрат»Мәскеудің жабық манеждерінде өткізілген «Неделя» («Апта») газетінің жүлдесі ойналған қысқы Халықаралық турнирдің жеңімпазы болады. «Қайрат» пен мәскеулік «Динамо» арасында болған ақтық сында негізгі және қосымша уақыт теңбе-тең аяқталды. Нәтижесінде жеңімпазды матчтан соңғы он бір метрлік соққылар топтамаларының көмегімен анықтады, ол 5:4 есебімен «Қайраттың» пайдасына шешілді.

Дереккөзі: «Қайрат» футбол клубы

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға