Жаңалықтар

Елордада 4 сәуірден бастап күн жылына бастайды

Астанада сәуір айының ортасында қар түгелдей еріп, сынап бағаны 20 градус жылылыққа дейін көтеріледі. Бұл туралы astana.kz сайтына «Қазгидромет» РМК мәлім етті. Оған дейін күндіз еріп, түнде қатқан ауа температурасы құбылмалы күйде болады. Наурыз айының соңы мен сәуірдің басында елордада Еуропалық антициклон әсері суық желге ұласады. Батыстан соққан самал екпіні шығысқа қарай республиканың барлық аймақтарын қамтиды. 31 наурыз күні күн суық болып, қар аралас жаңбыр жауады,  секундына 9-14 метр жылдамдықпен жел соғады. Сәуірдің алғашқы күндері ауа температурасы түнде -5-10 градус суық, ал күндіз 0+5 градус жылы болады. Синоптиктердің болжауынша, 4 сәуірден бастап күн жылына бастайды. Ай ортасына таман сынап бағанасы +20+25 градусқа дейін көтеріледі. Дегенмен, сәуір айы өтпелі кезең болғандықтан, ауа райы құбылып тұрады. Айдың соңғы он күнінде күн күрт суытуы мүмкін. ҚазАқпарат. 
29.03.2013 08:10 2689

Астанада сәуір айының ортасында қар түгелдей еріп, сынап бағаны 20 градус жылылыққа дейін көтеріледі. Бұл туралы astana.kz сайтына «Қазгидромет» РМК мәлім етті.

Оған дейін күндіз еріп, түнде қатқан ауа температурасы құбылмалы күйде болады. Наурыз айының соңы мен сәуірдің басында елордада Еуропалық антициклон әсері суық желге ұласады. Батыстан соққан самал екпіні шығысқа қарай республиканың барлық аймақтарын қамтиды.

31 наурыз күні күн суық болып, қар аралас жаңбыр жауады,  секундына 9-14 метр жылдамдықпен жел соғады. Сәуірдің алғашқы күндері ауа температурасы түнде -5-10 градус суық, ал күндіз 0+5 градус жылы болады.

Синоптиктердің болжауынша, 4 сәуірден бастап күн жылына бастайды. Ай ортасына таман сынап бағанасы +20+25 градусқа дейін көтеріледі. Дегенмен, сәуір айы өтпелі кезең болғандықтан, ауа райы құбылып тұрады. Айдың соңғы он күнінде күн күрт суытуы мүмкін.

ҚазАқпарат. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға