Жаңалықтар

Түнде Байқоңырдан "Союз-ФГ" ракетасы ұшырылды

29 наурыз күні Астана уақытымен 02:43-те Байқоңыр ғарыш айлағынан Халықаралық Ғарыш станциясына қарай бортында «Союз ТМА-08М» кемесі бар «Союз-ФГ» ракетасы ұшырылды. Бұл туралы Роскосмос хабарлады. 02:52-де «Союз ТМА-08М» кемесі станцияның орбитасына келгенде зымыран-тасығыштан бөлінді. ХҒС-на бағыт алған кеме бортында 35/36 экспедициясының экипаждары - топ командирі Павел Виноградов, бортинженер Александр Мисуркин және НАСА-ның өкілі Кристофер Кэсседи бар. Сапар 168 тәулікке созылады деп жоспарланып отыр. Қазіргі кезде Халықаралық Ғарыш станциясында 34/35 экспедициясы жұмыс істеп жатыр. Жаңа 35/36 экспедициясы ХҒС-ға жеткенде экипаж құрамы 6 адамға толығады. Мамандар ғарышта 504 сеанс және 49 тәжірибе өткізетін болады. Massaget.kz
29.03.2013 07:56 3189

29 наурыз күні Астана уақытымен 02:43-те Байқоңыр ғарыш айлағынан Халықаралық Ғарыш станциясына қарай бортында «Союз ТМА-08М» кемесі бар «Союз-ФГ» ракетасы ұшырылды. Бұл туралы Роскосмос хабарлады.

02:52-де «Союз ТМА-08М» кемесі станцияның орбитасына келгенде зымыран-тасығыштан бөлінді. ХҒС-на бағыт алған кеме бортында 35/36 экспедициясының экипаждары - топ командирі Павел Виноградов, бортинженер Александр Мисуркин және НАСА-ның өкілі Кристофер Кэсседи бар.

Сапар 168 тәулікке созылады деп жоспарланып отыр.

Қазіргі кезде Халықаралық Ғарыш станциясында 34/35 экспедициясы жұмыс істеп жатыр. Жаңа 35/36 экспедициясы ХҒС-ға жеткенде экипаж құрамы 6 адамға толығады.

Мамандар ғарышта 504 сеанс және 49 тәжірибе өткізетін болады.

Massaget.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға