Жаңалықтар

1990-1995 жылдар

  1990 жыл. Алматының «Қайраты» сапындағы ардагер футболшылар КСРО-дағы ардагерлер арасындағы чемпионатта күміс жүлдегер атанады. Сочидегі финалдық тартыста краснодарлық «Кубаннан» 2-4 есебімен ұтылып қалады. 1990 жыл. Алматылық «Мерей» командасы әйелдер арасындағы КСРО чемпионатының жоғары лигасында ойнаған ең бірінші қазақстандық футбол клубы атанды. 1991 жыл. Алматылық «Мерей» командасы ГФР-де өткен әйелдер арасындағы халықаралық турнирдің жеңімпазы атынып, Германия, Швейцария, Венгрия және басқа елдерден келген 33 команданы артқа тастап, жеңімпаз атанады. 1992 жыл. Қазақ КСР футбол қауымдастығы тәуелсіздіктен кейін өз алдына енші алып, ҚР футбол қауымдастығын құрды. 1992 жыл. Қазақстан Халықаралық футбол федерация қауымдастығы (ФИФА) мен Азия футбол конфедерациясына (АФК) мүшелікке қадам жасады. 1992 жыл. Елімізде тұңғыш рет Қазақстан чемпионаты мен Қазақстан республикасы кубогы сынға түсіп, тарихта қалды. Екі бірдей турнирде де алматылық «Қайрат» жеңіске жетті. 1992 жыл. Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы алғаш рет халықаралық деңгейде сынға түсіп, Орта Азия кубогының екі айналымды турнирінде жеңіске жетеді. Сондай-ақ, алғаш рет қарсыластарын ірі есеппен ұтады. 1993 жыл. Алматинский “Мерей” становится победителем I розыгрыша Межнационального Кубка по футзалу среди женщин.  1993 жыл. Алматылық «Мерей» командасы Ресейде өткен әйелдер арасындағы футзалдан ашық чемпионатта жеңімпаз атанады. 1994 жыл. Қазақстан ұлттық құрамасы толыққанды ФИФА мен АФК мүшелігіне өтеді. 1994 жыл. Қазақстан ұлттық құрамасының жасөспірімдері (U-16) алғаш рет Азия жасөспірімдер арасындағы VI чемпионатының іріктеу кезеңінде, жастары (U-19) Азияның жастар арасындағы ХХIХ чемпионатында алғаш халықаралық дебютті ойындарын өткізеді. Аталмыш турнирлердің іріктеу және финалдық кезеңдері әлем чемпионатына қатысуға үлкен мүмкіндік болатын. 1994 жыл. Қазақстан жастар ұлттық құрамасы Азияның жастар арасындағы ХХIХ чемпионатының іріктеу тобында жеңіске жетіп, финалдық кезеңіне жолдама алады. 1994 жыл. Павлодарлық «Аңсат» пен жамбылдық «Тараз» Азия кубогының иегерлерінің ХIV ойыны мен Азия кубогы үшін кубок жеңімпаздары арасындағы V жарысқа қатысып, АФК-ның ресми клубтық турнирлеріне қатысқан алғашқы командалар қатарына кіреді. 1994 жыл. Алматылық «Қайраттың» ардагерлер құрамасы Австралияның Брисбен қаласында өткен ардагер футболшылар арасында өткен чемпионатта қола жүлдеге иелік етеді. Үшінші орынға талас кезінде Сиднейдің ардагерлерден құралған командасын 2:1 есебімен ұтып, қола жүлдемен елге оралады. 1995 жыл. Қазақстан олимпиадалық құрамасы Атлантада өтетін ХХVI Олимпиада ойындарының іріктеу сынында алғаш жеңіске жетіп, халықаралық жарыстардың тағы бірінде дебюттік кездесу өткізеді.  Дереккөзі: Қазақстан футбол федерациясы
29.03.2013 04:28 4603

 

1990 жыл.

Алматының «Қайраты» сапындағы ардагер футболшылар КСРО-дағы ардагерлер арасындағы чемпионатта күміс жүлдегер атанады. Сочидегі финалдық тартыста краснодарлық «Кубаннан» 2-4 есебімен ұтылып қалады.
1990 жыл.

Алматылық «Мерей» командасы әйелдер арасындағы КСРО чемпионатының жоғары лигасында ойнаған ең бірінші қазақстандық футбол клубы атанды.
1991 жыл.

Алматылық «Мерей» командасы ГФР-де өткен әйелдер арасындағы халықаралық турнирдің жеңімпазы атынып, Германия, Швейцария, Венгрия және басқа елдерден келген 33 команданы артқа тастап, жеңімпаз атанады.
1992 жыл.

Қазақ КСР футбол қауымдастығы тәуелсіздіктен кейін өз алдына енші алып, ҚР футбол қауымдастығын құрды.
1992 жыл.

Қазақстан Халықаралық футбол федерация қауымдастығы (ФИФА) мен Азия футбол конфедерациясына (АФК) мүшелікке қадам жасады.
1992 жыл.

Елімізде тұңғыш рет Қазақстан чемпионаты мен Қазақстан республикасы кубогы сынға түсіп, тарихта қалды. Екі бірдей турнирде де алматылық «Қайрат» жеңіске жетті.
1992 жыл.

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы алғаш рет халықаралық деңгейде сынға түсіп, Орта Азия кубогының екі айналымды турнирінде жеңіске жетеді. Сондай-ақ, алғаш рет қарсыластарын ірі есеппен ұтады.
1993 жыл.
Алматинский “Мерей” становится победителем I розыгрыша Межнационального Кубка по футзалу среди женщин. 
1993 жыл.

Алматылық «Мерей» командасы Ресейде өткен әйелдер арасындағы футзалдан ашық чемпионатта жеңімпаз атанады.
1994 жыл.

Қазақстан ұлттық құрамасы толыққанды ФИФА мен АФК мүшелігіне өтеді.
1994 жыл.

Қазақстан ұлттық құрамасының жасөспірімдері (U-16) алғаш рет Азия жасөспірімдер арасындағы VI чемпионатының іріктеу кезеңінде, жастары (U-19) Азияның жастар арасындағы ХХIХ чемпионатында алғаш халықаралық дебютті ойындарын өткізеді. Аталмыш турнирлердің іріктеу және финалдық кезеңдері әлем чемпионатына қатысуға үлкен мүмкіндік болатын.
1994 жыл.

Қазақстан жастар ұлттық құрамасы Азияның жастар арасындағы ХХIХ чемпионатының іріктеу тобында жеңіске жетіп, финалдық кезеңіне жолдама алады.
1994 жыл.

Павлодарлық «Аңсат» пен жамбылдық «Тараз» Азия кубогының иегерлерінің ХIV ойыны мен Азия кубогы үшін кубок жеңімпаздары арасындағы V жарысқа қатысып, АФК-ның ресми клубтық турнирлеріне қатысқан алғашқы командалар қатарына кіреді.
1994 жыл.

Алматылық «Қайраттың» ардагерлер құрамасы Австралияның Брисбен қаласында өткен ардагер футболшылар арасында өткен чемпионатта қола жүлдеге иелік етеді. Үшінші орынға талас кезінде Сиднейдің ардагерлерден құралған командасын 2:1 есебімен ұтып, қола жүлдемен елге оралады.
1995 жыл.

Қазақстан олимпиадалық құрамасы Атлантада өтетін ХХVI Олимпиада ойындарының іріктеу сынында алғаш жеңіске жетіп, халықаралық жарыстардың тағы бірінде дебюттік кездесу өткізеді. 

Дереккөзі: Қазақстан футбол федерациясы

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға