Жаңалықтар

1981-1989 жылдар

  1981-1989 жылдар 1981жыл. Алматылық “Қайрат”  “Неделя” газетінің жүлдесі үшін өткен Қысқы халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды. Алматылықтар мен мәскеулік “Динамо” арасында өткен финалдық кездесудің негізгі уақыты нәтижесіз тең есеппен аяқталған болатын. Жеңімпаз матч соңындағы пенальтиде анықталды. “Қайрат”  5:4 есебімен жеңіске жетті. 1983 жыл. Алматылық “Қайрат” екінші рет Бірінші Лига командаларының арасындағы КСРО Чемпионатының алтын жүлдесін ұтып алды.   1985 жыл. Қазақстандық балалар мен жасөспірімдер футболының түлектері Бүкілодақтық аренадағы алғашқы ірі жеңістеріне қол жеткізді. Минскіде өскемендік “Спутник-2” командасы «Былғары доп» турнирінің ересек жас дәрежесіндегі футболшылар турнирінде бас жүлдеге ие болса, Қазан қаласында өткен орта жас дәрежесіндегі балалар жарысында жамбылдық “Жалын”   жеңімпаз атанды. 1986 жыл. "Футбольное обозрение" бағдарламасының жүргізген сауалнамасының қортындысы бойынша  Алматылық “Қайраттың” жартылай қорғаушысы Вахид Масудовтың Алматыда өткен кездесуде днепропетровскілік  "Днепрдің"  қақпасына соққан голы Жоғарғы Лига командаларының арасындағы XLIX КСРО Чемпионатының үздік голы болып танылды. 1986 жыл. Жоғарғы Лига командаларының арасында өткен КСРО чемпионатында қортынды жетінші орынға ие болған алматылық “Қайрат” қазақстандық клубтардың аталған турнирдегі ең үлкен нәтижесіне қол жеткізді. 1988 жыл. Алматылық “Қайраттың”  жартылай қорғаушысы Евгений Яровенко КСРО олимпиадалық құрамасының сапында Сеулде өткен ХХIV жазғы Олимпиалық ойындардағы футбол турнирінің алтын жүлдесін жеңіп алу арқылы отандық футбол тарихындағы алғашқы Олимпиада чемпионы атанды. 1988 жыл. Алматылық “Қайрат” КСРО Федерация Кубогінің жеімпазы атанды. Кишиневтің Республикалық Стадионында өткен финалдық кездесуде алматылықтар бакулік “Нефтчиді” 4:1 есебімен тізе бүктірді. 1988 жыл. Қазақстандық қыздар командасы Бүкілодақтық  ресми кездесуге қатысты. Мәскеу облысындағы Кашира қаласындағы “Собеседник” апталығының жүлдесі үшін өткен ІІ Бүкілодақтық турнирге “Претендент” қыздар командасы атсалысты.  1989 жыл. Қазақ КСР Футбол ассоциациясы құрылды.   1989 жыл. Алматылық  “Қайраттың” шабуылшысы Евстафий Пехлеваниди қазақстандық футболшылар бірінші болып шетелдік клубпен келісім-шарт бекітті. Оның алғашқы шетелдік клубы грекиялық “Левадиакос” болды. Дереккөзі: Қазақстан футбол федерациясы      
29.03.2013 03:49 3516

 

1981-1989 жылдар


1981жыл.
Алматылық “Қайрат”  “Неделя” газетінің жүлдесі үшін өткен Қысқы халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды. Алматылықтар мен мәскеулік “Динамо” арасында өткен финалдық кездесудің негізгі уақыты нәтижесіз тең есеппен аяқталған болатын. Жеңімпаз матч соңындағы пенальтиде анықталды. “Қайрат”  5:4 есебімен жеңіске жетті.

1983 жыл.
Алматылық “Қайрат” екінші рет Бірінші Лига командаларының арасындағы КСРО Чемпионатының алтын жүлдесін ұтып алды.
 

1985 жыл.
Қазақстандық балалар мен жасөспірімдер футболының түлектері Бүкілодақтық аренадағы алғашқы ірі жеңістеріне қол жеткізді. Минскіде өскемендік “Спутник-2” командасы «Былғары доп» турнирінің ересек жас дәрежесіндегі футболшылар турнирінде бас жүлдеге ие болса, Қазан қаласында өткен орта жас дәрежесіндегі балалар жарысында жамбылдық “Жалын”   жеңімпаз атанды.

1986 жыл.
"Футбольное обозрение" бағдарламасының жүргізген сауалнамасының қортындысы бойынша  Алматылық “Қайраттың” жартылай қорғаушысы Вахид Масудовтың Алматыда өткен кездесуде днепропетровскілік  "Днепрдің"  қақпасына соққан голы Жоғарғы Лига командаларының арасындағы XLIX КСРО Чемпионатының үздік голы болып танылды.

1986 жыл.
Жоғарғы Лига командаларының арасында өткен КСРО чемпионатында қортынды жетінші орынға ие болған алматылық “Қайрат” қазақстандық клубтардың аталған турнирдегі ең үлкен нәтижесіне қол жеткізді.

1988 жыл.
Алматылық “Қайраттың”  жартылай қорғаушысы Евгений Яровенко КСРО олимпиадалық құрамасының сапында Сеулде өткен ХХIV жазғы Олимпиалық ойындардағы футбол турнирінің алтын жүлдесін жеңіп алу арқылы отандық футбол тарихындағы алғашқы Олимпиада чемпионы атанды.

1988 жыл.
Алматылық “Қайрат” КСРО Федерация Кубогінің жеімпазы атанды. Кишиневтің Республикалық Стадионында өткен финалдық кездесуде алматылықтар бакулік “Нефтчиді” 4:1 есебімен тізе бүктірді.

1988 жыл.
Қазақстандық қыздар командасы Бүкілодақтық  ресми кездесуге қатысты. Мәскеу облысындағы Кашира қаласындағы “Собеседник” апталығының жүлдесі үшін өткен ІІ Бүкілодақтық турнирге “Претендент” қыздар командасы атсалысты. 

1989 жыл.
Қазақ КСР Футбол ассоциациясы құрылды.
 

1989 жыл.
Алматылық  “Қайраттың” шабуылшысы Евстафий Пехлеваниди қазақстандық футболшылар бірінші болып шетелдік клубпен келісім-шарт бекітті. Оның алғашқы шетелдік клубы грекиялық “Левадиакос” болды.

Дереккөзі: Қазақстан футбол федерациясы

 

 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға