Жаңалықтар

1940-1968 жылдар

  1940 жыл. Қазақстандық клубтың бүкілодақтық деңгейде алғаш рет жеңіске жеткен жылы. Алматылық «Динамо» Таганрогта өткен КСРО-ның  Денешынықтыру ұжымдары Кубогінің финалындағы екінші матчта  жергілікті «Торпедоны» 3-1 есебімен ұтып, бағалы жүлдеге қол жеткізді. Халық арасында «Миллиондар кубогі» деген атқа ие бұл жарыстың бастапқы кезеңінде ұзын саны 2150(!) өнер көрсеткен.   1946 жыл. Қазақстанның спорттық ұжымдар арасындағы І Чемпионаты тұсауын кесті. Турнирдің алғашқы жеңімпазы жамбылдық «Локомотив». 1948 жыл. Спорттық ұжымдар арасындағы алғашқы Қазақстан Кубогі сарапқа салынды. Аталмыш жүлденің алғашқы жеңімпазы қарағандылық «Динамо» 1951 жыл. Алғашқы кезеңдерде Баку, Одесса және Сталинградттық ұжымдарды жеңген шымкенттік “Металлург” ВЦСПС Кубогінің финалына жолдама алды. Ақтық сында оңтүстікқазақстандық ұжым кемеровтік“Шахтерді” 3:1 есебімен тізе бүктірді. 1957 жыл. Қазақстан футболының тарихындағы алғашқы ресми халықаралық матч. Алматыда жергілікті «Қайрат» финляндиялық «Вааса» командасымен жолдастық кездесу өткізіп, 4 - 0 есебімен жеңіске жетті.   1959 жыл.  Қазақ КСР Футбол Федерация құрылды. 1960 жыл.  Алматылық «Қайрат» қазақстандық командалар арасында алғаш рет жоғары дивизион клубтары арасындағы КСРО чемпионатына қатысуға жолдама алды.   1960 жыл.  Қазақстандық футболшылар КСРО Чемпионатының жоғарғы дивизионындағы алғашқы голдарын соқты. Мәскеулік «Локомотивтің» қақпасына соғылған тарихи голдың авторы қайраттық Сергей Квочкин. 1960-61 жылдар.  Өскемендік “Торпедо” Миллиондар Кубогінің жартылай финалына шықты. 1962 жыл.  Қарағандылық “Шахтер” қазақстандық клубтар арасында алғаш болып КСРО-ның «Б» класындағы командалар өнер көрсететін чемпионатының ІІ аймағында жеңімпаз атанды. Аталмыш турнирдің І және ІІ аймағындағы жеңімпаздар арасында өткен екі кездесуден тұратын финалдық ойынның қортындысы бойынша қарағандылықтар Гомель қаласының  “Локомотив” командасын ұтып (1:0 и 0:0), КСРО чемпионатының “А” класындағы командалар бәсекесіндегі ІІ топта өнер көрсетуге мүмкіндік алды. 1963 жыл.  Алматылық “Қайрат”, КСРО –ның XXII Кубогінің жартылай финалына шығып, қазақстандық клубтардың аталмыш турнирдегі ең жоғарғы жетістігіне қол жеткізді. Финалдың жолдамасына таласқан алматылықтар мен донецкілік “Шахтер” арасындағы жартылай финалдық кездесудің тек қосымша уақытында ғана украиналық команда 2:1 есебімен жеңіске жете алды. 1964 жыл.  Алғашқы кезеңдерде жоғары нәтиежелерге қол жеткізген өскемендік Торпедо” Миллиондар Кубогінің «Үлкен финалына» жолдама алды. “Динамо”-3 (Мәскеу) - 3:2 есебімен ұтып, Молодечиналық “Норочьпен” өткізген кездесуді  0:0  нәтижесімен аяқтап,  Белая Калитвалық “Трудтан”  2 : 0 есебімен жеңіліп қалған шығысқазақстандықтар турнирде үшінші орынға ие болды. Бұл бәсекеге сол жылы тұтастай алғанда 40286(!) команда қатысқан. Жарыс қортындысы бойынша торпедолық қақпашы А. Лазарев пен шабуылшы Ю. Тимошенко өз ойын жүйелері бойынша үздік футболшылар болып танылса, ұйымдастырушылар “Торпедо” футбол клубын «Адал ойын» жүлдесімен де марапаттады. 1966 жыл.  Алматылық  “Қайрат” жоғарғы лига командаларының арасындағы КСРО чемпионатының қортындысы бойынша «Жеңіске деген ынтасы» үшін жүлдесіне ие болды. 1967 жыл.  Қарағандылық “Шахтер” “А” класындағы ІІ топтың ІІІ бірлестігіндегі командалар арасында жеңіске жетіп КСРО чемпионатының жоғарғы лигасында өнер көрсетуге мүмкіндік беретін жолдама сарапқа салынар шешуші турнирге қатысты. Бұл бәсекенің финалдық кезеңінде “Шахтер” кировабадтық “Динамомен” бірдей ұпай жинағанымен, қосымша белгіленген кездесуде қарсыластарынан  1:0 есебімен жеңіліп қалды.   1968 жыл.  КСРО Футбол федерациясы “Б” класындағы командалардың қазақстандық аймағын құрады. Жалпы саны 21 клуб қатысқан аймақтық жарыстың алғашқы жеңімпазы жезқазғандық “Еңбек”.    1968 год.  Кәсіби клубтар арасындағы алғашқы Қазақстан Кубогінің бәсекесі өткізіліп, бас жүлдеге целиноградтық  “Динамо” қол жеткізді.  Дереккөзі: Қазақстан футбол федерациясы
29.03.2013 03:45 4316

 

1940 жыл.
Қазақстандық клубтың бүкілодақтық деңгейде алғаш рет жеңіске жеткен жылы. Алматылық «Динамо» Таганрогта өткен КСРО-ның  Денешынықтыру ұжымдары Кубогінің финалындағы екінші матчта  жергілікті «Торпедоны» 3-1 есебімен ұтып, бағалы жүлдеге қол жеткізді. Халық арасында «Миллиондар кубогі» деген атқа ие бұл жарыстың бастапқы кезеңінде ұзын саны 2150(!) өнер көрсеткен.

 
1946 жыл.
Қазақстанның спорттық ұжымдар арасындағы І Чемпионаты тұсауын кесті. Турнирдің алғашқы жеңімпазы жамбылдық «Локомотив».


1948 жыл.
Спорттық ұжымдар арасындағы алғашқы Қазақстан Кубогі сарапқа салынды. Аталмыш жүлденің алғашқы жеңімпазы қарағандылық «Динамо»


1951 жыл.
Алғашқы кезеңдерде Баку, Одесса және Сталинградттық ұжымдарды жеңген шымкенттік “Металлург” ВЦСПС Кубогінің финалына жолдама алды. Ақтық сында оңтүстікқазақстандық ұжым кемеровтік“Шахтерді” 3:1 есебімен тізе бүктірді.


1957 жыл.
Қазақстан футболының тарихындағы алғашқы ресми халықаралық матч. Алматыда жергілікті «Қайрат» финляндиялық «Вааса» командасымен жолдастық кездесу өткізіп, 4 - 0 есебімен жеңіске жетті.

 
1959 жыл
Қазақ КСР Футбол Федерация құрылды.


1960 жыл. 
Алматылық «Қайрат» қазақстандық командалар арасында алғаш рет жоғары дивизион клубтары арасындағы КСРО чемпионатына қатысуға жолдама алды.

 

1960 жыл. 
Қазақстандық футболшылар КСРО Чемпионатының жоғарғы дивизионындағы алғашқы голдарын соқты. Мәскеулік «Локомотивтің» қақпасына соғылған тарихи голдың авторы қайраттық Сергей Квочкин.


1960-61 жылдар. 
Өскемендік “Торпедо” Миллиондар Кубогінің жартылай финалына шықты.


1962 жыл. 
Қарағандылық “Шахтер” қазақстандық клубтар арасында алғаш болып КСРО-ның «Б» класындағы командалар өнер көрсететін чемпионатының ІІ аймағында жеңімпаз атанды. Аталмыш турнирдің І және ІІ аймағындағы жеңімпаздар арасында өткен екі кездесуден тұратын финалдық ойынның қортындысы бойынша қарағандылықтар Гомель қаласының  “Локомотив” командасын ұтып (1:0 и 0:0), КСРО чемпионатының “А” класындағы командалар бәсекесіндегі ІІ топта өнер көрсетуге мүмкіндік алды.


1963 жыл. 
Алматылық “Қайрат”, КСРО –ның XXII Кубогінің жартылай финалына шығып, қазақстандық клубтардың аталмыш турнирдегі ең жоғарғы жетістігіне қол жеткізді. Финалдың жолдамасына таласқан алматылықтар мен донецкілік “Шахтер” арасындағы жартылай финалдық кездесудің тек қосымша уақытында ғана украиналық команда 2:1 есебімен жеңіске жете алды.


1964 жыл. 
Алғашқы кезеңдерде жоғары нәтиежелерге қол жеткізген өскемендік Торпедо” Миллиондар Кубогінің «Үлкен финалына» жолдама алды. “Динамо”-3 (Мәскеу) - 3:2 есебімен ұтып, Молодечиналық “Норочьпен” өткізген кездесуді  0:0  нәтижесімен аяқтап,  Белая Калитвалық “Трудтан”  2 : 0 есебімен жеңіліп қалған шығысқазақстандықтар турнирде үшінші орынға ие болды. Бұл бәсекеге сол жылы тұтастай алғанда 40286(!) команда қатысқан. Жарыс қортындысы бойынша торпедолық қақпашы А. Лазарев пен шабуылшы Ю. Тимошенко өз ойын жүйелері бойынша үздік футболшылар болып танылса, ұйымдастырушылар “Торпедо” футбол клубын «Адал ойын» жүлдесімен де марапаттады.


1966 жыл. 
Алматылық  “Қайрат” жоғарғы лига командаларының арасындағы КСРО чемпионатының қортындысы бойынша «Жеңіске деген ынтасы» үшін жүлдесіне ие болды.


1967 жыл. 
Қарағандылық “Шахтер” “А” класындағы ІІ топтың ІІІ бірлестігіндегі командалар арасында жеңіске жетіп КСРО чемпионатының жоғарғы лигасында өнер көрсетуге мүмкіндік беретін жолдама сарапқа салынар шешуші турнирге қатысты. Бұл бәсекенің финалдық кезеңінде “Шахтер” кировабадтық “Динамомен” бірдей ұпай жинағанымен, қосымша белгіленген кездесуде қарсыластарынан  1:0 есебімен жеңіліп қалды.

 

1968 жыл. 
КСРО Футбол федерациясы “Б” класындағы командалардың қазақстандық аймағын құрады. Жалпы саны 21 клуб қатысқан аймақтық жарыстың алғашқы жеңімпазы жезқазғандық “Еңбек”.   

1968 год. 
Кәсіби клубтар арасындағы алғашқы Қазақстан Кубогінің бәсекесі өткізіліп, бас жүлдеге целиноградтық  “Динамо” қол жеткізді.

 Дереккөзі: Қазақстан футбол федерациясы

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға