Жаңалықтар

Әлия Молдағұлованың сіңлісі батыр әпкесінің сүйегін елге әкелуді сұрайды

Ресейлік іздестіру тобының Әлия Молдағұлова туралы жариялаған мәлімдемесі батырдың туыстары мен зерттеушілердің жағасын ұстатты. Олар бейіттің бос екендігіне сенгісі жоқ. Себебі Әлияны жерлеген куәгерлермен осы күнге дейін сан мәрте кездесіп, соғыс кезінде оның қалай қаза тапқандығын сұрастырған. Мерген қыздың сіңілісі бауырының сүйегін енді туған жерге жеткізсе деп армандайды. Әлия Молдағұлова қабірінің бос екендігі туралы тосын хабарды алғаш естігенде туған сіңілісі Әліп есінен тана жаздапты. Ресейлік іздестіру тобының бұл жаңалығына оның сенгісі жоқ. Себебі соңғы рет осыдан жеті жыл бұрын бауырының моласына барып, оны жерлеген куәгермен жүздесіп те қайтқан. Әліп Үсенова, Ә.Молдағұлованың сіңілісі: - Жағамды ұстадым қорқып кеттім. Сенбеймін, қой сенбеймін. Маған үп үлкен кісі айтты ғой. Әкем осы жерге көмді деп. Бетімнен сүйіп, құшақтап жылады. Мына жаққа әкелсе өз сүйегімізді өзімізге әкелсек. Барып тұрсақ. Балалаларда құран оқып тұрса. Қырық жылдан бері Әлия Молдағұлова өмірін зерттеп келе жатқан Ғалымжан Байдербес те іздестірушілердің мәлімдемесіне сенбейтінін айтады. Себебібатыр қыздың сүйегін өз ауласына жерлеген орыс қарты Байковпен кездесіп, майдандасы Зинаида Поляковамен бірнеше жыл бойы хат алысып тұрыпты. Ғалымжан Байдербес, Әлиятанушы: - Мыналардың жоқ деуі меніңше артықтау шығар деп ойлаймын. Себебі іздеушілерге көп мән бермей жатыр. Сондықтан бұл бір жағынан жарнама болуы керек. Екінші жағынан көре алмайды. Ашаршылық жылдары картоп ұрлап жатқан жерінен күзетшінің оғынан қаза тапқан Әлияның анасы Маржанның қабірі де былтыр табылған болатын. Қобдалықтар оның басын қарайтып, құлыптас қойыпты. Мәжит Ақжігітов, Ақтөбе облысының тұрғыны: - Қарағандыда Бағдаулет Өрбісінов дейтін ағай тұрды. Өзінің бар уақытында жылына бір рет келіп тұратын еді. Соңғы келгенде осы арадағы құлыптасты көрсетіп кетті Әлияның шешесі жерленген деп. Әлияның сіңілісі бауырының сүйгенін енді туған жері Ақтөбе облысына алып келіп қайта жерлеуді талап етіп отыр.Батыр қыздыжерлестері аса құрметтейді. Туған ауылының атынан бастап, ондағы барлық нысандарға Әлия аты берілген.  Жаңалық Ахаш  
28.03.2013 12:21 4438

Ресейлік іздестіру тобының Әлия Молдағұлова туралы жариялаған мәлімдемесі батырдың туыстары мен зерттеушілердің жағасын ұстатты. Олар бейіттің бос екендігіне сенгісі жоқ. Себебі Әлияны жерлеген куәгерлермен осы күнге дейін сан мәрте кездесіп, соғыс кезінде оның қалай қаза тапқандығын сұрастырған. Мерген қыздың сіңілісі бауырының сүйегін енді туған жерге жеткізсе деп армандайды.

Әлия Молдағұлова қабірінің бос екендігі туралы тосын хабарды алғаш естігенде туған сіңілісі Әліп есінен тана жаздапты. Ресейлік іздестіру тобының бұл жаңалығына оның сенгісі жоқ. Себебі соңғы рет осыдан жеті жыл бұрын бауырының моласына барып, оны жерлеген куәгермен жүздесіп те қайтқан.

Әліп Үсенова, Ә.Молдағұлованың сіңілісі:

- Жағамды ұстадым қорқып кеттім. Сенбеймін, қой сенбеймін. Маған үп үлкен кісі айтты ғой. Әкем осы жерге көмді деп. Бетімнен сүйіп, құшақтап жылады. Мына жаққа әкелсе өз сүйегімізді өзімізге әкелсек. Барып тұрсақ. Балалаларда құран оқып тұрса.

Қырық жылдан бері Әлия Молдағұлова өмірін зерттеп келе жатқан Ғалымжан Байдербес те іздестірушілердің мәлімдемесіне сенбейтінін айтады. Себебібатыр қыздың сүйегін өз ауласына жерлеген орыс қарты Байковпен кездесіп, майдандасы Зинаида Поляковамен бірнеше жыл бойы хат алысып тұрыпты.

Ғалымжан Байдербес, Әлиятанушы:

- Мыналардың жоқ деуі меніңше артықтау шығар деп ойлаймын. Себебі іздеушілерге көп мән бермей жатыр. Сондықтан бұл бір жағынан жарнама болуы керек. Екінші жағынан көре алмайды.

Ашаршылық жылдары картоп ұрлап жатқан жерінен күзетшінің оғынан қаза тапқан Әлияның анасы Маржанның қабірі де былтыр табылған болатын. Қобдалықтар оның басын қарайтып, құлыптас қойыпты.

Мәжит Ақжігітов, Ақтөбе облысының тұрғыны:

- Қарағандыда Бағдаулет Өрбісінов дейтін ағай тұрды. Өзінің бар уақытында жылына бір рет келіп тұратын еді. Соңғы келгенде осы арадағы құлыптасты көрсетіп кетті Әлияның шешесі жерленген деп.

Әлияның сіңілісі бауырының сүйгенін енді туған жері Ақтөбе облысына алып келіп қайта жерлеуді талап етіп отыр.Батыр қыздыжерлестері аса құрметтейді. Туған ауылының атынан бастап, ондағы барлық нысандарға Әлия аты берілген. 

Жаңалық Ахаш

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға