Жаңалықтар

Аудан соты

  Аудандық соты туралы аудандық мемлекеттік мұрағатта деректер сақталмаған. Дегенмен, сұрау салу нәтижесімен қыстақта тұратын, бұрын сотта қызмет істеген кісілердің және олардың ағайындарының айтуы бойынша, Жосалы қыстағы – Қызылорда облысы Қармақшы елінің орталығы әрі темір жол стансасы ретінде 1904 жылы іргесі тасы қаланған көрінеді, 1939 жылдан қала тектес поселке болып саналады. Қорқыт бабамыз бен Марал бабаның жамбасы жерге тиген Қармақшы жері де тарихи деректерге бай. Бұл атақты Сыр сүлейлерінің жыр-дастандарымен, алқалы топтағы айтыстарымен тарих беттерін дүбірлеткен аймақ. Сот орындарының да тиісті тарихи парақтары бар екені даусыз. Аудандық сотта алғаш қызмет жасағандардың бірі Бедер Боранқұлов. Ол кісі 1938-1941 жылдар аралығында Қармақшы аудандық халық сотының судьясы қызметін атқарған. Ұлы Отан соғысына қатынасушы. Елге оралған соң, зейнеткерлікке шыққанға дейін облыстық соттың судьясы, аудандық сот орындаушы, адвокат, нотариус болып жұмыс жасаған. Осы еңбектері үшін бірнеше рет мақтау қағаздарымен марапатталған. Аудандық сот төрағасы болып:   1947 жылдары Берденов Жапақ, 1952 жылы Қоразбаев Асан, 1958 жылы Тлеубаев Жарқынбай, 1970-1976 жылдары Жарықбаев Өтеген, 1976-1982 жылдары Балымбетов Әділбек, 1982-1985 Шерипов Жақас, 1985-1988 жылдары Жұбанғанов Нұрғабыл, 1988-1990 жылдары Жаубасаров Әмір, 1990-2002 жылдары Құрмантаев Жаңаберген, 2002-2007 жылдары Дүйсенбаев Гахарман, 2001-2010 жылдары Бекжанов Жанат, 2010 жылы осы кезге дейін аудандық сот төрағасы Дәуренбеков Айбек қызмет етіп келеді. Сонымен қатар судьялар қызметінде:   1963 жылдары Досымов Айтбай, 1982-1985 жылдары Күзембаева Айша, 1986-1987 жылдары Баймағанбетов Тұрмат, 1987-1997 жылдары Нұрсейтов Зейнулла, 1993-1994 жылдары Ахметов Молдабек, 1994 - осы уақытқа дейін Қаниева Клара, 1997-1998 жылдары Өміртайұлы Нұрлан, 2000-2006 жылдары Ерманов Алмат, 2004-2008 жылдары Тасыбаев Нурлан, 2009- жылы Пазылов Болат. Сонымен қатар, аудандық сотында көп жылдан бері яғни 1972-2000 жылдары қызмет атқарған сот хатшысы болып Ақжанова Күміс кеңседе қызмет атқарды. Ол жылдары бүкіл кеңсе жұмысын бір адам атқаратын. Қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істерді тіркеп, сонымен қоса бүкіл сотқа түскен корреспонденцияларды тіркеп, кіріс-шығыстап, сот актілерінің уақытылы таратылуына ыждағат танытып, архив жұмысымен де айналысатын. Сонымен бірге, аудандық сотта ұзақ бойы хатшылық қызметте болған және осы уақытқа дейін өз міндеттерін абыроймен атқарған және атқарып келе жатқан азаматтар да бар. 1985 - 2010 жыл аралығында Өміртаев Өмірбек, 1990 жылдан бастап Бисенова Рахия, 1993 жылдан бері Динкешова Лиза, 1994 жылдан Қожаева Оразкүл, 1998 жылдан Мырзагулова Аида, 1999-2010 жыл аралығында заңды жүйелеу кабинетінде консультант, аға сот орындаушы, одан кейін кеңсе меңгерушісі Бөрібаев Елтайлар жемісті еңбек етуде. Сонымен қатар 2001 жылдан бастап Матжанов Ербол, 2002-2010 жыл аралығында Ахметов Темірлан, 2008-2012 жылдары аралығында Қожабаев Самат, 2010 жылдан бастап Нұрғалиев Асқар, 2012 жылдан бастап Тоғызбаев Жомарт, Қошанов Бахытжан қызмет атқаруда. Дереккөзі: Қармақшы аудандық соты
28.03.2013 10:52 4323

 

Аудандық соты туралы аудандық мемлекеттік мұрағатта деректер сақталмаған.

Дегенмен, сұрау салу нәтижесімен қыстақта тұратын, бұрын сотта қызмет істеген кісілердің және олардың ағайындарының айтуы бойынша, Жосалы қыстағы – Қызылорда облысы Қармақшы елінің орталығы әрі темір жол стансасы ретінде 1904 жылы іргесі тасы қаланған көрінеді, 1939 жылдан қала тектес поселке болып саналады.

Қорқыт бабамыз бен Марал бабаның жамбасы жерге тиген Қармақшы жері де тарихи деректерге бай. Бұл атақты Сыр сүлейлерінің жыр-дастандарымен, алқалы топтағы айтыстарымен тарих беттерін дүбірлеткен аймақ. Сот орындарының да тиісті тарихи парақтары бар екені даусыз.

Аудандық сотта алғаш қызмет жасағандардың бірі Бедер Боранқұлов. Ол кісі 1938-1941 жылдар аралығында Қармақшы аудандық халық сотының судьясы қызметін атқарған. Ұлы Отан соғысына қатынасушы. Елге оралған соң, зейнеткерлікке шыққанға дейін облыстық соттың судьясы, аудандық сот орындаушы, адвокат, нотариус болып жұмыс жасаған. Осы еңбектері үшін бірнеше рет мақтау қағаздарымен марапатталған.

Аудандық сот төрағасы болып:

 

1947 жылдары Берденов Жапақ,

1952 жылы Қоразбаев Асан,

1958 жылы Тлеубаев Жарқынбай,

1970-1976 жылдары Жарықбаев Өтеген,

1976-1982 жылдары Балымбетов Әділбек,

1982-1985 Шерипов Жақас,

1985-1988 жылдары Жұбанғанов Нұрғабыл,

1988-1990 жылдары Жаубасаров Әмір,

1990-2002 жылдары Құрмантаев Жаңаберген,

2002-2007 жылдары Дүйсенбаев Гахарман,

2001-2010 жылдары Бекжанов Жанат,

2010 жылы осы кезге дейін аудандық сот төрағасы Дәуренбеков Айбек қызмет етіп келеді.

Сонымен қатар судьялар қызметінде:

 

1963 жылдары Досымов Айтбай,

1982-1985 жылдары Күзембаева Айша,

1986-1987 жылдары Баймағанбетов Тұрмат,

1987-1997 жылдары Нұрсейтов Зейнулла,

1993-1994 жылдары Ахметов Молдабек,

1994 - осы уақытқа дейін Қаниева Клара,

1997-1998 жылдары Өміртайұлы Нұрлан,

2000-2006 жылдары Ерманов Алмат,

2004-2008 жылдары Тасыбаев Нурлан,

2009- жылы Пазылов Болат.

Сонымен қатар, аудандық сотында көп жылдан бері яғни 1972-2000 жылдары қызмет атқарған сот хатшысы болып Ақжанова Күміс кеңседе қызмет атқарды. Ол жылдары бүкіл кеңсе жұмысын бір адам атқаратын. Қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істерді тіркеп, сонымен қоса бүкіл сотқа түскен корреспонденцияларды тіркеп, кіріс-шығыстап, сот актілерінің уақытылы таратылуына ыждағат танытып, архив жұмысымен де айналысатын.

Сонымен бірге, аудандық сотта ұзақ бойы хатшылық қызметте болған және осы уақытқа дейін өз міндеттерін абыроймен атқарған және атқарып келе жатқан азаматтар да бар.

1985 - 2010 жыл аралығында Өміртаев Өмірбек, 1990 жылдан бастап Бисенова Рахия, 1993 жылдан бері Динкешова Лиза, 1994 жылдан Қожаева Оразкүл, 1998 жылдан Мырзагулова Аида, 1999-2010 жыл аралығында заңды жүйелеу кабинетінде консультант, аға сот орындаушы, одан кейін кеңсе меңгерушісі Бөрібаев Елтайлар жемісті еңбек етуде.

Сонымен қатар 2001 жылдан бастап Матжанов Ербол, 2002-2010 жыл аралығында Ахметов Темірлан, 2008-2012 жылдары аралығында Қожабаев Самат, 2010 жылдан бастап Нұрғалиев Асқар, 2012 жылдан бастап Тоғызбаев Жомарт, Қошанов Бахытжан қызмет атқаруда.

Дереккөзі: Қармақшы аудандық соты

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға