Жаңалықтар

1997 жылдан бүгінге дейін

  1997 жылы Жуынтаева Света Нағашыбайқызы Арал аудандық сотының судьясы қызметіне тағайындалды. С.Жуынтаева 20 ақпан 1964 жылы Арал қаласында дүниеге келген. 2004 жылы сәуір айында Елбасының Жарлығымен С.Жуынтаева Қызылорда облыстық сотының судьясы қызметіне тағайындалды. 1994 жылдан бастап әкімшілік судья беріліп, 3 құрамды сот болған. 1997 жылдан бастап Арал аудандық соты 4 құрамды сот болып табылады. 2002 жылдың 29 мамырындағы Елбасының Жарлығымен Арал аудандық сотының төрағасы болып Жанат Сақыбайұлы Бекжанов тағайындалған. Ол 1961 жылы Қазалы ауданы Ғани Мұратбаев ауылында туған. Семей малдәрігерлік институтын және Қ.А.Иассауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетін бітірген. Еңбек жолын 1983 жылы Семей облысы Жарма ауданында бастаған. 1985-94 жылдары комсомол, партия, шаруашылық, әкімшілік органдарында жұмыс істеген. Қазалы аудандық комсомол комитетінің 1-ші хатшысы, аудандық агроөнеркәсіп бірлестігі төрағасының 1-ші орынбасары, әкім аппаратының бөлім бастығы қызметтерін атқарған. Қазақстан комсомолының ХVII, ХVIII съездерінің, Ленин комсомолының (Москва 1990) ХХI съезінің делегаты, ВЛКСМ орталық комитетінің мүшесі болған. 1994 жылдан бастап сот органдарында қызмет жасайды. Оған дейін осы соттың судьясы қызметін атқарған. 2007 жылы Қармақшы аудандық сотының төрағасы қызметіне тағайындалды. Қазақстан Республикасы Президентінің 29 мамыр 2002 жылғы Жарлығымен Тажимова Злиха Жұмабекқызы Арал аудандық сотының судьясы болып тағайындалды, оған дейін Қызылорда облыстық әділет басқармасында бөлім меңгерушісі болып қызмет атқарған. З.Ж.Тажимова 21 қыркүйек 1964 жылы Қызылорда облысы Сырдария ауданында дүниеге келген. Қазақстан Республикасы Президентінің 9 маусым 2004 жылғы Жарлығымен Наримов Артур Зұлхарнайұлы Арал аудандық сотының судьясы болып тағайындалды, оған дейін Қызылорда облыстық сотында кеңесші қызметін атқарған. А.З.Наримов 21 сәуір 1977 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. Қазақстан Республикасы Президентінің 13 желтоқсан 2004 жылғы №1498 санды Жарлығымен Жамбулбаев Есімхан Көрпебайұлы Арал аудандық сотының судьясы болып тағайындалды, оған дейін Байқоңыр қалалық сотының аппарат басшысы болып қызмет атқарған. Е.К.Жамбулбаев 26 шілде 1961 жылы Талдықорған облысы Ақсу ауданы Есболатов ауылында дүниеге келген. 2007-2012 жылдары Арал аудандық сотының төрағасы қызметін Дүйсенбаев Гахарман Базарбекұлы атқарды. Ол 1964 жылы 31 қазанда Қызылорда қаласында дүниеге келген. 1985 жылдан Сырдария аудандық сотында сот отырысының хатшысы.1986 жылдан Қызылорда облыстық сотында сот отырысының хатшысы. 1987 жылдан Қызылорда облыстық сотында бас кеңесші. 1993 жылдан Байқоңыр қалалық сотының судьясы. 1997 жылдан Қызылорда облыстық сотының судьясы. 2002-2007 жылдары Қармақшы аудандық сотының төрағасы қызметін атқарған. 2012 жылы Сырдария аудандық сотының төрағасы қызметіне тағайындалды. Қазақстан Республикасы Президентінің 13 наурыз 2012 жылғы №279 санды Жарлығымен Кентбаев Дархан Несіпбайұлы Арал аудандық сотының судьясы болып тағайындалды, ол 8 қараша 1981 жылы Қызылорда облысы Сырдария ауданы Тасбөгет қыстағында дүниеге келген. 2002 жылы Заңгер мамандығы бойынша Қазақ Гуманитарлық Заң Университетін бітірген. 2008 жылы ҚР Президентінің Жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясын бітірген. Осы қызметке дейін Қызылорда облыстық сотында жетекші маман қызметін атқарған. Қазіргі таңда, Қазақстан Республикасы Президентінің 2 шілде 2012 жылғы №350 санды Жарлығына сәйкес, Арал аудандық сотының төрағасы қызметін Сайдуллаев Абдуллажан Сайджаппарұлы атқарып келеді. Сайдуллаев Абдуллажан Сайджаппарұлы 3 қазан 1962 жылы Өзбекстан Республикасы Фергана облысында туған. Еңбек жолын 1979 жылы Шиелі аудандық сотының сот отырысының хатшысынан бастаған. 1981 жылы М.С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген. 1986-1992 жылдары аралығында Қазалы аудандық прокуратурасында стажер, прокурордың көмекшісі, тергеуші қызметтерін атқарған. 1992-2002 жылдары Шиелі аудандық сотының судьясы қызметін, 2002-2007 жылдары Жаңақорған аудандық сотының төрағасы қызметін, 2007-2012 жылдары Сырдария аудандық сотының төрағасы қызметін атқарған. Дереккөзі: Арал аудандық соты
28.03.2013 03:16 4190

 

1997 жылы Жуынтаева Света Нағашыбайқызы Арал аудандық сотының судьясы қызметіне тағайындалды. С.Жуынтаева 20 ақпан 1964 жылы Арал қаласында дүниеге келген. 2004 жылы сәуір айында Елбасының Жарлығымен С.Жуынтаева Қызылорда облыстық сотының судьясы қызметіне тағайындалды.

1994 жылдан бастап әкімшілік судья беріліп, 3 құрамды сот болған.

1997 жылдан бастап Арал аудандық соты 4 құрамды сот болып табылады.

2002 жылдың 29 мамырындағы Елбасының Жарлығымен Арал аудандық сотының төрағасы болып Жанат Сақыбайұлы Бекжанов тағайындалған. Ол 1961 жылы Қазалы ауданы Ғани Мұратбаев ауылында туған. Семей малдәрігерлік институтын және Қ.А.Иассауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетін бітірген. Еңбек жолын 1983 жылы Семей облысы Жарма ауданында бастаған. 1985-94 жылдары комсомол, партия, шаруашылық, әкімшілік органдарында жұмыс істеген. Қазалы аудандық комсомол комитетінің 1-ші хатшысы, аудандық агроөнеркәсіп бірлестігі төрағасының 1-ші орынбасары, әкім аппаратының бөлім бастығы қызметтерін атқарған. Қазақстан комсомолының ХVII, ХVIII съездерінің, Ленин комсомолының (Москва 1990) ХХI съезінің делегаты, ВЛКСМ орталық комитетінің мүшесі болған. 1994 жылдан бастап сот органдарында қызмет жасайды. Оған дейін осы соттың судьясы қызметін атқарған. 2007 жылы Қармақшы аудандық сотының төрағасы қызметіне тағайындалды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 29 мамыр 2002 жылғы Жарлығымен Тажимова Злиха Жұмабекқызы Арал аудандық сотының судьясы болып тағайындалды, оған дейін Қызылорда облыстық әділет басқармасында бөлім меңгерушісі болып қызмет атқарған. З.Ж.Тажимова 21 қыркүйек 1964 жылы Қызылорда облысы Сырдария ауданында дүниеге келген.

Қазақстан Республикасы Президентінің 9 маусым 2004 жылғы Жарлығымен Наримов Артур Зұлхарнайұлы Арал аудандық сотының судьясы болып тағайындалды, оған дейін Қызылорда облыстық сотында кеңесші қызметін атқарған. А.З.Наримов 21 сәуір 1977 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген.

Қазақстан Республикасы Президентінің 13 желтоқсан 2004 жылғы №1498 санды Жарлығымен Жамбулбаев Есімхан Көрпебайұлы Арал аудандық сотының судьясы болып тағайындалды, оған дейін Байқоңыр қалалық сотының аппарат басшысы болып қызмет атқарған. Е.К.Жамбулбаев 26 шілде 1961 жылы Талдықорған облысы Ақсу ауданы Есболатов ауылында дүниеге келген.

2007-2012 жылдары Арал аудандық сотының төрағасы қызметін Дүйсенбаев Гахарман Базарбекұлы атқарды. Ол 1964 жылы 31 қазанда Қызылорда қаласында дүниеге келген. 1985 жылдан Сырдария аудандық сотында сот отырысының хатшысы.1986 жылдан Қызылорда облыстық сотында сот отырысының хатшысы. 1987 жылдан Қызылорда облыстық сотында бас кеңесші. 1993 жылдан Байқоңыр қалалық сотының судьясы. 1997 жылдан Қызылорда облыстық сотының судьясы. 2002-2007 жылдары Қармақшы аудандық сотының төрағасы қызметін атқарған. 2012 жылы Сырдария аудандық сотының төрағасы қызметіне тағайындалды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 13 наурыз 2012 жылғы №279 санды Жарлығымен Кентбаев Дархан Несіпбайұлы Арал аудандық сотының судьясы болып тағайындалды, ол 8 қараша 1981 жылы Қызылорда облысы Сырдария ауданы Тасбөгет қыстағында дүниеге келген. 2002 жылы Заңгер мамандығы бойынша Қазақ Гуманитарлық Заң Университетін бітірген. 2008 жылы ҚР Президентінің Жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясын бітірген. Осы қызметке дейін Қызылорда облыстық сотында жетекші маман қызметін атқарған.

Қазіргі таңда, Қазақстан Республикасы Президентінің 2 шілде 2012 жылғы №350 санды Жарлығына сәйкес, Арал аудандық сотының төрағасы қызметін Сайдуллаев Абдуллажан Сайджаппарұлы атқарып келеді.

Сайдуллаев Абдуллажан Сайджаппарұлы 3 қазан 1962 жылы Өзбекстан Республикасы Фергана облысында туған. Еңбек жолын 1979 жылы Шиелі аудандық сотының сот отырысының хатшысынан бастаған. 1981 жылы М.С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген.

1986-1992 жылдары аралығында Қазалы аудандық прокуратурасында стажер, прокурордың көмекшісі, тергеуші қызметтерін атқарған.

1992-2002 жылдары Шиелі аудандық сотының судьясы қызметін, 2002-2007 жылдары Жаңақорған аудандық сотының төрағасы қызметін, 2007-2012 жылдары Сырдария аудандық сотының төрағасы қызметін атқарған.

Дереккөзі: Арал аудандық соты

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға