Жаңалықтар

Сіріңке шырпысынан мешіт тұрғызды

Сөйтсе де, саңырау әрі мылқау осынау жігіт өмірден өз орнын тапты. Міне, үш жылдың жүзі болды, арманы асқақ, қиялы ұшқыр Ахмет сіріңке шырпысы мен кәдімгі қағаз желімімен өзгеше өнер туындыларын жасайды. Бірде ол шырпы мен тіс шұқығыштан үй «тұрғызған» адам туралы фильмді көріп, ойға қалады. Мешіттің макетін жасап көреді. Оның бұл туындысы достары мен туған-туыстарының көңілінен шығады. Содан бастап, ол қолөнердің бұл түрімен түпкілікті айналысады. Жасағандарын сатып, табыс та табады. Оның өнерінен хабары бар былайғы жұрттың тапсырысын орындаудан қолы тимейтін болды. Ол өз туындыларының ішінде Меккедегі мешіттің шағын көшірмесін «ең үздік жұмысым» деп есептейді. Ахмет бұл мешітті жасауға 10 тәулік кеткенін айтты. Оны жасауға 20 қорап тіс шұқығыш, 50 қорап сіріңке шырпысын және қағаз желімнің 5 флаконын пайдаланған.  muslim.kz
27.03.2013 13:06 4673

Сөйтсе де, саңырау әрі мылқау осынау жігіт өмірден өз орнын тапты. Міне, үш жылдың жүзі болды, арманы асқақ, қиялы ұшқыр Ахмет сіріңке шырпысы мен кәдімгі қағаз желімімен өзгеше өнер туындыларын жасайды.

Бірде ол шырпы мен тіс шұқығыштан үй «тұрғызған» адам туралы фильмді көріп, ойға қалады. Мешіттің макетін жасап көреді. Оның бұл туындысы достары мен туған-туыстарының көңілінен шығады. Содан бастап, ол қолөнердің бұл түрімен түпкілікті айналысады. Жасағандарын сатып, табыс та табады. Оның өнерінен хабары бар былайғы жұрттың тапсырысын орындаудан қолы тимейтін болды. Ол өз туындыларының ішінде Меккедегі мешіттің шағын көшірмесін «ең үздік жұмысым» деп есептейді.

Ахмет бұл мешітті жасауға 10 тәулік кеткенін айтты. Оны жасауға 20 қорап тіс шұқығыш, 50 қорап сіріңке шырпысын және қағаз желімнің 5 флаконын пайдаланған. 


muslim.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға