Бүгін Германия мен Қазақстан арасындағы екінші матч тікелей эфирден көрсетіледі
Бүгін Қазақстан Германиямен екінші матч өткізеді, деп хабарлайды Vesti.kz. ҚФФ хабарлауынша, бүгін түнгі сағат 01.45-те Нюрнбергте өтетін Германия мен Қазақстан арасындағы 2014 жылғы әлем чемпионатының іріктеу матчын «Хабар» тікелей эфирде көрсетеді. Көрсетілім Қазақстан футбол Федерациясының басшылығы мен Германия - Қазақстан Әлем чемпионаты-2014 іріктеу матчының ТВ-құқығын иеленушілер арасындағы келіссөздердің сәтті аяқталуының арқасында мүмкін болды.
26.03.2013 12:20
2890
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Наполеонның Жозефинаға сыйлаған сақинасы 898 мың еуроға сатылды
Келесі жаңалық
Журналистикада жазылмай жүрген жанрлар