Жаңалықтар

Мұхаммед Хайдар Дулат

Соңғы редакциялау: 12 қазан 2012 Мұхаммед Хайдар Дулат, Мұхаммед Хайдар Дулати – белгілі тарихшы, әдебиетші, “Тарих-и Рашиди”, “Жаһаннаме” дастандарының авторы. 1499 ж. Ташкентте дүниеге келген. Жетісудағы Дулат тайпасы әмірлерінің ұрпағы. Әкесі Мұхаммед Хусайн Моғолстанның батыс бөлігін билеген Сұлтан Махмұд ханның жақын адамдарының бірі болды. Анасы Хұб Нигар ханым – Жүніс ханның қызы, ал өзі Саид хан мен Захир әд-Дин Мұхаммед Бабырмен бөле. Сұлтан Махмұд хан мен Мұхаммед Шайбани ханның соғыстары кезінде (1508) әкесі қаза тауып, туыстары оны Кабулдағы Бабырға жіберді. Ол Бабырдың Мауереннахр жорығына қатысты. 1512 жылдан Сұлтан Саид ханның Қашқардағы сарайында тұрып, әскери және сарай қызметін атқарды. Хан мұрагері – Әбу ар-Рашид сұлтанды тәрбиеледі. 1533 ж. хан тағына отырған Әбу ар-Рашид дулат тайпасының басшыларынан қауіптеніп, оларды қатты қуғынға ұшыратты. Мұхаммед Хайдар Дулат Үндістанға қашып, Ұлы Моғолдар сарайында әскербасы болды. Кашмирді жаулап алып, оны Ұлы моғолдар атынан биледі. 1551 ж. жергілікті халықтың көтерілісі кезінде қаза тапты. Бабырдың айтуы бойынша, ол жан-жақты білімді адам болған, саяси оқиғалар мен қайраткерлерді, сондай-ақ Қазақстан мен Орта Азия, Моғолстанның өткен тарихын, әсіресе дулат тайпасының тарихын жақсы білді. 1541 – 46 ж. Кашмирде парсы тілінде “Тарих-и Рашидиді” жазып, онда дулаттардың өткен өмірі жайлы ұрпақтан-ұрпаққа жеткен әңгімелер, моғол хандары сарайында сақталған ресми құжаттар, оқиға куәгерлерінің айтуы және өз байқағандары негізінде баяндады. Автор өзінен бұрынғы белгілі ғалымдар – Жуайнидің, Жамал Қаршидің, Рашид әд-Диннің, Хамдолла Казвинидің, Шараф әд-Дин Әли Йаздидің, Абд ар-Раззақ Самарқандидің, т.б. тарихи шығармаларын пайдаланды. Мұның бәрі шығарманы деректері анық, тарихи түпнұсқа деп атауға мүмкіндік береді. “Тарихи-и Рашидиде” қазақ хандығы құрылғанға дейінгі және одан кейінгі Жетісу мен Шығыс Дешті Қыпшақтағы оқиғалар, Моғолстанның құлауы, соғыстар, сыртқы жауға қарсы қазақтардың қырғыздармен және өзбектермен достық одағының қалыптасуы, т.б. жайлы көптеген мағлұматтар беріледі. Шығарма түрік тіліне аударылып, Орта Азияда, Үндістан мен Иранда бірнеше рет қолмен көшірілді. Үзінділерін орыс тіліне алғаш рет Владимир Вельяминов-Зернов аударды. Д.Росс оны ағылшын тіліне аударып, бастырды. 1999 ж. Мұхаммед Хайдар Дулаттың 500 жылдық тойы түркі халықтарының ортақ мақтанышы ретінде халықаралық дәрежеде Ташкентте аталып өтілді. Таразда ескерткіш қойылып, Тараз мемлекеттік университетіне есімі берілді.
08.11.2012 12:02 5687

Соңғы редакциялау:

12 қазан 2012

Мұхаммед Хайдар Дулат, Мұхаммед Хайдар Дулати – белгілі тарихшы, әдебиетші, “Тарих-и Рашиди”, “Жаһаннаме” дастандарының авторы. 1499 ж. Ташкентте дүниеге келген. Жетісудағы Дулат тайпасы әмірлерінің ұрпағы. Әкесі Мұхаммед Хусайн Моғолстанның батыс бөлігін билеген Сұлтан Махмұд ханның жақын адамдарының бірі болды. Анасы Хұб Нигар ханым – Жүніс ханның қызы, ал өзі Саид хан мен Захир әд-Дин Мұхаммед Бабырмен бөле. Сұлтан Махмұд хан мен Мұхаммед Шайбани ханның соғыстары кезінде (1508) әкесі қаза тауып, туыстары оны Кабулдағы Бабырға жіберді. Ол Бабырдың Мауереннахр жорығына қатысты. 1512 жылдан Сұлтан Саид ханның Қашқардағы сарайында тұрып, әскери және сарай қызметін атқарды. Хан мұрагері – Әбу ар-Рашид сұлтанды тәрбиеледі. 1533 ж. хан тағына отырған Әбу ар-Рашид дулат тайпасының басшыларынан қауіптеніп, оларды қатты қуғынға ұшыратты. Мұхаммед Хайдар Дулат Үндістанға қашып, Ұлы Моғолдар сарайында әскербасы болды. Кашмирді жаулап алып, оны Ұлы моғолдар атынан биледі. 1551 ж. жергілікті халықтың көтерілісі кезінде қаза тапты. Бабырдың айтуы бойынша, ол жан-жақты білімді адам болған, саяси оқиғалар мен қайраткерлерді, сондай-ақ Қазақстан мен Орта Азия, Моғолстанның өткен тарихын, әсіресе дулат тайпасының тарихын жақсы білді. 1541 – 46 ж. Кашмирде парсы тілінде “Тарих-и Рашидиді” жазып, онда дулаттардың өткен өмірі жайлы ұрпақтан-ұрпаққа жеткен әңгімелер, моғол хандары сарайында сақталған ресми құжаттар, оқиға куәгерлерінің айтуы және өз байқағандары негізінде баяндады. Автор өзінен бұрынғы белгілі ғалымдар – Жуайнидің, Жамал Қаршидің, Рашид әд-Диннің, Хамдолла Казвинидің, Шараф әд-Дин Әли Йаздидің, Абд ар-Раззақ Самарқандидің, т.б. тарихи шығармаларын пайдаланды. Мұның бәрі шығарманы деректері анық, тарихи түпнұсқа деп атауға мүмкіндік береді. “Тарихи-и Рашидиде” қазақ хандығы құрылғанға дейінгі және одан кейінгі Жетісу мен Шығыс Дешті Қыпшақтағы оқиғалар, Моғолстанның құлауы, соғыстар, сыртқы жауға қарсы қазақтардың қырғыздармен және өзбектермен достық одағының қалыптасуы, т.б. жайлы көптеген мағлұматтар беріледі. Шығарма түрік тіліне аударылып, Орта Азияда, Үндістан мен Иранда бірнеше рет қолмен көшірілді. Үзінділерін орыс тіліне алғаш рет Владимир Вельяминов-Зернов аударды. Д.Росс оны ағылшын тіліне аударып, бастырды. 1999 ж. Мұхаммед Хайдар Дулаттың 500 жылдық тойы түркі халықтарының ортақ мақтанышы ретінде халықаралық дәрежеде Ташкентте аталып өтілді. Таразда ескерткіш қойылып, Тараз мемлекеттік университетіне есімі берілді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға