Жаңалықтар

Өсімдіктер

Соңғы редакциялау: 24 қазан 2012 жыл ӨСІМДІКТЕР (Plantae, Vegetabіlla) – фотосинтез процесінің жүзеге асуы нәтижесінде автотрофты қоректенетін, клеткасы тығыз қабықты (әдетте целлюлозадан тұратын) организмдер; тірі организмдер әлемі. Ө. клеткасына жиналатын қоректік затты крахмал деп атайды. Ө. арасында сирек кездесетін гетеротрофты қоректену – эвол. даму барысында екінші қайтара пайда болған белгі. Ө-дің көпшілік түрінде  байқалатын бұл белгілер (ерекше даму циклы, органдардың қалыптасу жолдары, бір жерде бекініп тіршілік етуі) оларды тірі организмдердің басқа әлем өкілдерінен оңай ажыратуға мүмкіндік береді. Бірақ құрылымдық дәрежесі төмен (бір клеткалы Ө. мен жануарлар) организмдердің бір-бірінен айтарлықтай айырмашылығы болмайды. Мыс., эвгленді балдырларды зоологтар қарапайымдарға (омыртқасыздарға) жатқызады. Бір клеткалы Ө-дің бір клеткалы жануарлардан негізгі айырмашылығы – хлоропластарының болуы мен клеткасының ультрақұрылымдық ерекшеліктерінде (клетка қабықшасының құрылымы, вакуольдерінің болуы, т.б.). Ө. қорегін қоршаған ортадан газ түрінде (фотосинтез) және ерітінді күйінде (су мен еріген минералды тұздар) сіңіреді. Көптеген Ө-дің денесі әр түрлі қызмет атқаратын органдарға бөлшектенген. Жоғары сатыдағы Ө. денесінің бөлшектенуі мен дифференциялануы көптеген арнайы құрылымдардың (қ. Өсімдік ұлпасы. Вегетативті мүшелер) пайда болуына алып келеді. Мыс., эпифит Ө-дің жер асты тамыры болмайды. Олар тропиктік және субтропиктік ағаштар бұтағының үстінде өсіп, ылғалды ауа жұтады; ал шөл Ө-і ылғал жетпесе солып қалады. Бірақ жаңбыр жауса болды, оларда фотосинтез процесі жүре бастайды; кейбір Ө-дің сабағында қуыс болады. Онда Ө-ді басқа жәндіктерден қорғайтын құмырсқалар тіршілік етеді. Ө. құрылысының өзіне тән маңызды ерекшеліктері олардың өсуі, көбеюі және таралуы арқылы анықталады. Ө-дің құрлыққа таралуы Жердегі тіршілік дамуының алғашқы кезеңдерімен байланысты. Архейде (3 млрд. жыл бұрын) көк-жасыл балдырларға ұқсас организмдер (цианея), шамамен 2 млрд. жыл бұрын пайда болса, нағыз балдырлар протерозойда шыққан. Алғашқы жоғары сатыдағы құрлық Ө-і – ринифиттер силурдың екінші жартысында тіршілік еткен. Олардың тамыры болмаған (оны ризоидтар алмастырған), ал денесінің құрылымдық белгісі теломдар (ежелгі Ө-дің жапырақ, сабаққа, т.б. органдарға жіктелмеген цилиндр тәрізді осі) болған. Девонның басында плаунтәрізділер, қырыққұлақтәрізділер және қырықбуындардың арғы тегі пайда бола бастаған. Бұларда тамыр мен өткізгіш түтіктердің алғашқы белгілері қалыптасты. Девонның аяғында ашық тұқымдылар, карбонда ағаштәрізді қырыққұлақтар (пермьде олардың орнын қазіргі қырыққұлақтәрізділер алмастырды), триас пен юрада қылқан жапырақтылар дамыды. Бор кезеңінде пайда болған жабықтұқымдылардың кейін Ө. тіршілігі үшін маңызы зор болды. Ө-ге фотосинтез және бұған байланысты физиол.-биохим. процестер тән. Бұлар Жер бетінде тіршілік ететін барлық гетеротрофты организмдердің күрделі қоректену тізбегіндегі басты бөлік болып саналады. Фитоценоз (белгілі жағдайға бейімделіп, айналасындағылардан айқын шектелетін өсімдіктер тобы) құрап, алуан түрлі Жер ландшафтысының қалыптасуына әсер етеді. Ө-дің қатысуымен топырақ, шымтезек, таскөмір түзіледі. Қоршаған ортаға бөлінетін зиянды газдарды, шаң-тозаңдарды, ауыр металдарды сіңіріп, ауаны тазартады. Ө-дің адам өмірінде де алатын орны ерекше. Олардан тамақ, киім, отын, дәрі, құрылыс материалдары алынады. Бірақ соңғы кезде адамның іс-әрекетінен, яғни, өсімдік жамылғысын орынсыз, тиімді пайдаланбауынан Ө-дің көптеген түрі жойылып барады. Қазақстанда өсетін 6 мыңнан астам Ө-дің 405 түрі (сирек кездесетін, жойылу қаупі бар) қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген. Н. Аралбай Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 7-том  
08.11.2012 12:02 12587

Соңғы редакциялау:

24 қазан 2012 жыл

ӨСІМДІКТЕР (Plantae, Vegetabіlla) – фотосинтез процесінің жүзеге асуы нәтижесінде автотрофты қоректенетін, клеткасы тығыз қабықты (әдетте целлюлозадан тұратын) организмдер; тірі организмдер әлемі. Ө. клеткасына жиналатын қоректік затты крахмал деп атайды. Ө. арасында сирек кездесетін гетеротрофты қоректену – эвол. даму барысында екінші қайтара пайда болған белгі. Ө-дің көпшілік түрінде  байқалатын бұл белгілер (ерекше даму циклы, органдардың қалыптасу жолдары, бір жерде бекініп тіршілік етуі) оларды тірі организмдердің басқа әлем өкілдерінен оңай ажыратуға мүмкіндік береді. Бірақ құрылымдық дәрежесі төмен (бір клеткалы Ө. мен жануарлар) организмдердің бір-бірінен айтарлықтай айырмашылығы болмайды. Мыс., эвгленді балдырларды зоологтар қарапайымдарға (омыртқасыздарға) жатқызады. Бір клеткалы Ө-дің бір клеткалы жануарлардан негізгі айырмашылығы – хлоропластарының болуы мен клеткасының ультрақұрылымдық ерекшеліктерінде (клетка қабықшасының құрылымы, вакуольдерінің болуы, т.б.). Ө. қорегін қоршаған ортадан газ түрінде (фотосинтез) және ерітінді күйінде (су мен еріген минералды тұздар) сіңіреді. Көптеген Ө-дің денесі әр түрлі қызмет атқаратын органдарға бөлшектенген. Жоғары сатыдағы Ө. денесінің бөлшектенуі мен дифференциялануы көптеген арнайы құрылымдардың (қ. Өсімдік ұлпасы. Вегетативті мүшелер) пайда болуына алып келеді. Мыс., эпифит Ө-дің жер асты тамыры болмайды. Олар тропиктік және субтропиктік ағаштар бұтағының үстінде өсіп, ылғалды ауа жұтады; ал шөл Ө-і ылғал жетпесе солып қалады. Бірақ жаңбыр жауса болды, оларда фотосинтез процесі жүре бастайды; кейбір Ө-дің сабағында қуыс болады. Онда Ө-ді басқа жәндіктерден қорғайтын құмырсқалар тіршілік етеді. Ө. құрылысының өзіне тән маңызды ерекшеліктері олардың өсуі, көбеюі және таралуы арқылы анықталады. Ө-дің құрлыққа таралуы Жердегі тіршілік дамуының алғашқы кезеңдерімен байланысты. Архейде (3 млрд. жыл бұрын) көк-жасыл балдырларға ұқсас организмдер (цианея), шамамен 2 млрд. жыл бұрын пайда болса, нағыз балдырлар протерозойда шыққан. Алғашқы жоғары сатыдағы құрлық Ө-і – ринифиттер силурдың екінші жартысында тіршілік еткен. Олардың тамыры болмаған (оны ризоидтар алмастырған), ал денесінің құрылымдық белгісі теломдар (ежелгі Ө-дің жапырақ, сабаққа, т.б. органдарға жіктелмеген цилиндр тәрізді осі) болған. Девонның басында плаунтәрізділер, қырыққұлақтәрізділер және қырықбуындардың арғы тегі пайда бола бастаған. Бұларда тамыр мен өткізгіш түтіктердің алғашқы белгілері қалыптасты. Девонның аяғында ашық тұқымдылар, карбонда ағаштәрізді қырыққұлақтар (пермьде олардың орнын қазіргі қырыққұлақтәрізділер алмастырды), триас пен юрада қылқан жапырақтылар дамыды. Бор кезеңінде пайда болған жабықтұқымдылардың кейін Ө. тіршілігі үшін маңызы зор болды. Ө-ге фотосинтез және бұған байланысты физиол.-биохим. процестер тән. Бұлар Жер бетінде тіршілік ететін барлық гетеротрофты организмдердің күрделі қоректену тізбегіндегі басты бөлік болып саналады. Фитоценоз (белгілі жағдайға бейімделіп, айналасындағылардан айқын шектелетін өсімдіктер тобы) құрап, алуан түрлі Жер ландшафтысының қалыптасуына әсер етеді. Ө-дің қатысуымен топырақ, шымтезек, таскөмір түзіледі. Қоршаған ортаға бөлінетін зиянды газдарды, шаң-тозаңдарды, ауыр металдарды сіңіріп, ауаны тазартады. Ө-дің адам өмірінде де алатын орны ерекше. Олардан тамақ, киім, отын, дәрі, құрылыс материалдары алынады. Бірақ соңғы кезде адамның іс-әрекетінен, яғни, өсімдік жамылғысын орынсыз, тиімді пайдаланбауынан Ө-дің көптеген түрі жойылып барады. Қазақстанда өсетін 6 мыңнан астам Ө-дің 405 түрі (сирек кездесетін, жойылу қаупі бар) қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген.

Н. Аралбай

Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 7-том

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға