Жаңалықтар

Мұстафа Шоқай

Соңғы редакциялау: 12 қазан 2012 Мұстафа Шоқай – алаш қозғалысы қайраткері, Түркістан өлкесі халықтарының азаттық күресі жетекшілерінің бірі, публицист. Сыр өңірі қазақтары арасында жоғары беделге ие Шоқайдың отбасында 1889 ж. 25-желтоқсанда дүниеге келген. Оқу-жазуды жасы беске толмай жатып-ақ өз анасынан үйренген. 1902 ж. Ташкенттегі гимназияға түсіп, оны 1910 ж. үздік бітіріп шықты. 1910 ж. Санкт-Петербург университетіне түсіп, оны 1917 ж. аяқтады. Студент шағынан қоғамдық-саяси өмірге белсене араласты. 1916 ж. Әлихан Бөкейхановтың ұсынысымен Мемлекеттік думаның Мұсылман фракциясы жанындағы бюроға мүше болып кіріп, онда хатшылық қызмет атқарды. 1917 ж. ақпан революциясын зор қуанышпен қарсы алып, қалыптасқан саяси ахуал Ресей империясындағы түркі-мұсылман халықтарының бостандыққа жетуіне мүмкіндіктер туғызады деп санады. 1917 ж. 16 – 21 сәуір аралығында Ташкентте өткен Түркістан өлкесі мұсылмандарының 1-съезіне қатысып, оның төралқасына мүше болып сайланды. “Бірлік туы” газетінің негізін қалаушы, әрі оның алғашқы редакторы болды. Түркістан өлкесі мұсылмандарының орталық кеңесіне төрағалық етті. 1-жалпықазақ съезіне қатысты. 1917 ж. Қазан төңкерісінен кейін Ташкенттегі жұмысшы-солдат депутаттары билікті өз қолдарына алғаннан соң, “Түркістан өлкесі мұсылмандарының орталық кеңесі” Қоқанға көшіп, сонда 1917 ж. 28 қарашада төтенше 4-съезін өткізді. Ол осы съезд шешімімен құрылған Түркістан (Қоқан) автономиясының Сыртқы істер министрі болды. Түркістан мұхтарияты Уақытша үкіметінің төрағасы Мұхамеджан Тынышбаев қызметінен кеткеннен кейін оның орнына сайланды. Ол 2-жалпықазақ съезіне де қатысып, Алашорда құрамына сайланды. Қоқанды большевиктер жаулап алып, Түркістан (Қоқан) автономиясын құлатуына байланысты 1919 ж. Маңғыстау арқылы Бакуге, одан Тбилисиге өтіп, “Вольный горец”, “Борьба” деген газеттерде жұмыс істеп, “На рубеже” деп аталатын журналға редактор болды. 1921 ж. ақпанда Тбилиси Кеңес өкіметінің қолына өткен соң зайыбы Мария Горина–Шоқаймен бірге Түркияда біраз аялдап, соңынан Францияға келді. Парижде орыс эмигранттарының “Дни”, “Последние новости” газеттерінде қызмет жасады. 1927 ж. Зәки Уәлиди Тоғанмен бірге Парижде “Иені Түркестан” (“Жаңа Түркістан”), 1929 – 39 ж. “Яш Түркестан” (“Жас Түркістан”) газеттерін шығарды. Оның атсалысуымен жарық көрген басылымдарда тек Түркістан өлкесі ғана емес, Әзербайжан, Солтүстік Кавказ, Еділ-Жайық бойы‚ Қырым халықтары жөнінде де қоғамдық-саяси мәні бар материалдар басылып тұрды. Ол Ташкентте құпия түрде құрылып (1921), кейінірек Еуропада өз жұмысын жалғастырған “Түркестан милли бирлиги” (“Түркістан ұлттық бірлігі”) ұйымын басқарды. Осындай жан-жақты саяси, зерттеушілік, журналистік, баспагерлік қызметі арқылы шет елде түркістандық саяси эмиграцияның көсемі рөлін атқарды. 1940 ж. Парижге неміс әскері кірген соң, тұтқынға алынып, бірнеше ай концлагерьде отырып шығады. Түрмеден босатылған оны неміс-фашистері түркістандық соғыс тұтқындарынан құрылуға тиіс Түркістан легионын ұйымдастыруға тартпақ болады. Бірақ сүзек ауруына шалдыққан М.Шоқай Берлиндегі “Виктория” ауруханасында 1941 ж. 27-желтоқсанда көз жұмады. Сондағы мұсылмандар зиратына жерленген. Мұстафа Шоқай Түркістанда орнаған кеңестік биліктің отаршылдық сипатын алғаш сезген және онымен күресуге бүкіл ғұмырын арнаған қайраткер болды. Режиссер Сатыбалды Нарымбетов “Мұстафа Шоқай” атты көркем фильм түсірді.  
08.11.2012 12:00 7900

Соңғы редакциялау:

12 қазан 2012

Мұстафа Шоқай – алаш қозғалысы қайраткері, Түркістан өлкесі халықтарының азаттық күресі жетекшілерінің бірі, публицист. Сыр өңірі қазақтары арасында жоғары беделге ие Шоқайдың отбасында 1889 ж. 25-желтоқсанда дүниеге келген. Оқу-жазуды жасы беске толмай жатып-ақ өз анасынан үйренген. 1902 ж. Ташкенттегі гимназияға түсіп, оны 1910 ж. үздік бітіріп шықты. 1910 ж. Санкт-Петербург университетіне түсіп, оны 1917 ж. аяқтады. Студент шағынан қоғамдық-саяси өмірге белсене араласты. 1916 ж. Әлихан Бөкейхановтың ұсынысымен Мемлекеттік думаның Мұсылман фракциясы жанындағы бюроға мүше болып кіріп, онда хатшылық қызмет атқарды. 1917 ж. ақпан революциясын зор қуанышпен қарсы алып, қалыптасқан саяси ахуал Ресей империясындағы түркі-мұсылман халықтарының бостандыққа жетуіне мүмкіндіктер туғызады деп санады. 1917 ж. 16 – 21 сәуір аралығында Ташкентте өткен Түркістан өлкесі мұсылмандарының 1-съезіне қатысып, оның төралқасына мүше болып сайланды. “Бірлік туы” газетінің негізін қалаушы, әрі оның алғашқы редакторы болды. Түркістан өлкесі мұсылмандарының орталық кеңесіне төрағалық етті. 1-жалпықазақ съезіне қатысты. 1917 ж. Қазан төңкерісінен кейін Ташкенттегі жұмысшы-солдат депутаттары билікті өз қолдарына алғаннан соң, “Түркістан өлкесі мұсылмандарының орталық кеңесі” Қоқанға көшіп, сонда 1917 ж. 28 қарашада төтенше 4-съезін өткізді. Ол осы съезд шешімімен құрылған Түркістан (Қоқан) автономиясының Сыртқы істер министрі болды. Түркістан мұхтарияты Уақытша үкіметінің төрағасы Мұхамеджан Тынышбаев қызметінен кеткеннен кейін оның орнына сайланды. Ол 2-жалпықазақ съезіне де қатысып, Алашорда құрамына сайланды. Қоқанды большевиктер жаулап алып, Түркістан (Қоқан) автономиясын құлатуына байланысты 1919 ж. Маңғыстау арқылы Бакуге, одан Тбилисиге өтіп, “Вольный горец”, “Борьба” деген газеттерде жұмыс істеп, “На рубеже” деп аталатын журналға редактор болды. 1921 ж. ақпанда Тбилиси Кеңес өкіметінің қолына өткен соң зайыбы Мария Горина–Шоқаймен бірге Түркияда біраз аялдап, соңынан Францияға келді. Парижде орыс эмигранттарының “Дни”, “Последние новости” газеттерінде қызмет жасады. 1927 ж. Зәки Уәлиди Тоғанмен бірге Парижде “Иені Түркестан” (“Жаңа Түркістан”), 1929 – 39 ж. “Яш Түркестан” (“Жас Түркістан”) газеттерін шығарды. Оның атсалысуымен жарық көрген басылымдарда тек Түркістан өлкесі ғана емес, Әзербайжан, Солтүстік Кавказ, Еділ-Жайық бойы‚ Қырым халықтары жөнінде де қоғамдық-саяси мәні бар материалдар басылып тұрды. Ол Ташкентте құпия түрде құрылып (1921), кейінірек Еуропада өз жұмысын жалғастырған “Түркестан милли бирлиги” (“Түркістан ұлттық бірлігі”) ұйымын басқарды. Осындай жан-жақты саяси, зерттеушілік, журналистік, баспагерлік қызметі арқылы шет елде түркістандық саяси эмиграцияның көсемі рөлін атқарды. 1940 ж. Парижге неміс әскері кірген соң, тұтқынға алынып, бірнеше ай концлагерьде отырып шығады. Түрмеден босатылған оны неміс-фашистері түркістандық соғыс тұтқындарынан құрылуға тиіс Түркістан легионын ұйымдастыруға тартпақ болады. Бірақ сүзек ауруына шалдыққан М.Шоқай Берлиндегі “Виктория” ауруханасында 1941 ж. 27-желтоқсанда көз жұмады. Сондағы мұсылмандар зиратына жерленген. Мұстафа Шоқай Түркістанда орнаған кеңестік биліктің отаршылдық сипатын алғаш сезген және онымен күресуге бүкіл ғұмырын арнаған қайраткер болды. Режиссер Сатыбалды Нарымбетов “Мұстафа Шоқай” атты көркем фильм түсірді.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға