Жаңалықтар

Жоғарғы сот

Соңғы редакциялау: 18 қазан 2012 ЖОҒАРҒЫ СОТ – мемлекеттің сот жүйесін басқарушы ең жоғары сот органы. Айрықша сот істерін, атап айтқанда, жоғары лауазымды адамдардың қылмыстары туралы және аса ауыр мемл. қылмыстар туралы істерді қарайды. Сонымен бірге ол елдің барлық төм. соттарының шешімдері жөнінде шағым жасалатын ең жоғары орган болып табылады. Кейбір мемлекеттерде (мыс., АҚШ-та, Үндістанда, Шри-Ланкада, Жапонияда) Ж. с. конституцияны түсіндіру және конгресс, штаттар мен федеральдік үкімет органдары қабылдаған актілердің конституцияға сай келуі туралы мәселелерді шешу, конституциялық бақылау міндеттерін де жүзеге асырады. Кейбір мемлекеттерде (мыс., Германияда, Ресейде) аталмыш міндеттер Ж. с-пен қатар арнаулы конституциялық соттарға да жүктелген. Қазақстан Республикасында бұл міндетті Конституциялық кеңес атқарады (қ. Қазақстан Республикасының Конституциялық кеңесі). Конституциялық соты не кеңесі жоқ федеративтік мемлекеттерде Ж. с-тың құзырына федерация мен оның субъектілері арасындағы, сондай-ақ федерация субъектілерінің өз арасындағы дауларды шешу жатады. Ж. с. түрлі мемлекеттерде түрліше ресми аталуы мүмкін. Мыс., Қазақстанда, Австрияда, Ирландияда, Исландияда, Канадада – Ж. с.; Германияда – Жоғары федеральдік сот, Италияда – Жоғары кассациялық сот; Грекияда – Ареопаг; Эстонияда – Мемл. сот; Швейцарияда – Федеральдік сот, т.б. Ж. с., әдетте, істердің кейбір санаттары (азаматтық, қылмыстық, конституциялық) бойынша сенаттарды (палаталарды, алқаларды) қамтитын күрделі құрылым болып келеді. Мыс., Ұлыбританияның (және Уэльстің) Ж. с-ын төраға ретінде лорд-канцлер басқарады, ол дербес үш сот мекемесінен – Шағымдық соттан, Мәртебелі соттан және Тәж сотынан  тұрады. Әдетте, Ж. с-тың құрылу тәртібі, сондай-ақ, негізгі міндеттері (өкілеттіктері) елдің конституциясымен айқындалады. Ж. с-тың судьясын мемлекет басшысы дербес немесе парламенттің (оның жеке палатасының) бекітуімен тағайындайды. Мыс., АҚШ-тың Ж. с-ның судьясын АҚШ Президенті Сенаттың кеңесімен және келісімімен тағайындайды. Парламенттік елдерде Ж. с. судьяларын тағайындау кезінде үкімет шешуші рөл атқарады. Көптеген мемлекеттерде Ж. с. судьялары лауазымына үміткерлер ұсынуды сот қоғамдастығы органдары немесе сот қызметінің істері жөніндегі арнаулы комиссиялар жүзеге асырады. Көптеген елдерде судьялардың Ж. с. құрамында болу мерзімі заңда белгіленген жасқа толуымен шектеледі (әдетте 65 – 70 жас). Ж. с-қа біліктілігіне қойылатын талаптарды (әдетте төм. соттармен салыстырғанда)  қанағаттандыратын кәсіпқой судьялар мүше болып тағайындалады. Бұл талаптардың ең бастылары – заңгер мамандығы бойынша бай жұмыс тәжірибесінің және кіршіксіз беделінің болуы. Дәстүрлі қазақ қоғамында пайда болған дау-жанжалдарды билер соты реттеп отырғаны белгілі. Қазақ хандығы нығайып, біртұтас мемлекетке айналған кезеңде жыл сайын шақырылып отырған билер кеңесі әрі қазіргі ұғымдағы парламенттің, әрі Ж. с-тың қызметін атқарған (қ. Билер кеңесі). Қазақстанда кеңестік дәуірдің алғашқы жылдарында Ж. с. билігін Қырғыз (Қазақ) АКСР революциялық трибуналы (1921 – 23), РКФСР Ж. с-ның Қазақ бөлімі (1923 – 29), Қазақ АКСР Жоғарғы соты (1929 – 36) жүргізді. 1937 ж. 3 ақпанда қабылданған Қазақ КСР Конституциясының арнаулы тарауында сот ұйымдары мен прокуратура қызметін ұйымдастыру, құру тәртібі белгіленді. 1970 ж. 31 тамызда КСРО Әділет мин-нің “Одақтас республикаларда Әділет министрлігін құру туралы қаулысына” сәйкес одақтас республикаларда әділет министрліктері құрылды. 1990 ж. 23 қарашада “Қазақ КСР-нің сот құрылымы” жөніндегі Конституциялық Заңға өзгерістер енгізу туралы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының қаулысы қабылданып, Ж. с-тың бұрынғы алқаларына қосымша төраға және 4 судья құрамында  әскери сот алқасы құрылды. 1992 ж. 22 желтоқсанда бұл Заң “Әскери соттар” деген арнайы тараумен толықтырылды. 1993 ж. 28 қаңтарда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясында 16-тарау сот билігіне арналды. Оның 95-бабында Қазақстандағы сот билігі Конституциялық соттың, Жоғарғы соттың және Жоғары төрелік соттың, сондай-ақ, заң бойынша құрылатын төменгі соттардың құзырында екені атап көрсетілді. Конституциялық сот (қазіргі Конституциялық кеңес) Қазақстан Республикасы Конституциясын қорғау жөніндегі ең жоғары орган болып танылды. 1994 ж. 12 ақпанда Қазақстан Республикасы Президентінің “Қазақстан Республикасындағы құқықтық реформаның мемлекеттік бағдарламасы туралы” Жарлығы шықты. Мұнда сот жүйесін реформалаудың бағыттары белгіленді. Сот жүйесін жалпы соттар мен төрелік соттарға жіктеудің қажетсіздігі атап көрсетілді. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында (1995, 30 тамыз) осы принциптер бекітілді. Ж. с. арнайы сот алқаларына бөлініп құрылды, судьялар құрамы да соған қарай іріктелді. 1995 ж. 20 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің “Қазақстан Республикасындағы соттар және судьялардың мәртебесі туралы” Конституциялық Заң күші бар Жарлығы жарияланды. Осыған орай бұған дейін дербес өкілеттік жүргізіп келген Қазақстан Республикасының Төрелік соты Ж. с-тың құрамына қосылды. Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты – мемлекеттің ең жоғары сот билігі органы, яки елдегі азаматтық, қылмыстық, әкімш., т.б. істер бойынша ең жоғары сот органы болып табылады. Ол төм. соттардың қызметіне сот қадағалауын жүзеге асырады және соттың іс-тәжірибесіне қатысты әр алуан мәселелер жөнінде түсінік береді. Қазақстан Республикасының Ж. с-н төраға, оның орынбасарлары, мүшелері құрамында Қазақстан Республикасы Парламенті 5 жыл мерзімге сайлайды. Оның құрылымы, мәртебесі, қызмет тәртібі 2000 ж. 25 желтоқсанда қабылданған “Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы” Конституциялық Заңмен белгіленген. Бұл Конституциялық Заң Қазақстан Республикасы Президентінің “Қазақстан Республикасындағы соттар мен судьялардың мәртебесі туралы” Конституциялық Заң күші бар Жарлығында белгіленген реформаларды одан әрі дамытты. Ж. с. құрамындағы әскери алқа таратылып, оның жаңа құрылымы белгіленді. Қазақстан Республикасының Ж. с-ы сот қадағалауын ең алдымен төм. соттардың нақты істерді шешуде заңдылық пен негізділікті сақтауын тексеру, олар жіберген қателерді түзету жолымен жүзеге асырады. Сонымен бірге Ж. с. республикадағы сот жүйесінің іс-тәжірибесін зерделеп, қорытындылайды, сот статистикасына талдау жасайды, осы негізде сот істерін қарау кезінде заңнаманың қолданылуы барысында туындайтын мәселелер бойынша түсініктер береді, заңи бастамашылық құқығын пайдаланады. Жоғары сот билігін жүргізуші орган ретінде Ж. с. істерді өзінің өкілеттік құзыры шегінде, бірінші сатыдағы сот дәрежесінде апелляциялық және қадағалау тәртібімен, сондай-ақ жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қарайды. Бұл орайда, Ж. с. қарайтын істер бойынша заңи хұкім жүргізу құзыры Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі мен Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес айқындалады. Қазақстан Республикасы Ж. с-ының құрамы төрағадан, алқа төрағаларынан және судьялардан тұрады. Ж. с. судьяларының жалпы санын Ж. с. төрағасының ұсынуымен Қазақстан Республикасының Президенті белгілейді. Ж. с-тың органдары: қадағалау алқасы, азаматтық істер жөніндегі алқа, қылмыстық істер жөніндегі алқа, соттың жалпы отырысы. Ж. с-тың азаматтық істер жөніндегі алқасы мен қылмыстық істер жөніндегі алқасын – алқа төрағалары, ал қадағалау алқасын Ж. с-тың төрағасы басқарады. Әр алқадағы судьялар саны Ж. с. төрағасының ұсынысымен соттың жалпы отырысында белгіленеді. Қадағалау алқасы Ж. с-тың жалпы отырысында жасырын дауыс беру жолымен жыл сайын сайланатын судьялардан құралады. Азаматтық істер жөніндегі алқа мен қылмыстық істер жөніндегі алқа соттың жалпы отырысында талқыланғаннан кейін дербес құрамын Ж. с. төрағасы белгілейтін судьялардан құралады. Ж. с. төрағасы азаматтық істер жөніндегі және қылмыстық істер жөніндегі алқаларда мамандандырылған құрам құруы мүмкін. Ж. с-тың төрағасы  судья міндетін де атқарумен қатар: судьялардың сот істерін қарауын ұйымдастырады, қадағалау алқасын басқарады, алқада сот ісін қараған кезде төрағалық етуге құқылы; Ж. с-тың жалпы отырыстарын шақырады және оларда төрағалық етеді; жалпы отырыстың қарауына сот практикасында заңдарды қолдану мәселелері бойынша Ж. с-тың нормативтік қаулыларын қабылдау үшін материалдар енгізеді; Ж. с-тың жалпы отырысының бекітуіне жалпы отырыс хатшысының және ғыл.-консультациялық кеңес мүшелерінің кандидатураларын енгізеді; қажет болған жағдайда бір алқаның (қадағалау алқасынан басқа) судьяларын басқа алқаның құрамында іс қарау үшін тартады; Ж. с-тың жұмыс жоспарын бекітеді, алқалардың жұмысын үйлестіреді; Ж. с. кеңсесіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, оның құрылымы мен штатын бекітеді, жеке азаматтарды қабылдайды, өкімдер шығарады. Ж. с-тың төрағасы сондай-ақ, елдегі өзге де мемл. билік тармақтары органдарымен және халықар. ұйымдармен өзара қарым-қатынасы кезінде отандық сот жүйесінің мүддесін қорғайды. Ж. с. төрағасының кез келген сот судьяларына қатысты тәртіптік іс қозғауға құқығы бар. Ж. с. алқасының төрағасы судья міндеттерін де атқарумен қатар: алқаның отырысында төрағалық етеді; сот статистикасын жүргізу, заңдарды қолданудағы сот практикасын зерделеу мен жинақтау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады; Ж. с-тың жалпы отырысында қарау үшін судьялардың тиісті құжаттарды дайындауын қамтамасыз етеді; жалпы отырыста алқа қызметі туралы ақпарат береді; заңда көзделген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады. Ж. с-тың жалпы отырысы алқа құрамының санын белгілейді және қадағалау алқасының құрамына судьялар сайлайды; сот практикасын зерделейді және оны жинақтаудың қорытындылары бойынша елдегі соттардың сот төрелігін іске асыруы кезіндегі заңдылықтың сақталуы мәселелерін қарайды; сот практикасында заңдардың қолданылуы мәселелері бойынша түсіндірмелер беретін нормативтік қаулылар қабылдайды; алқалар төрағаларының және өкілетті орган басшысының хабарламасын тыңдайды; обл. сот төрағасы мен обл. сот алқасының төрағасы, Ж. с. алқасының төрағасы мен судьясы қызметінің бос орнына кандидатураларды талқылайды және тиісінше қорытындылар береді; Ж. с. төрағасының ұсынуымен жалпы отырыс хатшысын және ғыл.-консультациялық кеңестің құрамын бекітеді; заңда көзделген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады. Жалпы отырыс Ж. с. судьялары жалпы санының кем дегенде үштен екісі қатысқан жағдайда ғана заңды болып табылады. Жалпы отырыс мәжілістеріне Қазақстан Республикасының Бас прокуроры мен әділет министрі қатысады. Оған Ж. с. төрағасының шақыруымен төм. соттардың судьялары, министрліктердің, агенттіктер мен к-ттердің, ғыл. мекемелердің, мемл. және қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысуы мүмкін. Ж. с. шешімдері түпкілікті шешімдер болып табылады және апеляциялық тәртіппен шағым жасауға, яки наразылық білдіруге жатпайды. Әр жылдары Қырғыз (Қазақ) АКСР рев. трибуналының төрағасы болып Н.Нұрмақов (1921 ж. қазан – 1923 ж. сәуір); РКФСР Ж. с. Қазақ бөлімінің төрағалары болып Т.Мұқашев (1924 ж. наурыз – 1925 ж. маусым), М.Атаниязов (1925 ж. мамыр – 1927 ж. наурыз), С.Бекбатыров (1927 ж. наурыз – 1929 ж. сәуір); Қазақ АКСР Ж. с-ының төрағалары болып Н.Сырғабеков (1929 ж. мамыр – қараша), Н.Арықова (1929 – 30), Н.Жүнісов (1931 ж. шілде – 1932 ж. шілде), Қ.Күлетов (1932 ж. шілде – 1934 ж. қаңтар), Ш.Беқтұрғанов (1934 ж. мамыр – 1937 ж. желтоқсан); Қазақ КСР Ж. с-ының төрағалары болып Ә.Құскелдиев (1937 ж. желтоқсан – 1938 ж. тамыз), П.Громов (1938 ж. тамыз – 1939 ж. сәуір), Т.Қожабергенов (1939 ж. сәуір – 1941 ж. мамыр), М.Нұрбаев (1941 – 42), Т.Әділбаев (1943 ж. сәуір – 1945 ж. қазан), О.Адамбаев (1946), Ә.Биекенов (1946 ж. мамыр – тамыз), Ә.Досанов (1946 ж. тамыз – 1958 ж. тамыз), Ә.Нұрышев (1958 – 59), К.Сүлейменов (1958 – 62), Б.Жүсіпов (1962 ж. маусым – 1970 ж. қыркүйек), Қ.Мыңбаев (1970 ж. қараша – 1981 ж. мамыр), Ғ.Елемісов (1981 ж. маусым – 1984 ж. қаңтар), Т.Айтмұқамбетов (1984 ж. наурыз – 1993 ж. желтоқсан); Қазақстан Республикасы Ж. с-ының төрағалары болып М.Малахов (1993 ж. желтоқсан – 1996 ж. маусым), М.Нәрікбаев (1996 ж. маусым – 2000 ж.), Қ.Мәми (2000 жылдан) жұмыс істеді. М. Нәрікбаев Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 4-том
08.11.2012 11:56 7758

Соңғы редакциялау:

18 қазан 2012

ЖОҒАРҒЫ СОТ – мемлекеттің сот жүйесін басқарушы ең жоғары сот органы. Айрықша сот істерін, атап айтқанда, жоғары лауазымды адамдардың қылмыстары туралы және аса ауыр мемл. қылмыстар туралы істерді қарайды. Сонымен бірге ол елдің барлық төм. соттарының шешімдері жөнінде шағым жасалатын ең жоғары орган болып табылады. Кейбір мемлекеттерде (мыс., АҚШ-та, Үндістанда, Шри-Ланкада, Жапонияда) Ж. с. конституцияны түсіндіру және конгресс, штаттар мен федеральдік үкімет органдары қабылдаған актілердің конституцияға сай келуі туралы мәселелерді шешу, конституциялық бақылау міндеттерін де жүзеге асырады. Кейбір мемлекеттерде (мыс., Германияда, Ресейде) аталмыш міндеттер Ж. с-пен қатар арнаулы конституциялық соттарға да жүктелген. Қазақстан Республикасында бұл міндетті Конституциялық кеңес атқарады (қ. Қазақстан Республикасының Конституциялық кеңесі). Конституциялық соты не кеңесі жоқ федеративтік мемлекеттерде Ж. с-тың құзырына федерация мен оның субъектілері арасындағы, сондай-ақ федерация субъектілерінің өз арасындағы дауларды шешу жатады. Ж. с. түрлі мемлекеттерде түрліше ресми аталуы мүмкін. Мыс., Қазақстанда, Австрияда, Ирландияда, Исландияда, Канадада – Ж. с.; Германияда – Жоғары федеральдік сот, Италияда – Жоғары кассациялық сот; Грекияда – Ареопаг; Эстонияда – Мемл. сот; Швейцарияда – Федеральдік сот, т.б. Ж. с., әдетте, істердің кейбір санаттары (азаматтық, қылмыстық, конституциялық) бойынша сенаттарды (палаталарды, алқаларды) қамтитын күрделі құрылым болып келеді. Мыс., Ұлыбританияның (және Уэльстің) Ж. с-ын төраға ретінде лорд-канцлер басқарады, ол дербес үш сот мекемесінен – Шағымдық соттан, Мәртебелі соттан және Тәж сотынан  тұрады. Әдетте, Ж. с-тың құрылу тәртібі, сондай-ақ, негізгі міндеттері (өкілеттіктері) елдің конституциясымен айқындалады. Ж. с-тың судьясын мемлекет басшысы дербес немесе парламенттің (оның жеке палатасының) бекітуімен тағайындайды. Мыс., АҚШ-тың Ж. с-ның судьясын АҚШ Президенті Сенаттың кеңесімен және келісімімен тағайындайды. Парламенттік елдерде Ж. с. судьяларын тағайындау кезінде үкімет шешуші рөл атқарады. Көптеген мемлекеттерде Ж. с. судьялары лауазымына үміткерлер ұсынуды сот қоғамдастығы органдары немесе сот қызметінің істері жөніндегі арнаулы комиссиялар жүзеге асырады. Көптеген елдерде судьялардың Ж. с. құрамында болу мерзімі заңда белгіленген жасқа толуымен шектеледі (әдетте 65 – 70 жас). Ж. с-қа біліктілігіне қойылатын талаптарды (әдетте төм. соттармен салыстырғанда)  қанағаттандыратын кәсіпқой судьялар мүше болып тағайындалады. Бұл талаптардың ең бастылары – заңгер мамандығы бойынша бай жұмыс тәжірибесінің және кіршіксіз беделінің болуы. Дәстүрлі қазақ қоғамында пайда болған дау-жанжалдарды билер соты реттеп отырғаны белгілі. Қазақ хандығы нығайып, біртұтас мемлекетке айналған кезеңде жыл сайын шақырылып отырған билер кеңесі әрі қазіргі ұғымдағы парламенттің, әрі Ж. с-тың қызметін атқарған (қ. Билер кеңесі). Қазақстанда кеңестік дәуірдің алғашқы жылдарында Ж. с. билігін Қырғыз (Қазақ) АКСР революциялық трибуналы (1921 – 23), РКФСР Ж. с-ның Қазақ бөлімі (1923 – 29), Қазақ АКСР Жоғарғы соты (1929 – 36) жүргізді. 1937 ж. 3 ақпанда қабылданған Қазақ КСР Конституциясының арнаулы тарауында сот ұйымдары мен прокуратура қызметін ұйымдастыру, құру тәртібі белгіленді. 1970 ж. 31 тамызда КСРО Әділет мин-нің “Одақтас республикаларда Әділет министрлігін құру туралы қаулысына” сәйкес одақтас республикаларда әділет министрліктері құрылды. 1990 ж. 23 қарашада “Қазақ КСР-нің сот құрылымы” жөніндегі Конституциялық Заңға өзгерістер енгізу туралы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының қаулысы қабылданып, Ж. с-тың бұрынғы алқаларына қосымша төраға және 4 судья құрамында  әскери сот алқасы құрылды. 1992 ж. 22 желтоқсанда бұл Заң “Әскери соттар” деген арнайы тараумен толықтырылды. 1993 ж. 28 қаңтарда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясында 16-тарау сот билігіне арналды. Оның 95-бабында Қазақстандағы сот билігі Конституциялық соттың, Жоғарғы соттың және Жоғары төрелік соттың, сондай-ақ, заң бойынша құрылатын төменгі соттардың құзырында екені атап көрсетілді. Конституциялық сот (қазіргі Конституциялық кеңес) Қазақстан Республикасы Конституциясын қорғау жөніндегі ең жоғары орган болып танылды. 1994 ж. 12 ақпанда Қазақстан Республикасы Президентінің “Қазақстан Республикасындағы құқықтық реформаның мемлекеттік бағдарламасы туралы” Жарлығы шықты. Мұнда сот жүйесін реформалаудың бағыттары белгіленді. Сот жүйесін жалпы соттар мен төрелік соттарға жіктеудің қажетсіздігі атап көрсетілді. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында (1995, 30 тамыз) осы принциптер бекітілді. Ж. с. арнайы сот алқаларына бөлініп құрылды, судьялар құрамы да соған қарай іріктелді. 1995 ж. 20 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің “Қазақстан Республикасындағы соттар және судьялардың мәртебесі туралы” Конституциялық Заң күші бар Жарлығы жарияланды. Осыған орай бұған дейін дербес өкілеттік жүргізіп келген Қазақстан Республикасының Төрелік соты Ж. с-тың құрамына қосылды.

Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты – мемлекеттің ең жоғары сот билігі органы, яки елдегі азаматтық, қылмыстық, әкімш., т.б. істер бойынша ең жоғары сот органы болып табылады. Ол төм. соттардың қызметіне сот қадағалауын жүзеге асырады және соттың іс-тәжірибесіне қатысты әр алуан мәселелер жөнінде түсінік береді. Қазақстан Республикасының Ж. с-н төраға, оның орынбасарлары, мүшелері құрамында Қазақстан Республикасы Парламенті 5 жыл мерзімге сайлайды. Оның құрылымы, мәртебесі, қызмет тәртібі 2000 ж. 25 желтоқсанда қабылданған “Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы” Конституциялық Заңмен белгіленген. Бұл Конституциялық Заң Қазақстан Республикасы Президентінің “Қазақстан Республикасындағы соттар мен судьялардың мәртебесі туралы” Конституциялық Заң күші бар Жарлығында белгіленген реформаларды одан әрі дамытты. Ж. с. құрамындағы әскери алқа таратылып, оның жаңа құрылымы белгіленді. Қазақстан Республикасының Ж. с-ы сот қадағалауын ең алдымен төм. соттардың нақты істерді шешуде заңдылық пен негізділікті сақтауын тексеру, олар жіберген қателерді түзету жолымен жүзеге асырады. Сонымен бірге Ж. с. республикадағы сот жүйесінің іс-тәжірибесін зерделеп, қорытындылайды, сот статистикасына талдау жасайды, осы негізде сот істерін қарау кезінде заңнаманың қолданылуы барысында туындайтын мәселелер бойынша түсініктер береді, заңи бастамашылық құқығын пайдаланады. Жоғары сот билігін жүргізуші орган ретінде Ж. с. істерді өзінің өкілеттік құзыры шегінде, бірінші сатыдағы сот дәрежесінде апелляциялық және қадағалау тәртібімен, сондай-ақ жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қарайды. Бұл орайда, Ж. с. қарайтын істер бойынша заңи хұкім жүргізу құзыры Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі мен Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес айқындалады. Қазақстан Республикасы Ж. с-ының құрамы төрағадан, алқа төрағаларынан және судьялардан тұрады. Ж. с. судьяларының жалпы санын Ж. с. төрағасының ұсынуымен Қазақстан Республикасының Президенті белгілейді. Ж. с-тың органдары: қадағалау алқасы, азаматтық істер жөніндегі алқа, қылмыстық істер жөніндегі алқа, соттың жалпы отырысы. Ж. с-тың азаматтық істер жөніндегі алқасы мен қылмыстық істер жөніндегі алқасын – алқа төрағалары, ал қадағалау алқасын Ж. с-тың төрағасы басқарады. Әр алқадағы судьялар саны Ж. с. төрағасының ұсынысымен соттың жалпы отырысында белгіленеді. Қадағалау алқасы Ж. с-тың жалпы отырысында жасырын дауыс беру жолымен жыл сайын сайланатын судьялардан құралады. Азаматтық істер жөніндегі алқа мен қылмыстық істер жөніндегі алқа соттың жалпы отырысында талқыланғаннан кейін дербес құрамын Ж. с. төрағасы белгілейтін судьялардан құралады. Ж. с. төрағасы азаматтық істер жөніндегі және қылмыстық істер жөніндегі алқаларда мамандандырылған құрам құруы мүмкін.

Ж. с-тың төрағасы  судья міндетін де атқарумен қатар: судьялардың сот істерін қарауын ұйымдастырады, қадағалау алқасын басқарады, алқада сот ісін қараған кезде төрағалық етуге құқылы; Ж. с-тың жалпы отырыстарын шақырады және оларда төрағалық етеді; жалпы отырыстың қарауына сот практикасында заңдарды қолдану мәселелері бойынша Ж. с-тың нормативтік қаулыларын қабылдау үшін материалдар енгізеді; Ж. с-тың жалпы отырысының бекітуіне жалпы отырыс хатшысының және ғыл.-консультациялық кеңес мүшелерінің кандидатураларын енгізеді; қажет болған жағдайда бір алқаның (қадағалау алқасынан басқа) судьяларын басқа алқаның құрамында іс қарау үшін тартады; Ж. с-тың жұмыс жоспарын бекітеді, алқалардың жұмысын үйлестіреді; Ж. с. кеңсесіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, оның құрылымы мен штатын бекітеді, жеке азаматтарды қабылдайды, өкімдер шығарады. Ж. с-тың төрағасы сондай-ақ, елдегі өзге де мемл. билік тармақтары органдарымен және халықар. ұйымдармен өзара қарым-қатынасы кезінде отандық сот жүйесінің мүддесін қорғайды. Ж. с. төрағасының кез келген сот судьяларына қатысты тәртіптік іс қозғауға құқығы бар.

Ж. с. алқасының төрағасы судья міндеттерін де атқарумен қатар: алқаның отырысында төрағалық етеді; сот статистикасын жүргізу, заңдарды қолданудағы сот практикасын зерделеу мен жинақтау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады; Ж. с-тың жалпы отырысында қарау үшін судьялардың тиісті құжаттарды дайындауын қамтамасыз етеді; жалпы отырыста алқа қызметі туралы ақпарат береді; заңда көзделген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Ж. с-тың жалпы отырысы алқа құрамының санын белгілейді және қадағалау алқасының құрамына судьялар сайлайды; сот практикасын зерделейді және оны жинақтаудың қорытындылары бойынша елдегі соттардың сот төрелігін іске асыруы кезіндегі заңдылықтың сақталуы мәселелерін қарайды; сот практикасында заңдардың қолданылуы мәселелері бойынша түсіндірмелер беретін нормативтік қаулылар қабылдайды; алқалар төрағаларының және өкілетті орган басшысының хабарламасын тыңдайды; обл. сот төрағасы мен обл. сот алқасының төрағасы, Ж. с. алқасының төрағасы мен судьясы қызметінің бос орнына кандидатураларды талқылайды және тиісінше қорытындылар береді; Ж. с. төрағасының ұсынуымен жалпы отырыс хатшысын және ғыл.-консультациялық кеңестің құрамын бекітеді; заңда көзделген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады. Жалпы отырыс Ж. с. судьялары жалпы санының кем дегенде үштен екісі қатысқан жағдайда ғана заңды болып табылады. Жалпы отырыс мәжілістеріне Қазақстан Республикасының Бас прокуроры мен әділет министрі қатысады. Оған Ж. с. төрағасының шақыруымен төм. соттардың судьялары, министрліктердің, агенттіктер мен к-ттердің, ғыл. мекемелердің, мемл. және қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысуы мүмкін. Ж. с. шешімдері түпкілікті шешімдер болып табылады және апеляциялық тәртіппен шағым жасауға, яки наразылық білдіруге жатпайды.

Әр жылдары Қырғыз (Қазақ) АКСР рев. трибуналының төрағасы болып Н.Нұрмақов (1921 ж. қазан – 1923 ж. сәуір); РКФСР Ж. с. Қазақ бөлімінің төрағалары болып Т.Мұқашев (1924 ж. наурыз – 1925 ж. маусым), М.Атаниязов (1925 ж. мамыр – 1927 ж. наурыз), С.Бекбатыров (1927 ж. наурыз – 1929 ж. сәуір); Қазақ АКСР Ж. с-ының төрағалары болып Н.Сырғабеков (1929 ж. мамыр – қараша), Н.Арықова (1929 – 30), Н.Жүнісов (1931 ж. шілде – 1932 ж. шілде), Қ.Күлетов (1932 ж. шілде – 1934 ж. қаңтар), Ш.Беқтұрғанов (1934 ж. мамыр – 1937 ж. желтоқсан); Қазақ КСР Ж. с-ының төрағалары болып Ә.Құскелдиев (1937 ж. желтоқсан – 1938 ж. тамыз), П.Громов (1938 ж. тамыз – 1939 ж. сәуір), Т.Қожабергенов (1939 ж. сәуір – 1941 ж. мамыр), М.Нұрбаев (1941 – 42), Т.Әділбаев (1943 ж. сәуір – 1945 ж. қазан), О.Адамбаев (1946), Ә.Биекенов (1946 ж. мамыр – тамыз), Ә.Досанов (1946 ж. тамыз – 1958 ж. тамыз), Ә.Нұрышев (1958 – 59), К.Сүлейменов (1958 – 62), Б.Жүсіпов (1962 ж. маусым – 1970 ж. қыркүйек), Қ.Мыңбаев (1970 ж. қараша – 1981 ж. мамыр), Ғ.Елемісов (1981 ж. маусым – 1984 ж. қаңтар), Т.Айтмұқамбетов (1984 ж. наурыз – 1993 ж. желтоқсан); Қазақстан Республикасы Ж. с-ының төрағалары болып М.Малахов (1993 ж. желтоқсан – 1996 ж. маусым), М.Нәрікбаев (1996 ж. маусым – 2000 ж.), Қ.Мәми (2000 жылдан) жұмыс істеді.

М. Нәрікбаев

Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 4-том

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға