Алматыда наурыздың 26-нан 28-іне дейін франкофондық фильмдердің көрсетілімі өтеді
Алматыдағы 6 Кинопаркте, «СПУТНИК» СОО-да наурыздың 26-нан 28-іне дейін франкофондық фильмдердің көрсетілімі өтеді. Қазақстандағы Франция Елшілігі мен Француз Альянсы франкофондық елдер Елшілігімен бірлесе отырып ұйымдастырған Франкофония мерекесі аясында көрсетілімдер өтеді. Көрсетілімдер бағдарламасы: 26 наурыз 19:00 – Шағын бөлме (La petite chambre) Шыққан жылы: 2011 Фильмнің жанры: Драма, комедия Шығарған ел: Швейцария, Люксембург Фильмнің ұзақтығы: 87 минут Фильм режиссерлері: Вероника Реймонд, Стефани Шюа 27 наурыз 19:00 – Барон (Les Barons) Шыққан жылы: 2009 Фильмнің жанры: Комедия Шығарған ел: Бельгия, Франция Фильмнің ұзақтығы: 111 минут Фильм режиссерлері: Набиль Бен Ядир 28 марта 19:00 – Махаббат (Amour) Шыққан жылы: 2012 Фильмнің жанры: Драма Шығарған ел: Франция, Австрия, Германия Фильмнің ұзақтығы: 127 минут Фильм режиссерлері: Михаэль Ханеке BNews.kz
24.03.2013 05:44
3194
BNews.kz
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Ауылда бокс мектебі ашылды
Келесі жаңалық
Бурабайда жеке монша өртенді