Ақтөбеліктер Наурыз тойына 2 тонна бауырсақ, 4 мың литр наурызкөже пісірді
2 мың келі бауырсақ, төрт мың литр наурызкөже. Наурыз мейрамында ақтөбеліктер мен қала қонақтарына осындай мәзір ұсынылады, деп хабарлайды Алаш айнасы газеті. 30-ға тарта киіз үй тігіліп, байқаулар, сайыстар, қойылымдар мен концерттік бағдарламалар ұйымдастырылады. Биыл Ақтөбедегі думанға қаладағы алты аудан бірдей атсалыспақшы. Орталық көшелермен Наурыз керуені жүріп өтеді. – Наурыздың 18-інен бастап ҚР Тұңғыш Президенті атындағы орталық саябаққа киіз үйлер құрыла бастады. Негізгі мерекелік шаралар 21 наурызда өтеді. Облыс басшысы саябақта қала халқын жыл басы – Наурызбен құттықтайды. Одан бөлек, қаладағы мейрамхана, дәмханалар наурызкөжеден дәм татуға шақырады, – дейді «Ақтөбе қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ бастығы Маржан Қорғанбаева. 22 наурыз күні облыстық ұлттық-мәдени орталықтары мен зергерлер, арнайы көрме ұйымдастырып, облыстық драма театры, қуыршақ театрлары ұжымдарының қатысуымен түрлі қойылымдар тегін көрсетілетін болады. Автор: Ақбаян БОЛАТБЕКҚЫЗЫ
21.03.2013 14:10
3685
Автор: Ақбаян БОЛАТБЕКҚЫЗЫ
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Бүкіл ұжым болып «Қаражорға» биін биледі
Келесі жаңалық
БҚО-да су тасқынына қарсы жұмыстар жалғасуда