Жаңалықтар

Жансүгіров Ілияс

Соңғы редакциялау: 12 қазан 2012 Жансүгіров Ілияс – ақын. 1894 ж. 14-мамырда Алматы облысы Ақсу ауданында дүниеге келген. Алғашында өз әкесінен, ауыл молдаларынан сауат ашқан. Қарағаш ауылында жәдитше бастауыш мектепті бітіреді. 1919 ж. Ташкенттегі екі жылдық мұғалімдік курсқа түседі. Оны бітірген соң өз ауылында мұғалім болып, кейін «Тілші» газетінде қызмет атқарады. 1922 ж. Верныйдағы (Алматы) Қазақ ағарту институтының меңгерушілігіне тағайындалады. 1925 ж. Мәскеудегі Журналистика институтына оқуға түсіп, оны 1928 ж. бітіріп шыққан соң, «Еңбекші қазақ» газетіне қызметке жіберіледі. 1932 ж. Жазушылар одағын ұйымдастыру комиссиясының төрағасы болып сайланып, 1934 ж. өткен 1-съезде Қазақстан Жазушылар одағының алғашқы төрағасы болып сайланды. 1934 – 37 ж. Қазақ саяси баспасының редакторы, сонымен бір мезгілде, 1933 – 36 ж. Қазақ АКСР ОАК-нің мүшесі болды. 1937 ж. жалған саяси айыппен тұтқындалып, 1938 ж. ату жазасына кесілген. 1958 ж. ақталды. Ол өлең жазуды 1912 ж. бастаған. Алғашқы туындылары – «Сарыарқаға», «Тілек» деген өлеңдері. Бұлар 1917 ж. Семейде шығып тұрған «Сарыарқа» газетінде жарияланған. 1923 ж. «Сана» журналында «Мерген Бөкен» әңгімесі басылып шықты. Осыдан соң өлеңдері «Тілші», «Ақжол», «Кедей еркі» газеттерінде жиі жарияланды. Мәскеуде оқып жүрген кезінде «Заводта», «Орақ пен балға», «Отарба» өлеңдерін үлкен ақындық шеберлікпен жазып, қазақ поэзиясын тың тақырыппен байытты. 1927 ж. оның «Беташар» атты шағын жинағы «Әйел теңдігі» журналына қосымша ретінде жарық көрсе, 1928 ж. «Сағанақ» атты тұңғыш жинағы басылып шықты. Ол әдебиеттің күллі жанрында қалам сілтеген қаламгер. Алғашқыда лирика жанрымен қатар, сол заманның өзекті мәселелерін көтерген әңгіме, фельетон түріндегі шағын прозалық жанрларды дамытты. Оның «Сөз Қамысбаевқа!», «Құқ», «Сыйға сый, сыраға бал», «Жарайсың, Шылғаубаев!», «Шалқыбай», т.б. туындылары «Құқ» деген атпен жеке жинақ болып басылып шығып, оқырман ілтипатына бөленді. Прозасының елеулісі — оның “Жолдастар” романы (1935). Романда 1-дүниежүзілік соғыс кезіндегі қазақ ауылының әлеуметтік жағдайы, өмір қайшылықтары, 1916 жылғы көтеріліс, Ақпан, Қазан төңкерістері халық тағдыры  аясында көркем бейнеленеді. Драматургия жанрында да жемісті еңбек етіп, «Кек» (1931), «Түрксіб», «Исатай – Махамбет» (1936), т.б. пьесалар жазды. Ақын ретінде әйгілі «Дала» (1930) поэмасының алдында «Бүгінгі дала» (1928), «Гималай» (1929), т.б. туындылары дүниеге келді. Барлығы 15 поэма жазған. Бұлардың ішінде «Рүстем қырғыны» (1926), «Байқал» (1937), т.б-лары кезінде жарық көре алмаған. Ал «Мақпал», «Исатай», «Көбік шашқан» тәрізді поэмалары аяқталмай қалған. «Мәйек» (1929), «Жаңа туған» (1933), «Жарық» (1934) поэмалары – заман бейнесін, өмір шындығын көркем бейнелеген үздік эпикалық туындылар. Ол 1929 ж. «Күй», 1934 ж. «Күйші», 1936 ж. «Құлагер» поэмаларын жазды. «Құлагер» – оның алуан сырлы ақыл-ой сезімдерінің ағындап, тасқындап келіп құйған терең арналы туындысы. Шығармаға халық композиторы Ақан серінің өміріндегі трагедия өзек болған. Поэмада заман сипаты, адамдар арасындағы әлеуметтік тартыс, Құлагердің өліміне байланысты жанды көріністер шынайы суреттеліп, сол дәуірдегі халық өмірінің тыныс-тіршілігінен мол мағлұмат берілген. 20-ғасырдың 70-жылдары осы шығармасы негізінде кинофильм түсірілді. Ақын мектеп оқушыларының халық тарихынан, өткен өмірінен хабардар болуына зер салған. Осы мақсатта «Балаларға тарту» (1926), «Байшұбар» (1923), «Малта», «Шәркей» (1929), «Жұмбақ» (1930), «Өтірік» (1930) өлеңдер жинағын жазды. Пушкиннің көптеген өлеңдерін, «Евгений Онегин» романын (1937), Лермонтовтың «Ақынның өлімі», «Тұтқын», «Қанжар», Некрасовтың «Темір жол», Горькийдің «Дауылпаз», Гейне мен Гюгоның, татар ақыны Тоқайдың, тәжік ақыны Лахутидің классикалық шығармаларын қазақ тіліне аударды. І.Жансүгіров – қазақ әдеби тілін жаңа сатыға көтерген қаламгер. Елімізде бірнеше мектеп, көше, аудан, шаруашылыққа, Талдықорған қаласындағы Жетісу мемлекеттік университетіне оның есімі берілген. Сол қалада ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған әдеби-мемориалдық мұражай жұмыс істейді.
08.11.2012 11:53 31261

Соңғы редакциялау:

12 қазан 2012

Жансүгіров Ілияс – ақын. 1894 ж. 14-мамырда Алматы облысы Ақсу ауданында дүниеге келген. Алғашында өз әкесінен, ауыл молдаларынан сауат ашқан. Қарағаш ауылында жәдитше бастауыш мектепті бітіреді. 1919 ж. Ташкенттегі екі жылдық мұғалімдік курсқа түседі. Оны бітірген соң өз ауылында мұғалім болып, кейін «Тілші» газетінде қызмет атқарады. 1922 ж. Верныйдағы (Алматы) Қазақ ағарту институтының меңгерушілігіне тағайындалады. 1925 ж. Мәскеудегі Журналистика институтына оқуға түсіп, оны 1928 ж. бітіріп шыққан соң, «Еңбекші қазақ» газетіне қызметке жіберіледі. 1932 ж. Жазушылар одағын ұйымдастыру комиссиясының төрағасы болып сайланып, 1934 ж. өткен 1-съезде Қазақстан Жазушылар одағының алғашқы төрағасы болып сайланды. 1934 – 37 ж. Қазақ саяси баспасының редакторы, сонымен бір мезгілде, 1933 – 36 ж. Қазақ АКСР ОАК-нің мүшесі болды. 1937 ж. жалған саяси айыппен тұтқындалып, 1938 ж. ату жазасына кесілген. 1958 ж. ақталды. Ол өлең жазуды 1912 ж. бастаған. Алғашқы туындылары – «Сарыарқаға», «Тілек» деген өлеңдері. Бұлар 1917 ж. Семейде шығып тұрған «Сарыарқа» газетінде жарияланған. 1923 ж. «Сана» журналында «Мерген Бөкен» әңгімесі басылып шықты. Осыдан соң өлеңдері «Тілші», «Ақжол», «Кедей еркі» газеттерінде жиі жарияланды. Мәскеуде оқып жүрген кезінде «Заводта», «Орақ пен балға», «Отарба» өлеңдерін үлкен ақындық шеберлікпен жазып, қазақ поэзиясын тың тақырыппен байытты. 1927 ж. оның «Беташар» атты шағын жинағы «Әйел теңдігі» журналына қосымша ретінде жарық көрсе, 1928 ж. «Сағанақ» атты тұңғыш жинағы басылып шықты. Ол әдебиеттің күллі жанрында қалам сілтеген қаламгер. Алғашқыда лирика жанрымен қатар, сол заманның өзекті мәселелерін көтерген әңгіме, фельетон түріндегі шағын прозалық жанрларды дамытты. Оның «Сөз Қамысбаевқа!», «Құқ», «Сыйға сый, сыраға бал», «Жарайсың, Шылғаубаев!», «Шалқыбай», т.б. туындылары «Құқ» деген атпен жеке жинақ болып басылып шығып, оқырман ілтипатына бөленді. Прозасының елеулісі — оның “Жолдастар” романы (1935). Романда 1-дүниежүзілік соғыс кезіндегі қазақ ауылының әлеуметтік жағдайы, өмір қайшылықтары, 1916 жылғы көтеріліс, Ақпан, Қазан төңкерістері халық тағдыры  аясында көркем бейнеленеді. Драматургия жанрында да жемісті еңбек етіп, «Кек» (1931), «Түрксіб», «Исатай – Махамбет» (1936), т.б. пьесалар жазды. Ақын ретінде әйгілі «Дала» (1930) поэмасының алдында «Бүгінгі дала» (1928), «Гималай» (1929), т.б. туындылары дүниеге келді. Барлығы 15 поэма жазған. Бұлардың ішінде «Рүстем қырғыны» (1926), «Байқал» (1937), т.б-лары кезінде жарық көре алмаған. Ал «Мақпал», «Исатай», «Көбік шашқан» тәрізді поэмалары аяқталмай қалған. «Мәйек» (1929), «Жаңа туған» (1933), «Жарық» (1934) поэмалары – заман бейнесін, өмір шындығын көркем бейнелеген үздік эпикалық туындылар. Ол 1929 ж. «Күй», 1934 ж. «Күйші», 1936 ж. «Құлагер» поэмаларын жазды. «Құлагер» – оның алуан сырлы ақыл-ой сезімдерінің ағындап, тасқындап келіп құйған терең арналы туындысы. Шығармаға халық композиторы Ақан серінің өміріндегі трагедия өзек болған. Поэмада заман сипаты, адамдар арасындағы әлеуметтік тартыс, Құлагердің өліміне байланысты жанды көріністер шынайы суреттеліп, сол дәуірдегі халық өмірінің тыныс-тіршілігінен мол мағлұмат берілген. 20-ғасырдың 70-жылдары осы шығармасы негізінде кинофильм түсірілді. Ақын мектеп оқушыларының халық тарихынан, өткен өмірінен хабардар болуына зер салған. Осы мақсатта «Балаларға тарту» (1926), «Байшұбар» (1923), «Малта», «Шәркей» (1929), «Жұмбақ» (1930), «Өтірік» (1930) өлеңдер жинағын жазды. Пушкиннің көптеген өлеңдерін, «Евгений Онегин» романын (1937), Лермонтовтың «Ақынның өлімі», «Тұтқын», «Қанжар», Некрасовтың «Темір жол», Горькийдің «Дауылпаз», Гейне мен Гюгоның, татар ақыны Тоқайдың, тәжік ақыны Лахутидің классикалық шығармаларын қазақ тіліне аударды. І.Жансүгіров – қазақ әдеби тілін жаңа сатыға көтерген қаламгер. Елімізде бірнеше мектеп, көше, аудан, шаруашылыққа, Талдықорған қаласындағы Жетісу мемлекеттік университетіне оның есімі берілген. Сол қалада ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған әдеби-мемориалдық мұражай жұмыс істейді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға