Америкалық суретші әрі бизнесмен конус пішінді үй құрастырып шығармақшы
Америкалық суретші-бизнесмен Сэймур Кортвельче конус пішінді үй құрастырып, тұтынушыларға өткізуді ойластыруда. «Қазақстанға алғаш келгенімде киіз үйге қызығушылық таныттым. Жайлы, тынығуға ыңғайлы екен. Ал оны құрастыру өте қиын екеніне көзім жетті», - дейді С. Кортвельче. Суретші-бизнесменнің айтуынша, конус пішінді жылжымалы үйге АҚШ-та сұраныс мол. Тіпті баспанасыз қалғандар осындай үйде тұрады екен. Сэймур Кортвельче жақында Ресейден келді. Сонда ол киіз үй бағасының 5-10 мың доллар аралығында болғанын айтады. Ал суртеші-бизнесмен өзі құрастырып шығаратын конус пішінді үйінің бағасын құпия ұстап отыр. Конус пішінді үйін әуелі Ресейге, сосын біздің елге сатады. Егемен Қазақстан
19.03.2013 12:28
3865
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Ғарыштан тірі жануар табылды (видео)
Келесі жаңалық
Әлем чемпионаты: Алуа Балқыбекова алтын үшін таласады